329
Арганның балаларын жақсы көреді, оларға анасы сияқты қамқорлық
жасайды. Оларды қорғап, бұзық ниеттегі адамдардың жаласын
әшкерелейді. Туанета жазушының «Скапеннің ойраны» (1671)
комедиясындағы бас қаһарман қызметкер Скапен сияқты жастарға
мейірімді. Пьесада адамды байлыққа қызығушылық апаттан сақтап
қалатын әлеуметтік өзгеріс болуы керек деген қорытынды келіп
шығады. Бұл шығарма драмашының реалистік таланты толыса
түскендігін көрсетеді.
Француз ұлттық драматургиясының негізін салушылардың бірі
болған Мольердің әдеби мұрасы өте құнды. Өйткені, Мольер сол
замандағы әдебиет теорияшылары «төмен» деп атаған комедияны
жоғары сатыға көтеріп, оны халықтың сүйікті жанрына және
феодалдық-ақсүйектік озбырлықты, діни зұлымдықты, ақшаның
апатты әсерін сынға алған өткір күрес құралына айналдырды.
ХVІІ ғасырдың аяғы және ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген
драмашылар Лесаж, Вольтер, Бомарше, ағылшын жазушылары
Драйден, Фильдинг және басқалар Мольердің реалистік
дәстүрлерін терең үйреніп, одан кең түрде пайдаланды. Мольердің
комедиялары Ресейде ХVІІ ғасырдың аяқтарында сахнаға қойыла
бастады. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жазушының негізгі комедиялары
атақты орыс драмашыларының пьесалары қатарында халық
назарын өзіне аударды. Пушкин, Гоголь және Белинский Мольер
комедияларындағы қайшылықтарды, реализміндегі шектелгендікті
айта келіп, оның шығармашылығына жоғары баға берді. Оның
пьесаларын сахналандыруда К.С. Станиславскийдің еңбегі ерекше
болды.
Қазақ сахнасында «Тартюф», «Скапеннің ойраны», «Cараң»
комедиялары сәтті қойылып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: