Монодик лирика Поэзияның қарапайым түрлерiне жататын ямб және
элегиялармен қатар б.з.б. VII-VI ғасырларда монодик лирика да
кең таралды. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, поэзияның бұл түрi
халық ауыз әдебиетi мен музыканың тығыз әсерiнде пайда болды.
Сондықтан, монодик лириканың ерекшелiктерi тек музыка әуенiмен
ғана белгiленген. Бiрақ антик музыкалық әуендердiң жойылып
кеткендiгiне байланысты осы топтағы лирикалық шығармалардың
көркемдiк ерекшелiктерi туралы пiкiрлерiмiздi өлеңнiң құрылысы,
сөз қолдану ыңғайы жайлы әңгiмемен ғана шектеймiз. Бұл жанрдың
көрнектi өкiлдерi Кiшi Азияның батыс жағалауындағы үлкен Лесбос
аралында туып өскен екi ұлы ақын –