286
5)
Сisterna venae cerebri magna – бұл цистерна ми аяқшасынан басталып, ортаңғы мидың
латеральді жиегінің айналасымен жоғары қарай көтеріліп ортаңғы мидың төбесімен үшінші
қарыншаның қақпағына жетеді. Соңғысы сүйелді дене буылтығы мен сабауының астында
орналасқан. Қабық арқылы интрадуральды ( қатты қабық ішілік) веналық қойнауға
эпителиальдік жасушалар «қақпақшасымен» жабылған шағын ерекше өсінділер тесіп өтеді.
Бұл, торлы қабық түйіршіктері, олар арқылы торлы қабық астындағы кеңістікті толтырған
жұлын-ми сұйықтығы қан ағымына түседі. Бұдан басқа, жұлын-ми сұйықтығының біршама
бөлігі жұмсақ қабықта орналасқан жіңішке капиллярлық өрім арқылы сіңіріледі. Торлы
қабық түйіршіктері жоғарғы сагиттальді қойнау аймағында ең көп шоғырланған дегенмен
осындай түйіршіктерді басқа қойнаулардан да табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: