§ 4. Қазақша ғылым тілін дамытудағы
А.Байтұрсыновтың орны
Ахметтану ілімінің негізі "Ақ жол" газетінің 1923 жылғы 4
ақпандағы санында "Ахаңның 50 жылдық тойы" деген атпен
жарияланған М.Әуезовтің мақаласынан бастап қаланды деуге
болады. Сонымен бірге сол кезде А.Байтұрсыновтың өмірі,
қызметі, тіл зерттеудегі еңбектері жайлы М.Дулатов, Е.Омаров,
С.Сейфуллин, С.Садуақасов, Т.Шонановтардың мақалалары
жарық көрді.
Әкімшіл-әміршіл жүйе тарапынан қазақ зиялыларының
көрнекті өкілдеріне "ұлтшылдар", "кеңес өкіметін құруға қарсы
әрекет етушілер" деген айып тағылып, оларды қуғын-сүргінге
ұшыратқаннан бергі 80-жылдардың аяғына дейін аты аталмай,
еңбектері дұрыс баға алмағандардың біріне қазақтың ұлттық тіл
білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым, ағартушы педагог,
ірі қоғам қайраткері А.Байтұрсынов жатады. Елімізде болған
жариялылық, демократиялық процестерінен бергі он жылдан аса
уақыт ішінде А.Байтұрсыновтың мұрасын жан-жақты зерттеген
көптеген еңбектер жарияланды. Оларға Ә.Қайдари, Р.Сыздықова,
Ө.Айтбаев, М.Жүсіпов, Ш.Құрманбайұлы, Ш.Біләловтердің
зерттемелері жатады.
А.Байтұрсыновтың еңбегін арнайы жинақтап, оны алғаш
қазақ қауымына таныстырған ғалым Р.Сыздықованы ерекше атап
айту орынды. "Ахмет Байтұрсынов" деген кітапшада (Алматы,
1990) автор ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің тұңғыш
оқулықтарын жазып, графикасын реттеуші, сол арқылы қазақтың
ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы, ағартушы-ғалым, ірі
мәдениет және қоғам қайраткері, тамаша публицист әрі ақын
А.Байтұрсыновтың өмірін, еңбектерін алғашқылардың бірі болып
талдады. Талдау барысында ғалым А.Байтұрсыновтың қазақ тілін
зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
153
жасаған еңбектерін толық көрсетіп, былайша санамалап
көрсетеді: "... тұңғыш қазақ лингвисі өзінің алдына жүйелі
программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды
мақсат еткен, бұл үшін "Оқу құралды" жазған; одан соң қазақ
тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру
мақсатын қойған, бұл үшін "Тіл - құралды" жазған; үшінші - тілді
дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін "Тіл
жұмсарды" жазған, төртінші - сауат аштыру, тілді оқыту
методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншыны"
жазған". Р.Сыздықова "Ахмет Байтұрсынов" деген кітапша мен
"Тіл тағылымы" деген Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен
оқу-ағарту еңбектері жинақталып басылған кітаптарға жазған
алғысөзінде ғалымның қазақ тілі грамматикасына қатысты
категорияларға қазақша термин ұсынғандығын, осы күнгі
қолданылып жүрген "зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай,
үстеу, шылау, бастауыш" деген т.б. сан алуан лингвистикалық
терминдердің көбі А.Байтұрсыновтікі екендігін тұңғыш атап
көрсетеді.
А.Байтұрсыновтың қазақ терминологиясын қалыптастыру-
дағы рөлін ахметтануға ерекше ат салысып жүрген ғалым-
терминолог Ө.Айтбаев өзінің мақалалары мен "Қазақ сөзі" деген
еңбегінде жан-жақты көрсетеді: "А.Байтұрсынов жасаған тіл
білімі терминологиялық лексикасы мен әдебиеттану ғылымының
терминдері күні бүгінге дейін рухани мұхтаждығымызды өтеп
отыр. Бүгінгі үздіксіз өрістеп отырған терминологиялық процесте
бұл әлі күнге теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі". "Біздің ендігі
мақсатымыз - дейді ғалым - А.Байтұрсыновтың көрсетіп кеткен
үлгісін жаңа заман талабын ескере отырып, саналы түрде тиімді
пайдалану".
Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің қазақ тілінде өрбуіне,
зерттелуіне, оның қазірде қолданылып жүрген ғылыми
терминдерінің қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Оның
термин алуда ұстанған принципінің дұрыстығына ол жасаған
терминдердің әлі күнге дейін тілімізде қолданыс тауып
жүргендігі дәлел. Ғалымның термин жасаудағы ұстанған негізгі
принципі ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін
пайдалану,
ал
"Айқап"
журналындағы
мақалаларында
грамматика, фонетика, морфология т.б. халықаралық сөздерді
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
154
де қолданған. Бұдан оның орыс тілі арқылы кіретін
интернационалдық терминдерден бас тартпайтын принципін де
байқаймыз.
А.Байтұрсыновтың "Тіл құралы" - қазақ тілінде жазылған
тұңғыш грамматика, өйткені XІX ғасырдың екінші жартысында
басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің "Материалы к изучению
киргизского
наречия",
П.М.Мелиоранскийдің
"Краткая
грамматика казак-киргизского языка", В.В.Катаринскийдің
"Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и
синтаксис" т.б. еңбектері орыс тілінде жазылған еді, сондықтан
оларда қазақша лингвистикалық терминдер жасалған жоқ
болатын.
А.Байтұрсынов лингвистикалық терминдерді жасауда негізгі
екі принципті ұстанған еді: бірі - ана тілдің бар мүмкіндігін
барынша сарқа пайдалану, екіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орыс
тілінен әдеби тілдің дамуына керекті, жаңа ұғымды белгілеу үшін
қажетті атау сөздерді алудан қашпау. Ол "Айқап" журналы мен
"Қазақ" газеті беттерінде жарияланған мақалаларында, "Оқу
құралы", "Тіл - құралы", "Тіл жұмсар", "Баяншы" деген
еңбектерінде тілімізде бұрыннан бар сөздерді белгілі ғылыми
ұғымды білдіретін атау ретінде қолданады. Мәселен, әріп, емле,
дыбыс, ноқат, үтір, буын, әліппе, дәйекші, дауысты дыбыс,
сөз, сөйлем, жұрнақ, қатаң /ұяң/ дыбыстар, зат есім, сын
есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, есімше, демеу, жалғау,
одағай, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес,
рай, баяндауыш, бастауыш, анықтауыш, пысықтауыш,
толықтауыш сияқты лингвистикалық терминдердің, айшық,
тармақ, шумақ, бунақ, буын секілді әдебиеттану ғылымының,
әдіс, әдісқой, жалпылау әдісі, жалқылау әдісі, сауаттау әдісі
сияқты қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін жасаған
терминдер. А.Байтұрсынұлының термин жасауда қазақ тілінің
ішкі байлығын молынан пайдаланғандығы бірден байқалады.
"Тіл құралдың" маңызын кезінде М.Дулатов жақсы түсініп,
ерекше бағалаған: "Орысша грамматиканы, арабша наху сарфты
жақсы білетін қазақ баласы жете аңғарып, ақыл таразысына
салып, бір-екі рет оқып шықса, бұл кітаптың құнын білер, үстірт
қарап, саулатып өте шықса, шытырман тоғайда адасқандай,
асылына түсіне алмас деп шамалаймын.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
155
"Тіл-құралдың" артықшылығы: жалпы қағидаларға сүйеніп,
белгілі тәртіппен түзіліп, шылғи қазақ тілімен жазылған.
Орысша, арабша наху сарфты жақсы білетіндер тез түсінеді
дейтініміз, мұнда наху сарфта...һәр нәрсе қазақша аталып, қазақ
тілінің табиғаты сақталып, тура мағынасы өзгертілмей, өз атымен
аталған. Сөз таба алмай қиналып, мағынасы дөп келмейтін һеш
нәрсе алынбаған. Мұнда қолданған сөздер алғашқы кезде біраз
жат көрінуін көрінер; һәрбір жаңа нәрсе басында солай болуы
белгілі. Бірақ түсіне, жаттыға, құлақ үйір бола келе жаттығы
болмаса керек.
Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан
кітаптармен оқытамыз һәм әдебиетіміз шын қазақша болсын
дегенде, бұлардың бәрінің негізі "Тіл-құрал" /наху-сарф/ екенін
ұмытпасқа керек. Бұл біздің оқу құралдарымыздың ең қиын, ең
керекті мүшесі еді, міне бұ да көңілдегідей болып шықты".
Тағы бір айта кететін жайт – Бүкілодақтық түркологтардың І
сиезінің КСРО-да тұратын түркі халықтарының ғылыми
терминологиясының
жасалуына
тигізген
ықпалы
үлкен
болғандығы. Сиезде енді араб-парсы сөздерін алуды тоқтату,
олардан баз кешу, бұрыннан алынған жалпы халыққа түсініксіз
араб-парсы сөздерін болса ана тілінен, болмаса орыс тілінен
баламасын тауып алмастырып алу, термин жасау процесінде
түркі халықтары өз ана тілінің ішкі мүмкіншіліктерін барынша
пайдалану, керек жерінде бір-бірінен терминдерді алу, төменгі
басқыш мектептерде терминдерді аударып алу, ал жоғары
басқыш мектептерде советизм мен интернационализмдерді
аудармай алу керектігін ескертті.
Ғылымның әр түрлі саласына жататын терминдерді ұлт
тілінде жасаудың, ұлт тілінің ғылым тіліне айналуының маңызын
А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары дұрыс түсінді.
Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Е.Омаров,
С.Қожанұлы, Ж.Күдерин сияқты зиялыларымыздың оқулықтары
мен оқу құралдары соған дәлел бола алады.
Тілімізде термин жасаудағы ұстанған негізгі принциптері
жөнінде А.Байтұрсыновтың 1926 ж. Бакуде өткен Бүкілодақтық І
Түркологиялық сиезде жасаған баяндамасында анық айтылған:
"Пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол
тұтынды; басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
156
шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән
сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала
бергендіктен, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз
сөздерін жат сөздер жұтып жіберу дәрежеге жеткен.
Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға
тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат білетін, білмейтін
қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік
түсіп айырылмас үшін, шетел сөздерін амалсыз болған жерде
ғана алатын тәртіп қолданды.
Ол тәртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тойында
(Орынборда 1924 жылы өткен сиезді айтып отыр -Ш.М.)
қабылданғаны айтылады. Сол жол басқа түріктер қолдануына да
теріс болмас делінді. Құрылтай /сиезд/ қарары да осы негізде
болды: түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып
бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ түрде
алынсын".
Сонымен, А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімі, әдебиеттану
сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының
негізін қалаумен бірге, көптеген әдістеме, тарих және
этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған
ғалым.
Бақылау сұрақтары:
1.ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы әдеби тілдің нормалану үдерісін
түсіндіріңіз.
2. Қандай функционалдық стильдер сараланды?
3. А.Байтұрсынов терминжасамда қандай принциптерді ұстанды?
Реферет тақырыбы:
1. ХХ ғ. басындағы әдеби тілдің стильдік тармақтарын
қалыптастырудағы қазақ зиялылары еңбектерінің орны
2. А.Байтұрсынов – филология терминдерінің негізін қалаушы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
157
ҮІІ. 1940-50 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
§ 1. 40-жылдардағы тіл саясаты
1941-45 жылдардағы фашистік Германия бастаған соғыс ел
өміріне үлкен өзгерістер әкелген, халықты бір ғана мақсатқа –
жауды тезірек жеңу мақсатына еселі еңбек етуге жұмылдырған
кезең болды. Соғыс майданында кеңес жауынгерлері өршеленген
жаумен аянбай қарсы шайқасып жатқанда ел еңбеккерлері сол
соғысқа қажетті нәрселердің барлығын өндіріп, майдан қажетін
қамтамасыз етіп жатты.
40-жылдары
соғыс-шаруашылық
жоспарына
сәйкес
республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге
асырылды. Жаңа кәсіпорындардың, Қарағанды шахталарының,
Жезді, Қоңырат, Найзатас, т.б. айыру заводтарының, Текелі және
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел
қарқынмен жүргізілді.
Соғыс жылдары (1941-45) майданға жақын өңірлерге
Қазақстандағы
көптеген
өнеркәсіп
орындары
көшіріліп
орналастырылды.
Сонымен қатар баспасөз беттерінде келтірілген деректерге
қарағанда, көшіріліп әкелінген жиырмадан аса әскери оқу орны
соғыс жылдары аз уақыт ішінде 16 мың офицер дайындап
шығарған.
Республикаға
жеңіл
және
тоқыма
өнеркәсібінің
кәсіпорындары көшіріліп орналастырылды. Республика бірқатар
аяқ киім фабрикаларын қабылдады.
Кеңес үкіметі өмір сүрген жылдарда экономика болсын,
мәдениет, әдебиет, ғылым болсын, қысқасы өмірдің барлық
саласы науқандық ұранмен, партияның кезекті сиезінің не оның
Орталық Комитетінің Пленумдарының қаулысын жүзеге асыруға
бағытталып, соған бағындырылып жүргізіліп келгені мәлім.
Соғыстан кейінгі жылдар халық шаруашылығын қалпына
келтіру бесжылдықтары болып жарияланып, бүкіл халық тұралап
қалған өндіріс пен ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызуға
жұмылдырылды. Халықтың рухани өмірі де осы мақсатқа
бағындырылды. Бұл жылдары мәдениет пен ғылым, әсіресе
қоғамдық ғылымдар, партияның дүркін-дүркін қабылдаған
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
158
қаулы-қарарларының әсеріне ұшырады. Биология ғылымындағы
вейсманизм-морганизм (1948-1949), ғылым мен өнердегі
космополитизм
(1949-1950),
мәдениет
пен
әдебиеттегі
ұлтшылдық (1951-1952) сияқты науқандар бірінен соң бірі
үзіліссіз жүріп жатты. Орталық Комитеттің 1946 жылғы “Звезда”
және “Ленинград” журналдары туралы, “Үлкен өмір”
кинофильмі, Мураделидің “Ұлы достық” операсы туралы
қаулылары әдебиет пен өнердің дамуына зор зиянын тигізді. Бұл
қаулылардың Қазақстандағы жаңғырығы күшті болды. Бұның
басы – 1947 жылы қабылданған Қазақстан Орталық Комитетінің
“Қазақ ССР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институтының
жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысы еді.
Аталған қаулылардың қазақ тілін, қала берді, әдебиеттану, қазақ
тіл білімін дамытуға тигізген зиянды әсері күшті болды. Тіл
білімі оның үстіне “И.В.Сталиннің жаңа оқуы” деген науқанға
килікті. Тіл білімінде орын алған марpизмге қарсы күрес
желеуімен тілші ғалымдар бұрынғы кейбір зерттеу еңбектерінен
бас тартуға, тіпті кейбірін маңсұқ етуге мәжбүр болды. Сталиннің
“Марксизм және тіл білімі мәселелері” атты кітапшасы тіл
біліміндегі жаңа, соңғы сөз ретінде жарияланып, енді сондағы
қорытындылар ғана басшылыққа алынуға тиіс болды.
Соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру,
ірі өндіріс орындарын салумен байланысты республикаға жер-
жерден жұмыс күші көптеп келе бастады. Жұмысшылардың
қатарына мыңдаған кенші, құрылысшы, монтажшы, машина
жасаушы, тоқымашы т.б. өнеркәсіп қызметкерлері келіп
қосылды. Міне, осы жоғарыда айтылған жағдайлар, қоғамда
болып жатқан өзгерістер тілдің сөздік құрамына өз әсерін
тигізбей қоймады.
Соғыс жылдары немесе одан кейінгі он-он бес жылдар
көлемінде әдеби тілдің қызмет өрісінің кеңеюі, оның
мәдениетінің өсуі, грамматикалық құрылысының жетіліп, емле
ережелерінің орнығуы туралы сөз болуы мүмкін емес еді.
Керісінше, бұл жылдары, жоғарыда көрсетілгендей, экономика
мен демографияда болған өзгерістер нәтижесінде әдеби тіліміздің
қолданылу аясы тарылып, лексикамыздың өндіріс және соғыс
тақырыбына байланысты жаңа сөздермен, жаңа ұғымдармен,
терминдермен толығуы туралы сөз етуге болады. Мәселен, әр
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
159
түрлі өнеркәсіп орындарының көшіп келуіне байланысты
мамандық иелерінің аттары, түрлі ғылыми-техникалық атаулар
(көбі орыс тілінен сол қалпында алынды), жұмысшы, еңбекші
және колхозшылардың патриоттық қозғалыстарына байланысты
жаңа атаулар, тың сөз тіркестері, жаңа ұрандар т.б. пайда болды:
Мыңшылар қозғалысы, берсиевшілер, екі жүздікшілер, үш
жүздікшілер, көп жүздікшілер, жастар звеносы, жеңіс қоры,
звено жетекшісі, станокшы, мұнайшылар, мұнай кәсіпшіліктері,
соғыс жағдайы, майдан, майдандық вахта, көмір бассейні,
кенші, патриот, совет патриотизмі, патриоттық қозғалыс,
жауынгер, жауынгерлік борыш, жауынгерлік тапсырма,
жеңімпаз Армия, «Жау берілмесе, құртар болар!», «Екі-үш адам
үшін жұмыс істейік!», «Барлығы Отан үшін, барлығы жеңіс
үшін!» т.б. мыңдаған жаңа қолданыстардың пайда болғаны заңды
құбылыс еді.
Соғыс жылдары бұрын қолданылатын фашист сөзінің сан
түрлі сөз орамына түсіп, актив жиі қолданылғанын көреміз: қан
құмар
фашист,
фашист
қарақшылар,
соғыс
өртін
тұтандырушы фашистер, фашистік шапқыншы, фашистік
Германия,
фашистік
билеушілер,
фашистік
құзғындар,
жексұрын қанішер, сұмырай фашист, қорқау қасқыр-фашист,
фашистік агрессорлар, фашистік төбеттер, зұлым фашист,
сұржылан қандыбалақ герман фашизмі, фашистік жендеттер,
жыртқыш фашист т.б.
Соғыс жылдары әскери атақ, шен, дәрежеге, әскери
мамандыққа байланысты, сонымен қатар соғыстағы қару-
жарақтарға қатысты т.б. ұғымдардың атауы ретінде тілімізге
орыс тілінен көптеген сөздер кірді: лейтенант, кіші лейтенант,
ефрейтор, офицер, старшина, летчик, зенитчик, наводчик,
пулемет, танкист, инженер-техник, бортмеханик, политрук,
батальон, снаряд, авиация, әскери эшалондар, әскери дивизия,
обер офицер, бомбардировщик, бомбалау, блиндаж т.б.
Соғыс
кезінде
көркем
әдебиеттің
очерк,
әңгіме,
публицистика жанрлары көбірек дамыды. Бұл шығармаларда
кеңес армиясының қаһармандық ерліктері суреттеліп, олар газет,
журналдар арқылы майдан мен тылға дереу тарап отырды.
Сондай-ақ майдан қажетін өтеп жатқан тыл еңбеккерлерінің
қажырлы, ерлік еңбектері де бұл очерктерде кеңінен қамтылды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
160
Соғыс жылдарында қазақ поэзиясы айрықша көзге көрінді.
Поэзия жанры бар қыры мен сырын танытты. Жамбыл
Жабаевтың “Ленинградтық өренім”, Ә.Тәжібаевтың, Ж.Саинның,
Ә.Сәрсенбаевтың өлеңдері мен Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі
туралы аңыз” поэмасы сол кездің көрнекті туындылары еді.
Отан соғысы кезінде жазылған ірі прозалық шығармалар көп
болған жоқ. Бұл кезеңде саяси, көркем очерктер, поэзия дамыды.
Қырқыншы жылдары С.Мұқановтың «Менің мектебім»,
Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», «Шығанақ», М.Әуезовтің
«Абай» романының бірінші кітабы, Ғ. Слановтың «Жанар тауы»
т.б. ірі-ірі романдар жарық көрді. Бұған, әрине, 1929-1937
жылдардағы қуғын-сүргіннің, одан кейінгі соғыстың әсері тигені
белгілі.
Көркем әдебиет стилінің басқа стильдерден айрықша бір
өзгешелігі сол – мұнда халық тілінің барлық байлығы қамтылады.
Шығармада халықтық лексикамен қатар диалектілік сөздер,
кәсіби лексика, архаизмдер, қарапайым және дөрекі сөздер де
қолданылады. Оларды автор кейіпкер образын шынайы,
нанымды суреттеп көрсету үшін пайдаланды.
XX ғасырдың 40-50- жылдарында әдеби тілді дамыту
мақсатымен жергілікті тіл ерекшеліктерін көркем әдебиетте
дұрыс, орынды пайдаланып, шебер қолдану үлгісін көрсеткен
Абай дәстүрін С.Торайғыров, С.Көбеев, М.Дулатов, Б.Майлин,
Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, М.Әуезов т.б. жалғастырды.
Р.Сыздықова көркем проза тілінде диалектизмдерге стильдік
статус беріп, оны орнымен жұмсау тәсілі бірден бой
көрсетпегендігі, 10-20-жылдардағы қазақ прозасы тілінде
жергілікті элементтер өте сирек кездесетіндігі, олардың өзі
стильдік мақсатпен қолданылғандығы жөнінде тоқталып,
«Диалектизмдерді көркем проза тілінде алғаш рет әдейі жұмсаған
– Мұхтар Әуезов» деген тұжырымға келеді.
М.Әуезовтің диалектизм деген жергілікті ерекшеліктерге
көзқарасы көңіл аударарлық: «Қазақта әр облыс арасындағы
сөздік айырмашылықтарды диалект деп, оның ішінен кей
жолдастардың айтуынша, солтүстік пен шығыс қазақтарының
тілін «қазақтың әдебиет тілінің негізі» деп, өзге батыс, Алатау,
Сыр өлкелеріндегі қалың қазақ елдері қолданатын сөздерді
“диалект” деп атау және сол сөздерді “Әдебиет тіліне қолдану
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
161
дұрыс емес” дейтін пікірдің барлығын біз ұшқары, орынсыз
байлау деп білеміз” - дей отырып, ол диалектизмдерді әдеби тіл
лексикасының молығу көзі ретінде қарауды ұсынады
35
.
40-жылдары орыс графикасына көшкеннен былай қарай
орыс сөздері автордың сөзінде орыс тіліндегідей жазылатын
болды. Егер бұрын « сатсиализм, сәбет, станса, сех, сапқоз,
пабірік» т.б. болып жазылатын болса, қырқыншы жылдардан
бастап социализм, совет, станция, цех, совхоз, фабрика боп
берілетін болды.
Газет беттерінде көптеген сөздердің орысша варианттары да
кездеседі: ұшқыш//летчик, барлау//разведка, жарылыс//взрыв,
батыр//герой, тәртіп// дисциплина т.б.
Соғыс жылдары шығып тұрған газет-журналдардың
беттерінде қазақ тілінде баламасы бола тұра орыс сөздері
аударылмай сол күйі алынатын болған:
Алайда трестің басшылығы (трестің бастығы Изюмов,
главинженер Егеров және....)... конференция қаулыларынан,
...облыстық комитеттің нұсқауларынан... тиісті қорытынды
жасамаған. ... Атақты трактористка, ССРС Жоғарғы Советінің
депутаты, трактористкалар арасында стахановтық қозғалысты
бастаушы Паша Ангелинаның есімі бүкіл елімізге мәлім.
...Украинаның
түрлі
қаласында
революцияның
ұлы
қайраткерлеріне, халық геройларына, ғылым мен искусствоның
қайраткерлеріне ескерткіштер қойылды (СҚ., 1941, 21 июнь).
Достарыңызбен бөлісу: |