Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
Б.ӘБІЛҚАСЫМОВ, Ш.МАЖИТАЕВА 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ  ӘДЕБИ  ТІЛІНІҢ  ТАРИХЫ 
(ХҮ-ХХ ғ.ғ.) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды 
2009 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

ББК 81.2 Қаз-923 
Ә 12 
 
Ә 12  Әбілқасымов Б., Мажитаева Ш. 
Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХҮ-ХХ ғғ.). Оқулық.  
– Қарағанды: Қар МУ баспасы, 2009.  – 209  бет. 
 
ІSBN  
 
Оқулықта  қазақ  әдеби  тілінің  алты  ғасырлық  даму,  жетілу 
жолы  ықшамдалып беріледі.  
Әдеби  тіліміздің  функционалдық  стильдер  жүйесінің 
қалыптасуына  әсер  еткен  экстралингвистикалық  факторлар 
талданады, ірі  қалам қайраткерлерінің  әдеби тілді  дамытудағы 
орны  көрсетіледі. 
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері 
студенттеріне,  магистранттарға,  аспиранттарға,  сондай-ақ  қазақ 
әдеби тілі тарихын  зерттеп, оқып білемін деген тіл мамандарына, 
жалпы көпшілік оқырманға арналады.  
 
 
 
Пікір жазғандар: ф.ғ.д., профессор  Х.М.Нұрмұқанов; 
                       ф.ғ.д., профессор  Ә.Жүнісбек; 
                       ф.ғ.д.,профессор    Ш.Ш.Жалмаханов.  
                         
 
      
 
                                                    ББК 81.2 Қаз-923 
 
 
                        
ІSBN                                                          Әбілқасымов Б.,  
                                                           Мажитаева Ш., 2009  
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

 
 
АЛҒЫ  СӨЗ 
               
Өмірде  өз  тарихы  болмайтын  зат,  құбылыс  болмайды.  Кез 
келген нәрсені толық танып, жан-жақты білу үшін оның тарихын  
білудің маңызы зор. Бұл тұрғыда бүгінгі таңда үлкен әлеуметтік 
мәнге  ие  болып  отырған    тіліміздің  өткен  тарихын  білудің  де  
қажеттілігі айқын сезіледі.  
Осы  орайда  қазір  жоғары  оқу  орындарының    филология 
факультеттерінде ғылым саласы ретінде  оқытылып жүрген қазақ 
тілінің де өзіндік тарихы бар. Қазақ тілі тарихын үйрететін біреу 
емес,  бірнеше курс бар. Соның бірі –  қазақ әдеби тілінің тарихы, 
қалғандары  –  қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы,    тарихи 
фонетикасы,  тарихи  лексикологиясы,  диалектологиясы,  қазақ 
жазуының  тарихы.  Бұл  курстар    бір-бірімен  тығыз  байланысты, 
кей  жағдайда  бұлардың  зерттеу  нысаны  да  бөлек  болып  келеді, 
алайда  олар  бір  мәселені  әр  жағынан  зерттейді,  зерттеу  әдістері  
де басқа-басқа. 
Мәселен,  тарихи  грамматика  курсы  тіліміздегі  белгілі  бір 
категорияның (септеу жүйесі, көптік категориясы т.т.) сонау көне 
замандардан бері қарай даму стадиясын  нақтылы тілдік деректер 
негізінде  (жазба  әдебиет  пе,  диалектілер    негізінде  ме?)    сөз 
қылатын болса, әдеби тіл тарихы  курсы қазақ тілі  дамуындағы  
басты  кезеңдер    мен  бағыттарды,  оның  қалыптасу    тарихы  мен 
қазіргі  ұлттық    жазба  әдеби  тіл    дәрежесіне    жету  жолдарын,  
ондағы  стильдік  жүйелердің  пайда  болу  тарихын  қарастырады. 
Тілдегі 
болған 
өзгерістерге 
 
әсер 
еткен 
 
сыртқы 
(экстралингвистикалық) 
 
жағдайларды, 
 
ірі 
 
қалам 
қайраткерлерінің    әдеби  тілді    дамытудағы  орнын    көрсетуге 
тырысады.  
“Қазақ әдеби тілі тарихы” атты курс жүйелі түрде тек кейінгі  
жылдарда  (60-жылдардан  бастап)  ғана  оқытыла  бастады.  Ол 
әдеби  тіл  тарихының  зерттелуінің  кеш  қолға  алынуымен  де 
байланысты.  Қазан төңкерісіне дейін  әдеби тіл деген  терминнің 
өзі  болмаған.  Ал  әдеби  тіл  ұғымы  ХІХ  ғ.  аяқ  кезіндегі  мерзімді 
баспасөзде кездеседі, онда ол “жоғарғы тіл” деп аталған. Ал оны 
зерттеу  деген,  ол  жайында    арнайы  еңбек  жазу    деген  болған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

емес.  Төңкеріске  дейін  қазақ  тілі  жайында  еңбек  жазған  орыс 
түркітанушылары 
тіл 
тарихына 
әдейі 
бармаған                              
(Н.И. Ильминскийдің хаты).  
ХХ  ғасырдағы  А.  Байтұрсынов  сияқты  ағартушыларымыз 
бен    тіпті кеңес  үкіметінің  алғашқы  20-30-жылдарындағы    тілші 
ғалымдарымыз  қазақ тілінің әр мектептерге арналған оқулықтар  
мен  оқу  құралдарын  жасау,  әліппе  мен  емле,    терминология 
мәселелерінен  асып,  тіл  тарихын  зерттеуге  мойын  бұра  алмады. 
Бұл  кезеңнен  Қ.Жұбановтың    бірер  мақаласынан  басқа    ауыз 
толтырып  айтар  еңбекті  атай  алмаймыз.    Соның  өзінде  “әдеби 
тіл” емес, “әдебиет тілі” деп атаған.  Тек  40-50-жылдардан бастап  
жекелеген мақала, ал 60-жылдардан былай қарай  монографиялық 
еңбектер жарық көре бастады.   
1968 жылы “Қазақ әдеби тілінің тарихы” атты  алғашқы оқу 
құралы  жазылды.  1982  жылы  пәннің  курстық  бағдарламасы 
түзілді.  Жоғары  оқу  орындарында  "Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы" 
пәні  бойынша  қазір  пайдаланылып  жүрген  М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов, 
М.Томановтардың 
"Қазақ 
әдеби 
тілінің 
мәселелері" 
(Алматы, 
1961), 
М.Балақаев, 
Р.Сыздықова, 
Е.Жанпейісовтердің "Қазақ әдеби тілінің тарихы" (Алматы, 1968), 
Р.Сыздықованың  "Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы"  (Алматы,  1993), 
С.Исаевтың "Қазақ әдеби тілінің тарихы" (Алматы, 1996), т.б. оқу 
құралдарын    атауға    болады.  Бұл  пәнге  арналып  әр  жылдары 
құрастырылған  біраз  әдістемелік  талдаулар,  бақылау-пысықтау 
тапсырмалары  да  бар:  "Қазақ  әдеби  тілінің  кейбір  мәселелері" 
(Т.Қордабаев),  Х.К.Кәрімов  "Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы" 
(Алматы,  1989),  т.б.    Бірақ  осы  кезге  дейін    басы  ашылмаған, 
даулы  мәселелер  баршылық.  Сондықтан  курсты  өту  үстінде  
мұндай  мәселелерге    әдейі  тоқтап,    әр    автордың  көзқарасына  
сын  көзімен қарап, оған өз пікірімізді айтуға  мәжбүр  боламыз.  
С.Исаев  пен  Р.Сыздықованың  еңбектерінде  әдеби  тілдің 
көне дәуірі бірсыпыра баяндалғанымен, ХХ ғасырдағы яғни кеңес 
дәуіріндегі  әдеби  тіл  тарихы  қамтылмаған  «ХХ  ғасырдағы  қазақ 
әдеби тілі» (2001) аталатын монографияда бұл дәуір тым ғылыми 
негізде,  өте  ауқымды  дәрежеде  сөз  болады.  Бұл  еңбек 
студенттердің  пайдалануына  тым  ауыр.  Оның  үстіне  алғашқы 
оқулық  та,  соңғы  монографиялық  еңбек  те  қазір  студенттердің 
қолына түспей отыр. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

Бүгінгі  ұсынылып  отырған  еңбек  пәннің  типтік  оқу 
бағдарламасына  сәйкес  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  курсынан 
студенттерге жүйелі білім беруге арналған, авторлардың бірнеше 
жыл осы пәннен оқыған дәрістерінің негізінде жазылды. 
Оқулықтың  алғашқы  тарауында  әдеби  тілдің  теориялық 
мәселелері баяндалса, қалған тарауларында ХҮ-ХҮІІ, ХҮІІІ, ХІХ, 
ХХ ғасырлардағы әдеби тіл тарихының өзекті мәселелері яғни  әр 
дәуірдегі қазақ халқының саяси-экономикалық, мәдени жағдайы, 
әдеби  тілді  танытатын  ауызша  және  жазбаша  нұсқалар  және 
олардың тілдік сипаты сөз болады.  
 «Қазақ 
тілі 
мен 
әдебиеті» 
мамандығы 
бойынша 
құрастырылған  оқу  жоспарында  “Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы” 
курсына 2 кредит (90 сағат) бөлінген, оның  30 сағаты  дәріске, 30 
сағаты  практикалық  сабаққа  белгіленген,  семестр  аяғында  – 
емтихан.    Қалған  30  сағаты    студенттердің    өздігінен  істейтін  
жұмыстарына    бөлінген.    Студенттер  өздік  жұмыста  берілетін 
тақырыптар  мен  тапсырмалар  бойынша  реферат  жазып,  ауызша 
баяндамалар жасауына болады.  
Бұл еңбекте қазақ әдеби тілінің алты ғасырлық даму, жетілу 
жолын қарастырған  дәрістер курсы  ықшамдалып беріледі.  
Әдеби  тіліміздің  функционалдық  стильдер  жүйесінің 
қалыптасуына  әсер  еткен  экстралингвистикалық  факторлар 
талданады, ірі  қалам қайраткерлерінің  әдеби тілді  дамытудағы 
орны  көрсетіледі. 
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері 
студенттеріне 
арналған 
типтік 
оқу 
бағдарламасына 
сәйкестендіріліп құрастырылды.  
«Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  пәні  болашақ  филолог 
мамандарға  ұлт  тілінің    ең  жоғары  даму  көрсеткіші    –    әдеби 
тілдің  жалпыхалықтық    тілмен,  ауызекі  сөйлеу  тілімен 
арақатынасы  сияқты    мәселелердің  теориялық–практикалық 
негізін  ұғындырады,  әдеби  тілді  тарихи  кезеңдерге  бөлу 
принциптері,  қалыптасу  негізі,  нормалық  белгілері  сияқты 
мәселелер  көтеріліп,  әрбір  кезеңге  тән  зерттелген  әдеби  тіл 
үлгілері  келтіріледі.  (Типтік  оқу  бағдарламасы.  Алматы:  Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007. Б.70-
71).  
  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ 
 
ӘДЕБИ ТІЛДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ   
 
§1 Қазақ  әдеби  тілінің негізгі белгілері 
 
Әдеби тіл жайында әңгіме болғанда, ең алдымен, сөз болуға 
тиіс  нәрсе  –  әдеби  тіліміздің  анықтамасы,  оның  статусы 
жайындағы  мәселе.  Оған  кіріспес  бұрын,  алдымен,  тіл  білімінде 
жиі қолданылып жүрген «халық тілі», «ұлт тілі», «сөйлеу немесе 
ауызекі  тіл»  деген  ұғымдардың  мәнін  ашып  алуымыз  керек. 
Өйткені  бұлар  «әдеби  тіл»  деген  ұғыммен  тығыз  байланысты. 
Сөйте  тұра,  олардың  әрқайсысының  өзіне  тән  айырым  белгілері 
мен  ерекшеліктері  бар.  Мәселен,  халық  тілі  –  ру  және 
тайпалардың,  тайпа  одақтарының  басы  бірігіп,  бір  халыққа 
айналған бір кезеңнен  басталатын  тіл,  ол  бара-бара  халық  ұлтқа 
айналған  кезде  ұлттық  тіл  дәрежесіне  жетеді  (жалпылама 
әдебиеттерде  қазақ  ұлты  деп  айтыла  бермейді,  қазақ  халқы, 
қазақтың халықтық тілі деген атау басым). Солай болғандықтан,  
«халық  тілі»,  «ұлт  тілі»  деген  ұғымдар  бүкіл  бір  халықтың 
ұлттық  тіл  байлығын  көрсететін  жинақтаушы  ұғым  жалпылама 
мағынада  жұмсалады.  Былайша  айтқанда,  қазақ  тілінің  барша 
қоры, жергілікті ерекшеліктері мен профессионализмдер, сөйлеу 
тілі  мен  терминдер  –  осының  барлығы  халық,  ұлт  тілінің 
қазынасы болып есептеледі.  
 Әдеби тіл осы халық, ұлт тілінің негізінде қалыптасып, сол 
тілде  сөйлейтін  барлық  қоғам  мүшелеріне  ортақ  болады  да,  сол 
халықтың  мемлекеттік  және  барлық  қоғамдық  өмірінде  кеңінен 
жұмсалады. Сонда халық, ұлт тілі кең дүние де, әдеби тіл соның 
ішіндегі жүйеге түскен, сұрыпталған түрі.  
Халық  тілінің  екінші  бір  түрі  –  сөйлеу  тілі.  Шын 
мағынасындағы  әдеби  тілмен  салыстырғанда,  сөйлеу  немесе 
ауызекі  тіл  көркемдік,  дәлдік  оралымдылығы  жағынан 
сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп 
тіл.  Сондықтан  да  орыстың  атақты  жазушысы  А.М.Горький 
«Деление  языка  на  литературный  и  народный  значит  только  то, 
что  мы  имеем,  так  сказать,  «сырой»  язык  и  обработанный 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

мастерами» деген болатын 
1
.  
Ауызекі  сөйлеу  тілінде  бір  нәрсенің  бірнеше    атаумен 
аталуы  да,  грамматикалық  тұлғалардың  қысқартылып,  не 
бұзылып айтылуы да, сөйлемдердің басы аяғына шығып құрылуы 
да  кездесе  береді.  Ал  әдеби  тіл  ондай  еркіндікті  көтермейді. 
Әдеби  тіл  –  белгілі  заңдылықтарға  сүйенген,  әлденеше  уақыт 
солай қалыптасқан, айтылу, жазылу, жұмсалу нормалары бар тіл. 
Әдеби  тіл  жалпыхалықтық  тілдің  оған  енбейтін  бөліктерімен 
(қарапайым  (простречие)  сөйлеу  тілі,  диалектизмдер  мен  кәсіби 
сөздер,  жаргондар  мен  варваризмдер  т.б.)  әр  түрлі  қарым-
қатынаста болады. Сөйтіп, ол (әдеби тіл) жалпыхалықтық тілдің 
бір  бөлігі  бола  отырып,  оның  екінші  бөлігіне  қарама-қарсы 
қатынаста  (оппозицияда)  болады.  Екінші  жағынан,  ауызекі 
сөйлеуге  қатысты  қарапайым  сөздер,  белгілі  бір  территорияға 
байланысты  жергілікті  тіл  ерекшеліктері,  арнайы  кәсіпке 
байланысты  кәсіби  сөздер,  халықтың  белгілі  тобына  қатысты 
жаргондар, бөтен тілден орынсыз кірген варваризмдер, т.б. кейде 
әдеби тілге еніп, нормаланып, әдеби тілді байытуға да қатысатын 
кездері  болады.  Олардың  әдеби  тілмен  қарым-қатынасқа  түсетін 
жері,  көбінесе,  көркем  әдебиет  болып  келеді  (белгілі  бір  образ 
жасауда  немесе  кейіпкерді  даралауда,  оның  сөйлеу  ерекшелігін 
көрсетуде  автор  әдейі  қолданады).  Сөйтіп,  әдеби  тілдің  мәнін 
айқындап,  өзіндік  белгілерін  саралап,  оның  тарихын  зерделеу 
үшін  оның  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтап,  әдеби  тіл  деп  нені 
түсінеміз  дегенге жауап беруіміз керек.  
Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ тіл білімінде әдеби тіл мен 
оның  тарихын  сипаттайтын  ғылым  саласы  орыс  тілі  білімінің 
әсерімен,  соның  үлгісімен  кейінірек  қалыптасты.  Сөз  жоқ, 
кеңестік  тәртіп  тұсында  орыс  тіл  білімінің  жетістіктерін 
ескермеу,  пайдаланбау  мүмкін  емес  еді.  Бұл  күнде  осылардың 
бәріне,  бір  жағынан,  сыни  көзбен  қарап,  оның  өмір  шындығына 
жарасымды  жағын  ғана  алуға,  екінші  жағынан,  тілдік  процестің 
даму,  өзгеру  тенденциясын  объективті  түрде  тануға  мүмкіндік 
туып  отыр.  Сөйтіп,  орыс  тіл  білімінде  әдеби  тіл  дегеніміз  не, 
оның  басты  белгілері  қандай  деген  сұрақтарға жауап  беретіндей 
                                                 
1
 Сауранбаев Н. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 
3-шығуы. –Алматы, 1960. –Б.16.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар бар. Белгілі тіл 
маманы 
О.С.Ахманованың 
лингвистикалық 
терминдер 
сөздігіндегі анықтамаға қарағанда, «Әдеби тіл дегеніміз – белгілі 
бір  қалыпқа  түскен,  диалектілер  мен  қарапайым  сөйлеу  тіліне 
қарағанда  жалпыға  бірдей  міндетті  және  «дұрыс»  деп 
қабылданған  нормасы  бар  тіл».  Осы  анықтаманы  негізге  ала 
отырып,  орыс  әдеби  тілінің  әр  дәуірдегі  сипатына  келгенде,  әр 
зерттеуші  оның  басты  белгілерін  толықтырып  не  азайтып 
отырады.  Яғни  бұдан  біз  әдеби  тіл  категориясының  тарихи 
құбылыс  екендігін,  оның  әр  кездегі  даму  дәрежесінің  бірдей 
болмайтындығын, соған сай оның негізгі белгілерінің де құбылып 
отыратындығын байқаймыз.  
Дегенмен орыс тілі тарихын зерттеушілердің арасында әдеби 
тіл анықтамасына байланысты бірыңғай пікір жоқ. Тіл білімінің, 
әсіресе, әдеби тілдің көрнекті маманы  В.В.Виноградов әдеби тіл 
статусы  туралы  нақты  бір  пікірдің  жоқтығын  осы  проблеманың 
қиындығы  мен  түбегейлі  зерттеліп  бітпегендігінен  көреді.  В.В. 
Виноградовтың  анықтауы  бойынша,  «әдеби  тіл  –  белгілі  бір 
халықтың,  кейде  бірнеше  халықтың  жазба  тілі,  яғни  ресми  іс-
қағаздардың,  мектептегі  оқу  оқытудың,  күнделікті  тұрмыстағы 
жазбаша  қарым-қатынастың,  ғылымның,  баспасөздің,  көркем 
әдебиеттің  тілі,  сөз  арқылы  жазбаша,  кейде  ауызша  білдірілетін 
бүкіл мәдениеттің көрінісі
2

Көптеген  зерттеушілер  әдеби  деген  терминнің  латынның 
literatura  (грекше  –  грамматиканың  баламасы)  деген  сөзінен 
шыққандығын желеу етіп, әдеби тілді тек жазумен байланыстыра 
қарайды.  Әдеби  тілдің  тағы  бір  белгілі  маманы  Ф.П.Филин 
жазудың  болуын  әдеби  тілдің  негізгі  белгісі  ретінде  қарайды. 
Бұдан басқа да пікірлер бар.  
Орыс әдеби тілінің қазіргі немесе ұлттық дәуіріне келгенде, 
көпшілік  ғалымдар  әдеби  тілдің  жоғарыда  келтірілген 
анықтамасына (нормалауы, қоғам мүшелеріне ортақтығы, белгілі 
қалыпқа  түсуі)  қоса,  оның  қоғамдық  қызметінің  әр  алуан  болып 
келуін,  стильдік  тармақтарға  ажырауын  негізгі  белгілер  деп 
таниды.  Міне,  осы  анықтаманы  шартты  түрде  қазақтың  қазіргі 
                                                 
2
 Виноградов В.В. Избранные труды.  – М., 1978. – С. 48. 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 

кемелденген  әдеби  тіліне  қолдануға  болады  және  қолданып  та 
жүрміз.  Қазақ  тіл  білімінде  де,  негізінен,  әдеби  тілге  осы 
анықтама негіз етіп алынады. Мәселен, М.Б.Балақаев: «Әдеби тіл 
дегеніміз  –  жазба  әдебиет  арқылы  жалпыға  бірдей  ортақ 
нормалары  қалыптасқан,  стильдік  тармақтары  сараланған, 
қоғамдық қызметі әр алуан халық тілінің жоғарғы формасы» деп 
анықтайды
3
.  Оның  пайымдауынша,  осы  белгілер  толық 
кездеспеген  жағдайда,  тіл  өзінің  әдеби  дәрежесіне  көтеріле 
алмаған  тіл  болады.  Бұдан  басқа  да  пікірлер  бар.  Мәселен, 
Қ.Өмірәлиевтің пікірінше,  «Тек жалпыхалықтық тіл нормасында 
туған,  онда  да  халықтың  өз  кезіндегі  саяси-әлеуметтік 
жағдайларын  тақырып  етіп,  өз  кезіндегі  қоғамдық  ой-сананың 
көрінісі  болған  әдеби  туындылардың  тілі  ғана  әдеби  тіл  деген 
тарихи  категорияны  жасай  алады»
4
.  Бұл  арада  Қ.  Өмірәлиев 
әдеби  тілдің  өзі  емес,  көркем  әдебиет  стилін  әңгіме  етіп  отыр, 
басқа жазбалар сонда әдеби тілге жатпай ма деген сұрақ туады.  
Сөз жоқ, жоғарыда аталған белгілер әдеби тілді айқындауда 
өте қажетті және басты шарттардың бірі екені даусыз. Алайда бұл 
белгілердің кейбіреуі әдеби тілдің қазіргі немесе ұлттық дәуіріне 
тән белгілер, сондықтан олар тіл тарихының барлық кезеңдеріне 
сай  келе  бермеуі  мүмкін.  Егер  М.Балақаев  көрсеткендей,  осы 
белгілердің  толық  болмаған  жағдайында  әдеби  тіл  болмайды 
дегенді мойындасақ, онда қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын 
әрі  дегенде  XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан,  тіпті  кеңес 
дәуірінің  де  40-50-жылдарынан  бастаған  болар  едік.  Сондықтан 
жоғарыдағы  анықтаманы  белгілі  дәуірдегі,  яғни  қазіргі  әдеби 
тілге  байланыстыра  қарап,  оның  өткен  дәуірлері  үшін  оны 
міндетті деп қарау дұрыстыққа келмейтін тәрізді.  
Әдеби тілдің анықтамасына стильдік тармақтары бар, жазба 
әдебиет  негізінде  қалыптасқан  деген  қосалқы  сипаттарын 
айтқанда,  әдетте  жан-жақты  дамыған,  жетілген  тіл  есте  тұрады. 
Демек,  стильдік  тармақтардың  болу-болмауы,  олардың  қазіргі 
кездегідей айқындалып, сараланып-сараланбауы әдеби тілдің туу 
                                                 
3
  Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы, 1984.  
–Б.29. 
4
  Өмірәлиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және әдеби тіл. ҚазССР 
ҒА Хабаршысы, 1982, №3. –Б.54. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
10 
не  әлі  тумауының  көрсеткіші  емес,  әдеби  тілдің  даму  қарқыны 
мен  жетілу  дәрежесінің  межесі,  қоғамдық  қызметінің  шарықтау 
шегінің көрінісі болу керек. Әр түрлі әдеби тілдерде, олардың әр 
кезеңдерінде  стильдік  тармақтардың  саны  да,  саралану,  жетілу 
дәрежесі де біркелкі, бірдей болмауы  – заңды құбылыс. Мұндай 
көзқарастың  орыс  әдеби  тілі  тарихын  зерттеушілердің  арасында 
да  кездесетінін  айта  келіп,  белгілі  тіл  маманы  А.  И.  Горшков 
өзінің 1983 ж. шыққан «Орыс әдеби тілінің теориялық негіздері» 
деп  аталатын  кітабында  былай  деп  жазады:  «…жоғарыда 
саналған белгілер (тілдің қоғамдық қызметінің әр алуандығы мен 
стильдік  саралануы)  тұтастай  алғанда  қазіргі  орыс  әдеби  тіліне 
ғана  тән,  ал  оның  тарихының  өн  бойында  ХІ  ғасырдан  Пушкин 
дәуіріне  дейін  олар  «толық  көлемде»  кездеспейді.  Осымен 
байланысты  кейбір  ғалымдар  саналған  белгілері  бар  әдеби  тіл 
жайындағы түсініктің тарихи белгілі кезеңге ғана қатысты екенін 
ескерудің орнына, әдеби тілдің өзін ұлттық дәуірмен ғана шектеп
ұлттық дәуірге дейін орыс әдеби тілі болған жоқ, тек «жазба тіл» 
болды  дегенді  айтады»
5
.  Мұны  Ф.П.Филин  де  мойындайды. 
«Шындығында – деп жазады ол – ұлттық дәуірдегі әдеби тіл мен 
ұлттық  дәуірге  дейінгі  кезеңдегі  әдеби  тіл  арасында  олардың 
құрылымы  жағынан  болсын,  қоғамдық қызметі жағынан  болсын 
сапалы  айырма  болады.  Әдеби  тілдің  жоғарыда  біз  көрсеткен 
белгілері тұтастай алғанда көне орыс әдеби тіліне және басқа да 
ертедегі  тілдерге  сай  келе  бермейді».  Сөйтіп  зерттелуіне  екі 
ғасырдай  болған  орыс  тіл  білімінде  әдеби  тіл  анықтамасы  әлі 
күнге  бір  ізге  түспей  отырған  болса,  нақтылы  зерттеле 
бастағанына  50-60  жыл  ғана  уақыт  болған  қазақ  тіл  білімінде 
мұның төңірегіндегі әр түрлі пікір алалығы болуы заңды жағдай 
деуге  болады.  Сондықтан  белгілі  бір  кезеңдегі  әдеби  тіл 
анықтамасын түзіп, негізгі белгілерін айқындағанда, әр дәуірдегі 
әдеби  тілдің  нақтылы  мүмкіндігі,  қызмет  ету  аясы,  оған 
жүктелген міндет ескерілуі керек.  
Әлбетте, орыс әдеби тілінің тарихын зерттеушілер әдеби тіл 
дегенді  тек  жазба  тілмен  байланыстырып,  оның  тарихын  жазба 
ескерткіштер  сақталған  дәуірден  бастайды.  Бұл  жазуы  ертерек 
                                                 
5
  Горшков А.И.  Теоретические основы русского  литературного языка.  
–М., 1983. –С.21. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
11 
дамыған  немесе  жазба  ескерткіштері  ертеден  сақталған  Батыс 
Еуропа, орыс тілдері үшін дұрыс та. Айта кету керек, әдеби тілдің 
тұрақты 
нормаланып 
қалыптасуында, 
сұрыпталып, 
сымбатталуында,  жетілуінде,  жанрлық-стильдік  тармақтарының 
орнығып,  дамуында,  сөз  жоқ,  жазба  әдебиеттің  алатын  орны 
ерекше.  «Жазба  әдебиет  арқылы  әдеби  тілдің  икемділігі, 
ортақтық  қасиеті  артып,  құрылысы  жүйелі  қалыпқа  түседі», 
«тілге  оралымды,  жүрекке  жылы  тиетін»  элементтері  ұштала 
түседі.  Солай  бола  тұрса  да,  әдеби  тіл  деген  ұғымды,  бір 
жағынан,  тек  жазба  әдебиетпен  байланыстырып,  сол  шеңберде 
ғана  қарап,  әдеби  тілді  жазба  тілмен  балама  деп  тану,  екінші 
жағынан әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік, 
экономикалық,  мәдени  тарихынан  бөлек  қарау,  соның  негізінде 
жазуы  жоқ  немесе  жазуы  дамымаған  я  кеш  дамыған  халықтың  
әдеби  тілі  де  жоқ  деген  үзілді-кесілді  пікір  айту  шындыққа 
жанасымды  бола  бермейді.  Мұндай  пікірдің  айтылу  себебі, 
біріншіден, 
жазба 
тілдің, 
жазба 
әдебиеттің 
жоғарыда 
көрсетілгендей,  әдеби  тілді  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп, 
оны  ілгері  дамытудағы  ерекше  рөлімен  байланысты.  Кейбір 
зерттеушілер  жазба  әдебиеттің  осы  рөлін  әдеби  тілді 
қалыптастырып,  дамытудың  бірден-бір  жолы  ғана  деп  түсініп, 
басқа  факторларға  мән  бермейді,  әдеби  тілді  қалыптастыруда 
белгілі бір орын алатын, оның дамуына себебін тигізетін басқа да 
құбылыстарды,  бәлкім  әдеби  тілдің  мәнін  сипаттайтын, 
анықтайтын қасиетін ескермейді. Екіншіден, әдеби тіл мен жазба 
тілді  тең  көрушілік  бұл  терминнің  алғашқы  жазу-сызумен 
байланысты  мағынасын  ғана  негізге  алудан  туады.  Үшіншіден, 
бұндай  пікір  әр  халықтың  әдеби  тілін  сөз  еткенде,  олардың 
өзіндік  ерекшеліктерін  сол  халықтың  тарихымен,  басынан 
кешірген 
саяси-экономикалық  жағдайлармен  байланысты, 
мәдени дәрежесінің өркендеуімен, қоғамдық дамуындағы өндіріс 
амалдарымен  байланысты  ерекшеліктерін  ескермей,  барлығын 
ортақ  өлшеммен  кесіп-пішуден  де  туады.  Сондықтан  да  болса 
керек,  Р.А.Будагов  дүние  жүзіндегі  барлық  халықтардың  әдеби 
тіліне  ортақ  болып  келетін  универсалды  схема  үлгі  жасаудың 
ғылыми  жағынан  кемшіліктері  былай  тұрсын,  үлкен  зияны  бар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
12 
екенін көрсетіп, одан зерттеушілерді қатты сақтандырады
6
.  
Міне  осы  тұрғыдан  келгенде,  мысалы,  орыс  әдеби  тілі  мен 
қазақ  әдеби  тілінің  XVI  ғасырдан  бері  қарайғы  тарихын, 
қалыптасу,  даму  кезеңдерін  т.б.  бір  қатарға  қойып  қарауға 
болмаса  керек.  Орыстардың  орталықтандырылған  мемлекеті 
болды.  Ірі  өнеркәсіп  орталықтары,  үлкен  қалалары,  сонымен 
бірге іргелі мәдени оқу орындары болды. Кітап бастыру ісі қолға 
алына бастады. Бері келе осындай орталықтанған мемлекет болу 
арқасында  жалпыхалықтық  мемлекеттің  басты  қасиеттері  болып 
табылатын  түрліше  институттар  мықтап  өрістей,  дами  түсті. 
Жазба әдебиет халықтың қоғамдық өмірінен берік орын алды. Ал 
қазақ қауымында мұның бірі де болған жоқ. Қазақ хандықтарын 
бұл сияқты сипаты бар орталықтанған мемлекет деп айтуға тіпті 
де  болмайды.  Ондай  дәрежеге  қазақ  қауымы  үш  жүздің  ханы 
болды деп жүрген Абылай хан тұсында да жеткен жоқ. Көшпелі 
халық өндіріс орындарын құрмақ түгіл, отырықшылық өмірге де 
толық жете алған жоқ. Ірі мәдени, оқу-ағарту орталықтары былай 
тұрсын,  баспа  орындары  да  болған  жоқ.  ХХ  ғ.  басына  дейін 
жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптардың басым көпшілігі Қазан, 
Орынбор,  Уфа,  Ташкент  сияқты  қалалардың  баспаханаларында 
шықты.  Жазба  мәдениет,  шын  мәнінде,  қоғамның  дамуының 
мәдени  құралы  бола  алмады.  Оған  себеп,  жоғарыда 
көрсеткеніміздей,  біріншіден,  баспа  орны,  баспахана  болмады. 
Екіншіден,  шыққан  кітаптардың  көпшілігі  түркі  әдеби  тіл 
дәстүрінде  жазылып,  басқа  да  түркі  халықтарына  түсінікті  болу 
жағы  көзделді.  Үшіншіден,  ол  жазба  әдебиет  қалың  бұқараға, 
халыққа  жаппай  тарала  қоймады.  Бірақ,  осыған  қарап,  қазан 
төңкерісінен бұрын қазақ халқының әдебиеті болмаған, сонымен 
бірге әдеби тілі де қалыптаспаған деген үзілді-кесілді пікір айтуға 
болмаса керек.   XVIІІ-ХІХ ғ.ғ. қазақтың төл әдебиеті (өз кезінде 
кітап  болып  басылып  шықпаса  да  немесе  авторлардың  өз 
қолдарымен жазылып қалмаса да), әдеби тіл болғандығы бүгінде 
талас,  күмән  тудырмайды.  Бұқар  жырау,  Ақтамберді,  Жанкісі, 
Шал,  Дулат,  Шортанбай,  Шернияз,  Махамбет  тәрізді  ақын-
жыраулардың  көркем  туындылары  өз  кезінде  кейінгі  ұрпаққа 
                                                 
6
  Будагов  Р.А.  Литературные  языки  и  языковые  стили.  –М.,  1967.                  
– С.18-19.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
13 
жазу,  баспа  арқылы  жетпесе  де,  олардың  жазба  әдебиетке  тән 
қасиеттеріне,  авторлардың  белгілі  екеніне  қарап,  оларды  жазба 
әдебиет  өкілдері  деп  танып  жүрміз.  Бұл  қазір  дау  туғыза 
қоймайтын  мәселе  болды.  Осында  жазудың  қызметін  ұрпақтан-
ұрпаққа жаттап алып жеткізу үрдісі атқарып отырды. Бұнымыз – 
қазақ  әдебиетінің,  оның  қалыптасу,  даму  тарихының  өзіндік 
ерекшеліктерін  ескеріп,  оны  қоғамдық  өмір  өзгерістерімен 
байланыста  қарағанымыз  болып  табылады.  Өйткені  «хат 
білмейтін немесе хат білушілері өте аз көшпелі қазақ елінде өлең, 
жыр сақтаудың одан басқа жолы жоқ еді»
7
.  
Әдеби тілді тек жазба тіл деп тану жазу мәдениетінің тарихы 
ғасырлап саналатын не жазба ескерткіштері мол сақталған Батыс 
Еуропа,  орыс  және  кейбір  Шығыс  елдері  үшін  дұрыс  та  шығар. 
Ал  белгілі  тарихи    себептермен  жазба  ескерткіштері  аз  болған, 
болғандардың  өзі  сақталмаған  немесе  жазба  туындыларды 
көшіріп тарату үрдісі кең етек алмаған халықтар үшін бұл үдеріс 
дұрыс болмауы мүмкін. Сондықтан бірсыпыра тіл зерттеушілері 
жазудың, жазба нұсқалардың болуын тілдің әдебилігін танытатын 
бірден  бір  шарт  деп  қарамайды.  Мәселен,  М.М.Гухман  мен 
Н.Н.Семенюк  өздерінің  «Әдеби  тілдер  мен  олардың  тарихын 
зерттеудің  кейбір  принциптері»  деген  мақаласында  жазу 
жүйесінің  қалыптасуы  әдеби  тілдің  қолданылуы  мен  қоғамдық 
қызметінің  артуына  белгілі  дәрежеде  ықпал  ететінін  көрсете 
келіп,  бірақ  жазба  әдебиеттің  болуын  әдеби  тілді  айқындайтын 
міндетті түрдегі басты белгілердің қатарына қоспайды.  
Мұндай  көзқарасты  қазақ  әдеби  тілі  мамандарының  ішінен 
де  кездестіруге  болады.  Мәселен,  академик  Н.Т.  Сауранбаев 
алғашқы  зерттеулерінде  «әдеби  тіл    –  жазба  тіл»  деген 
концепцияны  басшылыққа  алып  келсе,  кейін  өмірінің  соңғы 
кезеңінде  жазған  «Қазақтың  әдеби  тілінің  тарихын  зерттеу 
туралы»  деген  программалық  еңбегінде:  «әдеби  тілді  жазумен 
ғана  байланыстырып,  оны  тек  кітаби,  жазба  тіл  деп 
анықтаушылық  орта  ғасырлардағы  әдебиетпен  байланысты 
шыққан.  Мұндай  түсінік,  әрине  ескірген,  теріс  түсінік»  деп 
көрсеткен болатын.  
                                                 
7
 Жұмалиев Қ.  XVIІІ-ХІХ ғ.ғ. қазақ әдебиеті. –Алматы, 1967.  –Б.17.  
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
14 
Р.Сыздықова  да  жазуды  әдеби  тілдің  шартты  белгісі  деп 
қарайтын ғалымдардың пікіріне қосылмайды. 
 «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  оқулығының  авторы 
С.М.Исаев та «тілдің жазба түрінің әдебиліктің бірден-бір негізгі 
критериі бола алмайтындығын» айта келіп, әдеби тілдің «ауызша 
және жазбаша  түрі  –  олардың  тек  өмір  сүру  формалары  ғана»,  -
деп көрсетеді.  
 Сөйтіп  қазақ  топырағында  ұлттық  әдеби  тіл  қалыптасқанға 
дейін де әдеби тіл болған және біреу емес, екі әдеби тіл болған, 
оның бірі – жазба әдеби тіл де, екіншісі – ауызша әдеби тіл.  
Қазақ  зиялылары  пайдаланған  жазба  әдеби  тіліміз  орта 
азиялық  түркі  әдеби  тілі  (немесе  оны  шағатай  әдеби  тілі  деп  те 
атайды)  дәстүрін  мықтап  сақтаған,  өз кезіндегі  сауатты  қауымға 
ортақ нормалары бар, белгілі дәрежеде қоғамдық қызмет атқарған 
тіл еді, яғни былайша айтқанда, ортаазиялық түркі әдеби тілінің 
«қазақтық  варианты»  іспеттес  болды,  бұл  тіл  қазақ  халқы 
қалыптасқан XV-XVI ғасырлардан бастап, күні кешеге дейін яғни 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысына  дейін  өмір  сүріп  келді.  Бұл  тілде  әр 
түрлі  ресми  құжаттар,  шежіре  аталған  тарихи  шығармалар, 
эпистолярлық нұсқалар жазылды.  
Қазақтар  өз  алдына  дербес  халық  болып  құралған  тұстан 
кейінгі  3-4  ғасыр  бойында  белгілі  объективті  себептерге 
байланысты  (жаугершілік  соғыс,  негізгі  күнелтісінің  малмен 
байланыстылығы т.б.) көшпенді өмір кешіп келді. Қоғам өмірінің 
осы  бір  ерекшелігі  жазба  тілден  гөрі  ауызша  әдеби  тілдің 
дамуына  ерекше  жағдай  жасады.  Өйткені  көшпелі  өмірдің  өзі 
жазба әдеби тіл атқаратын қызметтердің көпшілігін ауызша әдеби 
тілге жүктеп, оның қоғамдағы рөлін, қолданыс ауқымын кеңейтті. 
Осы  дәуірлерде  көркем  шығармалар  ауызша  туып,  ауызша 
тарады, публицистикалық стильдің алғашқы көрінісі – шешендік 
сөздер,  билік  шешімдер  ауызша  айтылады,  тіпті  дипломатиялық 
қатынастар мен тұрмыстық қажеттіліктерде де ауызша әдеби тіл 
үстемдік  алды.  Ауызша  әдеби  тіл  де  белгілі  дәрежеде 
нормаланған,  халық  мұқтажын  өтейтіндей  әлеуметтік  қызмет 
атқарған, қазақ халқын құраған ру, тайпа диалектілерінен жоғары 
тұрған, өңделген, сұрыпталған тіл еді. Бұл тілдің үлгісін біз  XV-
XVIІІ ғ. өмір сүріп, өз аттарынан өлмес туындыларын қалдырған 
ақын-жыраулар  шығармаларынан  көреміз,  атақты  билердің  ел 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
15 
жадында 
сақталған 
шешендік 
сөздерінен, 
тұрмыс-салт 
жырларынан табамыз.  
Тарихта  жазба  әдеби  тілінен  ауызша  әдеби  тілі  басым 
дамыған жұрт жалғыз қазақ халқы болмаса керек. Ауызша әдеби 
тіл  атауын  қазіргі  әдеби  тіліміздің  жазбаша  және  ауызша 
варианттарымен шатастырмау керек. Соңғысы, яғни әдеби тілдің 
ауызша 
варианты 
деп 
отырғанымыз 
– 
лектордың, 
баяндамашының, үгітшінің, оқушы-оқытушының т.б. сөйлеу тілі, 
бұл  тіл  көбінесе,  жазба  әдеби  тіл  нормасынан  алшақ  кетпейді, 
дегенмен айырмашылығы да болады.  
Жоғарыда  берілген  анықтамадағы  «стильдік  тармақтары 
бар»  деген  әдеби  тілдің  екінші  бір  белгісі  басты  критерий  бола 
алмайды.  Ең  алдымен,  мұның  өзінде  үлкен  шарттылық  бар. 
Қазіргі  дамыған  әдеби  тілде  неше  стильдік  тармақ  бар  екенін 
ешбір  даусыз,  талассыз  айта  қою  қиын-ақ,  өйткені  оның  саны, 
төменде арнаулы тақырыптағы талдауда көрінетіндей, әр еңбекте 
әр түрлі болып беріледі. Екіншіден, халықтың белгілі кезеңіндегі 
тілін  осы  стильдік  белгісі  жағынан  әдеби  деп  тану  үшін  сол 
стильдік  тармақтар  түрінің  кем  дегенде  нешеуі  қажет  деген 
сұраққа да дәл жауап беру қиын. Сондықтан әдеби тілдің белгілі 
стильдік  тармақтарға  бөліну  қасиеті  тілдің  әдебилік  межесі 
болудан  гөрі,  тілдің  даму  қарқыны  мен  дәрежесі,  қоғамдық 
қызметінің  өлшемі  сияқты  көрсеткіштер  болса  керек,  өйткені 
халықтың  белгілі  кезеңдегі  әдеби  тілі  бір  ғана  стильдік  тармақ 
шеңберінде де өмір сүруі мүмкін. Осыдан байқалатындай, әдеби 
тілге  анықтама  көбіне-көп  оның  кейінгі  жан-жақты  дамыған 
қазіргі  күйін  негізге  алып  беріліп,  әдебиліктің  белгісі  сол 
сипаттары  негізінде  айқындалып,  әдебилік  қасиеті  мен  даму 
дәрежесі  айқындалып,  әдебиліктің  негізгі  мәні  көлеңкеде  қалып 
келеді.  
Бұл  тұста  Р.Ғ.Сыздықованың  әдеби  тілдің  басты  белгілерін 
айқындауына  назар  аудара  кетейік:  «Әдеби  тілдің  ең  басты 
белгісі  –  оның  өңделген,  сұрыпталған,  нормаланған  тіл  болуы  – 
бұл 
бір. 
Қызметі 
жағынан 
сол 
халықтың 
өмірінде 
ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни 
жалпыға  ортақтық  қасиеті  болуға  тиіс.  Бұл  –  екінші  меже.  Әр 
нәрсенің, әр құбылыстың заты (мән-мәнісі, табиғаты) салыстыру 
арқылы,  өзге  нәрселердің,  өзге  құбылыстардың  қарама-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
16 
қарсысына  қою  арқылы  таныла  түседі.  Әдеби  тілді  тану  үшін 
оған қарама-қарсы қойылатын құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Бұл 
тілді әдеби деп тануға қажет үшінші шарт. Әдеби тіл – қоғамның 
қолдану практикасында сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы 
дұрыс  деп  қабылдаған  және  ол  нормалар  барша  үлгілерге  ортақ 
болуы  шарт.  Бұл  –  төртінші  сипаты.    Осы  белгілерді  нысанаға 
алып  қарасақ,  қазақтың  тіліне  «әдеби»  деген  атрибут  –  сапаны 
ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын мотивтер бар»
8
.  
Сөз  жоқ,  бұлар  –  әдеби  тілге  тән  нақты  сапалық  белгілер. 
Бұл  белгілерді  ескерусіз  қалдырып,  әдеби  тілдің  сипатын,  мәнін 
ашуға  тіпті  де  болмайды.  Дегенмен,  әдеби  тіл  белгілі  халықтың 
белгілі дәуір кезеңдеріндегі қоғамдық құбылысы екені, ол тілдің 
сол  халық  мәдениетінің  жасалу  құралы,  соны  жеткізудің 
қоғамдық 
көрінісі, 
сондай 
шығармашылық 
әдебиет 
туындыларының  жасалу  амалының  көрінісі  болуын  баса 
көрсеткен жөн. 
Сонымен,  қорыта  айтсақ,  дүние  жүзіндегі  барлық  әдеби  тіл 
атаулыға  бірдей,  сондай-ақ  әдеби  тілдің  барлық  кезеңіне  ортақ 
әмбебап анықтама болмайды екен. Ал белгілі бір кезеңдегі әдеби 
тілдің  анықтамасын  түзіп,  негізгі  белгілерін  айқындағанда,  әр 
дәуірдегі әдеби тілдің нақтылы мүмкіндігі, қызмет ету аясы, оған 
жүктелген міндет, өмір сүру формасы ескерілуі керек. Дегенмен, 
әдеби тіл дегеніміз қандай тіл дегенде, негізінен, оның 3 қасиетін 
баса  көрсеткен  жөн.  Біріншіден,  жергілікті  диалектілер  мен 
қарапайым  сөйлеу  тіліне  қарағанда  жалпы  қауым  «дұрыс»  деп 
тапқан  нормасының  болуы.  Екіншіден,  сол  нормалардың  қоғам 
мүшелерінің  бәріне  бірдей  міндеттілігі;  үшіншіден,  оның 
қоғамды  ұйымдастырушылық  яғни  қоғамның    рухани,  мәдени 
қажетін  өтей  алатындай  әлеуметтік  қызмет  атқаруы.  Ал  қалған 
белгілерді әдеби тілдің даму дәрежесіне қарай бірде қосып, бірде 
алып отыруға  болатын тәрізді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет