Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§1. 1920-30 жылдардағы  саяси-әлеуметік жағдай



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos

§1. 1920-30 жылдардағы  саяси-әлеуметік жағдай 
 
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  2-3  жылға  созылған  азамат 
соғысының дүрбелеңі мен шырғалаңы қазақ жеріне де зор зиянын 
тигізіп,  елді  үлкен  күйзеліске  ұшыратты.  Тек  1920  жылы  ғана 
халық еңсе көтеріп, бүлінген шаруасын қалпына келтіріп, дербес 
ел  болу  жолын  ойлай  бастады.  Қазақтың  алдыңғы  қатарлы 
оқығандарының,  әсіресе  Алаш  ардагерлерінің  табанды  талабы 
нәтижесінде  1920  жылы  Қазақстан  автономиялы  республика 
болып жарияланды.  
Елдің  бүлінген  шаруасын  қалпына  келтіру,  ашаршылықпен 
күрес,  елді  басқару  жүйесін  қайта  құру  сияқты  экономикалық 
және  әкімшілік  шаралармен  қатар,  жас  үкіметтің  бірінші 
кезектегі  қолға  алған  шаруасы    –  сауатсыздықты  жою  мәселесі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
138 
болды. Ол үшін патшалық Ресей кезінде сөйлеу тілі дәрежесінен 
аса  алмаған  қазақ  тілін  өмірдің  барлық  саласына  қызмет  ететін 
тілге айналдыру қажет болды. Осы мақсатпен 1923 жылы қараша 
айында  тіл  туралы  тұңғыш  декрет  қабылданды.  Онда  қазақ  тілі 
орыс  тілімен  қатар  мемелекеттік  дәрежеге  ие  болып,  мемлекет 
тілі боп жарияланды.  Декретте көрсетілгендей, мемлекеттік және 
қоғамдық  мекемелерде,  ұйымдарда  іс  қағаздарын  орыс  тілімен 
бірге қырғыз (қазақ) тілінде де жүргізу көзделеді. Ана тіліміздің 
қолдану аясы кеңіді. Қазақ тілінің жан-жақты дамып, арта түсуіне 
байланысты  ол  күнделікті  саяси,  мәдени,  ғылыми,  үгіт-насихат 
жұмыстарында, оқу-ағарту ісінде кең қолданылатын болды. Қазақ 
тілінде  іс  қағаздарын  жүргізу  жұмысы  қолға  алынды.  Қазақ  тілі 
барлық  бастауыш,  орта  мектептерде,  жоғары  дәрежелі  оқу 
орындарында  оқытылатын міндетті тіл болды. Қaзақ  тілін қазақ 
оқушыларымен  бірге  республикамыздағы  орыс  және  басқа  ұлт 
оқушылары  да  оқитын  болды.  20-30-жылдарда  қазақ  тілі 
білімпаздарының,  қазақтың  оқыған  азаматтарының  алдында 
халықтың  сауатын  ашуға,  жастарға  жүйелі  білім  беруге  қажетті 
оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жасау,  сол  кезде    қолданылып 
келген  араб  әліпбиін  жетілдіріп,  жаңа  емле  ережелерін  түзу, 
термин қабылдаудың принциптерін айқындау, сөйтіп әдеби тілдің 
фонетикалық,  грамматикалық  нормаларын  тұрақтандыру  тәрізді 
сан салалы міндеттер тұрды. 
Егер  Қазақстанда  1900  жылы  797,  1911  жылы  1246  мектеп 
болса, 1921 жылы  1911 жылмен  салыстырғанда мектеп  саны  екі 
есе көбейді. 
Дегенмен,  сауатсыздар  саны  әлі  де  жоғары  болды,  мәселен, 
1924  жылы  сауатсыздар  саны  84,5  пайыз  болса,  1926  жылғы 
санақ бойынша Қазақстанда хат танымайтын 14 жастан 16 жасқа 
дейінгі ересек балалардың 72% -ы хат танымайтын. 
Бұл  кезде  мектептерді  тиісті  оқу  құралдармен,  әдістемелік 
нұсқау,  бағдарлама,  көмекші  құралдармен  қамтамасыз  ету  жайы 
да тым төмен деңгейде болды. 
Республикада  мұғалімдер  даярлайтын  курстар,  педагогтік 
техникумдар ашылып жатты. 
1927 жылы  қазақтың    драма  театры  ұйымдастырылды.  1928 
жылы  Қазақ  мемлекеттік  университеті    ашылды,  онда  алғашқы 
кезде  бірнеше  бөлімі  бар  бір  ғана  факультет  жұмыс  істеді, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
139 
жатақханасы жоқ болды. Студенттердің 60 пайызы қазақ жастары 
болды.  
Отызыншы  жылдардың  аяғында  Қазақстанда  16  жоғары 
дәрежелі оқу орындары болды, онда 6 мыңдай адам оқыды. 
Мерзімді  баспасөз  беттерінде  берілген  мәліметтерге 
қарағанда,  жоспар  бойынша  1932  жылдың  бірінші  қазаны 
«жаппай  сауаттанудың  ақтық  мерзімі»  деп  белгіленсе  де, 
отызыншы  жылдардың  аяғында  халықтың  тек  65  пайызы  ғана 
сауатты болды. 
Республикада  баспа  жұмысы  дамыды.  Республиканың  сол 
кезіндегі  орталығы  Орынборда  Қазақстан  баспасы  құрылды. 
Қазақстанның  губерниялық,  ірі  қалаларында  баспаханалар 
ашылды. Сонымен қатар Мәскеуде, Қазанда, Ташкентте қазақша 
кітаптар  шығару  жұмысы  ұйымдастырылды.  1921-27  жылдары 
қазақ  тілінде  272  кітап  басылып  шықса,  1937  жылдың  аяғында 
дейін  жаңа  әліпбимен  409  түрлі  6  млн.  829  мың  дана  кітап 
басылып шықты. Республикада осы кезде 1334 кітапхана жұмыс 
істеді. 
1920-30  жылдардағы  мерзімді    баспасөз  беттерінде  ең  көп 
талас,  әр  қилы  пікір  туғызған  мәселе  –  әліпби  туралы  мәселе 
болды.  
Сол 
жылдары 
баспасөз 
беттерінде 
жарияланған 
мақалалардың  енді  бір  тобы  термин  қабылдау  принциптерімен 
байланысты еді. 1920 жылдары  термин алудың ғылыми негізі әлі 
айқындала  қойған  жоқ  еді.    Сондықтан  жаңа  терминдерді  көп 
жағдайда    ғылымның  әр  саласынан  ана  тілінде  жазыла  бастаған 
мектеп 
оқулықтары 
авторларының, 
аудармашылар 
мен 
журналистердің өздері жасауға мәжбүр болды. 
Төңкерістен  кейінгі  10-15  жылда  мәдениет,  ғылым-білім, 
әдебиет  саласында  қол  жеткен  жетістік  30-жылдардың  аяғына 
қарай өзінің өсу, даму қарқынын сақтай алмады. Партияның ұлт 
республикаларын дамытудағы бұрынғы ұстанған саясаты өзгерді, 
енді  олардың  өзіндік  саясат  жүргізіп,  өз  экономикасы  мен 
мәдениетін дербес басқару мүмкіндігі тежелді, барлық әкімшілік 
басқару  жүйесі  бір  адамның  яғни  И.В.Сталиннің  шексіз  билік 
жүргізуіне соқтырды, оның жеке басына табыну үрдісін туғызды. 
Партияның 
1934 
жылғы 
XVII 
сиезінде 
жасаған 
баяндамасындағы  Сталиннің  «социализм  жолымен  ілгері  басқан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
140 
сайын  тап  күресі  күшейе  түседі»  деген    тезисі  «теориялық 
бағдар»  ретінде  басшылыққа  алынып,  жергілікті  жерлерден  тап 
жауларын  тауып,  оларды  әшкерелеу  науқаны  қолға  алынды. 
Орталықтан басталған бұл науқанның Қазақстандағы жаңғырығы 
тым  күшті  болды.  Ең  алдымен,  алғашқы  соққыға  «ұлтшылдар», 
яғни  бұрынғы  «Алаш»  партиясының  мүшелері  мен  оны 
қолдаушылар  тап  болды.  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 
М.Тынышбаев, Жанша және Хәлел Досмұхамедовтар, Ә.Ермеков, 
Ж.Аймауытов т.б. қуғындауға алдымен ұшырады. 
Одан  сәл  кейін  1937-38  жылдары  «халық  жаулары»  деген 
ешбір  дәлелсіз  сорақы  айыптаумен  республикада  кеңес  өкіметін 
өз  қолдарымен  орнатқан  жоғарғы  партия,  кеңес  қызметкерлері, 
ғылым  мен  әдебиет,  өнердің  көрнекті  қайраткерлері  жазықсыз 
жазаға  тартылды.  Бұл  науқанның  қасіретіне  110  мың  зиялы 
ұшырап,  оның  27  мыңнан  астамы  атылып  кеткен.  Бұл  орны 
толмас  қасіреттің  Қазақстан  экономикасы  мен  мәдениетіне,  
ғылым-біліміне,  әдебиетіне,  халықтың санасына  тигізген  зиянды 
әсерін ешнәрсемен өлшеуге болмас еді. 
Қазақтың зиялы қауымының бас көтерген өкілдері айдалып, 
атылып  кеткеннен  кейін  әдебиетіміз  бен  ғылымымыз, 
мәдениетіміз  бен  білім  салалары  біраз  тоқырап  қалды.  Әдеби 
тіліміздің  де  тынысы  тарылып,  қоғамдық  қызметі  шектеле 
бастады. Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқытуға 
баса    көңіл  бөлінді.  Ал  орыс    мектептерінде,  керісінше,  қазақ 
тілін міндетті оқытудан босату туралы жарлық шығарылды. 
Тіл  туралы  тұңғыш  декрет  жиырмасыншы  жылдардың 
басында  қабылданып,  онда  қазақ  тілі  орыс  тілімен  қатар 
мемлекеттік  тіл    болып  жарияланса  да,  отызыншы  жылдардың 
екінші жартысында қазақ тілі тағдыры дағдарысқа душар болды. 
Қазақ тілі ресми тіл болу, ғылым тілі болуы осыған байланысты 
оқу-оқыту тілі болу қызметінен біртіндеп айрыла бастады. 
 
§2.  Әдеби  тілдің нормалану, стильдерінің саралану үрдісі 
 
Қазақ  әдеби  тілі  лексикасын  нормаландыру  әрекеттері  20-
жылдары  қолға  алынса  да,  ол  өте  баяу  жүргізілді.  Оның  үстіне 
қазақ тілінің қоғамдық қызмет аясы әлі тар еді. Қазақтың ғылыми 
тілінің,  яғни  ғылыми  стильдің  дамуына  қазақта  ғылыми-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
141 
техникалық  әдебиеттердің  аздығы  үлкен  кедергі  келтірді.  Бұл 
кезеңде  оқулықтар,  негізінен,  орыс  тілінен  аударылды,  ол 
аудармаларда  көптеген  кемшіліктер  жіберіліп,    оқушылардың 
түсінуіне ауырлық келтірді. Дегенмен ғылыми стильдің дамуына 
марксизм-ленинизм 
классиктерінің 
шығармалары 
мен 
оқулықтардың  қазақ  тілінде  көп  тиражбен  басылып  шығуының 
едәуір маңызы болды. 
Қазіргі  тіліміздегі  көптеген  терминдер  бірден  осы  күйінде 
жасалынып, қолданыс  тапқан жоқ.  Алғашқы  оқу-педагогикалық, 
ғылыми-техникалық  салалардың  терминдері,  негізінен,  20-
жылдары жасалына бастады. Термин жасауда нақты принциптер  
болмағандықтан,  әркім  терминді  өз  бетінше  жазды.  Осы  кездегі 
термин  жасаудағы  негізгі  көзделген  мақсат  олардың  қалың 
бұқараға түсінікті болуы еді. 
Алайда, 
20-жылдардың 
басында 
термин 
жасау 
ұстынымдарының  ғылыми  негізі  сараланып,  жүйелене  қойған 
жоқ еді. Бұған, әрине, білікті маман кадрлардың жоқтығы үлкен 
кедергі болды. 
Өз  кезінде  Ы.Алтынсарин  қазақ  тілінің  грамматикалық 
терминдерін  жасауда  ана  тіліміздің  бар  мүмкіншілігін 
пайдаланудың  үлгісін  көрсеткен  еді.  Ахмет  Байтұрсынов  қазақ 
тіл  білімінің  қазақ  тілінде  өрбуіне,  зерттелуіне,  оның  қазірде 
қолданылып жүрген ғылыми терминдерінің қалыптасып дамуына 
үлкен  үлес  қосты.  Оның  термин  алуда  ұстанған  принципінің 
дұрыстығына – ол жасаған терминдердің әлі күнге дейін тілімізде 
қолданыс тауып жүргендігі дәлел 
33

А.Байтұрсынов лингвистикалық терминдерді жасауда негізгі 
екі  принципті  ұстанған,  бірі  –  ана  тіліміздің  бар  мүмкіндігін 
барынша сарқа пайдалану, екіншісі – өзге тілдерден, әсіресе орыс 
тілінен әдеби тілдің дамуына керекті, жаңа ұғымды белгілеу үшін 
қажетті атау сөздерді алудан қашпау
34
.  
Егер  отызыншы  жылдардың  ортасына  дейін  термин  сөздер 
аударылып  алынса,  отызыншы  жылдардың  ортасынан  бастап 
советизмдер  мен  интернационалдық  терминдер  сол  қалпында 
аударылмай қабылданды. 
                                                 
33
  Айтбайұлы  Ө.  Қазақ сөзі.  Алматы: Рауан,  1997. -238 б.  
34
 Құрманбайұлы Ш.  Қазақ  лексикасының терминденуі. Алматы,1998.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
142 
1920-30  жылдары  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында 
қалыптасқан көркем әдебиет, ғылыми-публицистикалық, ресми іс 
қағаздар стильдері одан әрі жүйелініп дамыды. 
20-жылдары  қазақша  ғылым  тілінің  дамып  қалыптасуына 
мерзімді  баспасөздің,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының, 
сөздіктердің  тигізген  әсері  зор.  Ғылымның  әр  түрлі  саласына 
жататын  терминдер  мерзімді  баспасөз  бетерінде  жарияланып 
тұруы  арқасында  бір  жүйеге  түсіп  тұрақтала  бастады.  Мәселен, 
қазақша ғылым тілін жасау мен қалыптастыру ісімен 20-жылдары 
Қазақ АССР Оқу Комиссариаты, оның жанындағы Академиялық 
Орталық (Акцентр) шұғылданды. 
Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми-көпшілік стильдері 
дамыған  сайын  терминдер  тұрақталып  орныға  бастады.  Сол 
кезеңдегі  терминология  саласында  істелінген  жұмыстардың 
қазіргі  терминологияның  қалыптасып  дамуына  алғышарт 
болғандығы белгілі. 
Көркем  әдебиет  стилі  әрі  қарай  дамыды,  әдебиетте  бұрын 
болмаған  роман,  повесть,  драматургия,  сын  жанрлары  пайда 
болып, әдеби тілдің арнасын кеңейтті. 
Осы  жылдары  баспасөз  бетінде  көбірек  көрінген, 
шығармалары жарияланып  тұрған  ақын-жазушылар:  И.Байзақов, 
А.Тоқмағамбетов, 
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, 
Б.Майлин, 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев т.б. болды. 
Жиырмасыншы-отызыншы  жылдары  Пушкин,  Л.Толстой, 
Крылов,  Гоголь,  Горький  тағы  басқалардың  шығармалары  қазақ 
тіліне аударылды. 
Бұл  кезеңдегі  ресми  іс  қағаздарының  тіліне  тән  құбылыс  – 
бір  мағынаны,  ұғымды  атау  үшін  бірнеше  синонимдердің, 
вариант 
сөздердің 
қолданылуы 
болды: 
арыз-өтініш, 
хабарладыру-құлақтандыру,  жоспар-план,  үзіліс  –демалыс-
тыныс, құқ- құқық-қақы- право;  
 
§3. Жазу жүйесін жетілдіру мәселелері 
 
Қазақ  халқы  өзге  түркі  халықтары  сияқты  4-5  ғасыр  бойы 
араб жазуын пайдаланды. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қана  қазақ 
оқығандары,  оның  ішінде  Ыбырай  Алтынсарин  тәрізді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
143 
ағартушылар,  қазақтың  ұлттық  жазба  әдеби  тілін  қалыптастыру 
үшін  оның  дыбыстық  жүйесін  дұрыс  бере  алатын  жаңа  әліпби 
қабылдауды  не  осы  жазуды  біраз  жетілдіруді  күн  тәртібіне  қоя 
бастады.  Бірақ  бұл  мәселе  көп  уақыт  бойы  өз  шешімін  тапқан 
жоқ. 
Тек  А.Байтұрсынов  1910  жылдардан бастап  араб жазуының 
таза  сол  күйінде  қазақ  тілі  үшін  қолайлы  еместігін  байқап,  оны 
қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесіне  икемдеп,  қайта  түзуді  қолға 
алады.  Бұл  туралы  пікірлерін  ол  1912  жылдан  бастап  «Айқап» 
журналы  мен  «Қазақ»  газетінің  беттерінде  білдіре  бастайды. 
Оның  жобасы  бойынша,  араб  әліпбиіндегі  қазақ  дыбыстарын 
білдірмейтін  кейбір  басы  артық  таңбаларды  шығару,  сөздің 
түгелдей  жіңішкелігін  білдіру  үшін  оның  алдына  дәйекші 
таңбасын  қою  ұсынылады,  қазақ  тіліндегі  ы,  е,  и,  о,  ұ,  ү,  
дыбыстарының әрқайсысына жеке таңба белгіленеді. 
Дегенмен,  А.Байтұрсынов  реформалаған  қазақ  графикасы 
ресми түрде тек 1924 жылы ғана Орынборда өткен қазақ-қырғыз 
білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қабылданды. 
1924  жылы  Орынборда  өткен  қазақ-қырғыз  білімпаздарының 
тұңғыш  сиезінде  қазақ  жазуының  негізінде  қандай  әліпби 
қолайлы  деген  мәселенің  төңірегінде  қызу  айтыс  болды.  
А.Байтұрсынов  әліпби  жайында  баяндама  жасап,  онда  ол: 
"Жақсы әліппенің қасиеттері жылдам жазылу, баланы оқытқанда 
әріптерінің  бөлек-бөлек  оңаша  тұрып  көзге  түсуі,  жазбасына 
баспасының  ұқсастығы.  Қазіргі  қазақ  әліппесінен  жер  үстінде 
жақсы  әліппе  жоқ.  Латыннан  анағұрлым  артық  әліппеміз 
тұрғанда, босқа латыншыл болудың қажеті не? Латынның керегі 
жоқ...  Латынды  ауызға  алу  еріккендік...  Латынды  орыс  халқы 
алмағанда 
біз 
неге 
аламыз? 
Әріпке 
қызығып 
бүкіл 
мәдениетімізден  айырылып  қаламыз  ба?  Латынның  кемшілігі  – 
кейбір  әрпінің  үш-төрт  түрлі  жазылуы,  басқанда  қосылып 
кететіндігі" - дейді /ЕҚ., 1924, 2 шілде/. 
Сөзінің  соңында  ол:  «....жаңа  әріпке  көшеміз,  латын  әрпін 
аламыз деген әңгімені біржола доғару керек» деген үзілді-кесілді 
ұсынысынан  кейін  Қазақстанда  латын  әліпбиіне  көшу  туралы 
қозғалыс бірсыпыра уақыт кең өріс ала алмады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
144 
Бірақ  сол  тұстағы  орталық  басылымдарда  және  түркі  баспа 
сөзінде  араб  графикасын  тастап,  латын  алфавитіне  көшу  туралы 
пікірлер, ұсыныстар да бел ала бастады.  
Жиырмасыншы  жылдары  араб  жазуын  жетілдіру  не  өзге 
графикаға алмастыру мәселесі тек жалғыз Қазақстанда ғана емес, 
бүкіл түркі тілдес республикалар көлемінде қозғалды. 
Москвада  "Жаңа  алфавит  жөніндегі  орталық  комитет" 
құрылып,  түркі  халықтары  жазуын  латын  графикасына  көшіру 
туралы  жоспарлы  жұмыс  жүргізді.  Қазақстанда  да  сондай 
комитет жұмыс істеді. 
"Жизнь  Национальностей"  деген  орталық  журнал  бетінде 
жиырмасыншы  жылдардан  бастап  араб  алфавитін  тастап,  латын 
графикасын  алу  мәселесі  көтерілді.  Алфавит  өзгерту  туралы  әр 
түрлі  көзқарастар  болды.  Мақала  авторлары  екі  алфавитті 
ұсынды:  бірі  -  латын  графикасы  негізінде  жасалған  алфавит  те, 
екіншісі - орыс алфавиті. 
Түркі тілдес республикаларда, оның ішінде ең бірінші болып 
Әзірбайжанда  1922  жылы  "Латын  әліппесін  жүзеге  асыратын 
комитет"  құрылды.  Бұл  комитет  латын  алфавитімен  тиісті 
әдебиеттер  шығара  бастады.  Комитеттің  қалауы  бойынша 
Әзірбайжандағы  кейбір  мектептерде  латын  алфавитімен  сабақ 
жүргізілді.  
Қазақстанда  әліпбиді  өзгерту  мәселесінің  қайта  көтеріліп, 
шешуші  бағыт  алуына  1926  жылы  Баку  қаласында  өткен  I 
Бүкілодақтық түркология сиезінің тигізген ықпалы зор болды. 
Сиезде  басқа  мәселелермен  қатар  негізгі  мәселе  ретінде  күн 
тәртібіне  түркі  халықтарының  жазуы,  емленің  негізгі  принципті 
мәселесі  қойылды.  Бұнда  сиезд  делегаттары  екіге  бөлініп,  бірі 
бұрыннан қолданылып келе жатқан араб графикасын реформалап 
қолдануды  жақтаса,  екінші  тобы  араб  жазуын  тастап,  латынға 
көшуді  ұсынды.  Бұл  мәселе  төңірегінде  қызу  айтыс,  пікір-
таластар  болды.  Араб  алфавитін  қолдаушы  Қазақстаннан  барған 
өкілдер:  А.Байтұрсынов,  Елдес  Омаров,  Біләл  Сүлеев,  Әзиз 
Байсейітов, татар ғалымдары Алпарұлы мен Ә.Шараф. Араб пен 
латын  әріптерін  салыстырып  артық-кем  жақтарын  сипаттап 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
145 
көрсетіп, арабтікін тастап, латындікін алуға түк себеп жоқтығын 
айтқан,  жан-жақты  жасалған  баяндама  Ә.Шарафтікі  болды.  Ол: 
"... біздер сөз қылып отырғанымыз - "әліпби қалау" мәселесі емес, 
"әліпби  алмастыру"  мәселесі,  "әліпби  қалау"  деген  мен  "әліпби 
алмастыру" деген екеуі бір емес", - деп ашық айтады.  
Арабшылдардың  келтірген  дәлелдеріне  қарамай,  латын 
графикасына  көшуді  үкімет  орындары  белсене  қолдағандықтан, 
сиезд көпшілік дауыспен латын жазуына көшуді ұсынады. 
3-4  жылға  созылған  республика  баспасөзі  бетіндегі  айтыстың 
қорытындысы  1927  жылы  әуелі  Ташкентте,  одан  соң 
Қызылордада  өткен  жазу  (графика)  мәселесіне  арналған 
конференцияларда талқыланады. 
Жаңа  алфавит  жөніндегі  үкімет  комиссиясы  конференция 
материалдарымен 
жалпы 
жұртты, 
халықты 
таныстыру 
мақсатында оны "Әліппе айтысы", "Жаңа әліппе жолында" деген 
атпен  1927  жылы  жеке  кітапшалар  етіп  бастырып  шығарады. 
Алайда  бұл  кітапшалар  кейіннен  ондағы  баяндама  жасап,  сөз 
сөйлеген  адамдардың  көпшілігіне  "халық  жауы"  деген  негізсіз 
айыптау  тағылуымен  байланысты  ұзақ  жылдар  бойы  жұрт 
көзінен таса кітапханалардың "жабық қорында" жатты. Еліміздегі 
қайта құру, жариялылық процестерінің арқасында бұл кітапшалар 
көпшілік  қауымның  қолына  тиді.  Дегенмен  олар  өз  кезінде араб 
графикасымен  басылғандықтан,  бүгінгі  оқушының,  әсіресе 
жастардың, оқуына үлкен қиындық келтіретінін ескеріп, "Әліппе 
айтысы" 
деген 
кітапшаны 
қазіргі 
графикаға 
түсірдік 
/Қарағанды,1990/.  Кітапты  қайта  шығарудың  тағы  бір  себебі  - 
оқырман қауым сол тұстағы араб және латын жазуын жақтап, не 
қарсы шығушылардың пікірлерін оқып, екі алфавиттің артық-кем 
жақтарына  өздерінің  көзі  жетсін  деген  ой  болды.  Бұл  кітапшада 
Ә.Байділдаұлының  "Қазаққа  араб  әліппесін  тастап,  латын 
әліппесін алу керек" деген баяндамасы мен оны жақтап, не оған 
қарсы  шығып  сөйлеген  адамдардың  сөзі  жинақталған.  Айтысқа 
қатысушылардың 
ішінде 
араб 
әрпін 
жақтағандары: 
А.Байтұрсынов,  І.Ахметов,  Е.Омаров,  Ә.Байтасов  т.б.,  ал  латын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
146 
алфавитін жақтағандары: Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанов, Ә.Ермеков 
т.б. 
Арабшылардың  араб  графикасын  жаңа  түркі  (латын) 
графикасымен  салыстырғанда  пайдалы  жағы  деп  келтірген 
дәлелдері: 
1/  араб  алфавиті  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін  дәл  бере 
алады; 
2/ араб алфавиті оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы; 
3/ өнер құралдарына орнатуға қолайлы; 
4/ көзге көркем көрінеді; 
5/  араб  әрпімен  жазғанда  қол  сағат  тілінің  бағытымен  бірдей 
оңнан солға қарай жүреді; 
6/  жазу  машинасына,  баспа  машиналарына  орнатуға  араб 
алфавитінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық. 
А.Байтұрсынов  баяндамасында:  "Латын  әрпінің  араб  әрпінен 
көзге  көрініп  тұрған  артықтығы,  бадырайып  тұрған  пайдасы 
болса екен. Онда ел көңілденіп, әсіресе сауаттылары көңілденіп, 
қолдап,  жебеп,  көтермелеп  бірдеме  етер  деп  дәмеленер  едік. 
Ондай  артықшылығы,  пайдалығы  жоқ.  Қайта  араб  әрпінен  гөрі 
толып жатқан кемдігі, кеселдігі бар" - дейді. 
Ал  латын  алфавитін  жақтаушылар  араб  әрпі  сауат  ашуға, 
оқуға, жазуға қиын, себебі: 
1/ бір әріптің 4 түрі бар; 
2/ араб әрпінің көбі бір түсті; 
3/  жазу  оңнан  солға  қарай,  ал  цифрлар  солдан  оңға  қарай 
жазылады.  Бұл  -  жазуда  да,  баспа  жұмысында  да  қиыншылық 
тудырады. 
4/  ғылыми  кітаптарда  (алгебра,  геометрия,  физика  т.б.)  пән 
белгілері латын әрпімен жазылады, араб әрпі бұған жарамайды; 
5/ араб әрпі нотаны жазуға да жарамайды; 
6/ араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: 
теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі. 
Ахмет  Байтұрсынов  пен  Телжан  Шонановтың  баяндамалары 
басқаларымен салыстырғанда толық, дәлелді, жан-жақты болды.. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
147 
Т.Шонанов латынды алу мәселесінің  тарихына  тоқталады,  бұл  – 
тұрмысқа  қажет  болғандықтан  туып  отырған  мәселе,  латын 
алфавиті  қазақ  тіліне  үйлеседі,  оқуға  жеңіл,  мәдениет  жағынан 
Европа  халықтарымен  жақындасуға  болады,  мәдени  мұрамыз 
арабшылдар  айтқандай  көп  емес,  оларды  жаңа  алфавитке  қайта 
бастыру қиын емес деген қорытынды жасайды. Сөзінің соңында 
Бакуда  өткен  Бүкілодақтық  І-түркологиялық  сиездің  қаулысына 
сүйеніп, "... бұдан былай латын әліппесін керек пе, керек емес пе 
деген  таласты  қойып,  латын  әліппесін  қалай  еткенде  дұрысырақ 
жүзеге  шығаруын  сөйлесуіміз  керек,  сонымен  қатар  бірте-бірте 
латынша  әліппе  кітапшалар  шығара  беру  керек.  Іске  кірісуге 
мезгіл  толды.  Жер-жерде  латыншылдар  ұйымын  ашу  керек. 
Латын әліппесін алғашқы кезде іске асыруға осы ұйымдар керек 
болады"-  деп  жаңа  алфавитті  алу-алмау  туралы  айтыстың 
пайдасыз  екендігін  білдіреді.  Шындығында, жер-жерде  ұйымдар 
ашылып, латынды насихаттаған жұмыс күшейді. 
1929  жылы  24  қаңтарда  «Жаңа  алфавит  туралы»  қаулы 
шығып,  латын  әліпбиі  қабылданды.  Көп  кешікпей  Қызылордада 
ғылыми  конференция  шақырылып,  онда  емле  мәселесі  қаралды. 
Латын әліпбиіне қосымша қазақтың өзіндік дыбыстарын белгілеу 
үшін 6 белгі алынды. Бірақ бұл әліпби құрамындағы әріптер қазақ 
тілінің  дыбыстық  жүйесін  әлі  де  болса  дәл  бере  алмады. 
Әріптердің санының көп  болуы оны үйренуді қиындатады деген 
пікірлерден соң, оған көптеген таңбалар енгізілмей қалды. 
1929  жылы  қабылданған  қазақтың  жаңа  алфавитінде  29  әріп 
болды: а, в, с, d, з, е, ә, g, ģ, һ, і, j, k, l, m, n,  n, o, ө, р, q, r, s, t, u, v, 
y, z, ь. 
Сонымен  қатар  қазіргі  у  дыбысын  белгілеу  үшін  4  таңба 
қолданылды.  Мәселен,  қосар  "uv"  түрі  жуан  дыбысты  у-ды,  ал 
"yv"  түрі  жіңішке  сөздерде  қолданылды.  Мысалы:  aluv  -  алұу, 
turuv - тұрұу, kelyv - келүу, beryv - берүу
Жарты  дауысты  "j"  мен  "b",  "і"  әріптері  қосақталып  толық 
дауысты қазіргі "и"-дің орнына қолданылды. Мысалы: qьjmьja - 
қыймыйа,  sьjьr  -  сыйыр,  sьjрьr  -  сыйпыр,  әksіja  -  әксійа, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
148 
ekvіjvalent  -  екуійуалент,  teknіjke  -  текнійке,  nәtіjсеlі  - 
нәтійжелі т.б. 
Жаңа  әліпбиге  көшу  дегеніміз  тек  әріптерді  ауыстыру  емес, 
жаңа  алфавитке  сәйкестендіріп  жаңа  емле  ережелерін  жасау 
мәселесін қажет етті. 
Орталық  Атқару  Комитетінің  президиумы  мен Халық  Ағарту 
Комитетінің  шешімі  бойынша  емлені  реформалау  үшін  ғылыми 
конференция  1929  жылы  Қызылорда  қаласында  шақырылды. 
Онда  жаңа  алфавитке  сай  жаңа  емле  қабылданды:  1.  Қазақ 
емлесінің негізі дыбыс жүйесінше болу керек; дыбыстың өзгеруі 
осы  күнгі  халық  тілінде  айтылған,  естілген  күйінде  жазылуы 
керек. 
2. Шеттен кірген сөздердің емлесі дыбыс жүйесімен жазылуы 
керек,  аяғы  қазақтың  сөз  жүйесіне  көшу  керек.  Шеттен  кірген 
сөздерді  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  мен  сөз  жүйесі  негіздеріне 
бағындырып  жазам  деп  орынсыз  шет  сөздердің  түбірін  бұзуға 
болмайды. 
3. Шеттен кірген сөздерді дұрыс жазу ережесі жасалғанда, ол 
сөздерді  қалың  бұқара  жеңіл  ұғып  алатын  болсын,  шапшаң  хат 
танып,  жазу  үйренуге,  халықтың  жалпы  сауаты  ашылуына 
қиындық  келтіретін  болмасын,  бұл  үшін  кірген  сөздердің 
орфографиясы қазақ тілінің заңына қайшы келмеуі шарт. 
4.  Жалпы  европалық  сөздерді  алғанда,  олардың  тек  түбірлері 
ғана  алынады,  осы  қаулыда  көрсетілген  дыбыс  жүйесіне 
бағындырылады,  сөз  жүйесі  ретінен  түбірге  жалғанатын  жалғау 
жұрнақтары қазақ тілінің заңына бағындырылады. 
Осы емле негіздеріне сүйеніп, 1929 жылы 29 маусымда қазақ 
тілінің жаңа емлесі бекітілді. 
Жаңа емледе 30 ереже болды, оның 12-і қазақтың төл сөздерін, 
қалған 18-і шет тілдерден кірген сөздерді жазу жөнінде. 
Бұл  емле  ережелерінде  көптеген  қайшылықтар  бар  екенін 
көруге  болады.  Мәселен,  шетелден  кірген  сөздерді  өзгертпей 
жазу  керек  делінген,  бірақ  оларды  бұлай  жазуға  жаңа  қазақ 
/латындаған/ алфавитінде әріп таңбалары жетіспеді, сондықтан ол 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
149 
сөздерді  дұрыс  жазу  мүмкін  емес  еді.  Екінші  жағынан  сөздер 
фонетикалық  принцип  бойынша,  қалай  естілсе  солай  жазылады 
делінді. Сондықтан да әркім өз естуінше жазды. 
Осы  жылдардағы  баспасөз  беттерінде,  оқулықтарда,  тіпті  бір 
кітаптың  өзінде  бір  сөз  әр  түрлі  жазылып  жүрді.  Мәселен, 
"пролетариат" 
сөзі 
бірде 
"пурлытарыйат", 
бірде 
"пурелетарийат",  бірде  "пыролетарыйат"  деп,  "география"  сөзі 
-  жағырапиа,  жағрапыйа,    жағрапиа  болып,  "минута"  -  бірде 
менот,  бірде  мөнет,  кейде  мінет  деп  жазылады.  Ал 
терминология комиссиясы оны "мүйнет" деп алған. Ай аттары да 
әр түрлі боп жазылды:  январь - ғенуар, ғынуар, иануар, жануар, 
жанбар, пебірал, ағыс, ағұс делініп, ал "большевик" - болшебек, 
балшебек,  балшабек,  телеграмма  -  телігірам,  тілігірам, 
телегірам т.б. болып жазылды. 
1926-30  жылдары  түрліше  айтылып,  жазылып  жүрген 
варианттар  туралы  проф.  Қ.Жұбанов:  "Кейбір  сөздер,  мәселен, 
тұрмыста  ең  көп  айтылып,  көп  жазылатын  сөздердің  бірі  - 
"коммунист"  деген  сөз  16  түрлі  боп  жазылады,  о  санға  о  сөздің 
ішіндегі  әріптерінің  саны  да  жетпейді.  Оны  біреулер  "кәмөнес" 
деп  жазады,  біреулер  "кәмүнес"  дейді,  тағы  біреулер  "кәмүніс" 
деп  жазады.  Әркім  өзінше  жаза  береді.  ...  Міне,  емле  осы 
сықылды күйде болған соң ешбір сөзді дұрыс жазуға болмайды" - 
деп қынжылады. 
Көптеген  қазақ  сөздері  де  түрліше  айтылып,  жазылып  жүрді: 
жана,  және,  жәнә;  бұлай,  былай;  тұмақ,  тымақ;  әне,  әні; 
қазір, қазыр, кәзір, әзір; жай, жәй; едәуір, недәуір, әдеуір; әбден, 
әбдән, абдан; кітап, кітәп; іштеме, ештеме, іждеме; мыйсал, 
мысал  т.б.  Осы  сияқты  айтылуы  әртүрлі  болғанымен, 
мәндерінде  айырма  жоқ  көптеген  сөздердің  жазылуын  бір  ізге 
салу  керектігі  туралы  мерзімді  баспасөз  беттерінде  мақалалар, 
пікірлер жарияланып тұрды. 
1929  жылғы  емледегі  шешілмеген  тағы  бір  мәселе  -  кіріккен 
және  біріккен  сөздердің  емлесі.  Мұндай  сөздердің  жазылуында 
бірізділік  болмады.  Оларды  біреулер  қоспай  бөлек  жазса,  енді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
150 
біреулер  қосып  жазды,  ал  кейбіреулер  арасына  сызықша  қойып 
жазды. Мысалы:  жаздың  күні, жазды  күні,  жаздыгүн;  аш  көз, 
аш-көз,  ашкөз; жазғытұр, жазғы тұрым, жазғы тұр, жазғы-
тұрым; жар қанат. жар-қанат, жарғанат т.т. 
Т.Шонанұлы өзінің бір мақаласында балалардың 26 сөзден 124 
қатеге  дейін  жіберетіндігіне,  олардың  сөйлемнен  сөз,  сөзден 
дыбыс  қалдырып  жазатындығына,  сөздердің,  сөйлемдердің 
арасын 
ажыратып 
жаза 
алмайтындығына 
тек 
емле, 
грамматикадағы  кеткен  кемшіліктер  ғана  емес,  ана  тілін  оқыту 
әдісінің дұрыс еместігінен деген қорытындыға келеді. 
1929 жылғы қабылданған алфавит, емле, термин алуда кеткен 
кемшіліктерді түзеп, өзгерістер енгізу туралы мәселе көп ұзамай-
ақ көтеріліп, күн тәртібіне қойылды. 
Мерзімді баспасөз беттерінде 30-жылдардың басында-ақ емле, 
алфавит жобаларын ұсынған, көпшіліктің талқысына пікір алысу 
ретінде  жазылған  мақалалар  жариялана  бастады.  Мәселен, 
Ә.Садуақасов,  С.Аманжолов,  Қ.Жұбанов,  Х.Басымов,  Бекенов 
т.б. өз емле, алфавит жобаларын ұсынды. 
Бұл  жобалардың  алған  негіздері  бойынша  қазақ  тіліндегі 
сөздер  интернационалдық  сөздер  мен  терминдердің  жазылуына 
ұқсастырылды,  әріп  таңбасын  29-дан  25-ке  дейін  /дәйекшіні  алу 
арқылы/ қысқартуды ұсынды. 
Сонымен,  1929  жылы  Орталық  жаңа  әліпе  комитеті 
қабылдаған  алфавит  пен  емле  қазақ  әдеби  тілінің  өркендеу 
аумағына  қарымы  жетпеді.  "х",  "ф",  "һ",  "в"  т.б.  әріптердің 
интернационалдық сөздерді дұрыс беру үшін алфавитке енгізілуі 
қажет  деген  мақалалар  жариялана  бастады.  Бұл  әріптер  1938 
жылы шыққан "Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту 
туралы" қаулыда қабылданды. 
Осы  қаулы  бойынша  бұрын  "собет,  багон,  теқнике,  зауыт, 
ыстанса,  қалқоз,  Ауропа,  (Ебропа,  Жауропа),  пебірал,  жануар 
(ғынуар), 
Орманып, 
пырағырам, 
кәмөнес, 
аутыр, 
сатсыйалшыл,  кәмійтет,  Ленінгірат  т.б.  мыңдаған  кірме 
сөздер  мүмкіндігінше  орыс  тілінде  жазылуына  жақындатылып 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
151 
жазылатын  болды:  совет,  вагон,  техника,  совхоз,  завод, 
стансиа, колхоз, Европа, феврал, иануар, Орманов, коммунист, 
автор,  сотсиалист,  револутсиа,  комитет,  протсент, 
зоотехник, фабрика, программа т.б. 
Осы  қаулы  бойынша  алфавитке,  емлеге  біраз  өзгерістер 
енгізілді.  Мәселен,  қысқа  у-ды  таңбалайтын  "v"  өз  мағынасын 
өзгертіп,  қазіргі  "в"  әрпін  таңбалайтын  болады.  Қосар-дара  "ұу, 
үу,  у,  ый,  ій,  й"  әріптері  кездесетін  сөздерде  осы  он  әріптің 
орнына  тек  2  әріп  "и,  і"  алынды  да  оқу-жазуды  недәуір 
жеңілдетті.  Мысалы:  Бійғалій  -  Биғали,  інстійтұут  - 
институт, теорійа  - теория,  қыйқұу  - қиқу,  көрүу  - көру боп 
жазылатын болды.  
Дегенмен термин сөздерді дұрыс жазу үшін алфавитте ц, ч, щ, 
э,  ю,  я  т.б.  әріп  таңбаларының  жоқтығы,  орыс  тілінде  термин 
сөздер бір түрлі, қазақ тілінде бір басқа боп жазылуы балалардың 
сауат  ашуына,  оларды  дұрыс  жазып,  айтуына,  орыс  тілін 
үйренуге  үлкен  кедергі  болады,  латын  жазуын  сақтап,  осы 
әріптерді оған қосу негізсіз, сондықтан қазақ халқы басқа да түркі 
халықтарымен  бірге  орыс  графикасын  алғаны  жөн  деген 
мемлекет  тарапынан  жасалған  ұсыныстан  соң  мерзімді  баспасөз 
беттерінде жобалар жарияланды.  1940  жылдан бастап  Қазақстан 
орыс  графикасына  негізделген  жаңа  алфавитке  көшті.  Бұл 
алфавитте  42  әріп  таңбалары  болды,  олардың  33-і  орыс 
алфавитінен алынды, ал 9-ы - қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын 
таңбалайтын әріптер. 1957 жылғы орфографиялық конференцияға 
дейін бұл әріптер алфавиттің соңында, орыс таңбаларынан кейін, 
беріліп келді. 
1940  жылдары  қазақ  жазуы  орыс  графикасына  негізделген 
алфавитке  көшкеннен  кейін,  орыс  тілінен  және  шеттен  кірген 
басқа  да  халықаралық  сөздер  орыс  тіліндегідей  таңбаланып 
жазылатын болды. 
Сонымен,  айналдырған  жиырма  шақты  жылдың  ішінде 
алфавитті  3  рет  өзгерту  /араб,  латын,  орыс/  әдеби  тіліміздің 
дамуын тежегені сөзсіз. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
152 
Кейінгі  жылдары  кейбір  түркі  тілді  республикалары  латын 
графикасына  көшті,  біздің    ғалымдарымыздың  арасында  араб, 
көне түркі әліпбиіне, латын жазуына қайта көшу жайлы пікірлер 
болды (Ә.Т.Қайдари, Ә.Жүнісбеков).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет