Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет89/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

ІV-БӨЛІМ.

Классицизм әдебиеті


1-тарау.

ХҮІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті


ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдарында Англияда таптық күрес мүлдем шиеленісіп, феодалдық өкімет мемлекеттің бұдан соңғы дамуына кедергі болған еді. Ағылшын буржуазиясы «жаңа дворяндармен» одақтасып, шаруалармен бірге жеке билікке қарсы күрес жүргізді. Бірақ шаруалар бұл төңкерістен пайда таппады. Жерге феодалдық жеке меншік құқық жойылған соң, жер шаруаларға емес, ал жаңа дворяндардың қолына өтіп кетті. Буржуазияланған дворяндар шаруашылықтың негізгі түрі болған қой өсіруді дамытып, өндірісте ет, сүт, жүн өнімдерін өндіруді жолға қойды. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің өзіне тән ерекшелігі, бұл төңкеріс 1668 жылы дүниеге келген буржуазия мен дворяндық ортасындағы мәмілемен аяқталғандығында болатын. Франциядағы буржуазиялық төңкеріс болса, феодализмді және оның барлық басқару әдістерін, заңдарын жойып жіберді.


ХVІІ ғасырдың 60-жылдарында Стюарттар жаңғыртуы (реставрациясы) әдебиеттегі ілгерішіл күштерді феодалдық озбырлыққа қарсы күреске үндеді. Осы уақытта Бетлар «Гудирас», Мильтон «Жоғалған жұмақ» поэмалары мен «Самсон күрескер» трагедиясын, Бэньян «Зияратшының сапары» атты шығармасын жазды. 1668 жылғы мәміледен соң буржуазия өзінің бет пердесін жұлып тастады. Енді бұрынғы феодалдық озбырлықтың орнын буржуазиялық зұлмат басты.
Ағылшын төңкерісі қарсаңында және жаңғырту жылдарында өмір сүрген ілгерішіл жазушылар Қайта өрлеу дәуірінің ұлы қаламгерлерінің, соның ішінде көрнекті драмашы Шекспирдің шығармашылық дәстүрлерін жалғастырды. Олар Бэконнан да рухани шабыт алды.
ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарында төңкерісшіл әрекет күшейіп, республика орнату үшін күрес шиеленіскен кезеңде ілгерішіл
жазушылар феодалдық монархияға қарсы қарулы көтеріліске шақырады. Бұл Мильтонның публицистикасы, Лильберн мен Уинстенлидің памфлеттерінде анық көрінді.
Осы дәуірде жасаған ірі жазушылардың бірі драмашы Бенжамин Джонсон (1573-1637) жеке биліктің зұлматына қарсы күресуші ретінде кең танылды. «Сеян: оның күйреуі» (1603), «Катилина: оның көтерілісі» (1611) трагедияларында Джонсон Рим тарихынан материалдар алып, монархияға қарсы республикашылдық идеяларды ұсынды. Ол «Вольпоне» (1607), «Эписин яки момын әйел» (1609), «Альхимик» (1610), «Әулие Варфоломей күніндегі жәрмеңке» (1614) комедияларында ағылшын билеушілерінің сатиралық образдарын сомдады. ХVІІ ғасырдың 40-50 жылдары саяси күрестер жүріп жатқан дәуірде демократтық рухтағы күшті публицистер Джон Лильберн (1618-1657) және Жерарда Уинстенли (1609-1652) тарих сахнасына шықты.
ХVІІ ғасырдың 60-70 жылдарындағы жаңғырту дәуірі мен тозығы жеткен ақсүйектік мәдениетті қатты сынға алған жазушылар Мильтон мен Бэньян болды. Джон Бэньян (1628-1688) жаңғырту дәуірінің бүкіл көлеңкелі жақтарын өз көзімен көрген жан. Ол
«Зияратшының сапары» (1678) повесінде даңқты қаланың қомағай, надан, опасыз адамдары арқылы жоғары топ өкілдерін әшкереледі. Джон Бэньян «Мистер Бэдменнің өмірі мен өлімі» (1680) повесінде буржуазиялық тип болған «сотқар адамды» сынайды. «Қасиетті соғыс» (1681) повесінде 40-жылдардағы азаматтық соғысты, төңкерісшіл қосынның феодалдық монархия әскерін ойсырата жеңгендігін паш етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет