Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет136/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Тартюф» комедиясы
Мольер «Тартюф» комедиясын 1664 жылдың мамыр айында 
сахнаға қойды. Үш актілі бұл пьеса осы уақытта кең етек жайған 
діни-клерикал, «Қасиетті жетілген қоғам» өкілдерін әшкерелеуге 
бағытталғанымен, комедия феодалдық-католиктік қысымға қарсы 
өткір күрес қаруына айналады. Сол үшін де Париж архиепископы 
және діндарлар ұйымының арнайы қолдаушысы болған Анна 
Австрийская ханым бұл пьесаға тыйым салады. Жазушының 
«Тартюфті» сахнаға қою құқығы үшін ұзақ күресі басталады. 
Мольер пьесаны антиклерикал мазмұнын сақтай отырып, қайта 
өңдеуге кіріседі. Үш актілі емес, ал бес актілі болып қайта жазылған 
бұл пьеса «Алаяқ» деп аталады. Тартюф болса Панюльф деп аталып, 
ол діндар киімінде емес, қарапайым адам бейнесінде көрінеді. 1667 
жылы пьесаның қайта өңделіп, сатиралық күші едәуір жұмсартылған 
нұсқасын сахнаға қоюға рұқсат етіледі. Бірақ корольдің Парижде 
болмағанынан пайдаланған діни-клерикал ұйымның арнайы 
мүшелерінің бірі, парламент төрағасы Ламуаньон комедияны 


321
мақұлдамайды. Мольердің алдында күрделі мәселе тұрды. Ол бірде 
билікпен қатынасынан қол үзіп, өз комедияларын сахнада қоюдан 
айырылуы, бірде айтқанға көніп, сахнаны қолында алып қалу 
және кертартпа клерикализмді әшкерелеуді жалғастыруы тиіс еді. 
Мольер екінші жолды таңдап, комедиясын қайта өңдеуге кіріседі. 
Пьесаның қайта жазылған үшінші нұсқасы король рұқсатымен 1669 
жылдың ақпан айында сахнаға шығады. «Тартюф яки алаяқ» атты 
бұл комедия сахнада үлкен даңққа бөленеді.
Саудагер Оргон шіркеуге ғибадат қылуға барғанында, ол жерде 
«тақуа» бір жанды көреді. Бұл адам берілген садақалардың бір 
бөлігін өзінде қалдырып, қалғанын басқа қайыршыларға үлестіреді. 
Өзін өте құдайшыл жан ретінде көрсеткен бұл адамды аңғал Оргон 
үйіне ертіп келеді. Бұл «тақуа» Тартюф еді. Саудагер оны аса 
құрметтейді, үйдің барлық құқықтарын оның қолына тапсырады. 
Тіпті қызын да оған бермекші болады. Оргон отбасындағы жастар 
(ұлы Дамис, қызметші қыз Дорина, қызы Марианна) бұл адамның 
алаяқ екендігін сезіп, бұл жайында Оргонға айтады. Бірақ діндар 
Оргон олардың сөзін естігісі де келмейді. Оған жала жауып, мені 
құдай алдында күнаһар қылмақшысыңдар деп ашуланып, ұлын 
үйден қуып жібереді. Барлық мал-мүлкін Тартюфке хаттап береді. 
Екі күн қалада болмай, үйіне оралған Оргон Доринадан хал-жағдай 
сұрағанында, ол Эльмира ханымның ауырып қалғандығы туралы 
айтпақшы болады. Оргонды болса тек Тартюфтің ахуалы ғана 
қызықтырады:
«Өткен күні бикемнің ыстығы көтерілді».
- Тартюфтің ше?
- Бикем қатты науқастанды.
- Тартюф ше?
- Бикем ұйықтай алмай шықты.
- Тартюф ше?
Дорина мен Оргон ортасындағы бұл диалог және Оргонның бір 
сөзді қайталай беруі көрерменде еріксіз күлкі туғызады, бұл кейінгі 
диалогта күшейе түседі:
- Тартюфтің денсаулығы орнында.
- Қап, әттеген-ай!
- Таңертеңгі аста екі құс етімен бірге қойдың құйрық майын 
да жалмап алды.
- Қап, әттеген-ай!


322
- Ол түнімен қыбырламастан, қатты ұйықтады.
- Қап, әттеген-ай!
- Бөтелкедегі шарапты жұғынын қалдырмай босатты.
- Қап, әттеген-ай!
Тартюфтің екі жүзділігі мен аярлығының құрбаны болған екінші 
тұлға Оргонның анасы Пернель еді. Өзінің жауыз ниетіне жету үшін 
Тартюф алдымен аңғал, сенгіш жандарды қолға алады, жастарды 
ұнатпайды. Өйткені олар Тартюфтің сырын тез аңғарады және оны 
әшкерелеуге ұмтылады.
Тартюф басқан әр қадамында өзін құдайшыл жан ретінде 
көрсеткісі келеді. Оргонның әйелі Эльмираға көз салады. Өз еріне 
адал Эльмира Оргонның сынап көруі үшін Тартюфпен әдейі оңаша 
кездеседі. Тартюф: Мен туралы ешкім жаман пікір ойламайды, 
деп Эльмираға арам пиғылмен жақындаса бастағанын Оргон өз 
көзімен көреді. Сонда ғана ол үйіне кіргізген адамының жалған 
тақуа екендігін біліп, үйден қуып шығады. Бірақ Тартюф бетіндегі 
пердесін алып тастап, бұл жер-мүлікке өзі қожайын екенін, мұны 
дәлелдейтін құжаттар бар екендігін дәлел айтып, Оргонды үйден 
қуып шығу мақсатында сот шенеунігін шақыртады. Қамауға алу 
үшін полиция офицерін де бастап келеді. Бірақ, кенет офицер 
«әділ» монархтың бұйрығымен атақты алаяқтың өзін қамайтынын 
мәлімдейді.
Бұл комедияда Мольер ақсүйектер арасында белең алған 
тойымсыздық, тоғышарлық, екіжүзділік сияқты жағымсыз 
қасиеттерді Тартюф образында ашып көрсетті. Өзінің арам 
ниеттеріне жету үшін тақуа болып көрінген бұл адам шындығында 
өте бұзық, аяр тұлға болып шығады. Тартюф буржуа Оргон мен 
оның анасын аңғалдықтарынан пайдаланып, алдап соғады. Сыры 
ашылған соң, Оргонды өз үйінен қуып, мал-мүлкін тартып алмақшы 
болғанында да Тартюф арсыздықпен бұл істердің барлығын құдай 
жолы үшін жасап жатқандығын айтады.
Тартюфке қарсы алғашқы күндерден-ақ күрес бастаған тұлға 
- қызметкер Дорина. Онда халық даналығы жинақталған. Ол 
Тартюфтің аярлығын, Оргонның алданғандығын батыл айтады. 
Бірақ комедияда қылмыскер «жоғарыдан», корольдің араласуымен 
анықталады. Король Мольерді өз мүддесіне пайдалану мақсатында 
қолдағанын, сондықтан комедияның қайта өңделген нұсқасын 
сахнаға қоюға рұқсат бергенін де жоғарыда айттық. Тартюфті 


323
тұтқындауға келген офицер азғынды «корольдің өзі әшкерелейді» 
дейді. Бұл жазушының монархты белгілі дәрежеде қолдағандығының 
белгісі болатын.
Мольер «Тартюф» комедиясында орта ғасырдағы феодалдық 
зұлматты осы дәуір әлеуметтік өмірі қайшылықтарына байланыста 
емес, оның бір жағын, яғни діни зұлымдықты, оның саяси 
қуғындау құралы болғандығын көрсетті. Бұл жағдай жазушыны 
классицизмге тән абстрактілік пен рационалдық иллюзияға 
алып келді. Нәтижесінде негізгі қаһарман характерін бейнелеуде 
схемалылыққа ұрынады. Тартюф феодал-ақсүйектердің барлық 
бұзықшылықтарын жинақтаған индивидуалданған образ емес, ал 
кертартпа ақсүйектік азғындықтың түрлі көріністерін әшкерелеген 
образға айналады. Сол себепті «Тартюф» комедиясы классицизм 
характерлер комедиясының типтік үлгісі болып табылады. 
Тартюфтің екіжүзділігі, Гарпагонның сараңдығы сияқты типтік 
мінез. Жазушының назары жалпы адам характерін ашуға емес, 
алдын белгіленіп қойылған негізгі қаһарман Тартюф характерінің 
бір жағын көрсетуге бағытталған. Бұл классицизм театрының 
негізгі белгілерінің бірі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет