Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет118/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Джон Мильтон
(1608-1674)
ХVІІ ғасырдағы ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілі Мильтон 
1608 жылы Лондондағы нотариус отбасында дүниеге келді. Бастауыш 
білімді әулие Павел шіркеуі жанындағы мектепте алды. Соңынан 
Кембридж университетінде оқыды. Университетте монархияға 
қарсы пуритандық рухтағы көзқарастар кең таралған еді. Мильтон 
да феодалдық озбырлық пен монархиялық билікке қарсы күреседі. 
Саяси көзқарастары үшін университет оқытушылары оны уақытша 


285
оқудан шығарады. Мильтон университетке қайта оралған соң, 
оқуды үздік бағалармен аяқтайды және магистр дәрежесін алады. 
Лондон маңындағы әкесінің жеке меншік жеріне келіп, едәуір уақыт 
әдебиетпен айналысады. 1638 жылы Еуропаны бойлап саяхатқа 
шығады. Францияға барады, ұзақ уақыт Италияда қалып, оның 
әдебиеті мен өнерін игереді. Англияда төңкерісшіл оқиғалардың 
белең алып бара жатқандығы туралы хабарды естіген соң, отанына 
шұғыл оралып, саяси өмірге белсенді араласады. Мильтон өз 
қызметін алғашында публицист ретінде бастап, индепенденттермен
(епископтарға қарсы шыққан протестанттық шіркеуді қолдаушылар) 
байланысын нығайтады. 1640-1650 жылдары Мильтон республика 
үшін аянбай қызмет жасайды. Жұмыстың ауырлығынан көз 
ауруына шалдығады, бірақ жұмысын жалғастырады. Жауынгерлік 
рухтағы бірнеше памфлеттер жазады. 1660 жылы Стюарттар 
реставрациясы басталған уақытта Мильтонға өлім қаупі туады. 
Роялистер республикашыл ақынды масқаралайтын памфлеттер 
жазады. Бірақ жігерлі ақын феодалдық озбырлықты әшкерелеуін 
жалғастыра береді. 1660-1670 жылдары жазған жауынгерлік 
рухтағы туындылары бұған айқын дәлел.
Республикалық құрылыстың болашақтағы жеңісіне күдіксіз 
сенген Мильтон 1674 жылы қайтыс болды.
Мильтон шығармашылығының алғашқы кезеңі ХVІІ ғасырдың 
20-30 жылдарын қамтиды. Мильтон студент кезінің өзінде-ақ (1626-
1632) алғашқы өлеңдерін жазды. Бұл өлеңдерде әлі саяси күреске 
қатысты нақты пікірлер болмағанымен, ақынның феодалдық-
католиктік шіркеу озбырлығына қарсылығы айқын көрінеді. 
Әкесінің меншігіндегі Гортонда жасаған жылдары жазған өлеңдері 
мен пьесаларында халық ауыз әдебиеті дәстүрлерін кең түрде 
пайдалана отырып, феодалдық әдебиеттегі жасанды образдарға 
епті, білімді жас жігіт бейнесін қарсы қояды. 
Мильтонның «Комус» (1637) атты лирикалық пьесасы негізінде 
сезім мен ақыл ортасында байланыс болуы керек деген пікір жатады. 
Орман әміршісі жауыз Комус тоғайда адасып қалған күнасыз адал 
қызды жолдан аздырғысы келеді. Комус тұтқынына айналған қыз 
өзін қоршаған жартылай адам, жартылай хайуан мақұлықтардың 
айла-шарғысына көнбейді. Қыздың ағалары оны Комус тұтқынан 
азат етеді.
Бұл лирикалық пьесада жас Мильтонның ақындық таланты 


286
ғажайып орман көріністерін суреттеуде де, қыздың батыл әрекеттерін 
бейнелеуде де айқын көрінеді. Мильтон озбыр, ібіліс тектес тұлғаға 
биік адамгершілік принциптерді қарсы қояды. Қыз бен оның 
ағалары ізгілік мысалы сипатында суреттеледі. Шығарманың саяси 
бағыты феодалдық-ақсүйектік зұлымдықтарға қарсы бағытталған 
уытты сын болатын.
Мильтон шығармашылығының жаңа кезеңі ХVІІ ғасырдың 
40-жылдарындағы саяси оқиғалармен тығыз байланыста дамыды. 
Бұл дәуірде ол публицист жазушы ретінде феодалдық-жеке билік 
озбырлығы мен оның негізгі таянышы болған епископтық шіркеуге 
ымырасыз мақалаларымен қарсы шығады. Мильтон «Неке туралы» 
мақаласында Қайта өрлеу дәуірі гуманистері қорғаған теңдік 
идеяларын қолдайды.
Мильтон алғашқы трактаттарының бірі «Ареопагитиканы» 
(1644) парламентке арнай отырып, буржуазиялық республика 
мен шығармашылық еркіндікті қолдайды. «Өмір ұрығы бар» әр 
бір кітапты көздің қарашығындай сақтау керек екендігін айтады. 
Жазушы ақиқат пен азаттық ұғымдарын бір-бірінен бөліп қармайды, 
сондықтан «жариялылықты, өз пікірлерін ашық айту еркіндігін» 
талап етеді.
Осы уақыттан бастап Мильтон пресвитериандықтан (ХVІІ 
ғасырда Ұлыбританияда пайда болған протестанттық діни бағыт) 
алыстайды. Ірі буржуазиялық топтардың бұл партиясы феодалдық 
билікпен күресте қабілетсіз болды және ол халық мүддесіне қарсы 
саясат жүргізді. Сол себепті жазушы роялистерге қарсы ашық 
күресіп жатқан индепенденттерге жақындайды. Бұл өзгерістер 
оның «Қайраткерлер мен өкіметтердің міндеттері» (1649), «Пұтқа 
қарсы» (1649) деген кітаптарында өз көрінісін тапты. Екі кітап та 
Карл І-нің тақтан түсірілу және жазалану оқиғаларымен тығыз 
байланысты. «Қайраткерлер мен өкіметтердің міндеттері» кітабы 
корольдің өлтірілуінен алдын жазылғанымен, кейін жарық көрді. 
Бірақ бұл еңбек Карл І-нің өлтірілуін құқықтық жақтан негіздеп 
берген еді.
Карл І-ні қолдаушы және мақтаушы Жон Годеннің «Король 
образы» атты кітабының негізсіздігін әшкерелеу мақсатында 
Мильтон индепенденттердің тапсырысымен «Пұтқа қарсы» деген 
кітабын жазды. Бұл шығармада ол корольді сақтап қалу арқылы өз 
қамалдарын нығайтпақшы болған және халыққа қиянат жасаған 


287
буржуазиялық пресвитерианттарды сынға алады. Мильтон осы 
еңбегінде халықты озбырлыққа қарсы азаматтық соғысқа шақыру 
арқылы эмигранттарға да, Еуропа монархиясына қатты соққы береді. 
Сондықтан да ішкі және сыртқы зұлымдық күштер оған қарсы күшті 
шабуылдарды бастайды. Салмазия «Король Карл І-ні қорғау» (1649) 
деген кітабын жазады. Мильтон «Ағылшын халқын қорғау» (1650) 
атты трактатымен оған жауап қайтарады. Бірақ дұшпан мұнымен 
тоқтамайды. Жазушыға қарсы тағы да бірнеше памфлеттер 
жазылады. Мильтон озбырлар жаласына «Ағылшын халқын екінші 
рет қорғау» (1654), «Өзін-өзі қорғау» (1655) атты кітаптарымен 
жауап береді. Бұл публицистикалық шығармалар жазушының 
республика үшін күресуші ретінде даңқын арттыра түседі. «Екінші 
қорғау» шығармасында Мильтон генерал Кромвелдің төңкеріс үшін 
қауіпті болған жол – жеке диктатураға ұмтылудан бас тартуы тиіс 
екендігін ұқтырады.
50-жылдардың екінші жартысында Мильтон саяси күрестен 
уақытша шеттейді. Бұл жылдары «Христиан тәлімі» трактатын 
жазады. Осы еңбекте Мильтон дүниетанымындағы қайшылықтар 
айқын көрінеді. Ол дін мен ғылымды ымыраға шақырады. Бірақ 
Мильтон кальвиндік догмалардан бас тартып, адамға өз тағдырын 
белгілейтін еркін сана да тән деп ашық айтады. Ауру меңдеген 
Мильтон әдеби шығармашылықпен айналысады, сонеттер жазады. 
Кромвель өліміне байланысты ол тағы да публицистикаға оралады. 
Республикалық құрылысты сақтап қалу үшін бүкіл күш-қайратын 
жұмсайды. «Еркін республика орнату үшін ақиқат және жеңіл 
жол» (1660) трактатында жаңа мемлекет құрылысының жоспарын 
көрсетеді. 
Бірақ оның сайлау жүйесі левелдер (ХҮІІ ғасырдағы ағылшын 
революциясы дәуірінде радикалдық-демократиялық партия)
ұсынғандай демократиялық рухта емес еді. 
Мильтон шығармашылығының соңғы кезеңі (60-70-жылдар) 
Стюарттар реставрациясы дәуіріне сай келеді. Бұл дәуірде ол 
ғажайып шығармалары болған «Жоғалған жұмақ», «Оралған жұмақ» 
поэмалары мен «Самсон-күрескер» трагедиясын жазады. Үрейлі 
реставрация жылдарына қарамастан Мильтон республикашыл 
идеяларға адал болды. 1660 жылы король өкіметінің бұйрығымен 
оның «Ағылшын халқын қорғау» және «Пұтқа қарсы» кітаптары 
өртеледі. Мильтон көлемді айыппұл төлеу арқылы өлім жазасынан 


288
әрең құтылады. Мильтон шығармашылығының кейінгі кезеңіне 
жататын «Жоғалған жұмақ» поэмасында ақынның сол дәуірдегі 
көңіл-күйі өз көрінісін тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет