«мәдениет пен әдебиет қамқоршысы» деген түсінікті беретін сөзге айналған бұл адамның өзі де өлең жазып, әдеби әрекеттерге тығыз араласады. Меценат, Вергилий мен Гораций сияқты ақындардың ерекше талантын байқап, солардың қатысуымен арнайы жазушылар үйірмесін құрады. Рим өміріндегі көркем шығармашылық орталығы болған бұл үйірме жаңа империялық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуында өте маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, бұл дәуірдегі
ақындардың барлығы дерлік өз шығармаларында Август тарапынан орнатылған жаңа билікті мадақтайды, принципске алғыс айтады. Сондықтан республикалық құрылыстан императорлық жүйеге өту кезіндегі әдебиеттің негізгі ерекшелігі - мадақтау ғана. Бірақ, осыған қарамастан, Октавиан заманы, Рим поэзиясының көркемдік тұрғыда өте жоғары дәрежеге көтерілген «алтын дәуірі» болды. Август салтанаты жылдарында еңбек еткен Вергилий, Гораций, Овидий секілді ұлы ақындар өздерінің шығармаларымен Рим поэзиясын грек әдебиетінің классикалық дәуірінен қалыспайтын және кейіншелік дүниежүзілік әдебиеттің дамуына күшті ықпал еткен әдебиет дәрежесіне көтерді. Императорлық биліктің алғашқы дәуірлеріндегі Рим поэзиясы көркемдік жағынан қанша сұлу болғанымен, мазмұны жағынан, саяси өзектілік, заманагөйлік, халықшылдық тұрғысынан қарағанымызда грек әдебиетінен, б.з.б.V ғасырдағы грек драматургиясынан өте төмен жатыр. Империя дәуірінде сөз еркіндігіне тосқауыл қойылғандықтан, әдебиеттің көптеген түрлері дамыған жоқ. Бұл салада шешендік өнер мүлдем маңызын жояды. Республика жылдарындағы әдебиетке қатысты қолданылатын «алтын дәуір» атауын поэзиядан өзге жанрларға айту мүмкін емес. Егер де, дәл республика жылдарындағы сияқты, императорлық дәуірде де әдебиетке көбірек еркіндік берілгенде, Август саясатын сынайтын шығармалардың тууы күмансыз еді. Мүмкін, мұндай шығармалар болғанда шығар, бірақ олар бізге дейін жетпеген.
Достарыңызбен бөлісу: |