260
жақтары бар. Билеуші болған дәуірде ол әлсіз еді, өйткені ақиқатты
айыра білмейтін. Кедей халге түскен соң Лир шындық пен жалғанды,
әділдік пен әділетсіздікті аңдайтын болады, өзін еркін сезінеді. Тақ
та, бақыт та енді оған жат болып көрінеді. Оның мінезінде пайда
болған бұл өзгеріс үлкен қыздарына жиіркенішпен қарауында ғана
емес, ал кіші қызы Карделияның алдындағы кінасын мойындауында
байқалады. Лир образы Шекспирге бақыт пен байлық арасында
қайғысыз өмір сүріп жатқан ат төбеліндей
топ пен кедейлікте
жасап жатқан сансыз халықтың қасіретін көрсетіп, ұлы гуманистік
идеяларды бейнелеуге үлкен мүмкіндік берді.
Лирдің басындағы қайғыны толығырақ ашуда граф Глостердің
тағдырын баяндайтын трагедияның екінші сюжеті ерекше маңызға
ие. Король Лир отбасындағы оқиға Глостердің де жанұясында
болады. Лир кіші қызын қуып жіберген еді, Глостер болса үлкен
ұлы Эдгарды үйінен қуады. Лирдің жақсы көрген үлкен қыздары
оған қарсы бас көтереді. Глостер болса өгей ұлы аяр Эдмундтан
азап шегеді. Залым Эдмунд жазушының басқа трагедияларындағы
Яго мен Ричард ІІІ-ге ұқсап кетеді. Даңққұмар, жауыз Эдмунд алдын
ағасы Эдгарды ғайбаттап, оның үйден қуылуына себепші болады,
соң әкесі Глостерді қаңғып қалған Лирге жанашырлық танытты деп
айыптап, оның екі көзін ойып алып, үйінен қуып шығады. Осындай
жолдармен мәртебе арттыруға ұмтылады.
Соқыр болып қалған Глостер қайыршы киімінде жүрген ұлы
Эдгарға
кездесіп, өзін жетекке алуын сұрайды. «Замана осылай:
соқырларды қайыршылар жетектейді», дейді өзегін өкініш өртеген
Глостер. Оның бұл сөздерінде терең мағына жатыр, әрине.
Король Лир мен граф Глостер тек ауыр азаптарды басынан
кешіргеннен кейін ғана өзгереді; көздері зағип болғанымен ақ пен
қараны айыра алатын дана адамдарға айналады.
Лирдің: Байғұс қайыршы қашып барады. Көрдің бе, достым,
өкімет те сондай. Өкімет жүрген жерде өктемдік бар. Шынжырлаулы
көк төбет те бір, қызмет бабындағы көп ұлық та бір.
Көшеде жүрген
жезөкшені неге сонша сабайсың,
Өзіңнің соған әукең түсіп тұрғанда,
Онандағы дүрелемейсің бе өзіңді
Көңіліңе қашқаны үшін әзізіл?
Жымысқыны дарға астырды алпауыт,
261
Жыртық көйлек жасыра алмайды күнәні,
Мауыт кисе – не сұмдық та түспес еді еш көзге.
Кей қылмысты алтынменен аптасаң,
Құрдай
ұшып жорғалайды сот өзі,
Егер оны алба-жұлба қып ап барсаң,
Кім көрінген көзге шұқып бітеді.
Бұл дүниеде айып тағардай ешкім жоқ,
Бұл дүниеде айып тағардай қылмыс жоқ.
Тығындай біл көмекейін басқаның
Қара дегеннің ақ болуы қас қағым.
Сондықтан да шатынаған
Көзіңе
әйнек ки-дағы,
Көп көрсоқыр саясатшы секілді,
Көрмесең де, көрген болып көрін сен [105.344],-
деп мемлекет басына шығып алған, өз мүддесінен басқа ешнәрсені
көре алмайтын «алаяқ саясаткерлерді» әшкерелеумен бірге, өзінің
бұрынғы өміріне сын көзбен қарайды.
Байлық пен абырой арттыру жолында әрқандай зұлымдықтан бас
тартпайтын Эдмунд «қылышы бар адамға мейірімділік жараспайды»,
деп тұтқынға түскен Лир мен Карделияны өлім жазасына кеседі.
Гонерилья мен Регананы сүйемін, деп оларды сендіреді, апа мен
сіңлі ортасындағы қызғаныш дұшпандыққа айналады. Гонерилья
Эдмундқа қол жеткізу үшін жесір қалған сіңлісі Реганаға у береді.
Бірақ ерінің қиянаты сезілген соң өзін өлтіреді. Глостердің үлкен
ұлы Эдгар әкесіне, ағасына және герцогке опасыздық жасаған інісі
Эдмундтың зұлымдықтарын әшкерелейді,
азапта жатқан Лир мен
Карделияны құтқаруға асығады. Бірақ бұл уақытта Карделияны
дарға асып өлтірген еді. Парасатты қыздың өлімі әке үшін өте ауыр
қайғы болатын. Лир Карделияның денесінің қасына құлап түсіп,
жан тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: