Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет30/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Протагор
«Барлық нәрсенің жаратушысы адам» дейді және осы 
пікірімен адам санасында пайда болатын түсінік пен сезімдерден 
бөлек «дүниенің» болуы мүмкін емес екендігін дәлелдеуге 
ұмтылады. Протагор өзінің осындай ойларымен адамды бүкіл 
жаратылыстың орталығында тұратын құдіретті күш дәрежесіне 
көтереді. Адамның тағдырын тылсым табиғи күштермен емес, 
ал оның өз әрекетімен, қабілетімен байланыстырады. Протагор 
философиясының маңыздылығы да мiне, осында. Протагор 
бірнеше дәлелдермен құдайдың бар екендігіне күман келтіріп «Мен 
құдайлардың бар-жоқтығын, яки олардың тірі құдай екендігін 
білмеймін, өйткені бұл нәрсені аңғаруға кедергі болатын бірнеше 
себептер бар, бұл себептер – құдайлар жайлы түсініктердiң айқын 
еместігі және адам өмірінің қысқалығы», дейді [1,72]. Протагорды 
осындай пікірлері үшін діндарлар «дінсіз азғын» деп айыптап, 


66
Афинадан қуып шыққан. 
Софистер мемлекет мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Осыған 
байланысты табиғи құқық проблемасы софистер ілімінде маңызды 
орынды алады. Бұл iлімде бүкіл тіршіліктің негізгі ұйтқысы ретінде 
табиғат заңдары алынады, яғни әр бір нәрсе, түрлі әдіс-тәсілдер 
мен адам ойы бұрыннан бар табиғи бір жағдай сипатында болады 
немесе адамдар тарапынан белгіленгендігіне қарай бағаланады. 
Сондықтан Платон, Аристотель сияқты философтар әр қандай 
мемлекет құрылысын құдайлар жаратқан нәрсе деп қараған болса, 
софистердің көпшілігі бұл пікірге қарсы шығып, «ең алғашқы 
мемлекет адамдар ортасындағы өзара келісім нәтижесінде пайда 
болған» дейді. Көпшіліктің қалауымен мақұлданған мемлекет 
құрылысын нағыз заңды құрылыс деп таниды (Протагор). 
Софистердің мемлекет туралы философиясының демократтық 
маңызы да, міне осында. Олардың кейбірі бұл салада өзге ойларды 
да алға тартады. Мәселен, Протагор мен Гиппий қоғамдағы 
әлеуметтік теңсіздікті қатты сынға алады. Гиппийдің айтуынша, 
«барша адамдар – туысқан, табиғат ананың перзенттері. Сондықтан, 
еркін адамдар мен құлдар арасында теңсіздік болмауы керек» [1,71].
Софистер философия ілімінен өзге, басқа да шығармашылық 
салаларда ұлы істер атқарды. Дүние жүзiлiк мәдениеттің ең құнды 
ескерткіштерінің бірі болған және Гиппократ есімімен бізге 
жеткен медицина өнері туралы үлкен шығарма осы софистер 
ортасында жазылған. Гиппократқа дейін науқастарды емдеу ісі 
тек ғана құдайларға, тылсым күштерге сыйыну, аластау және 
түрлі ырымдарға негізделген болса, енді адам организмін үйрену 
нәтижесiнде ауруды ғылыми негізде емдеу істері пайда болады. 
Медицина бірте-бірте жеке ғылым дәрежесіне көтеріледі. Осындай 
ғылыми түсініктер негiзiнде түрлі салаға қатысты қолданбалы 
еңбектер туады. Мәселен, Протагор мен Продик адамзат 
тарихындағы тұңғыш грамматика оқулығын жазады. Шешендiк 
өнер мен логика негіздерін түсіндіруде де софистердің еңбегі мол. 
Дәуірінің ұлы тарихшылары Геродот пен Фукидид софистердің 
әсерін өте терең сезінген және өз еңбектерінде олардың iлімдерін 
жарқын бейнелеп отырған. Еврипидтің трагедиялары софистердiң 
пiкiрлерiн толық қамтыды.
Б.з.б. V ғасырда Афина қаласы тамаша өнер орталығы болды. Бір 
қатар данышпан сәулетшілер, мүсіншiлер мен суретшілер қолынан 


67
туған ұлы өнер ескерткіштері бүкіл адамзаттың кейінгі дәуірлері 
үшін сұлулықтың таңғажайып мысалы мен асқақ үлгісі болып келді. 
Өнердің мұншалықты қарқынды дамуы Перикл қамқорлығында 
Афинада басталған үлкен құрылыс істерімен тығыз байланысты. 
Периклдің тілегі - ғылым, бiлiм және мәдениет орталығы болған 
ұлы қала сұлулықта да бүкiл грек жұртына өнеге болсын деген 
арман еді. Елу жылға созылған үлкен құрылыс істерінде Афинаның 
еркін халқы мен құлдар ғана емес, сондай-ақ Грекияның барлық 
жерінен жиналған құрылысшылар, мүсіншілер, суретшілер және 
түрлі кәсіп иелерi қатынасты. Бұл заманда бой көтерген ең биiк 
ғимараттардың бірі - Афина мен Пирей гаванi ортасында, бұдан көп 
ілгері салынған екі қабырғаның арасында, Периклдің қалауымен 
тұрғызылған үшінші қабырға болды. Одан ары қарай Пирей 
гаванi жаңа ғимараттармен нығайтылды, нәтижесінде Афина мен 
Пирей тұтасқан жеке қамалға айналды. Бұрын болмаған осындай 
үлкен құрылыс істері арасында Периклдің назарын көбірек бөлген 
мәселе – Афинаның ішкі қамалы Акропольдi безендіру болған. 
Көне замандарда тұрғызылған бұл ғимарат Парсы-Грек соғысы 
кезінде ойрандалып, қамал ретіндегі маңызын жойған еді. Жаңадан 
салынған Акрополь ғимараты грек өнерінің ғажайып туындысына 
айналды. 
Грек сәулетшілік өнерiнің қайталанбас үлгілерін жасаған 
ғажайып сәулетшілер арасында атақтылары - Парфенонды салған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет