Түбір сөздердің бірігуі арқылы жаңа сөз жасалынатынын біледі.
Күтілетін нәтиже
Сөздердің жасалу жолына талдау жасайды. Жеке- жеке түбірлерге ажыратады, мағыналарын анықтайды. Ережелерді еске түсіреді.
Керекті жабдықтар
Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, 5-сынып оқулығы, стикерлер, флипчарт, түрлі түсті маркелер.
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: Зерттеушілік әңгіме, диалог, Сұрақтар шеңбері (жеке, топтық)
СТО: «Кубизм» стратегиясы (жеке, топтық), семантикалық карта, «Ыстық орындық» әдісі
Дарынды балаларды оқыту:
-шығармашылық тапсырма ( эссе,өлең шығару)
Көшбасшылық:-формативті бағалау , «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыты
минут
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 минут
3 минут 4 минут
1. Ұйымдастыру
Сергіту сәті. «Жылы лебіз» Ортаға шығып жұптасып тұрғызады және айтқан сөздерімді қайталап, іс-әрекет арқылы көрсетуі сұралады. 2.Оқушылар параққа жазылған сөздерді таңдайды. Сол сөздерден толық үш сөйлем құралады. Сол арқылы «Қерқұла», «Құлагар», «Қозыкүрең» деп 3 топқа бөлемін.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
373-жаттығу.
Сұрақтар арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру
1.Сөзжасам деген не?
2.Сөздер қалай жасалады?
3.Сыртқы түрі өзгермей жаңа мағына беретін сөздерді атаңыз
1. Сабаққа әзірлеу.
Оқушылар ортаға шығып бір-біріне қарама қарсы тұрып, мұғалімнің іс-әрекеті мен айтқан сөздерін қайталайды.. Оқушылар тездетіп жүріп сөйлем құрап, 3 топқа бөлінеді
Сөзжасам дегеніміз жаңа сөздердің жасалуы.
ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілі
Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі деген сөздер бойынша топ болып отырады.
Өздері дайындап келген сұрақтарын қояды.
Тұсаукесер
4 минут
Тақтаға Айжұлдыз, Қарабура, Қажымұқан, Жетіқарақшы деген сөздер жазылады.
Не мағына беретін, қандай сөздер екені сұралады.
Оқып, өз ойларын айтады. Сол арқылы өздері ережесін шығарып айтады.
Негізгі бөлім
7 минут
15 минут
Сонымен оқушылар екі немесе одан көп сөзден бірігіп жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер тіл білімінде БІРІККЕН СӨЗДЕР деп аталады
Мыс: Талдыбұлақ, Екібастұз
Оқулықпен жұмыс.
І топ. 375- жаттығу.
ІІ топ. 376-жаттығу
ІІІ топ. 377-жаттығу
Бұл жаттығуларда берілген біріккен сөздерді ажыратып мағынасын ашады және қатыстырып сөйлем құрайды. Семантикалық кесте
Мысалдар
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
Түбір сөздер
Сабырлы
+
Елтаңба
+
Арық
+
Балықшы
+
Саңырауқұлақ
+
Қараторғай
+
Су
+
Ақсақал
+
Жұмыртқа
+
Шаш
+
Баспасөз
+
Сүзбе
+
+
Сыныптағы 1-2 оқушыға тақырыпқа қатысты маршруттық карта беріледі
«Кубизм» стратегиясы
Суреттеңіз. (Сөзжасам туралы ойын айту,түрлері.)
Салыстырыңыз (Лексикалық жолмен жасалған туынды сөз бен бірігу арқылы жасалған туынды сөзді салыстырады.)
Саралаңыз.(Жаңақала өңірі бойынша бірігу арқылы жасалған жер-су атауларын жазыңыз.)
Қолданыңыз. (Біріккен сөздерді қатыстырып эссе немесе өлең жазыңыз)
Талқылаңыз (Жезқазған, Аққыстау сөздеріне фонетикалқ талдау жасаңыз)
Қолда немесе қарсы шық (Сөзжасам бізге керек пе?)
Оқушылар тағы да ережені қайталап мысалдар келтіреді.
Әрқайсысы 5 адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс жасайды. Әр оқушы бірінші өздері оқып танысып, топта талқылайды, орындайды.
Флипчартқа жазылған кестедегі сөздерді ретімен орналастырады.
Берілген параққа тапсырмаларды аялдама бойынша орындайды. Өз-өздерін бағалайды.
Оқушылар бұл тапсырмаларды топпен орындайды.
Шығармашылық қабілеті бар оқушылар жеке жұмыстанады.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы топты бағалайды.
Қорытынды
7 минут
2 минут
«Ыстық орындық» әдісі
Өткен тақырыптар бойынша бір оқушы шығып сұраққа жауап беру
Рефлексия
«Бағалау» ағашы
Үйге тапсырма: 380-жаттығу. Мәтіннен біріккен сөздерді табу
5-сыныптың әдебиетінен біріккен сөздерге 5 сөйлем жазып келу.
Өзіне сенімді оқушы ортадағы орындыққа кеп сұраққа жауап қайтарады
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін айтады, бағалау ағашына өзінің қай деңгейде тұрғанын белгілейді. Оқушылардан өз ойларын айтады