Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§4.  Ғылым  тілі  мен  стилінің  дамуына  кері  әсер  еткен



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§4.  Ғылым  тілі  мен  стилінің  дамуына  кері  әсер  еткен 
кейбір жағдаяттар 
 
Соғыс  жылдарындағы  еліміздің  батыс  аудандарынан 
Қазақстанға көптеген зауыт, фабрикаларды, әртүрлі кәсіпорындар 
мен  ғылыми  зерттеу  мекемелерін  көшіру,  соғыстан  кейінгі 
республикада  жүргізілген  бүкілодақтық  құрылыстар  салу, 
ақырында  тың,  тыңайған  жерлерді  игеру  науқаны  кезінде  орыс 
тілді  өзге  ұлт  өкілдерінің  көптеп  келуі  Қазақстандағы 
демографиялық  ахуалды  күрт  өзгертіп  жіберді.  Мәселен,  1939 
жылы  бүкілодақтық  санақта  республика  халқының  38  пайызын 
құраған  қазақ  саны  1959  жылғы  санақта  29,8  пайызға  бір-ақ 
кеміді, сөйтіп, ол өз Отанында азшылық болып қалды.  
Осы өзгерістермен байланысты орысша оқытатын мектептер 
саны  жедел  өсті.  Соғыс  кезінде  Мәскеу,  Ленинград  сияқты  ірі 
ғылым орталықтарынан көшірілген ғылыми мекемелерде істейтін 
атақты  ғалымдар    республикадан  ғылым  ошақтарын  ашып,  өз 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
188 
ғылыми  мектептерін  қалыптастырып,  ғылыми  кадрлар  даярлай 
бастады.  Ғылымға  келген  жас  ғалымдар  кейін  Мәскеу, 
Ленинград,  Киев,  Новосібір  сияқты  ғылыми  орталықтардан 
аспирантура  бітіріп,  өз  жұмыстарын  орыс  тілінде  жазып,  сол 
қалаларда  қорғады.  Сондықтан  техника,  жаратылыстану  
ғылымдары  салалары  бойынша    жазылған  еңбектер  түгелдей 
орыс  тілінде  болды.  Мұның  өзі  1920-30  жылдары  басталған 
жоғарыдағы  пәндерден  ана  тілінде  оқулықтар  жазу,  ғылыми-
көпшілік  әдебиеттер  шығарудың  тоқталуына  әкеліп  соқтырды. 
Орта мектептің математика, физика, химия, биология пәндерінің 
оқулықтары  орыс  тіліндегі  оқулықтардың  сапасыз  аудармасы 
ғана  болды,  тіпті  тарих  оқулықтарына  дейін    орыс  мектебі 
оқулықтарын  қайталады,  онда  Қазақстан    туралы,  қазақ  халқы 
туралы  мардымды  ештеңе  айтылмады.  Ал  жоғары  мектеп 
оқулықтарының көпшілігі тек орыс тілінде ғана болатын. 
1946  жылы  Республика  Ғылым  Академиясы  ашылып, 
ғылыми-зерттеу  мекемелерінің  саны  көбейгенімен,  тіл  және 
әдебиет,  тарих  сияқты  бірер  институт  болмаса,  басқаларында 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  түгелдей    орыс  тілінде  жүргізілді. 
1960-70  жылдары  ғылымға  келген жастардың  көпшілігі  мектепті 
орысша  бітіргендер  еді,  олар  аспирантура,  докторантураларды 
Мәскеу,  Ленинград,  Киев,  Новосібір  сияқты  қалаларда  бітіріп, 
сондағы  ғалымдардың  жетекшілігімен  диссертация  қорғады, 
ғылыми  жұмыс  жүргізді.  Оның  үстіне  жоғары  аттестациялық 
комиссия  тарапынан  диссертациялардың  орыс  тілінде  жазылуы 
талап  етілуі  де  ана  тілінде  ғылым  тілінің  дамуына  кері  әсерін 
тигізді.  Жаратылыстану,  техника,  медицина  ғылымдары  өз 
алдына, қоғамдық ғылымдар, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандарынан  да  диссертацияның  орыс  тілінде  жазылуы  талап 
етілді.  
М. Әуезов әдеби тілді үнемі жетілдіріп отыруда әртүрлі жаңа 
атаулар  мен терминдердің дұрыс қалыптасуына  көп көңіл бөлу 
қажеттігін  өзінің  ғылыми  жұмыстарында  айтып  отырған. 
Қажеттігін  кезінде  былай  көрсеткен:  «Қазақ-совет    әдебиет  тілі 
баю  үшін  бүгінгі  сан-сала  ғылымда  еңбек  етіп  жүрген    қазақ 
ғалымдары өздерінің еңбектерін орыс тілімен қатар, қазақ тілінде 
де  түсінікті,  көркем  етіп  жазып,    бастыратын  болуы  шарт... 
Жұртшылыққа  қазақтан    шыққан  инженерлер,  дәрігерлер,  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
189 
биологтар,  математиктер  өз  еңбектерін  өз  халқы  тілінде  жазып 
таратпауын немен ақтауға болады?» 
Ал  біздің  бүгінгі  әдебиет  тіліміз  байығанда,  сол  ғылым, 
техниканың  бар  саласындағы  ұғым,  түсініктер,  атаулар  мол-
молынан  кіретіндіктен  байиды  дейміз.  Ендеше  сол  сөздерді,  сол 
ғылымдарға 
байланысты 
тіл, 
орам 
шеберліктері, 
осы 
ғылымдардың  өз мамандарынан артық, қазақ тілінде айтып бере 
алатын  шеберлерді,  қайраткерлерді  бір  жақтан  қарызға  сұрап 
аламыз ба?  ...Олай болса, қазақтан шыққан тарихшылар  ...қазақ 
халқына  өз  тілдерінде  ...еңбектерін  жазбауға  бола  ма?  Қайта 
олардың  кейбір  диссертациялық  еңбектерін,  ең  алдымен,  қазақ 
тілінде жазуды шарт етіп қою да, анық орынды орайлы шараның 
бірі  болар  еді  (
Қазақ  әдебиеті  туралы  //  Әдебиет  және  искусство 
журналы, 1954,№4). 
Ұлт  тілін,  әдебиетін,  тарихын  зерттеуші  ғалымдардың  өзі 
одақ  көлемінде  “танымал”  болу  үшін  өз  кітаптары  мен 
монографияларын  орыс  тілінде  жазуды  әдетке  айналдырды. 
Мәселен,  1971  жылы  “Ғылым”  баспасынан  жарық  көрген  101 
кітаптың  тек    5-і  ғана  қазақ  тілінде  жазылыпты.  Бұл  жағдай  он 
жыл өткенде (1981 ж) сол күйінде қалған екен. 1981 жылғы баспа 
жоспарына 160 кітап енгізілген болса,  соның тек 15-і ғана қазақ 
тілінде  екен,  олар  да,  негізінен,  тіл  мен  әдебиеттен. 
Республикадағы    ғылыми  әдебиеттерді  басып  шығаратын  
баспаның  атауы    да  1980  жылдардың    аяғына  дейін  “Наука” 
аталып 
келеді. 
Академияның, 
оның 
бөлімшелері 
мен 
институттарының  әртүрлі  дәрежедегі  жиналыстары  орыс  тілінде 
өтетін. 
1960-70  жылдардағы  сөздіктердегі  ұлттық  және  шетелдік 
сөздер    үлесін  салыстыра  зерттеген    жас  ғалым  С.Н.  Жетпісов 
химия-металлургия    саласының  90  пайызы,  математика 
саласының  80  пайызы  шетелдік    сөздерден  тұратынын  жазды.  
Бұл  жайт  жаратылыстану,  техника    салаларымен  ғана  шектеліп  
қалмай,    сол  кезге  дейін  қолданылып  келген  төл  сөздер  жетіп-
артыларлық  ондаған кәсіптік  салалар  мен қоғамдық  ғылымдарға 
да толық түрде қатысты болды. 
Мұның бәрі  айналып келгенде, қазақ әдеби тілінің ғылыми 
стилінің  дамуын бірнеше  ондаған  жылға тежегені мәлім. 
Ұлт тілінде ғылыми стильді  қалыптастырудың, дамытудың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
190 
басты  жолы  –  ұлт  тілі  негізінде  терминдер  жасау,  бір  кездері 
ойланбастан  алынып  кеткен    орыс  тілінен  не  орыс  тілі  арқылы 
енген терминдердің қазақша баламаларын табу. 
Бұл  тұрғыда  Ахмет  Байтұрсынұлы  бастаған  қазақ 
зиялыларының  1920-30  жылдардағы  ұлт  тілінде  ғылым 
терминдерін  қалыптастырудағы  сіңірген  еңбектері  ұшан-теңіз  
екені белгілі. Алайда, өкінішке орай, 1940-шы жылдардан бастап 
бұл  үрдіс  өз  жалғасын  таппады,  керісінше,  сол  жылдардағы 
қазақша    баламасы  табылған  көптеген  терминдердің  орысша 
варианттары қайтадан қалпына келтірілді. 
Бұған  себеп  болған  жағдай,  біріншіден,  ұлт  тілдеріндегі 
термин 
қабылдау 
проблемасын 
орталықтағы 
түрколог 
мамандардың    өз  бақылауларына    алып,  ұлт  тілінде    термин 
жасауға ұмтылушылықты  “пуристік құбылыс” деп айыптауында 
болса,  екіншіден,  республикадағы  техника,  жаратылыстану, 
математика  саласындағы  мамандардың    көпшілігі    кезінде  орыс 
мектебін, орысша жоғары мектеп бітіргендер  болғандықтан және 
өз  еңбектерін  орыс  тілінде    жазғандықтан,  қазақша  термин 
іздеуге  мүдделі,  аса  ынталы  болған  жоқ.  Ал  қоғамдық  өмірге 
қатысты  терминдерге  келсек,  мерзімді  баспасөз  беттеріне 
орталықтан  келіп  түскен    ресми  материалдарды  (қаулы-қарар, 
үкімет,  партия  басшыларының  сөздерін)  табанда  аударып  басу 
кезінде  кездескен  термин  сөздердің  қазақша  баламаларын 
іздестіріп,  сараптап  отыруға  уақыттары  да,  мүмкіндіктері  де 
болмағандықтан,  көп  жағдайда  сол  орыс  тіліндегі  даяр  күйінде 
ала салуға мәжбүр болды. 
Осы  жағдайлар  қазақ  тіліндегі  терминдердің  арасалмағын  
орыс  тілі  пайдасына  түпкілікті  өзгертіп  жіберді.  Академик 
Ә.Қайдаровтың  бұдан  10  жылдай  бұрынғы    шамамен  есептеуі  
бойынша,  қазақ  тіліне    орыс  тілінен  не  орыс  тілі  арқылы  енген 
интернационалдық    терминдер  30  пайызын  құрайды.  Бұған, 
мәселен,  техника  ғылымдары  саласынан  жасалған  терминдік 
сөздіктің  дерегі толық дәлел бола алады. 
1959  жылы  жарық  көрген  “Металлургия  өнеркәсібі 
терминдерінің    қазақша  орысша-қазақша  сөздігінің”  алғашқы  50 
бетін санағанымызда ондағы 1075 сөздің 233-і таза орыс тіліндегі  
тұлғасында алынған да, 581-і орысша-қазақша  аралас жасалған, 
негізгі сөзі – орыс сөздері болып келеді.  Мысалы, дайындау цехы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
191 
(заготовительный цех), бадиялап тиеу(загрузка бадейная), темір 
бетон  (железный  бетон),  күміс  амальгамасы  (амальгама 
серебра) т.т.  Сондықтан бұларды да орысша терминдерге  қосуға 
болады. Сонда шамамен 80 пайызы  орысша терминдер де, қалған 
20 пайызы таза қазақша терминдер болып шығады.    
Ғылым  тілінің,    ғылыми  стильдің  жағдайы    осындай  болса, 
ресми іс-қағаздары  стилінің жағдайы бұдан да мүшкіл еді.  
Қазақстандағы  жоғарыда  айтылған,  1950  жылдардан 
басталған    демографиялық    саясаттың    әсері  республикада    іс 
қағаздарын 
жүргізуге 
де 
салқынын 
мықтап 
тигізді. 
Республиканың  солтүстік,  батыс,  орталық  облыстарына    тың 
көтеру желеуімен  келген орыс тілді  тұрғындар үшін жеке-жеке  
кеңшарлар  ұйымдастырылып,  ондағы  мектептер  мен  мәдениет  
ошақтары,  кеңшар  әкімшіліктеріндегі   іс қағаздары  орыс  тілінде 
жүргізілді, олардың  бағынышты аудандары мен облыстарындағы 
мекемелер түгелдей орысшаға көшті. 
Әрбір  тілдің  өзінің  өмір  сүретін  әлеуметтік-демографиялық 
ортасы  бар.  Ол  орта  әлсіз  болса,  тілдің  әрі  қарай  өмір  сүруі 
неғайбіл. Кейбір жағдайларда  екі тілдік  орта қатар келсе, біреуі 
әлсірейді  немесе  жұтылып,  мүлдем  жоқ  болып  кетеді.  Өткен 
тарихтан мұны дәлелдейтін көп мысал келтіре аламыз.  
Мәселен,  тың  игеруге  байланысты  Қазақстанда  орыс  тілді 
аймақтар  көбейіп,  іс  қағаздары  орыс  тілінде  жүргізіле  бастады. 
Балалар  бақшасында,  мектептерде  тәрбие,  оқу  жұмысы    орыс 
тілінде жүргізілді. 
Тың  игеруге  байланысты  көптеген  аймақтарда  қазақтар  
халықтың  9-10  пайызын  құрайтын  еді.  Олардың  шамамен 
жартысы    өз  тілін  білмейді  не  шала  біледі  деп  айтуға  болады. 
Сондықтан  ол  жерлерде  іс  қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізу  
туралы сөз болуы мүмкін емес еді.  Тіпті негізінен жергілікті ұлт 
өкілдері    тұратын  аймақтарда  1960-80  жылдары  ресми  құжаттар  
мен іс қағаздары біртіндеп орыс тіліне түгелдей көшіп болды.  Іс 
қағаздары  (анықтама,  куәлік,  хаттама,  есеп-қисап  т.т)  қазақ 
тілінде жүргізілетін  республика бойынша ондаған аудандар ғана 
қалды, олар да облысқа жазатын қатынас қағаздарын, тапсыратын 
есеп,  мәліметтерін    орысша  тапсыруға  тиісті  болды.    Жоғары 
орындардан  (республика,  облыс  деңгейінен)    шығатын  қаулы-
қарарлар,  жарлық-бұйрықтар,  нұсқаулардың    баршасы    әуелі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
192 
орысша  даярланып,  кейін  қазақ  тіліне  аударылатын  болды. 
Мұның өзі кейде аударманың сапасының нашарлығы салдарынан 
жеткілікті  жерлерге  түсінбейтіндей  қасаңдап  жететін  еді, 
сондықтан  көбіне  көп    орысша  нұсқасы  басшылыққа  алынып 
жүрді. 
Сонымен,  қазақ  тілінде  іс  жүргізу  жұмысы  ХХ  ғасырдың 
жиырмасыншы  жылдары  қолға  алынса  да,  бұл  шаруа  
ашаршылық тәркілеу құғын-сүргін кезеңі, Ұлы Отан соғысы, тың 
игеру  және  де  бастысы  –  орталықтан  жүргізілетін  орыстандыру 
саясатымен  байланысты  аяқсыз  алды.    Кейін,  1957  жылы 
республикада Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу туралы 
шешім  қабылдады.  Алғашында  бұл  іс  қызу  қолға  алынса  да, 
солақай  саясаттың  ықпалы  тиіп,  бірте-бірте  бәсеңси  бастап, 
жетпісінші, сексенінші жылдары мүлде саябырсып қалды.  
Тіліміздің  мемлекеттік  мәртебе  алғанына  жиырма  шақты 
жыл  болып  қалды.  Қазақ  тілі  қоғамдық  өміріміздің  маңызы  бар 
іске  айналып  отыр.  Әлі  күнге  от  басы,  ошақ  қасында,  әулет 
арасында,  әрі  кетсе  баспасөз,  көркем  әдебиет  шеңберінде  ғана 
қалған  тіліміздің  күрмеуі  –  ғылым,  мәдениет,  саяси-әлеуметтік, 
дипломатия  саласында  сөйлету,  дамыту  –  қазіргі  таңда 
алдымызда тұрған үлкен міндет. 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Әдеби тілді байытудағы көркем әдебиет пен публицистикалық 
стильдердің орны 
2. Ғылыми стиль  дамуындағы іркілістердің себебін түсіндіріңіз.  
 
Реферат тақырыбы: 
1.ХХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілі 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
193 
ІХ.  1990  ЖЫЛДАРДАҒЫ  ӘДЕБИ  ТІЛ  ДАМУЫНДАҒЫ 
ЖАҢА ҮРДІС 
 
§1. Қазақ тілі – мемлекеттік тілі 
 
Әдеби  тілдің  дамуы  қоғамдық  құрылыстың,  оның 
экономикалық  жүйесі  мен  негізгі  саяси  ұстанымдарының 
өзгеруімен,  қоғамның  ана  тіліне  деген  көзқарастарымен  тығыз 
байланысты  десек,  ғасырдың  соңғы  он  жылындағы  қазақ 
қоғамының тарихында дүбірлі оқиғаларға толы жылдар болды.  
Жетпіс  жыл  бойы  таптық  идеология  мен  ұжымдық 
шаруашылыққа  негізделген  кеңестік  империяның  өз  ішінен 
шығып, өз-өзінен ыдырауы, соның нәтижесінде бірнеше тәуелсіз 
мемлекеттердің  пайда  болуы  ХХ  ғасырдың  аса  ірі  өзгерісі  еді. 
Сол  мемлекеттердің  бірі  ретінде  Қазақстанның  өз  тәуелсіздігін 
жариялауы  оның  бүкіл  болмысын  –  саяси  құрылысын, 
экономикасын, мәдени өмірі мен салт-анасын түбірлі өзгерістерге 
ұшыратты.  
Қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан Республикасының  
тәуелсіз  мемлекетке  айналуы,  ел  өміріндегі,  оның    барлық 
саласындағы   түбегейлі өзгерістер, ана тіліміздің мемлекеттік тіл 
мәртебесін  алуы,  мемлекеттік  тілдің  үкімет  тарапынан 
қамқорлыққа алынуы – бүгінгі өміріміздегі жаңа үрдістердің бірі 
еді.  
Жаңарған  қоғамның  жаңалықтары  қазақ  тіліне  тың  
міндеттер  жүктеп  отыр.    Мемлекеттік  тіліміз  қоғамның  барлық 
саласында дерлік қолданыла бастады.  
Еліміздің  егемендік  алуынан  сәл  бұрын  қайта  құру, 
жариялық кезеңінде-ақ пікір ескеріліп, 1989 жылы Тіл туралы заң 
қабылданғаны белгілі. Ол заң өз кезінде ана тіліміздің қолданыс 
аясын  кеңейтуде  елеулі  қызмет  атқарды.  Халықтың  рухын 
көтеріп,  санасын  оятты.  Жер-жерде  қазақ  тілі  қоғамдары 
құрылып,  олар  қазақ  тілінің  қолданылу  аясын  кеңейту 
мақсатында едәуір жұмыстар істеді. Қазақ балабақшалары, қазақ 
мектептері  көбейді,  барлық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ 
бөлімдері  ашылды,  орыс  тілді  топтарда  қазақ  тілі  пән  ретінде 
жүргізіле бастады. Іс қағаздарын орыс тілімен қатар мемлекеттік 
тілде  жүргізу  қолға  алынды.  Алайда  бұл  тегеурінді  басталған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
194 
жұмыс,  әдеттегідей,  екі-үш  жыл  өтпей-ақ    өз  қарқынын 
бәсеңдетіп  алды.  Тіл  саясатын  берік  ұстанып,  заң  ережелерінің 
орындалуын қадағалап отыратын өкілетті орган бір құрылып, бір 
тарап,  мәселе  қожырай  бастады.  Заңды  жүзеге  асыратын 
механизм  іске  қосылмады,  мемлекеттік  органдарда  қазақша  іс 
жүргізудің  бағдарламасын  үкіметтің  өзі  қайта  өзгертіп,  оны 
енгізудің мерзімін жергілікті жердің өз құзырына қалдырды.  
Міне  осы  тұста  1995  жылы  әуелі  тіл  саясатының 
тұжырымдамасы,  одан  кейін  1997  жылы  Тіл  туралы  екінші  заң 
қабылданды. 
Үкімет  1998  жылы  заңды  жүзеге  асыруға  бағытталған 
мемлекеттік  бағдарлама  қабылдады.  Өйткені  мемлекеттік  тілдің 
қоғам  өмірінің  барлық  саласында  қолданылуын  тек  үкімет  қана 
қамтамасыз ете алатын еді. Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі 
мемлекеттік  органдар  мен  оның  басшыларына  қазақ  тілінің 
мемлекеттік  мәртебесін  іске  асырудағы  негізгі  жауапкершілік 
жүктелді.  Жаңа  заңда  қазақ  тілі  мемлекеттің  бүкіл  аумағында 
қоғамдық  қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  
мемлекеттік  басқару,  заң  шығару,  сот  ісін  жүргізу  және  іс 
қағаздарын  жазу тілі деп жарияланды.  
Тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 
заң  талаптарын  жүзеге  асыруға  бағытталған  нақтылы  міндеттер 
қарастырылған,  онда  мемлекеттік  тілдің  қызмет  аясын  кеңейту, 
тіл  білімінің  өзектілігі  мәселелері    бойынша  зерттеулер  жүргізу, 
тілді  оқу  орындарында  оқыту  мен  үйрету  әдістемелерін 
жетілдіру,  оқулықтармен,  техникалық  құралдармен    қамтамасыз 
ету,  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы    мемлекеттік  тілдің 
қолданысын    жандандыру,  іс  жүргізуді    кезең-кезеңімен 
мемлекеттік тілге  көшіру, тарихи, географиялық, топонимикалық 
атауларды  қалпына  келтіру    және  көрнекті  ақпаратты  ретке 
келтіру сияқты көптеген іс-шаралар бар.   
Бұл  көзделген    іс-шаралардың  бәрі  бірдей  өз  шешімін  таба 
алған жоқ, Әрине, қол жеткізген біраз нәтижелер бар.   
Ең  алдымен  соңғы  жылдары  қазақ  мектептері  мен  қазақша 
лицей, колледждердің санының өсуін атап айтқан жөн. Мәселен, 
2000-2001  оқу  жылдарында  елімізде  жалпы  білім  беретін  8290 
орта  мектеп  болса,  оның  3471-і  қазақ,  2514-і  орыс,  қалғандары 
өзбек,  ұйғыр  тілдерінде  білім  береді  екен.  Бұған  шағын  елді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
195 
мекендердегі  3900  бастауыш  мектепті  қосуға  болады,  өйткені 
олардың  бәрі  дерлік  –  қазақ  мектептері.  Мемлекеттік  және 
мемлекеттік  емес  оқу  орындарында  қазақ  тілі  міндетті  оқу  пәні 
ретінде оқытылуда. 
Бағдарлама  бойынша  мемлекеттік  органдардағы    іс 
қағаздарын жүргізу бірте-бірте мемлекеттік тілге көшірілуі керек. 
Алайда бағдарламаның бұл бабының орындалуы күні бүгін көңіл 
көншітпейді.  1999  жылдың  маусымындағы  мәлімет  бойынша 
республиканың 10 облысында, 4 қаласы мен 78 ауданында кеңсе 
ісі  мемлекеттік  тілде  жүргізіле  бастаған.  Әзірге  мәдениет,  өнер, 
білім  беру  және  баспасөз  салаларында  мемлекеттік  тілдің  үлес 
салмағы  қанағаттанарлық  дәрежеде  болса,  мемлекетті  басқару 
жүйесіндегі, басқа министрліктегі  жағдай көңілден шықпайды.  
Тіл  туралы  алғашқы  заңның  шыққанына  жиырма  бес 
жылдай  уақыт  өтсе  де,  мемлекеттік  тілді  үйрену  әлі  ойдағыдай 
емес.  Қазақ  тілін  жеделдетіп  үйрету  курстарында  ғана  емес, 
мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарындағы  басқа  мамандық 
иелерінің  қазақ  тілін  меңгерулері    сын  көтермейді.  Сондықтан 
оқыту сапасына сын айтушылар көп.  
 
§2 Тілдегі жаңа қолданыстар  
 
Қоғамдағы  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өзгерістер 
ұлттық тілімізге әсер етпей қоймады.  Бұл әсер, ең алдымен, қазақ 
тілінің лексикасынан көрінуде. 
Соңғы  жылдары  тіліміздің  лексикасында  жаңа,  соны 
сөздердің  толассыз  тасқыны  пайда  болды.  Жаңа  сөздердің 
бірқатары  қоғамдық  өмірімізде  болып  жатқан  әр  түрлі 
әлеуметтік-саяси  жағдайға,  шаруашылық,  ғылым  мен  техника 
саласындағы  жаңалықтарға  орай  пайда  болуда.  Мәселен, 
жекешелендіру  (приватизация),  баж  (пошлина),  ғарышнама 
(космонавтика),  жал    (аренда),  кепіл,  кепілдік  (гарантия), 
мәртебе  (статус),  құнды  қағаз  (ценные  бумаги),  делдал  (брокер, 
маклер), мұрат ( идеал), бағам (курс), жарғы (устав), т.т. 
39
 
Енді  бірсыпыра  қолданыстар  бұрын  аударылмай  алынған 
шет  тілдік  сөздерге  балама  іздеу  барысында  өмірге  еніп  жатыр. 
                                                 
39
  Екі тілде іс жүргізу. –Алматы, 1998. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
196 
Мысалы: 
әнұран 
(гимн), 
көлік 
(транспорт), 
өркениет 
(цивилизация), 
саралау  (анализ),  егемендік  (суверенитет), 
бағдарлама 
(программа), 
жолсерік 
(проводник) 
сияқты 
қолданыстар да неологизмдер қатарын толықтыруда.  
1930 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың соңына 
дейін көптеген ұғымдарды атауда оларға тілімізден балама іздеп 
жатпай-ақ  шетел  тілдерінен  сол  күйінде  (әрине,  орыс  тілі 
арқылы) қабылдау әдетке айналды.  
Өз  тілінде  баламасы  бола  тұра,  басқа  тілден  сөз  алу  тілдің 
сөзжасам  жүйесінің  дамуына  кері  әсер  ететіні  жайында  белгілі 
терминолог  Д.С.Лоттенің  өте  орынды  айтылған  мына  төмендегі 
пікірін  келтіруге  болады:  “...массовое  заимствование,  в  свою 
очередь,  может  оказывать    тормозящее  действие  на 
функционирование  и  развитие  словообразовательных  средств 
своего языка”.  
Көптеген  зерттеушілердің  көрсетуінше,  түркі  тілдес 
халықтардың  лексикасында  орыс  тілінен    сол  күйінде 
қабылданған  шет  тілдік  ғылыми-техникалық,  қоғамдық-саяси, 
оқу-педагогикалық және т.б. салаларға байланысты терминдердің 
көлемі  70-80  пайызға  жетіпті 
40
.  Әсіресе,  дәл  ғылым,  техника 
салаларында  аударуға  болмайды,  аударуға  мүмкін  емес  деген 
сөздер  терминологиямыздың  қомақты  бөлігін  қамтиды.  Бұл 
туралы      Ш.  Құрманбайұлының: “Терминологиялық  сөздіктерге, 
ғылыми  әдебиеттер  мен  оқулықтарға  еніп,  қалыптасып  қалған  
мыңдаған    терминдердің  тағдырын  қалай  шешетініміз  қосымша 
қиындықтар туғызып отырған мәселенің бірі”- деуі негізсіз емес. 
Ал қазіргі уақытта  баспасөз бетінде шетелдік терминдерді жаппай  
аудару  бағыты  байқалады.  Мәселен:  диафрагма  -  көкет,  диета  - 
емдәм,  интервью/  диалог  -  сұхбат,  арбитр  -  төреші/араби, 
бартер - баспа-бас, брокер - делдал, гимн - әнұран, компетенция 
- құзырет, коэффициент - еселік, курс - бағам, прогноз - болжам, 
компенсация  -  өтем,  паталогия  -  зорығу,  анализ  - 
саралау/талдау, финансы - қаржы,  гипотеза - болжал, баланс - 
теңдестік,  асцит  -  іш  шемені,  гарантия  -  кепілдік/кепілдеме, 
устав  -  жарғы,  конвой  -  айдауыл,  протокол  -  хаттама, 
                                                 
40
 Қайдаров Ә. Тіл тағдыры өз қолымызда // Халық кеңесі. 1990, 7-13 
тамыз. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
197 
конституция  -  негізгі  заң,  юридическое  лицо  -  заңды  тұлға  / 
ұйым, экспертиза - сараптау, эйфория - масаттану/тоқмейілсу, 
резюме  -  түйін,  дизайн  -  әрлендіру/  аббаттандыру/көркейту, 
легализация - ресмилендіру   т.б.  
Құлаққа  алғаш  тосын  естілгенімен,  кейіннен  күнделікті 
тұрмыста  қолданыла  келе  үйреншікті  болып  кеткен  сөздерге 
сынып,  мәтін,  пайыз,  тікұшақ.  ұшақ,  сүдігер  (зябь),  кешен, 
мердігерлік,  бағдарлама,  тұғырнама,  айқындама  (позиция), 
гүлзар  сияқты сөздер жатады.     
Кейде  бұрыннан  қолданылып  жүрген,  жалпы  халыққа  түсінікті  де 
үйреншікті  сөздерді  жаппай  аударуға  салынып,  құлаққа  тосын  жасанды 
сөздер  алушылық  орын  алуда: редактор  - мұхартир, республика - 
жұмхұрият, стол - жозы, мавзолей - кесене (сағана),  материал 
- жадығат, конспект  - мұхтасар, волейбол  - тоспадоп, блузка  - 
нымша, юбка - белшалғы, белдемше, канализация - кәріс, капуста 
- орамкөк, картофель - ақтүйнек, душ - себезгі, аграрий - шаруа, 
цитадель  -  рабат,  лаборатория  -  зертхана,  клуб  -  сауықжай, 
климат  -  ықылым,  конституция  -  низам,  функция  -  уәзипа, 
ресторан  -  сыйхана  /мейрамхана,  сервант  -  асадал,  гардероб  - 
адалбақан, газета - үнқағаз, телефон - үнсандық, хоккей - салма 
таяқ,  сателлит  -  итаршы,  притча  -  тәмсіл    т.б.    Осы  сияқты 
көптеген  танымал  сөздерді  жасанды  аудару  принципін  немен 
түсіндіруге болады?  
Соңғы  он  жылдың  ішінде  қоғамымыздағы  болып  жатқан 
мәдени,  саяси,  әлеуметтік,  ғылыми-техникалық  жаңалықтарды 
белгілеу  үшін  соны  атаулар  -  жеке  сөздер  мен    сөз  тіркестері 
пайда  болды:  салық  (налог),  нарықтық  экономика  (рыночная 
экономика),  жал  (аренда),  мәртебе  (статус),  кепіл,  кепілдік 
(гарантия),  үрдіс  (тенденция),  заңды  және  жеке  тұлғалар 
(юридические  и  физические  лица),  сұхбат  (интервью),  делдал 
(маклер)  т.б. 
Тіліміздегі 
қосымшалар 
арқылы 
көптеген 
жаңа 
қолданыстар  жасалынды:  байқаушы  (наблюдатель),  орауыш 
(катушка),  отырыс  (заседание),  кепілдеме  (рекомендация),  контакт 
(түйіспе), орама (обмотка), әрлеу (отделка), айырғыш (разъединитель), 
ынталандыру  (стимулирование),  біріккен  сөздер  арқылы: 
жеделхат  -  телеграмма,  үнсандық  -  телефон,  үнқағаз  -  газета, 
әнұран  -  гимн,  ғаламшар  -  планета,  дәмқосар  -  приправа,  сыйақы  - 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
198 
премия,  шағынаудан  -  микрорайон,  тоқбасар  -  дессерт/закусочная    т.б.; 
сөздердің  тіркесуі  арқылы: нарықтық  экономика  -  рыночная  экономика, 
қума толқын - бегущая волна, лездік жылдамдық - мгновенная скорость, 
жантәсілім 
сатысы 

терминальная 
стадия, 
валюта 
тұрлаулылығы  -  устойчивость  валюты,  сөздердің  қосарлануы 
арқылы:  тәлім-тәрбие  - воспитание,  арыз-шағымдар  -  жалобы, 
қуғын-сүргін  -  репрессия,  іс-әрекет  -  акт,  тамыр-таныстық  - 
протекционизм т.б.     
Жаңа  ұғымдарға  балама  іздеуде  кейбір  қосымшалардың 
активтенгендігін байқауға болады: -ым/-ім (түсім - поступление, 
сұраным  -  спрос /  заявка,  тізілім  -  реестр,  тіркелім  -  прописка, 
түсім - профит, жарылым - разлом, салым - вклад, жарияланым 
- публикация, шағым - кассация, ұстаным - позиция, жеткізілім - 
поставка  т.б.);  -ғыш/-гіш,  -қыш/-кіш  (ажыратқыш  - 
выключатель, 
қозғағыш 
– 
двигатель, 
асқорытқыш 

пищеварительный,  талдағыш  -  анализатор,  қоздырғыш  - 
возбудитель,  реттегіш  -  регулятор,  қойылтқыш  -  сгуститель, 
анықтағыш  -  определитель,  тұрақтандырғыш  -  стабилизатор
т.б.);  -ма/-ме  (мазмұндама  -  коммюнике,  тізімдеме  -  опись, 
топтама - подборка, айқындама - позиция, аяқтама - концовка, 
лездеме - летучка, сынама - проба, түсініктеме - комментарий, 
дәлелдеме  -  аргументация,  сауалдама  -  вопросник,  жүктеме  - 
нагрузка  т.б.);  -нама  (тұғырнама/  мақсатнама  -  платформа, 
қасіретнама  -  трагедия  т.б.),  -лық/-лік  (дәйектілік  –  после-
довательность, 
өкілеттік 
– 
полномочие, 
делдалдық 

посредничество,  басымдылық  –  пререгатива,  мәмілегерлік  –
дипломатия,  қауымдастық  –  ассоциация,  даурықпалық  - 
демагогия,  төрешілік  -  арбитраж,  т.б.);  -ландыру/-лендіру 
(газсыздандыру  -  дегазация,  жекешелендіру  -  приватизация, 
тұрақтандыру - стабилизировать); -хана (дәмхана - кафе, қабылхана - 
приемная, зертхана - лаборатория, сүтхана - молочная  кухня, төрхана - 
усыпальница,  расытхана  -  обсерватория,  дыбысхана  -  фонотека, 
мәжілісхана /мәслихатхана - конференцзал, мәйітхана/ өлікхана - морг, 
ойынхана - игротека, т.б.);  -жай  сөзінің қосылуы  арқылы  (киімжай - 
гардероб,  сауықжай  -  клуб,  шешінбежай  -  раздевалка,  сұхбатжай  - 
сторожка,  ойынжай  -  стадион,  жылыжай  –теплица,  шипажай  –
санаторий  т.б.).  
"Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың тағы бір жолы калька 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
199 
тәсілі"  -деп    Ә.Қайдаров  көрсеткендей,  кейінгі  кезде  калькалау 
тәсілі арқылы тілімізге енген сөздердің саны күннен-күнге өсуде: 
текше - куб, ішкі үйкеліс (внутреннее трение), аяқдоп (футбол), 
бөлшек  сауда  (розничная  торговля),  сезгіштік  табалдырғыш 
(порог чувствительности), кәдімгі  сәуле (обыкновенный луч) т.б. 
Кейбір  шеттілдік  терминдер  суреттеме  тәсілімен  беріліп 
жүр:  аффидевит  -  ант  соңынан  жазбаша  дерек  беру, 
диверсификация - әр түрлі, жан-жақты даму, комитент - басқа 
адамға тапсырма, реэмиграция - шетелге  кеткендердің  қайта  
оралуы т.б.  
Кейде  қазақша  бір  сөз  бірнеше  ұғымдарға  атау  болып 
жүргені де кездеседі: аферист/мошенник - алаяқ, құбыр - труба/ 
трубопровод,  тежеуіш  -  супрессор/тормоз,  саралау  -  анализ, 
экспертиза,  тоқбасар  -  дессерт/закусочная,  үрдіс  -  процесс/ 
тенденция  т.б. 
Кейінгі кезде көнерген сөздерге айналып, таяу уақытқа дейін 
елеусіз  болып  қалтарыста  қалып  қойған  сөз  тұлғасы  мерзімді 
баспасөз  беттерінде қолданылып жүр:  зонд - сүңгі, барабан - дабыл, 
гвардия - сахаба, бассейн - һауыз, гардероб - адалбақан, климат - ықылым, 
устав - жарғы, киллер - жендет  т.б. Бұндай қайта жаңғырған сөздерге 
мердігер,  лайқат,  әмбебап,  сірне, наубай,  айлақ, сүдігер,  сарбаз, 
мехнат, лұғат, тәржіме  т.б.  сөздер жатады.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  кездесетін  дублет  сөздердің    көпшілігі 
жергілікті  сөйленістерде  қолданылатын  сөздер:  қонақ  үй/ 
мейманхана,  қала/шаһар,  төреші/қазы,  поселок/кент,  үлгі/ 
ғибрат,  маңдай/пешене,  хабаршы  /жаршы,  атақты/мәшһұр, 
ақын/шайыр  т.б.   
Сәтті  аудармалар  да  бар:  заказ  -  тапсырыс,  заявка  - 
сұраным,  компромисс  -  ымыра,  консенсус  -  бәтуа,  символика  - 
рәміз,  консерватор  -  керітартпа,  шантаж  -  бопса,  спонсор  - 
демеуші,  тормоз  -  тежеуіш,  таможня  -  кеден,  цитата  - 
дәйексөз,  хелпер  -  жәрдемші,  фасций  -  шандыр,  репатриант  - 
оралман  т.б. 
Бұлардың  ішінде  бірден  айналымға  еніп,  қазір  жаппай 
қолданыста    жүрген  делдал,  бағам,  көлік,  өтем,  өркениет, 
әмбебап, сұхбат, зейнетақы, ардагер, жарғы сияқты сөздер бар. 
Ал  сазгер  (композитор),  күйсандық  (пианино)  сияқтылар  әлі 
сіңісе алмай келеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
200 
Ең бастысы – орыс тілінің ықпалымен лексикалық қорымыз 
толығып келеді деген бұрынғы түсініктен арылып, лексикамызды 
молайтуда  тілдің  өз  ішкі    мүмкіндіктерін  пайдаланып  термин 
жасау үрдісі кең орын алуда. Өмірге толассыз еніп жатқан  жаңа 
ұғымдарға  жаңа  баламалар    іздеу,  бұл  жолда    олардың  бірнеше 
варианттарын  ұсынып, кейін  оның біреуін таңдап алу тәжірибесі 
етек  алуда.  Мұндай  тәжірибе  тіліміздің  тарихында    бұрын  да 
болған. Сонау 1920 жылдарда, яғни қазақ тілі орыс тілімен қатар 
мемлекеттік  тіл  болып  жарияланған  кезеңде  жаңа  кіріп  жатқан  
ұғымдарға  ана  тілінен  балама  іздеу  үрдісінде  де  осындай 
варианттылық жиі кездескен еді. Бұл – заңды құбылыс.  
Бұл  жағдайда  балама  ретінде  бұрын  тілімізде  болып,  
қолданыстан  шығып  қалған    немесе  жергілікті  қолданыс 
аясындағы  сөздерді қайта тірілту әрекеті де байқалды.  
Тілші қауымның алдындағы міндет – осы жаңа сөз тасқынын 
лингвистикалық тұрғыдан сараптап, өмірге икемді, тіл заңына сай 
келетіндерін    тіліміздің  лексикалық  қорына  енгізіп,    сөздіктерде 
көрсету. 
Лексиканың  алғы  шебінде  жүретін  терминологияны  заман 
ағымына  сай  түпкілікті  жетілдіріп,  бір  ғасырлық  тарихы  бар 
термин  шаруашылығын  бүгінгі  күн  талабына  сай  реттеу 
мемлекеттік  міндет  ретінде  қаралуы  керек.  Бұл  ыңғайда  үкімет 
мемлекеттік  тілдегі  терминдерді  тездетіп  әрі  сапалы  етіп 
қабылдауға мүдделік танытып отыр.  
Ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрлігі  жанынан 
Терминологиялық  сөздіктер  бас  редакциясы  құрылды.  Ол 
сөздіктер  сериясын  шығарудың  рет-жүйесін  анықтап,  термин 
сөздіктерінің  компьютерлік  қорын    жасауға  мұрындық  болуда. 
1998-2000  жылдарда  ғылым  салалары  бойынша  31  том  сөздік 
шығару  жоспарланған  еді.  Алғашқы  кітаптары  жарық  та  көрді. 
1999  жылы  Мемлекеттік  терминология  комиссиясының  жаңа 
құрамы мен ережесі бекітілді.  
Бағдарламаның ғылыми-лингвистикалық саласы бойынша да 
көрсетілген  жұмыстар  негізінен  орындалды.  «Қазақ  тілінің 
академиялық  грамматикасы»  3  кітап),  «Қазақ  әдеби  тілінің 
тарихы  (ХХ  ғасыр)»,  «Тіл  мәдениетінің  негіздері»  атты 
монографиялар, қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық  
сөздігі,  орысша-қазақша,  қазақша-орысша  сөздіктер  жарыққа 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
201 
шықты.  Тіліміздің  лексикалық  байлығын  толығырақ    көрсету 
мақсатында    қазақ  тілінің  15  томдық    түсіндірме  сөздік  түзіліп 
жатыр.  Бүгінгі күні оның алғашқы 4 томы жарық көрді.  
Мемлекеттік  тілдің  қоғам  өмірінің  барлық  саласында 
қолданылмай  келе  жатқанының  бір  себебі  –  демографиялық 
ортаның  бұзылуы.  “Тілімізді  қорғап,  сақтап,  дамыта  алатын 
бірден-бір  құдіретті  күш,  -дейді  белгілі  демограф  ғалым 
М.Тәтімов,  -  халқымыздың  демографиялық  өсімін  көтеру.  Тіл 
туралы  заңды  жүзеге  асыру    үшін  алдымен  демографиялық 
базаны  нығайтып  алу  керек...  Қазақтар  аз  тұратын  аймақтарда  
қазақтардың    арасалмағы  кем  дегенде    төрттен  бір  болмай    кез-
келген заң –  өлі заң”. 
Академик  Ә.Т.Қайдаровтың  “Тіл  өміріне  ауадай  қажетті 
тілдік 
ортаның 
қаыптасуына 
шешуші 
рөл 
атқаратын 
факторлардың  бірі  –  жеке  адамдар  мен  белгілі  әлеуметтік 
топтардың  тілге  деген  көзқарасы,  жауапкершілігі,  оған  қосқан 
нақтылы  үлесі.  Дәл  осы  орайда  қоғам  қайраткерлерінің,  әр 
дәрежедегі  мемлекеттік  қызметкерлердің  және  басқа  да  зиялы 
қауым  өкілдерінің    жеке  басының  үлгісін,  ана  тілі  алдындағы 
азаматтық  парызы  мен  перзенттік  борышын  сезіне  білуін 
парасаттылық  пен  мәдениеттіліктің,  адамгершіліктің    нышаны 
деп таныған жөн” деген пікірін қолдау қажет. 
Қазіргі  уақыттағы  терминжасамда  мамандардың  арасында 
бірнеше  пікір  орын  алғаны  белгілі.  Бір  топ  ғалымдар  ана 
тіліміздің  мүмкіндігін  сарқа  пайдалану  керек,  енді  бірі    мүмкін 
болғанынша бұрынғы терминдерді, жалпы шетелдік термин емес 
сөздерді  де  "естілуінше,  айтылуынша  жазу"  керек,  ал  үшінші 
біреулері бұрыннан тілімізде қалыптасып қалған жалпы халыққа 
түсінікті сөздерді сол қалпында қалдырған дұрыс деген пікірлер 
айтады.  Бұл  мәселе  туралы  Ө.Айтбаевтың:  "Тіл  дамуында, 
терминжасам  процесінде  көрініс  беріп  отырған  бұл  әрекеттерді, 
негізінен,  қуаттай  отырып,  интернационалдық  терминдердің  кез 
келгенін  ретті-ретсіз  аударуға  әуестенушіліктің  барлық  уақытта 
бірдей тиімді бола бермейтінін ескертеміз. Әрине, ана тілімізден 
мағынасы  дөп  түсіп  жатқан  баламасы  табылған  жердің  бәрінде 
бұл  принципті  ұстанып  отыру  лазым.  Ал  халқымыздың  тұрмыс, 
тіршілігінде,  іс-әрекетінде,  жазу-сызу  дағдысында  болмаған 
терминдік ұғымдарды сол бастапқы қалпында қабылдаған жөн"  - 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
202 
деген пікірі орынды айтылған деп есептейміз. 
Ғасырлар  тоғысында  ғаламдану  үдерісі  басталғалы  әлем 
халықтарының  тілін  ортақ  жүйеге,  ортақ  үлгіге  келтіру  үдерісі 
бірте-бірте өрістеп келе жатқаны белгілі.  Кейінгі кезде  тілдерде 
ортақ сөз қоры қалыптасуы мүмкін деген пікір орнығуда.   
Сондықтан ғаламдану үдерісінен бері тілімізде кірме сөздер, 
интернационалдық терминдердің саны өсе бастағаны байқалады. 
Өйткені  кез  келген  ұлт  тарихтың  қай  кезеңінде  болсын 
дүниежүзілік  қоғамдық  даму  үдерісінен  бөлек  өмір  сүре 
алмайтыны белгілі.  
Күнделікті 
ауызекі 
тілімізде, 
баспасөз 
беттерінде, 
жарнамаларда, дүкендердің маңдайшаларында көпшілік қауымға 
түсініксіз  кірме сөздер (дені ағылшын сөздері) қолданылып жүр. 
Мысалы:  секьюрити,  консалтинг,  паркинг,    провайдер,  ревю, 
жокей,  бодибилдинг,  стайер,  спринтер,  менеджер,  босс, 
тьютор,  аудитор,  круиз  пати,  грин-кард,  бойфрэнд,  ток-шоу, 
бедлам,  брейк-данс,  чип,  т.б.  терминдер  бұрынғы  қолданылып 
жүрген  сөздердің  синонимдік  қатарын  құрап,  тілімізге  ене 
бастады.  Мәселен,  күзетші  деудің  орнына  –  секьюрити, 
демалыстың орнына  – круиз, пати,  уик энд, фрэйшн,  есепші   – 
аудитор,  басқарма  –  менеджер,  тауарды  өткізуші,  тауарды 
жылжытушы – промоутер, культуризм – бодибилдинг, куратор, 
жетекші  –  тьютор,  т.б.  осы  секілді  ағылшын–американдық 
терминдерді  қолдану  қазіргі  кезде  тілімізде  бұрыннан  бар 
сөздердің  синонимдік  қатарларында  қызмет  етіп  жүргенін 
байқаймыз.  Жалпы  алғанда,  барлық    бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  да  осы  сияқты  шетел  тілін  білмейтін  қарапайым 
адамдардың    түсінбейтінін  елемей  пайдаланылып    жүрген 
жүздеген кірме сөздер мен терминдерді  кездестіруге болады. 
Терминдер  деп  аталатын  қазақ  тілі  сөздік  құрамындағы 
әлеуметтік–саяси,  мәдени  атауларды,  техникаға,  өнеркәсіпке 
қатысты    ұғымдарды  білдіретін  сөздер  бұл  салаларда  қызмет 
ететін адамдарға ғана түсінікті болады. Бірақ кейінгі кезде БАҚ-
та  көптеген  терминдер,  шетелдік    қала,  штат,  компания,  газет-
журнал,  т.б.  атаулар  ағылшын  тілінен  тікелей  алынып, 
ағылшынша  жазылып  жүр:  LNM  Holding,    Ispat  Internatonal,  
Mittal Style,  UNІDО әдістемесі, СОМҒАR, т.б. 
Компьютерлік 
ақпаратқа 
жататын 
терминдер 
де 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
203 
жарнамаларда,  көбіне,  латын  графикасымен  беріледі:    E-mail, 
notebook,  Internet,  Megalain,  MS  Office,  Photoshop,  Printshop, 
Microsoft Word,  т.б.   
Ал ауызекі тілде шетел сөздері ассимиляцияланып, ноутбук, 
пентиум,  принтер,  джойстик,  веб  сайт,  алгол,  файл,  хакер, 
геймер, прайс–лист  деп айту кездеседі.    
Дегенмен  ғаламдану  үдерісіне  қарама-қарсы  қойылған 
үдерісті  де  ұмытпаған  жөн.  Ол  –  әр  этнос  тілінің  өз 
ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесі.  
Сондықтан әр сала мамандары алдында мемлекеттік тілімізді 
халықаралық  деңгейге  көтеру  проблемасы  тұр.  Қазіргі  уақытта 
әдеби тіліміздің орфографиясын бір ізге салып, терминологиясын 
бір жүйеге түсіріп, термин жасауда ғылыми негізгі принциптерді 
белгілеу  ғалымдардың,  мамандардың  алдында  тұрған  кезек 
күттірмес мәселе екені сөзсіз. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Тәуелсіз Қазақстандағы қазақ әдеби тілінің сапалық дамуы 
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары  
 
Реферат тақырыбы: 
1.ХХ  ғ.  мен  ХХІ  ғасыр  тоғысындағы  әдеби  тілдің  стильдік 
тармақтарының  дамуындағы  сапалық өзгерістер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
204 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
Негізгі әдебиеттер:  
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992. – 448 б. 
2. Балақаев  М.,  Жанпейісов  Е.,  Томанов  М.  Қазақ  әдеби  тілінің 
мәселелері.  –Алматы,  1961;    Балақаев  М.,  Сыздықова  Р.,  
Жанпейісов  Е.  Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы.  –Алматы:  Мектеп, 
1968. –239 б.   
3. Балақаев  М.  Қазақ  әдеби  тілі  және  оның  нормалары.                               
–Алматы,1981.-183 б.  
4. Әуезов  М,  Қазақтың  әдеби  тілі  туралы  //  Әдебиет  және 
искусство, 1954, №4. 
5. Сыздықова  Р.    ХҮІІІ-ХІХ  ғ.ғ.  қазақ  әдеби  тілінің  тарихы.                    
–Алматы, 1984. 
6. Сыздықова  Р.    Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы.  –Алматы,  1993.                     
– 319 б. 
7.  Сыздықова  Р.  Абай  және  қазақтың  ұлттық  әдеби  тілі.  –
Алматы, 2004.  –614 б. 
8.  Абилхасимов  Б.  Казахский  литературный  язык  второй 
половины ХІХ века. –Караганда: КарМУ, 2007. – 221 с.  
9.  Әбілқасымов  Б.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
әдеби тілі.  –Алматы, 1982. –223 б. 
10.  Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі (Октябрь алды және 20-
30 жылдар).  –Алматы, 1968. –267 б. 
11.  Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы, 1996. –220 б.   
12.  Мажитаева  Ш.    ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ 
әдеби тілі.  –Алматы: Ғылым, 1999. – 192 б. 
13.  Мажитаева Ш.  ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілі. –
Қарағанды: ҚарМУ, 2004;  2007.  –233 б. 
14.  Мажитаева  Ш.,  Рапишева  Ж.Д.  Қазақ  тіліндегі  ғылыми 
стильдің қалыптасу тарихы. –Бішкек, 2006. –114 б. 
 
Қосымша әәдебиеттер: 
15.  Айтбайұлы Ө.  Қазақ сөзі. –Алматы: Рауан, 1997. –238 б. 
16.  Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского 
языка.  –Алматы,  1989. –224 б. 
17.  Әбілқасымов  Б.  Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілі,  –Алматы, 
1971. – 227 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
205 
18.  Әлкебаева  Д.  Қазақ  тілі  стилистикасының  прагматикасы.                  
–Алматы, 2005.  –265 б.  
19.  Белбаева  М.  Абай  дәстүрі  Сұлтанмахмұт  кестелерінде.                           
–Алматы // Семей таңы, 11 июль, №137.  
20.  Бисенғали З.Қ.  ХХ  ғасыр басындағы қазақ романы. –Алматы,  
1997.  –198 б. 
21.  Біләлов  Ш.  Ұлттық  ғылым  тілін  қалыптастырудың  өзекті 
мәселелері.   –Алматы, 1994.  –376 б. 
22.  Досмұхамедұлы Х.  Таңдамалы. –Алматы,  1997.  –383 б.  
23.  Дүйсембекова  Л.    Қазақ  ресми    іс  қағаздары.  –Алматы:  Ана 
тілі, 2005.   –208 б. 
24.  Жанпейісов  Е.  Абай  Құнанбаев  пен  Мұхтар  Әуезов  тіліндегі 
стильдік  кейбір  ортақ  өрнектер  //  Вестник  Академии    наук 
Казахской ССР, 1962, №11. 
25.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  бойынша  зерттеулер.  –Алматы,  1999.                   
–581 б. 
26.  Каримов  Х.  Бейімбет  Майлин  әңгімелеріндегі  эпитет,  теңеу 
және троп // Тіл және әдебиет мәселелері. –Алматы, 1963. 
27.  Кеңесбаев  І.,  Балақаев  М.,  Қайдаров  Ә.,  Сарыбаев  Ш.  Қазақ 
әдеби тілі тарихының  зерттелу жай мен міндеттері: Қазақ әдеби 
тілі тарихының проблемалары. –Алматы: Ғылым, 1987. 
28.  Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі.–Алматы:Ғылым,1987. 200 б. 
29.  Қайдари Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998. – 
303 б. 
30.  Қосымова  Г.  Қазақ  шешендік  өнерінің  негіздері.  –Алматы, 
2003. – 227 б. 
31.  Құрманбайұлы  Ш.  Қазақ  лексикасының  терминденуі.  –
Алматы: Ғылым, 1998. – 203 б. 
32.  Момынова  Б.  "Қазақ"  газетіндегі  қоғамдық-саяси  лексика.  –
Алматы: Арыс, 1998. –168 б. 
33.  Момынова  Б.    Газет    лексикасы.    Жүйесі    мен    құрылымы.  –
Алматы: Арыс, 2003. – 227 б. 
34.  Мырзахметов  М.  Қазақ  қалай  орыстандырылды.  –Алматы,  
1993. –127 б.  
35.  Сауранбаев  Н.Т.  Қазақ  тіл  білімі  проблемелары.  –Алматы, 
2002. –242 б. 
36.  Серғалиев  М.  Көркем  әдебиет  тілі.  –Астана:  Л.Н.Гумилев 
атындағы ЕҰУ, 2006. –368 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
206 
37.  Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. –Алматы: Санат, 1965.  
38.  Сыздық  Р.  Тілдік  норма  және  оның  қалыптануы.  –Астана: 
Елорда, 2001.– 229 б. 
39.  Шалабай  Б.  Қазақ  көркем  прозасының  тілін  зерттеудің 
ғылыми теориялық негіздері.  –Алматы,  1987. 
40.  Айқап. 
Құрастырушылар  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов.                    
–Алматы, 1995.   
41.  Қазақ. 
Құрастырушылар  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов.                      
–Алматы, 1998.   
42.  Қазақ  әдеби тілі. Сөздік.  –Астана, 2006.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
207 
МАЗМҰНЫ 
 
Алғы сөз 
 
 
 
 
 
                3 
 
КІРІСПЕ БӨЛІМ.  ӘДЕБИ  ТІЛДІҢ  ЖАЛПЫ  
СИПАТТАМАСЫ 
 
 
 
 
 
   6  
§ 1 Қазақ  әдеби  тілінің негізгі белгілері  
 
 
    6 
§ 2 Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы 
  16 
§ 3 Әдеби тілдің қызметі 
 
 
 
 
  19 
§ 4 Әдеби тілдің нормалары   
 
 
 
  21 
§ 5  Әдеби тілдің стильдік жүйесі 
 
 
 
  24 
§ 6  Қазақ әдеби тілінің қалыптасу жолы мен даму  
кезеңдері 
 
 
 
 
 
 
  28 
 
ІІ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ  
МЕН АРНАЛАРЫ 
 
 
 
 
 
  34 
§1. Қазақ әдеби тілінің  қалыптасып, даму тарихы   
  34 
§2. Қазақ әдеби тілінің тарихи арналары 
 
 
  39 
 
ІІІ.  ХҮ-ХVIIІ  ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ  
  46 
§ 1 ХҮ-ХVII   ғасырлардағы қазақ әдеби тілін  
сипаттайтын нұсқалар  
 
 
 
 
  46 
§ 2. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі  
 
 
  50 
§ 3. ХVІІІ ғ. қазақ тілін сипаттайтын нұсқалар 
 
  52 
§4. ХVІІІ ғ. ІІ  жартысындағы қазақ әдеби тілінің  
лексикалық құрамы  қазақ тілінің төл лексикасы 
 
  54 
§5. Араб-парсы элементтері   
 
 
 
  58 
§6. Орыс  сөздері 
 
 
 
 
 
  60 
§7. Архаизмдер 
 
 
 
 
 
  61 
§8. Сөз тудыру тәсілдері мен грамматикалық  
ерекшеліктері   
 
 
 
 
 
  61 
§9. Фразеологиялық тіркестер  
 
              
  64 
§10. ХVІІІ ғасыр мен XIX ғасырдың  І жартысындағы 
эпистолярлық нұсқалардың тілі   
 
 
 
  64 
 
ІІІ.   XIX  ҒАСЫРДЫҢ  І  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ   
ӘДЕБИ  ТІЛІ   
 
 
 
 
 
  70 
§ 1. Қоғамдағы  саяси, әлеуметтік-экономикалық  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
208 
жағдайлардың   қазақ әдеби тіліне әсері 
 
 
  70 
§ 2. XIX  ғасырдың  І жартысындағы әдеби тілдің лексикасы  73 
 
ІҮ. XIX  ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ   
 
 
 
 
 78 
§1.  Ескі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы 
 
 80 
§2. Қисса  аталған  әдебиеттің  әдеби тілдегі  орны   
 82 
§3.  Қоғамдық-публицистикалық стильдің пайда болуы  
 84 
§4. Қазақтың жаңа жазба  әдеби тілін қалыптастырудағы қазақ  
 ағартушыларының қызметі   
 
 
 
 86 
 
Ү.    XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ  ӘДЕБИ ТІЛІ  
 
 91 
§1. XX ғасырдың бас кезіндегі (1900-1920) қазақтың жазба  
әдеби тілі 
 
 
 
 
 
 
 91 
§2. Ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар   
 92 
§3. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар   96 
§4. XX ғасырдың басындағы көркем әдебиет стилінің  
жетіліп, жанрлық жағынан дамуы 
 
 
 
 99 
§5. Түркі әдеби тілі дәстүрін сақтаған әдебиет 
 
100 
§6.  Ыбырай, Абай дәстүрін дамытқан әдебиет 
             106 
§7.  Көркем әдебиет тілінің лексикалық құрамы 
  
109 
§8.  ХХ ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз 
114 
§9. Мерзімді баспасөз беттеріндегі кейбір грамматикалық   
 ерекшеліктер   
 
 
 
 
 
120 
§ 10.  Ғылыми-көпшілІк әдебиет тілі жайында 
 
125 
§ 11.  Ресми  іс қағаздары стилінің кейбір көріністері  
129 
 
ҮІ.   1920-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 96         137 
§1. 1920-30 жылдардағы  саяси-әлеуметік жағдай 
 
137 
§2.  Әдеби  тілдің нормалану, стильдерінің саралану  
үрдісі   
 
 
 
 
                          140 
§3. Жазу жүйесін жетілдіру мәселелері 
 
 
142 
§ 4. Қазақша ғылым тілін дамытудағы  А.Байтұрсыновтың  
орны   
 
 
 
 
 
 
152 
 
ҮІІ.  1940-50  ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ             157 
§ 1.  40-жылдардағы тіл саясаты 
 
 
             157 
§ 2.  Терминжасам мәселесі    
 
 
             161 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
209 
 ҮІІІ. 1960-80  ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ             166 
 § 1. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің  тарылу себептері     166 
 § 2. Қазақ әдеби тілінің лексикалық байлығын  
 толықтырудағы  көркем әдебиеттің қосқан үлесі 
              174  
 § 3. 1960-80 жылдардағы баспасөз тілі дамуындағы  
негізгі факторлар        
 
 
 
 
 181 
 §4.Ғылым тілі мен стилінің дамуына кері әсер еткен  
 кейбір жағдаяттар      
 
 
 
 
 187 
 
ІХ. 1990  ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИ ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ 
ЖАҢА ҮРДІС  
 
 
 
 
 
 193 
§1. Қазақ тілі – мемлекеттік тілі    
 
 
              193 
§2. Тілдегі жаңа қолданыстар   
 
 
              195 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 204 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет