Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет73/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Трагедиялары


Шекспир шығармашылығының бірінші дәуірінде-ақ өз заманының келеңсіз жақтарын көріп, қолына қалам алған болатын. Драматург айналасын шырмап алған кемшіліктерге, озбырлықтарға сын көзбен қарап, адам тағдыры және оның арман-тілегі жайында тереңірек пікір жүргізуге ұмтылады. Шекспир комедияларына тән өмір қуанышынан ләззат алу оның трагедияларында да кездеседі. Бірақ оларда келеңсіз оқиғаларды бейнелеу, зұлымдық пен соқыр сенімді сынға алу негізгі мәселе болып қалады.
Трагедияларындағы көңілсіз оқиғаларды бейнелеуде жазушы өмірден түңілу сезіміне берілмейді, керісінше ол қайғы құрсауында да өмірге сенім туғызатын оптимистік, образды тәсілдерді табады. Бұл сол қоғамда жаңалықтың ескілік үстінен жеңіске жетуін көрсетуде айқын байқалады.
Шекспир шығармаларының І-дәуірінде жазылған трагедияларының бірі - «Ромео мен Джульетта» трагедиясы (1595 ). Трагедияда екі өзара дұшпан отбасында дүниеге келіп, ер жеткен және кездейсоқ бір- біріне ұшырасып, ғашық болған Ромео мен Джульеттаның аянышты тағдыры хикаяланады. Феодалдық қоғамның қайшылықтары олардың еркін махаббатына тұсау
болғаны айыпталады.
«Юлий Цезарь» (1599) трагедиясы сюжетінің материалы антик тарихшы Плутархтың «Қос өмірбаяндар» атты кітабынан алынып, онда осы дәуірдің ең маңызды саяси оқиғалары - ежелгі Римдегі республикашыла р(Брут, Кассий) мен монархия қолдаушылары – цезарьшілер (Антоний, Октавий) ортасындағы күрестер бейнеленген. Шығармадағы терең әлеуметтік пікірлер, жау топтардың арасындағы жанкешті конфликт, тарихи тұлғалар характерін жасаудағы шеберлік – бұл трагедияны Шекспир шығармашылығының ең үздік үлгілерінің бірі дәрежесіне көтерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет