Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет103/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Отелло» трагедиясы
«Отелло» (1604) трагедиясының сюжетіне ХVІ ғасырда өмір 
сүрген итальян жазушысы Чинтионың «Венециялық мавр» 
новелласының мазмұны негіз болған. Бірақ трагедия көркемдігі 
тұрғысынан алғанда новелладан едәуір өзгешелеу. Шекспир өз 
заманасының озық идеяларын бейнелей отырып, жанды адамдар 
образын жасайды. Трагедияның бас қаһарманы - араб ұлтының 
өкілі Отелло. Ол «жылтырақ» бояулардан азат, діни тәртіптерден 
биік тұратын нағыз адам образы. 
Отелло өзінің ерлігімен парасатты, сұлу Дездемонаның 
махаббатына ие болады. Тіпті, жүрегінде күдік туып, Дездемонаға 
сенбей қойған кездерінде де, оның жарына деген махаббаты, 
адалдығы сақталады, оған азап бергісі келмейді. Өйткені, Отелло 
табиғатынан кекшіл жан емес. Оның Дездемонаға күдіктенуі Яго 
зұлымдығының салдарынан пайда болады.
«Отелло табиғатынан қызғаншақ емес, - деген еді А. С. Пушкин, 
- керісінше, ол өте сенгіш адам болатын». «Қызғаншақтыққа онша 
бейіл еместігін» Отеллоның өзі де білдіреді. Дездемона жоғалған 
орамалын қайғыра сөйлегенінде Отеллоның осы қасиетін атап өтеді.
Бүйткенше алтын салған
Асыл қалтам жоғалса етті.


257
Ер маврым сенгіш-ті,
Қызғаныштың сұмдығынан
Алыс бола тұрса да
Осы жайдан күдіктену мүмкін еді, - дейді.[101.89]
Алғашында Отелло жауыз Ягоның өсегіне сенбейді, бірақ Яго 
келтірген «дәлелдер» аңғал мавр үшін жеткілікті болып шығады. 
Өйткені, адамзат сұлулығының үлгісі деп білген Дездемонаның 
«опасыздығы» туралы суық сөз, әрқандай әйелдің сайқалдығына 
қарағанда, Отелло үшін мүлдем қорқынышты көрінеді. Оның 
жүрегіндегі азап қызғаныш дерті ғана емес, сонымен бірге әйелінің 
адалдығына деген сенімін жоғалтудан туған үлкен қайғы да. 
Мұндай күтілмеген оқыс оқиғаға ызаланған Отелло, адалдық үшін 
кек аламын деп, Дездемонаны аянышты жағдайда мерт қылады. 
Бірақ, ол көп ұзамай үлкен қателік жасағанын түсінеді. Бұдан соң 
өмір сүру мүмкін еместігін сезіп, Дездемонаның денесінің жанында 
өзін өлтіреді.
Дездемона - сұлу, биязы мінезді, адамгершілік қасиеттерімен 
жарқын суреттелген образдардың бірі. Ол әлсіз, шектелген Офелия 
образына мүлде ұқсамайды, кейбір қасиеттерімен Джульеттадан да 
ерекшеленеді (Джульетта Ромеоны кездейсоқ ұшырасқан уақытта 
сүйіп қалады. Дездемона болса ғайбат сөздерді құлағына ілмей, 
қара маврды сүйетіндігін жасырмайды және онымен бірге шайқасқа 
бірге кетуге әрқашан дайын тұрады). Дездемона - адал жардың 
жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтаған әйел образы. 
Яго - барша залымдықты және буржуазияның менмендігін 
өз бойына жинақтаған образ. Алғашқы капитал топтау дәуірінің 
өкілі Яго – айлакер, жылпос, ақшақұмар, мейірімсіз, жауыз адам. 
Ол адамгершілік қасиеттерге бай Отелло мен Дездемонаға қарсы. 
Басқалармен достасудан қашатын, құлқы бұзық бұл жан өзінің 
арам пиғылдарын іске асыруда әрқилы жиіркенішті тәсілдерден 
пайдаланады. Солдат киіміндегі бұл залым өзін Отеллоға адал 
адам қылып көрсетуге қол жеткізеді. Соңынан айла-шарғыға 
көшеді, осындай жолдармен достарын да, әйелін де дұшпан қылып 
көрсетеді. 
Яго тек өзімшіл жан ғана емес, өзінен мансабы төмен адамдарға 
өте мейірімсіз, арсыз адам. «Әмиянын ақшаға толтыруды» жақсы 
көретін бұл залым Родригоны алдап соғып, барлық байлығын тартып 
алады. Оны Кассиоға айдап салады. Жымысқы ойы сәтсіздікке 


258
ұшыраған соң, ауыр жарақат алған Родригоға жәрдем беру орнына, 
оны жауыздықпен өлтіреді.
Яго кіммен қандай қатынас жасау керектігін жақсы біледі. 
Отелломен сұқбаттасқанда ол қошаметгөй, Дездемонаның алдында 
әдепті, Родригоға батыл, өз әйеліне келгенде дөрекі, арсыз. Бірақ 
ашық айқаста ол қорқақ, жасырын қастандыққа шебер, мейірімсіз. 
Яго - дүиежүзілік әдебиетте өте айлакер, аяр адамның типтік 
бейнесі.
Трагедиядағы характерлі қаһармандардың бірі – Эмилия. Ол 
шығарманың басында ерінің айтқанын бұлжытпай орындаушы, 
қарапайым, аңғал әйел ретінде көрінеді. Дездемонадан түсіп қалған 
орамалды тауып алған Эмилия, оны Ягоға әкеліп береді. Оқиға 
қайғылы жағдайға бет алғанында, ол ерінің жауыз ниетін сезіп 
қалады және батылдықпен оны әшкерелеуден қайтпайды. Эмилия 
да Дездемона сияқты жазықсыз мерт болады.
Шығарманың бас қаһармандары Отелло мен Дездемона пасық 
Яго сияқты жауыздардың құрбаны болғанымен, олардың адалдығы 
жеңіске жетеді. Аяр Ягоның барлық сыры ашылып, ауыр жаза 
тартуы әділдіктің салтанат құрғандығын дәлелдейді. «Отелло» 
трагедиясында Шекспир құлдырап бара жатқан абсолютизм мен 
туып келе жатқан буржуазиялық қатынастар жағдайында пайда бола 
бастаған жаңа сана мен түсініктердің күрделі көріністерін, адам мен 
оны шырмап алған қоғам ортасындағы қайшылықтарды суреттейді. 
Қаһарманның жеке басының қасіреті заманның әлеуметтік тартысы 
дәрежесіне дейін көтеріледі. Бұл жағдай ақша дүниесінің өкілі 
ретінде әрекет еткен жауыз Ягоның залымдықтарын әшкерелеуде 
айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет