Жұлын – ми сұйықтығы
Қарыншалар жүйесімен торлы қабық астындағы кеңістікті толтыратын сұйықтық мөлдір,
жасушалар жоққа жақын, әлсіз сілтілік қасиеті бар және қан плазмасына изотониялық
қатынаста. Әдетте жұлын – ми сұйықтығында аз мөлшерде ақуыздың (белок) қатынасы бар,
ол әр адамда жас шамасына қарай өзгеріп тұрады, балалардың жұлын – ми сұйықтығында
төмен, ал ересектерде жоғары. Қалыпты жұлын – ми сұйықтығының ішінде аздаған қант,
кальций, натрий, магний тұздары, хлоридтер, сүт қышқылы, амин қышқылдары, креатинин,
несеп қышқылы,мочевина және холестерин бар. Сұйықтықта сонымен бірге, едәуір
басымдылықпен лимфоциттерден ( 1мл-де 5 жасуша) тұратын азғана жасушаларды байқауға
болады.Жжұлын – ми сұйықтығы негізінен тамырлы өрімнің гипертониялық тұзды
ерітіндіні бөліп шығаруынан түзіліп, әрі қарай қарыншалар астарының эпендима
жасушалары арқылы судың өтуі (диффузия) себебінен изотониялыққа айналады. Қан
қысымының көтерілуі жұлын – ми сұйықтығының түзілуін ынталандырады, бұл
гипертониялық тұзды ерітіндінің көптеп бөлінуінің арқасында болуы мүмкін. Жұлын – ми
сұйықтығына кейбір басқа заттарды бөліп шығаруға тамырлы өрімнің де қабілеті бар.
Достарыңызбен бөлісу: |