Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет239/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Ми цистерналары 
   Цистерналар,  жұмсақ  қабық  торлы  қабықтан  кең  кеңістіктер  арқылы  бөлінген  тұстарда 
түзіледі.  Бұндай  цистерналар  ми  бетіндегі  әр  жүлгемен  саңылаулардың  үстінде  орналасқан 
және олар жатқан орнына байланысты аталады. Бірақта тұрақты аттар тек ең ірі цистерналарда 
бар, олар төмендегідей: 
1)
 
Үлкен  цистерна,  ол  мишықтың  артқы-төменгі  бетімен  сопақша  мидың  жоғарғы  беті 
арасында орналасқан – мишық – ми цистернасы – cisterna cerebellomedullaris, бұл мидың ең 
үлкен цистернасы; 
2)
 
Қиылыс  цистернасы,  cisterna  chiasmatis  –  бұл  кеңейген  аймақ    көру  нервінің  қиылысымен 
сүйелді дененің  құс тұмсығы аралығында жатыр;  
3)
 
Мидың латеральді шұңқырының  цистернасы – cisterna fossa lateralis cerebri; 
4)
 
Аяқша аралық цистерна –  cisterna interpeduncularis; 


286 
 
5)
 
Сisterna  venae  cerebri  magna  –  бұл  цистерна  ми  аяқшасынан  басталып,  ортаңғы  мидың 
латеральді жиегінің айналасымен жоғары қарай көтеріліп ортаңғы мидың төбесімен үшінші 
қарыншаның  қақпағына  жетеді.  Соңғысы  сүйелді  дене  буылтығы  мен  сабауының  астында 
орналасқан.  Қабық  арқылы  интрадуральды  (  қатты  қабық  ішілік)    веналық  қойнауға 
эпителиальдік жасушалар «қақпақшасымен» жабылған шағын ерекше өсінділер тесіп өтеді. 
Бұл, торлы қабық түйіршіктері, олар арқылы торлы қабық астындағы кеңістікті толтырған 
жұлын-ми сұйықтығы қан ағымына түседі. Бұдан басқа, жұлын-ми сұйықтығының біршама 
бөлігі  жұмсақ  қабықта  орналасқан  жіңішке  капиллярлық  өрім  арқылы  сіңіріледі.  Торлы 
қабық түйіршіктері жоғарғы сагиттальді қойнау аймағында  ең көп шоғырланған  дегенмен 
осындай түйіршіктерді басқа қойнаулардан да табуға болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет