Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет229/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
жолақтар

striae medullares
, өтеді. Олар көпір мен сопақша мидың арасындағы дорсалды 
шекара болып табылады және есту жолдарына жатады. 
Төртінші қарынша 
төбесі
, tegmen ventriculi 
q
uarti, 
жоғарғы және төменгі 
қабырғалардан тұрады. Жоғарғы қабырғасын тақ 
жоғарғы ми желкені

velum medullare 
superius, 
және мишықтың жоғарғы аяқшаларының бөлігі құрайды
. Мишықтың жоғарғы 
аяқшаларының арасында тартылып тұратын, қалыңдығы 0,5 мм-дей болатын ми 
табақшасы - 
жоғарғы ми желкені 
деп аталады. Оның 
ішінде 
жұлын-мишықтық алдыңғы 
жол талшықтарының қиылысы 
өтеді. 
Төртінші қарынша 
төбесінің 
төменгі қабырғасын 
төменгі ми желкені түзеді. 
Төменгі ми желкені, velum medullare inferius
, эмбриогенездік 
артқы ми көпіршігінің қалдығы - 
жұқа 
ми табақшасынан тұрады. Бұл табақша ішкі 
жағы
мен 
IV қарыншаның 
тамырлық негізін, tela choroidea ventriculi 
q
uarti, 
түзетін мидың 
жұмсақ қабығымен тығыз бітіседі. 
Тамырлық негіз IV қарыншаның қуысына қараған 
жағын жауып жатқан эпителийлік табақшамен бірігіп – IV 
қарыншаның тамырлық өрімін, 
plexus choroideus ventriculi quatri
, түзеді. Бұл қарыншаның төменгі қабырғасында үш тесік: 
орталық тесік, apertura mediana 
(Можанди тесігі, foramen Мagendi) және жұп 
латералды 
тесік, aperturа lateralis 
(Люшка тесігі, aperturа Luschka) ажыратылады. Бұл тесіктер 
арқылы IV қарынша қуысы мидың торлы қабықастылық кеңістігімен жалғасады, яғни ми
– жұлын сұйықтығы IV қарыншадан торлы қабықасты кеңістікке (мишық – ми 
цистернасына) өтеді. 
IV қарынша қуысы жоғарғы жағында – ортаңғы мидың суқұбырына, 
ал төменгі жағында – жұлынның орталық өзегіне жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет