Түбір сөздердің бірігуі арқылы жаңа сөз жасалынатынын біледі.
Күтілетін нәтиже
Сөздердің жасалу жолына талдау жасайды. Жеке- жеке түбірлерге ажыратады, мағыналарын анықтайды. Ережелерді еске түсіреді.
Керекті жабдықтар
Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, 5-сынып оқулығы, стикерлер, флипчарт, түрлі түсті маркелер.
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: Зерттеушілік әңгіме, диалог, Сұрақтар шеңбері (жеке, топтық)
СТО: «Кубизм» стратегиясы (жеке, топтық), семантикалық карта, «Ыстық орындық» әдісі
Дарынды балаларды оқыту:
-шығармашылық тапсырма ( эссе,өлең шығару)
Көшбасшылық:-формативті бағалау , «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыты
минут
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 минут
3 минут 4 минут
1. Ұйымдастыру
Сергіту сәті. «Жылы лебіз» Ортаға шығып жұптасып тұрғызады және айтқан сөздерімді қайталап, іс-әрекет арқылы көрсетуі сұралады. 2.Оқушылар параққа жазылған сөздерді таңдайды. Сол сөздерден толық үш сөйлем құралады. Сол арқылы «Қерқұла», «Құлагар», «Қозыкүрең» деп 3 топқа бөлемін.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
373-жаттығу.
Сұрақтар арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру
1.Сөзжасам деген не?
2.Сөздер қалай жасалады?
3.Сыртқы түрі өзгермей жаңа мағына беретін сөздерді атаңыз
1. Сабаққа әзірлеу.
Оқушылар ортаға шығып бір-біріне қарама қарсы тұрып, мұғалімнің іс-әрекеті мен айтқан сөздерін қайталайды.. Оқушылар тездетіп жүріп сөйлем құрап, 3 топқа бөлінеді
Сөзжасам дегеніміз жаңа сөздердің жасалуы.
ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілі
Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі деген сөздер бойынша топ болып отырады.
Өздері дайындап келген сұрақтарын қояды.
Тұсаукесер
4 минут
Тақтаға Айжұлдыз, Қарабура, Қажымұқан, Жетіқарақшы деген сөздер жазылады.
Не мағына беретін, қандай сөздер екені сұралады.
Оқып, өз ойларын айтады. Сол арқылы өздері ережесін шығарып айтады.
Негізгі бөлім
7 минут
15 минут
Сонымен оқушылар екі немесе одан көп сөзден бірігіп жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер тіл білімінде БІРІККЕН СӨЗДЕРдеп аталады
Мыс: Талдыбұлақ, Екібастұз
Оқулықпен жұмыс.
І топ. 375- жаттығу.
ІІ топ. 376-жаттығу
ІІІ топ. 377-жаттығу
Бұл жаттығуларда берілген біріккен сөздерді ажыратып мағынасын ашады және қатыстырып сөйлем құрайды. Семантикалық кесте