Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жұлын – ми сұйықтығының айналымы



Pdf көрінісі
бет242/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

                                            Жұлын – ми сұйықтығының айналымы 
 
Жұлын  –  ми  сұйықтығының  (ЖМС)  негізгі  бөлігі  мидің  бүйір  қарыншаларында  түзілсе, 
кішкене  бөлігін  тамырлы  өрімдері  бар  басқа  қарыншалар    бөліп  шығарады.  Бірақта 
сұйықтықтың  эпендима  астары  арқылы  өтуі  тамырлы  өрімдері  жоқ  аймақтарда  да  болуы 
мүмкін.  Су  және  кейбір  заттарда  (амин  қышықылы,  иондар)  ЖМС  –  нан  мидің 
паренхимасына  сіңіру  мидің  эпендимасы  астарының  өне  бойымен  жүруі  мүмкін.  ЖМС  – 
ның  басты  ағымы  каудальді,  төртінші  қарыншаның    тесіктеріне  бағытталған.  Бұл 
құбылыстың  болуы,  аса  жоғары  қысым  негізінен  ми  қарыншалар  жүйесінің  ростральдік 
аймағында, бірінші кезекте ЖМС – ның түзілуі жылдамдығына  байланысты болуы мүмкін, 


288 
 
осы  жағдай  сұйықтық  ағымының  каудальді,  Люшконың  бүйір    тесіктеріне  бағытталуына 
жадай жасайды.  
    Заманауи мәліметтерге сүйенсек тәулігіне 5-100 мл. ЖМС – ы түзіледі, ол ми қарыншалар 
жүйесімен торлы қабық астындағы кеңістіктегі жалпы көлемі орташа 135 мл-ге (75-тен 150 
мл-ге дейін) тең сұйықтық тұрақтылығын сақтайды. Сондықтан күн сайын қанша ЖМС – ы 
түзілсе,  соншасы  сіңірілуі  тиіс.    Мидің  қатты  қабығы  қойнауларындағы  және  жұлынның 
эпидуральдік  тамырлы  өрімдеріндегі  торлы  қабық  түйіршіктері  (Пахион  грануляциясы) 
ЖМС  –  ның  веналық  жүйеге  ағымын  реттейтін  қақпашықтар  қызметін  атқаратын  сияқты, 
егерде  ЖМС  –  ның  қысымы  венадан  артық  болса  ЖМС  –  ның  бір  бөлігі  мидің  жұмсақ 
қабығындағы ауқымды өрімдерінің майда венулаларымен сіңірілетіні  хақ. Осы өрімдерден 
ағым  мидің  қатты  қабығының  қойнауларымен  сегменттік  веналарға  өтеді.  Су  және  кейбір 
иондар  ми  мен  жұлын  беттерін  жапқан  пиаглиальді  жарғақ  арқылы  өтеді.  Сонан  соң  осы 
сұйықтық  ішінде  ерітілген  заттармен  бірге  глиальдік  өзектер  арқылы  ми  паренхимасының 
шағын венулаларына жетуі мүмкін. 
 
Жұлын – ми сұйықтығының қызметі 
 
 
ЖМС  миді  «ауалы  жастықша»  ретінде  қоршап,  оны  механикалық  зақымдардан  қорғауы 
мүмкін.  ЖМС  нейрон  –  глия  –  эпендима  –  ми  қарыншалары  жүйелері  арқылы  өтетін  зат 
алмасу қалдықтарын алып шығуы ықтимал дегенде ойлар айтылады. Артық мөлшері ЖМС 
жиналғанда  гидроцефалия  деп  аталатын  ақау  пайда  болады.  Бұның  себебі;  біріншіден, 
қарыншаларда ЖМС – ның түзілуінің күшеюі, екіншіден, жиі кездесетіні, бұл патологиялық 
үрдіс, ЖМС – ның қалыпты ағымына кедергі тууы және оның қарыншалар қуысынан торлы 
қабық  астындағы  кеңістікке  шығуының    қиындауы,  ал  ол  қабынуы  үрдісінде  және  соның 
салдарынан    Лушко  тесігінің  бітелуінен  немесе  үшінші  қарыншаның  дамымауынан 
туындайды. Басқа бір себебі, ми суқұбырының бітелуі немесе дамымауы. Жоғарыда аталған 
екі  жағдайда  да  қарынша  қуысынан  ЖМС  –  ның  ағымының  қиындауы  оның  бітелген 
аймақтан  жоғары  орналасқан  жерінде  туындайды,  ал  сұйықтықтың  түзілуі  бұзылмайды. 
ЖМС – ның артық көлемде жиналуы салдарынан қарыншалар қуысы кеңейіп , ақыр аяғында 
мидің қызметтік бірлігіне қауіп тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет