Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет79/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Тізе буынының қапшықтан тыс байламдары. 
Кіші жіліктік жанама байлам, lig. 
collaterale fibulare, 
ортан жіліктің айдаршықүстінен кіші жіліктің басына баратын, 
буынның қапшығымен тұтаспай, жеке тұратын жіңішкелеу байлам. 
Асықты жіліктік 
жанама байлам, lig. collaterale tibiale, 
ортан жіліктің медиалды айдаршықүстінен 
басталып, асықты жіліктің медиалды жиегіне бекитін жалпақ байлам. Бұл байлам буын 
қапшығы және медиалды менискпен тұтасып кеткен. Буынның артқы бетінде буын 
қапшығымен тұтасқан 
тақымдық қиғаш байлам, lig. popliteum obliquиm, 
орналасқан, ол 
асықты жіліктің медиалды айдаршығынан ортан жіліктің латералды айдаршығына 
барады, байлам 
tendo m. semimembranosi
-дің жалғасы болып табылады. 
Тақымдық 
доғатәрізді байлам, lig. popliteum arcuatum, 
тізе буынының артқы бетінде орналасқан, 
кіші жіліктің басынан және ортан жіліктің латералды айдаршықүстінен басталып, 
жоғары көтеріліп медиалды жаққа иіледі, бұл жерде оның бір бөлігі тақымдық қиғаш 
байламға қосылады, қалған бөлігі төмен түсіп, асықты жіліктің артқы бетіне бекиді. 
Тізе буынының қапшығы алдыңғы жағынан 
m. quadriceps femoris
-тің сіңірімен 
нығайтылған, тізе тобығы осы сіңірдің ішінде орналасқан. Сіңірдің негізгі қалың, күшті 
бөлігі тізе тобығының ұшынан өтіп, асықты жіліктің бұдырмағына бекиді де 
тізе 
тобығының байламы, lig. patellae, 
деп аталады. Санның төртбасты бұлшықеті сіңірінің 
басқа жалпақ екі бөлігі тізе тобығының бүйір жақтары арқылы өтіп, асықты жіліктің 
алдыңғы бетіне бекиді, олар – 
тізе тобығының медиалды сүйемелдеуші байламы, 
retinaculum patellae mediale, 
және 
тізе тобығының латералды сүйемелдеуші байламы, 
retinaculum patellae laterale, 
деп аталады

Тізе буынының айналасында бірнеше синовиалық қаптар бар, олардың кейбіреуі 
буын қуысымен қатынаста болса, ал басым көпшілігі қатынаспай оқшау орналасады. 
Тізе тобығыүстілік қап, bursa suprapatellaris, 
буын қуысына жалғасып жатады, ортан 
жілік пен санның төртбасты бұлшықеті сіңірінің аралығында, әдетте тізе тобығынан 5-6 
см жоғары көтеріліп орналасады. Балаларда бұл қап нашар дамыған, ал іштегі және 
жаңа туылған нәрестелерде буын қуысымен қатынаспайды. 
Тізе тобығыастылық терең қап, bursa infrapatellaris profunda, 
тізе тобығының 
байламы мен асықты жіліктің арасында жатады. Тізе тобығының алдыңғы бетінде – 
тізе тобығы алдындағы теріастылық қап, bursa subcutanea prepatellaris, тізе тобығы 
алдындағы шандырастылық қап, bursa subfascialis prepatellaris, 
және санның 
төртбасты бұлшықеті сіңірінің астында 
- тізе тобығы алдындағы сіңірастылық қап, 
bursa subtendinea prepatellaris, 
орналасады. Тігінші бұлшықет сіңірінің асықты жілікке 


112 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет