Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет109/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Езуді түсіретін бұлшықет

m.depressor anguli oris: 
-
басталатын жері: 
mandibulae
-нің төменгі жиегі; 
-
бекитін жері: езудің терісі; 
-
қызметі: езуді төмен тартады. 
Езуді көтеретін бұлшықет

m.levator anguli oris: 
-
басталатын жері: 
fossa canina; 
-
бекитін жері: жоғарғы еріннің терісі мен шырышты қабығы; 
-
қызметі: езуді жоғары көтереді. 
Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет
, m.depressor labii inferioris

-
басталатын жері: 
mandibula 
(
foramen mentale 
астында); 


142 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
-
бекитін жері: төменгі еріннің терісі мен шырышты қабығы; 
-
қызметі: төменгі ерінді түсіреді; оны латералді жаққа тартады. 
Иек бұлшықеті, 
m.mentalis: 
-
басталатын жері
: jugum alveolare mandibulae

-
бекитін жері: иектің терісі; 
-
қызметі: иек терісін көтереді. 
Ұрт бұлшықеті

m.buccinator: 
-
басталатын жері: 
crista buccinatoria mandibulae; raphe pterygomandibulare

-
бекитін жері: ұрттың, жоғарғы және төменгі еріндердің шырышты қабығы; 
-
қызметі: езуді артқа тарту, ұртты жиыру. 
Бастың шандырлары 
 
 
1.
 
Бастың беткей шандыры

f.capitis superficialis
, мимикалық бұлшықеттердің 
көпшілігін перимизиум түрінде жауып жатады. 
2.
 
Бастың меншікті шандыры

f.capitis propria
, 4 бөлігі болады, олардың 
әрқайсысы жеке шандыр ретінде қарастырылады: 
1)
самай шандыры
, f. temporalis, linea temporalis superior-
дан басталып, екі 
табақшаға бөлінеді: 
а) беткей табақша
, lamina superficialis

arcus zygomaticus-
тің сыртқы бетіне 
бекиді; 
б) терең табақшасы, 
lamina profunda

arcus zygomaticus-
тің ішкі бетіне бекиді; 
2)
шайнау бұлшықетінің шандыры, 
f.masseterica

m.masseter-
ді жабады. 
3)
шықшыт безінің шандыры, 
f.parotidea, gl. рarotidea 
үшін қапшық түзеді. 
4)
ұрт-жұтқыншақ шандыры, 
fascia buccopharyngea

m.buccinator-
дың сыртқы 
бетін және жұтқыншақтың бүйір қабырғасын жабады. 
Қанаттәрізді бұлшықеттерді жабатын шандыр перимизуим түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет