3
Нуржігіт Алтынбеков
Алғы сөз
Білім
сапасын онан әрі жетілдіруге, алған дипломдар мен дәрежелерді
бір-бірімен сәйкестендіруге (бакалавриат -
магистратура - докторантура
PhD) және европалық бірыңғай білімдік үдеріске қатынасуға Қазақстан
2010 жылы Болон үрдісіне қосылды. Осыған
байланысты Медициналық
университеттер студенттерден уақыттарының басым бөлігін оқу
материалдарын
өзіндік игеруді талап ететін, анатомияны оқытудың
кредиттік-модульдік технологиясына көше бастады.
Бұл өз ретінде оқулықтармен оқу
құралдарының мазмұнын жаңа
қабылданған МЖББС-ге (ГОСО-ға) сәйкес қайта қарап басып шығаруды
алға қойды. Осыларды ескере отырып жоғары оқу орынында анатомиядан
сабақ беруде көп жылдық тәжірибелері
бар авторлар ұжымы, жаңа
бағдарламаға лайықталған және «Жалпы медицина» факультеті
бакалаврларына арналған «Адам анатомиясы» оқулығын дайындады.
Білім жүйесін қайта құру студенттердің
өзіндік жұмысын әрі қарай
дамытуға бағытталғанын ескере отырып авторлар студенттерге қолжетімді
тілмен ағзалардың және тұтас организмнің құрылысы туралы қысқа да
нұсқа мәліметтер берді.
Оқулық медицина университеттерінің
бакалаврлар бағдарламасымен
оқитындарға және медицина колледждері студенттеріне арналған.