Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет7/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Түтік сүйектер цилиндр пішінді денесінен (диафиз,diaphysis) және екі шетінен 
тұрады. Соңғылары көп жағдайда жеке дара сүйектеніп эпифиз (epiphysis) деп аталады. 
Эпифизге тікелей жанасқан диафиз бөлігін метафиз деп атайды, ол диафизбен бірге 
дамиды. Екі эпифизден тұратын ұзын түтік сүйектер биэпифиздік, ал қысқа түтік 
сүйектердің бір шеті ғана жеке дара сүйектенетіндіктен моноэпифиздік сүйектерге 
жатқызылады. Түтікті сүйектердің денелері аз-кем қалық, басым бөлігі тығыз заттан 
құралған, іштерінде сары сүйек майы орналасқан сүйектік қуыстардан (cavum 
medullare) тұрады. 
Барлық түтікті сүйектер эпифиздері іштері қызыл сүйек майымен толған кеуекті 
заттардан түзілген. 
Түтікті сүйектер қол-аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің басым бөлігін құрап 
негізінен иіндік, тірек-қимыл, ұстап тұру, көтеру, секіру және т.б. қызметтерді 
атқарады. 
Кеуек сүйектер атына сай сыртынан өте жұқа тығыз сүйектік тінмен жабылған 
кеуек заттан құралған, ал кеуек заттың ұяшықтарында қызыл сүйек майы болады. 
Ұзын кеуекті сүйектер (қабырғалар, төс) тыныс алу үрдісіне қатысып, кеуде 
қуысы ағзалары үшін қорғаныстық қызмет атқарса, қысқа кеуекті сүйектердің ролдері 
көбірек және әртүрлі: тұлғада (омыртқалар) негізінен жұлын үшін тіректік және 
қорғаныстық, кол-аяқ бастарында қол мен аяқың дисталды бөліктерінің жұмсақтық, 
серпілмелік қызметтерін қамтамасыз етеді. Әр буын қуысының үстінде бұлшықет 
сіңірлерінің ішінде қосалқы түзілістер ретінде дамитын дән тәрізді сүйектер болса 
сәйкес бұлшықеттердің әсер ету иініні үлкейеді. 
Жалпақ сүйектерге мисауыт сүйектерінің төбе бөлігі мен қол-аяқ белдеуі 
сүйектері жатады. Олар кеуекті сүйек тінінен түзілген ішкі және сыртқы тығыз заттық 
табақшалардан тұрады. 
Жалпақ сүйектердің кейбір аймақтарында қалыпты жағдайда немесе қартайғанда 
кері даму нәтижесінде кеуекті зат ыдырап кетуі мүмкін. Жалпақ сүйектер ми мен ішкі 
ағзаларға қорғаныстық, ал қол мен аяқ сүйектері үшін тіректік қызмет атқарады. 
Ауалы сүйектер (торлы, маңдай, жоғарғы жақсүйек, сына тәрізді сүйек, самай) 
әртүрлі пішінді болғанымен, барлығына тән ерекшелігі – ішінде үлкенді-кішілі не 
болмаса жас мөлшеріне байланысты көлемін өзгертетін, қабырғалары шырышты 
қабықпен қапталған ауалы қуыстардың (қойнау) болуы. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет