Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет116/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Романның маңызы
Өткен дәуірлердегі ірі әдебиет және қоғам қайраткерлері «Дон 
Кихот» шығармасының терең мазмұны мен оның феодалдық 
қоғамға қарсы рухын жақсы түсінген. XVIII ғасырда өмір сүрген 
ағылшын жазушысы Фильдинг Сервантес туындысынан шабыт 
алып, әдеби қызметінің алғашқы сатысында «Дон Кихот Англияда» 
атты сатиралық комедиясын жазды. Соңынан шығармашылық 
талантының толысқан шағында Сервантес әдісінен үлгі ала 


281
отырып, «Жозеф Эндрюс пен оның досы Абраам Адамстың 
басынан кешірген оқиғалар тарихы» романын жариялайды. Мұнда 
қоғамды гуманистік негізде қайта құру жайында Сервантес ұсынған 
пікірлерді қорғайды.
ХІХ ғасырдағы ілгерішіл романтизмнің ірі өкілдері Гюго, 
Байрон және басқа жазушылар да бұл туындыға жоғары баға 
берді. Сервантес пен оның «Дон Кихот» романы туралы көптеген 
құнды пікірлерді айтқандардың бірі Генрих Гейне. Ол Сервантесті 
Шекспир, Гётемен қатар қояды.
«Оның серілік романдарға ойсырата соққы бергендігі сонша, 
- деп жазды Гейне, - «Дон Кихот» жарық көргеннен соң бүкіл 
Испанияда мұндай мазмұндағы кітаптарға болған қызығушылық 
мүлде жойылды және олардың бірде-бірі мұнан кейін жарияланған 
жоқ»[106.149].
Орта ғасырлық поэзиядан нәр ала отырып, серілік оқиғаларды 
бейнелеген романға төменгі топ өкілінің образын енгізуі, сол 
арқылы демократиялық пікірлерді баяндауы Сервантестің жаңа 
романның негізін салуына жағдай жасады.
Белинский Сервантестің шығармашылығын терең талдай келіп, 
«Дон Кихот» арқылы өнерде жаңа дәуірдің басталғандығын, қияли 
жасандылықтарға тосқауыл қойған жаңа реалистік бағыттың 
туғандығын ерекше атап өтеді.
М. Горький «Еңбекші адамның еркін шығармашылығына 
ауыр кедергілер қойылған еді, - деп жазады «Өнер туралы» деген 
мақаласында, - Бірақ әрдайым болған және бүгінгі күнге дейін өмір 
сүріп келе жатқан Дон Кихоттарда қандай да болмасын сұлу, әдеттен 
тыс, таңғажайып бір нәрсе жасау сияқты ежелгі арман сөнбеген 
еді».[5.789]
Горький Санчо Пансаның қарапайым адамдар арасынан шыққан, 
халық даналығын бейнелеген тұлға екендігін көрсетіп, кітаптың 
халықшыл және шынайы характерін ашып, «донкихотшылықты» 
өткен күндер қиялына берілу нәтижесінде тұрмысты қайта құру 
сияқты маңызды міндетті түсіне алмаушылықтың салдары, дейді.
Романның негізгі ерекшелігі, Сервантес екі қаһарманды 
да авантюристік дерттен айығуға мәжбүрлейді. Сондықтан 
шығарманың соңында үмітсіздік көңіл-күйлер көрінбейді. Дон 
Кихот Санчоға тән болған өмірге реал түрде қарауды, Санчо болса 
Дон Кихоттағы гуманизмді игереді. Осылайша, олар халықтың 


282
арман-тілегін бейнелеген нағыз қаһармандарға айналады.
Сервантес орта ғасырлық серілік романдарға ойсырата соққы 
беріп ғана қоймай, сонымен бірге жаңа типтегі реалистік романның 
да негізін салды. Халық тұрмысын жақсы білуі гуманистік 
идеяларды бейнелеуге мол мүмкіндіктер берді. Оның реалистік 
әдісі, жаратқан образдары және көркемдік тәсілдері дүние жүзі 
реалистік әдебиетінің мұнан соңғы дамуына кең жол ашты.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. ХV-ХVІ ғасырларда Испаниядағы қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайлар қандай еді?
2. Осы кезеңдегі лирика жанрының даму ерекшеліктеріне 
сипаттама беріңіз.
3. «Аярлық» романын серілік романдармен салыстырып, оның 
өзіндік ерекшеліктерін табыңыз.
4. Сервантестің «Дон Кихот» романындағы пародиялық астар 
мен гуманистік риториканың сырын түсіндіріңіз.
5. Сервантес шығармашылығы өзінен кейінгі әдебиеттің 
дамуына қандай ықпал етті?


283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет