Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Алғашқы драманың пайда болуы



Pdf көрінісі
бет32/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Алғашқы драманың пайда болуы
Драма сөзінің мағынасы «әрекет» дегенді білдіреді. Бұл 
атау осы жанрдың қимыл-әрекеттен және кейіпкерлердің өзара 
сұқбаттарынан тұратындығын дәлелдейді. Драманың пайда болу 
тарихын ежелгі дәуір ғалымдары мен қазіргі дәуір ғылымы халықтың 
діни дәстүрлерімен байланыстырады. Қауымдық даму сатысында, 
барлық халықтар сияқты гректер де аңшылық және еңбек ету 
барысында, той-салтанаттарда, түрлі мерекелерде ән айтып, би 
билеп, орындайтын бірнеше ырым-жоралғылар болғандығы сөзсіз.
Грек драматургиясының түрлері – трагедия, комедия және 
сатиралық драма міне, осы діни дәстүрлер, әсіресе Дионис мейрамы 
негiзiнде пайда болған.
«Дионистің тойында теке жайындағы өлең екі түрлі айтылатын, 
өлеңінде Дионистің өмірін баяндайтын әңгімесін жалғыз өлеңші 
айтып келгенде, айналада тұрған көп халықтың «хоры» (көптің әні) 
аяғына қосылып көп дауыспен көтеріп әкететін. Міне, осы әдеттің 
өзі жалпы драма дәстүріне тиісті болатын. Берірек келген заманда 
хорды бастайтын жалғыз өлеңші өзінің өнеріне түр қоса бастаған. 
Айтылып тұрған оқиға елге қызығырақ болып, жандырақ көрінуі 
үшін өлеңші денесінің қозғалысымен, пішін құбылысымен басына 
үлкен маска дін тұлғасын киіп, сол құдайлардың өздерінің халіне 
түсіп, суретін толығырақ келтіріп ойнайтын болған.
Осы хал және дін мен салттан туған қалың елдің мейрамы гректің 
атақты ақыны Эсхилдың заманына келгенде бұрынғы қалпына жаңа 


71
түр қоса бастады. Дионис мейрамының құрбан шалардағы өлеңінде 
бұрын оқиғаға хормен жалғыз өлеңші екі-ақ кісі сияқты болып 
араласатын болса, Эсхил бұл мейрамды бұрынғыдан көрнекті қылып 
көрсету үшін жаңа оқиғаның ішіне тағы ойнаушы қосқан, ол ол құр 
ғана ойнаушы емес, бұрынғы Дионистің әңгімесіне араласатын 
құдайлардың біреуін кіргізген, сонымен Эсхил заманындағы 
драмаға араласқан ойнаушылар үшінші кісі болған… Эсхилден 
соң Софокл, одан кейін Еврипид заманында бұрынғы Дионистің 
тойында айтылатын теке жайындағы өлеңнен әдебиеттің ең сұлу, ең 
зор түрінің бірі болған трагедия туған.
Бірақ, грек трагедиясы өзінің ең жоғарғы биігіне жеткенге шейін 
елдің әуелгі ұғымынан бөлініп-жырылып келген жат нәрсе сияқты 
болған жоқ» [12,16]. 
«Трагедия ежелгі Эллада елінде... көне гректерге көктем сайын 
жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартатын теке тұрпатты Дионис 
құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен салтанатынан туғаны 
белгілі. 
Мұндай сайранды ұйымдастырушы топ хор боп қосыла жамырап, 
Дионис туралы аңыз – трагедия, яки текенің әнін орындайтын 
болған. Келе-келе текенің әнін орындаушылар түсін бояп кәдімгідей 
теке түріне көше киініп, қимыл-қозғалыстары арқылы қалың жұртқа 
текенің азабы мен ажалын көрсеткен. Одан жұрт үрейленген, өлген 
текені аяған. Трагедия дүниеге о баста осылай келген. Кейін бұл 
шын мәніндегі театр өнеріне айналған» [30, 344].
Аңыздардың айтуынша, «Дионис - Зевс пен Семеланың перзенті. 
Дионис өзінің адам тектес, бірақ, теке сияқты тұяғы мен құйрығы 
бар қызметшілері-сатирлармен бірге дүниені кезіп, қыдырып 
жүргенде адамдардың ауыр да азапты өмірін көреді. Адамзатты 
бақытқа бөлеу ниетінде, құдайлар тағамы саналатын қасиетті 
амврозияны ұрлайды. Бірақ құдайлар мұны сезіп қалады да, Дионис 
амврозияны жасырмақшы болып жерге көмеді. Көп ұзамай осы 
жерде биік ағаш өсіп шығады. Оның жақұттай әдемі, тәтті жемістері 
адамдарды бақыт пен шаттыққа бөлейді. Мұндай қайрымдылыққа 
қаһарланған Зевс өз ұлын Олимп тауынан қуып жібереді. Дионис 
жер бетінде ауыр азап шегіп, дүниеден өтеді. Ұлының өлімінен соң 
Зевс оның күнасын кешіріп, Олимп құдайларының қатарына қайта 
қабылдайды. «Жыл сайын өз құрметіне мейрам өткізуді Дионис 
адамдарға өсиет еткен екен. Содан бері бұл құдай мол өнім, шарап, 


72
шаттық және бақыт қамқоршысы болып саналады».
Трагедияның тікелей Дионис мерекелеріне байланысты 
шығарылған дифирамб жырлардан туғандығына Аристотель де 
күманданбайды. Бұл туралы ол өзінің «Поэтика» еңбегінің төртінші 
тарауында анық пікірлер айтады. Ұлы философтың ойынша, 
«трагедия» атауының өзі де Дионис тұлғасымен тығыз байланысты. 
Бұл атау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет