Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§1. XX ғасырдың бас кезіндегі (1900-1920) қазақтың жазба



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§1. XX ғасырдың бас кезіндегі (1900-1920) қазақтың жазба 
әдеби тілі 
 
XX  ғасыр  –  шырғалаңы  көп  ірілі-уақты  оқиғаларға  толы 
ғасыр болды. Бұл ғасырда екі үлкен дүниежүзілік соғыс, бірнеше 
төңкеріс  өтті.  Әсіресе  дүниені  дүр  сілкіндірген  Ресейдегі  Қазан 
төңкерісі  қоғамның  бейбіт  дамуын  асты-үстіне  шығарған  үлкен 
өзгерістер  әкеліп,  оның  зиянды  зардаптарын  талай  халық,  талай 
ұлт бастарынан кешірді. 
Оның  басты  себебі  бұл  ғасырдың  өзі  кеңес  өкіметі 
құрылғанға  дейінгі және одан  кейінгі  кезеңдердегі  ұлттық  деген 
көзқарастың,  тіл  саясатының  өзгеріп  тұруымен  байланысты  еді. 
Әдеби тіл дамуының өткен тарихын сөз еткенде ғасырлар, 50-60 
жыл  өлшемдері  негізге  алынса,  XX  ғасырдағы  әдеби  тіл  тарихы 
ондаған  жылдар  өлшемімен  баяндалуға  тиісті  болып  келеді. 
Өйткені  кеңестік  дәуірде  тіл  саясаты  қоғам  дамуының  әрбір 
қалтарысында  жаңа  көзқарасқа  негізделіп  өзгеріп  отырады. 
Сондықтан XX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихы 1968 жылғы 
оқулықта «XX ғасырдың басындағы», «20-30 жылдардағы» және 
«1940  жылдардан  кейінгі  әдеби  тіл»  деп  3-ке  бөлініп 
қарастырылған болатын 
23

Біздіңше,  жоғарыдағы  бұл  жүйелеуге  сәл  өзгеріс  енгізіп, 
аталған  ғасырдағы  әдеби  тіл  тарихын  ғасыр  басындағы  (1900-
1920), 20-30-жылдардағы, 40-50-жылдардағы, 60-80-жылдардағы, 
90-жылдардан  кейінгі  деп  5-ке  бөліп  қарау  дұрыс  сияқты 
көрінеді. 
Өйткені 
бұл 
бөліктердің 
әрқайсысындағы 
экстралингвистикалық жағдай, тіл саясаты, тілдің даму қарқыны 
бірдей емес. Мәселен, XX ғасырдың 20-30 жылдары болса, қазақ 
әдеби  тілі  дамуындағы  «алтын  ғасыр»    (кезең)  деп  саналса,    40-
50-жылдар,  керісінше,  әдеби  тіл  дамуына  кері  әсерін  тигізген 
кедергілер  мен  қыспақтардың  орын  алған  жылдары  болды,  өзге 
кезеңдер де сол сияқты. 
Әрине, бұл бөлімде бүкіл бір ғасырдағы қазақ әдеби тілінің 
                                                 
23
  Балақаев М.,Сыздықова Р.,Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы.  
Алматы, 1968.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
92 
өсу,  даму,  оның  стильдерінің  жетілу  тарихына  қатысты  барлық 
мәселелерді  қамти  алдық  дей  алмаймыз.  Бұл  –  күрделі  де  қиын 
мәселе.  Өйткені  әдеби  тіл  тарихының  кеңестік  дәуірі  оның 
бұрынғы  ғасырлардағы  тарихы  сияқты  жеке  монографиялық 
дәрежеде  зерттелген  емес.  Сондықтан  бұл  еңбекте  мұндай 
күрделі тақырыптың кейбір мәселелері, атап айтқанда, сөз болып 
отырған  кезеңдердегі  әдеби  тілге  қатысты  тілден  тыс,  бірақ 
соның дамуына әсер еткен экономикалық, саяси жағдаят та, әдеби 
тіл  стильдерінің  саралануы,  оның  қоғамдық  қызметінің  кеңею-
тарылуы,  әліппе,  емле,  грамматикалық  құрылысының  жетілуі 
тәрізді мәселелер  талданып, оқу құралы көлемінде  сипатталды. 
XX  ғасырдағы  қазақ  әдеби  тілінің  дамуы  да  әр  түрлі 
қалтарыс-бұлтарыстарға тап болды.    
 
 
§2. Ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар 
 
XX ғасырдың басында Ресейде ірі-ірі тарихи оқиғалар орын 
алды.  Ресейдің  империализмге  өтуі  оны  революциялық 
қозғалыстың,  қанаудың  орталығына  айналдырды.  Оған  себеп 
болған    жұмысшыларды  қанаудың  шегіне  жетуі,  шаруалардың 
қайыршылануы еді. Өлкенің шет аймақтарында тұратын қараңғы 
халықтың  хал-жайы  бұдан  да  ауыр  еді.  Ресейде  өтіп  жатқан 
барлық оқиғалар қазақ еліне де өз шарпуын тигізді. 
XX  ғасыр  басында  қазақ  елінің  де  экономикалық,  саяси-
әлеуметтік  жағдайы  үлкен  өзгерістерге  ұшырады.  Қалалардағы 
өндіріс  пен  кәсіпорындардың  дамуы,  темір  жол  жүйесінің  келуі  
далаға  капиталдың  ағылуын  күшейтті.  Сауда-саттықтың  өріс 
алуы  Ресейдің  ірі  қалаларын  қазақ  жерінде  ашылған 
жәрмеңкелермен 
байланыстыра 
түсті. 
Қазақ 
кедейлері 
отырықшылыққа  көше  бастады,  күнелтіс  үшін  қосымша  табыс 
іздеп,  қалаларға,  темір жол  бойларына  ағылды.  Қазақтың  негізгі 
кәсібі  –  мал  шаруашылығына  дейін  өзгеріске  ұшырады,  ол 
натуралды  түрден  товарлы  шаруашылыққа айнала  бастады.  Осы 
тұста қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі толық күшіне енді. 
Ірілі-уақты  қақтығыстардан  үлкен  дүмпуді  сезе  бастаған 
патша  үкіметі  шегіне  жетіп  шиеленіскен  қайшылықтарды 
бәсеңдетуге  тырысты.  Мұның  негізгі  түйінінің  бірі  жермен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
93 
байланысты  еді.  Патша  үкіметі  қолға  алған  жер  саясатының 
түйіні  қазақтың  шұрайлы  жерлерін  мемлекет  қарамағына  алып, 
Орталық  Ресейден  қоныс  аударушылардың  жаңа  легі  пайда 
болды.  Енді  халықтың  «ақ  патша»  деген  сенімі    мүлде  азайды, 
ояна  бастаған  қазақ  халқы  бостандық  жолындағы  күрес,  саясат 
мәселелеріне құлақ түре бастады. 
1905  жылғы  орыс  революциясы  жеңіске  ұшырағанына 
қарамай,  халықты  бас  бостандығы  жолындағы  күреске 
ұмтылдырды,  оларға  аздаған  болса  да  саяси  бостандықтар  алып 
берді.  
XX  ғасырдың  басында  қазақ  даласында  ұлт-азаттық 
қозғалыстармен  қатар  түрлі  саяси-идеялық  бағыттар  да  кең  өріс 
алды.  Мұның  негізгі  себебі  –  қоныс  аударушылар  келуімен 
байланысты 
елдің 
ата-қонысынан 
айрылуы, 
халықты 
орыстандыру саясатының ашықтан-ашық сипат алуы болды.  
XX  ғасыр  басындағы    ағартушы-демократтардың  үлкен 
тобы, негізінен алғанда, өмір жаңалықтарына бейімделуге, жерге 
орналасып,  мәдениетті  елдер  қатарына  жетуге,  өнер-білімге 
шақырды. Өз шығармаларында халық тұрмысындағы ірілі-уақты 
қайшылықтарды 
бейнелеп, 
ел 
алдындағы 
маңызды 
проблемаларды 
көтерді. 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов  т.б  өз  ұлтының  сана-сезіміне  сәуле  шашып,  қазақ 
халқын  азаттық,  бостандық,  теңдік  жолындағы  күреске  шақыру 
үшін  ұлттық  баспасөздің,  ұлттық  басылымдардың  қазақша 
шығуына ат салысты.  
Сол кездегі қоғамдық-саяси ойды бір арнаға бағыттап, халық 
санасын  оятуда,  әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  ұлттық 
баспахана  мен  ұлттық  бапасөз  ашу  қажеттігін  жақсы  түсінген. 
М.Сералин, Ш.Бөкеев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов 
т.б.  қазақтың  көрнекті  зиялылары  ана  тілінде  баспасөз  ашып, 
оқулықтар жазып шығару жұмысын қолға алды. 
Қазақ тілінде толыққанды тұңғыш басылымдар дүниеге келе 
бастады. Бұларға 1911-13 жылдары 17 саны шығып тоқтап қалған 
«Қазақстан»  газеті,  1913-18  жылдары  үзбей  шығып  тұрған 
«Қазақ»  газеті  жатады.  Бұлар  қазақ  халқының  бостандығы  мен 
қазақ  жерлерін  біріктіру,  қазақ  тілінің  өркендеуін  түпкі 
мақсаттарына айналдырды. 
XX  ғасырдың  басында  қазақ  зиялыларының  көрнекті 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
94 
өкілдері іс-қағаздарын қазақша жүргізу мәселесін де қолға алады. 
Қазақтың  Ж.Ақбаев,  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
К.Тоғысов  т.б.  оқыған  зиялы  қауымының  көрнекті  өкілдері 
Қояндыда  жиналып,  17  қазан  манифесінде  жарияланған  бостан-
дықты    іс  жүзіне  асыруды  сұрап  патшаның  атына  петиция  да-
йындады.  Айта  кететін  жайт,  кейінгі  шыққан  зерттеулерге 
қарағанда,  Қоянды  жәрмеңкесінен  Петербургке  жөнелтілген 
петицияның саны үшеу екендігі анықталып отыр
24
.  
Бұл  еңбектегі  деректерге  қарағанда,  бірінші  петицияға  16 
000  адам  қол  қойған.  Петициядағы  негізгі  талаптар  мыналар: 
салықты азайту, ұждан бостандығы, қазақ  арасынан  муфти сай-
лау,    орталық  үкіметтегі  халық  өкілдігіне  депутаттар  сайлау  ...  
т.б.  Жоғарыдағы  петицияға  қосымша  ретінде Ресей ішкі істер 
министрлігіне мына төмендегідей хат  (№ 2 петиция) жіберілген. 
Бұл    арызда  алғашқы  петицияға  қарағанда  нақты  13    талап 
қойылған. Оның үшеуі біздің сөз қылып отырған тақырыбымызға 
байланысты, атап айтқанда: 
1.  Жергілікті  бастықтар  қазақ  тілін  білетін  болсын,  олар 
білімді  адамдардан  сайлау  жолымен  қойылсын.  Білімді  адамдар 
бізде баршылық. 
2.  Іс-қағаздары  қазақша  жүргізілсін.  Песір,  стражник, 
шабарман  сияқты кіші қызметкерлер тек қазақтардан болсын. 
3.  Учаскелердің  мировой  судьялары  қазақша  жақсы  білетін 
болсын.  Тергеу  қазақша  жүргізілсін,  адвокаттар  қазақша  білетін 
болсын. 
XX ғасырдың басында Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 
шығып  тұрған  мерзімді  баспасөз  беттерінде  еліміздің  тарихы, 
шаруашылық  жағдайлары,  мәдени  өмірі  мен  ағартушылар 
(Шоқан,  Ыбырай,  Абай)  туралы  көптеген  құнды  мақалалар 
басылған. 
Мәдениеттің  басқа  салаларындай,  әдебиетте  де  жаңа 
бетбұрыс, соны бағыт-бағдар байқалды. Ресейдің шет аймағында 
жатқан  қазақ  халқы  Қазан  төңкерісіне  дейін  де  ұйқысынан  ояна 
бастағаны мәлім. Өйткені бұл кезде ғасырлар бойы қалыптасқан 
тіршілік  пен  салт-санасын,  әдет-ғұрпы  мен  шаруашылығын  күн 
                                                 
24
  Тайшыбаев З., Дулатбеков Н.О.   Ж.Ақбаев.  Алматы: Жеті жарғы. 
1997. –Б.32. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
95 
санап  өзгертіп  бара  жатқан,  капитализмнің  қазақ  даласына  ене 
бастауымен санаспасқа болмайтынын халық түсіне бастады. Егер 
бұрын  хат  білген  қазақтар,  С.Торайғыров  айтқандай,  «Зарқұм», 
«Сал-сал»,  «Алпамыс»  т.с.с.  эпос-жырларды,    «ұшы-қиыры  жоқ 
түпсіз  өтірік,  қисынсыз  хикаяттарды»  оқып,  бұған  «көздерін 
жұмып,  нанып,  мейірімі  қанып,    кеукілдей  түсіп,    шұлғысып, 
мүлгісіп отырса,  XX ғасырдың басында Ыбырай, Абай іргетасын 
қалаған, әр алуан жанрлы, тақырып, мазмұн жағынан да қанатын 
кең 
жая 
бастаған 
реалистік 
бағыт-бағдарда 
жазылған 
туындыларды оқитын болды. 
XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті 
тарихында 
Ыбырай, 
Абай 
негізін 
қалаған 
дәстүрді 
жалғастырушылардың:  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров,  Спандияр  Көбеев,    Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 
Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Сәбит 
Дөнентаев,  Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс  Жансүгіров,  Бейімбет 
Майлин, Ғұмар Қараш, М.Әуезовтердің т.б. ағартушы бағыттағы 
көптеген ақын жазушыларымыздың алатын орны айрықша. Олар 
Абай дәстүрін жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге  түр 
жағынан  түрлендіріп,  мазмұн  жағынан  байытып,  дамыта  түсуге 
де ықпал етті. 
Ағартушылық,  азаматтық  идеялардың  халық  арасына  кең 
тарауына сол кезеңде көптеп ашыла бастаған мектептер мен түрлі 
оқу  орындары,  баспа  мен  баспасөз  ісінің  жолға  қойылуы  зор 
ықпал етті. 
1914-15  оқу  жылында  жалпы  білім  беретін  мектеп  саны 
2006-ға  жетіп,  оларда  105,1  мың  оқушы  оқыды.  Сонымен  бірге 
қазақ  балалары  Орынбор,  Ташкент,  Троицк,  Уфа,  Қазан, 
Самарқанд,  Бұқара,  Омбы  т.б.  қалалардағы  орта  дәрежелі 
медреселер мен оқу орындарында оқыды 
25

XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  көтерілген  оқу-
ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік маңызы зор үлкен 
проблема  болса,  оны  өзінің  шығармаларында  да,  іс  жүзінде  де 
қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин еді де, кейін 
XX  ғасырдың  басында  осы  салада  нақты  іс  істеген,  өзгелерге 
                                                 
25
  Мажитаева Ш. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілі. Қарағанды: 
ҚарМУ, 2007. –Б.14. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
96 
сонысымен  үлгі  көрсеткен  ағартушы  Ахмет  Байтұрсынұлы 
болды.    Ол  халықты  оқу-білімге  шақырған,  оның  қажеттілігін 
түсіндірген  жалаң  үгітші  ғана  емес,  қазақ  арасында  мектеп  ісін 
жолға қоюға күш жұмсаған, бала оқытып, ұстаздық жасаған, жазу 
тәртібін  түзген,  сауат  ашатын  әліппе,  мектеп  оқулықтарын 
жазған,  оқытудың  әдістерін  көрсеткен  әрі  ғалым-ағартушы,  әрі 
нағыз практик. 
Қазақ  зиялылары  арасындағы  халықтың  назарын  көп 
аударған  әлеуметтік,  қоғамдық  проблеманың  бірі  –  қазақ 
қыздарының бас бостандығы үшін күреске, білімге ұмтылуы. Бұл 
күрестің  қанат  жайғаны  сонша,  ол  халық  арасындағы  әңгімеден 
баспасөз  бетіндегі  негізгі  проблемаға,  көркем  шығармалардың 
басты тақырыбына айналды.  
Бұл тақырыптың әдебиеттегі көрінісі –  «Бақытсыз Жамал», 
«Қыз  көрелік»,  «Қалың  мал»,  «Қамар  сұлу»  романдары, 
«Шұғаның  белгісі»  повесі  мен  «Надандық  құрбаны»,  «Манап», 
«Еңлік - Кебек» пьесалары және «Бейшара қыз» т.б. әңгімелері. 
 
 
§3. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар 
 
 
 
XX ғасырдың басында қазақ тілінде жарық көрген прозалық 
шығармалар,  ауыз  әдебиеті  шығармалары  мен  шығыс 
әдебиетімен  тақырыптас  қисса-дастандар,  оқу-педагогикалық 
сипаттағы кітаптар, аударма әдебиет үлгілері, жеке ғылым саласы 
бойынша  жарияланған  ғылыми-көпшілік  әдебиеттер,  ресми 
материалдар  мен  әдебиеттер,  газет-журналдар  беттеріндегі 
публицистикалық  материалдар  сол  тұстағы  әдеби  тіліміздің 
сапалық  жағынан  өсіп,  стильдік  жағынан  саралана  түскенін 
танытады.  Алайда,  аталған  жазба  әдебиет  нұсқалары  мазмұн 
жағынан ғана емес, тілдік ерекшеліктері, әдеби тілге тән сипаты, 
оның әрі қарай дамуына үлес қосуы жағынан да әркелкі болды. 
Мәселен,  XX  ғасыр  басында  халық  арасында  ерекше 
сұраныс  туғызып,  бірнеше  рет  басылым  көрген  қисса-хикая 
аталған    поэзиялық  шығармалар  мазмұны  жағынан  діни  наным-
сенімді,  азаматтық,  адамгершілік  қасиеттерді  насихаттап, 
оқиғасы  көбінесе  қиял,  ертегі  іспеттес,  көркемдік  сапасы  төмен  
болуына  қарамастан,  қазақтың  жазба  әдеби  тілінің  даму 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
97 
тарихынан белгілі дәрежеде орын алды. 
 XX  ғасырдың  алғашқы  10-15  жылында  да  қисса  аталған 
әдебиет  көптеп  шықты.  Бұған  Мәулекей,  Қашафатдин,  Ғали 
Махмұдов 
сияқты 
татар 
молдаларымен 
қатар, 
Әріп 
Тәңірбергенов,  Ақылбек  Сабал,  Жүнісбек  Шайхисламов  тәрізді 
қазақ ақындары да белсене араласты. Бұл дүниелердің бәрі бірдей 
емес.  Қазақ  әдебиеті  тарихын  зерттеушілер  әлеуметтік  бағыты, 
мазмұны, идеялық, көркемдік құндылығы жағынан қиссаларды 3-
ке бөліп қарайды. Тілдік ерекшеліктері жағынан да бұларды 3-ке 
бөліп  қараған  жөн  сияқты  (діни  сарындағы  қиссалар,  азаматтық 
тақырыптағы қиссалар, халықтық туындылар). 
Бұлардың  тілінде  ортаазиялық  түркі  әдеби  тілінің  әсері 
молынан  кездеседі,  идеялық  мазмұнында,  өлең  құрылысында 
жаңалық  болмағанымен,  оларды  әдебиет  тарихынан  шығарып 
тастауға әсте болмайды. 
Қазақ  әдебиетінде  проза  жанрының  тез  өркендеуіне    XX 
ғасырдың басында қоғам өміріне батыл араласа бастаған баспасөз 
ісінің  жедел  өркендеуі  ерекше  ықпал  етті.  Сол  кезеңде  жарық 
көрген  газет-журнал  беттерінен  көркем  әңгіме,  очерк,  шебер 
аудармаларды  жиі  кездестіруге  болады.  Мысалы,  «Айқап» 
журналы бетінде Ә. Ғалымовтың «Бейшара қыз», Ж.Тілеулиннің 
«Ат  үстінде  көрген  түс»,  С.Торайғыровтың  «Ауырмай    есімнен 
жаңылғаным» т.б. әңгімелер жарияланды. 
XX  ғасыр  басындағы  нағыз  қазақ  романының  үлгісі  дерлік 
шығармалар  –  С.Көбеевтің  «Қалың  мал»,  С.Торайғыровтың 
«Қамар  сұлу»,    Ж.Аймауытовтың    «Қартқожа»,  М.Дулатовтың 
«Бақытсыз  Жамал»  т.б.  болды.  Бұл  шығармалар  тілі  көркемдік 
құралдарға  бай,  халық  тілінің  небір  шұрайлы,  образды  сөз 
тіркестері  шебер пайдаланылған. 
Қазақ  әдеби  тілін    қалыптастырып,  дамытуда  мерзімді 
баспасөздің ерекше рөлі болғаны сөзсіз. 
XX ғасыр басында бірер саны шығып, әр түрлі себептермен 
жабылып  қалған  «Серке»,  «Қазақ»,  «Мұғалім»,  «Сары  Арқа», 
«Тіршілік»,  «Үш  жүз»  т.б.  газет-журналдарды  есептемегенде, 
1911-13  жылдары  17  саны  шығып  тоқтап  қалған  «Қазақстан» 
газеті,  1911-15  жылдары    шығып  тұрған  (барлығы  88  нөмірі 
шыққан)  «Айқап»  журналы,  1913-18  жылдары  үзбей  шығып 
тұрған  «Қазақ»  газеті  қазақтың  жазба    әдеби  тілін  дамытуда, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
98 
оның  кейбір  стильдік  тармақтарын  жетілдіруде  зор  қызмет 
атқарды.  Бұл  газет-журнал  беттерінде  әдебиетіміздің  әр  түрлі 
жанрлары  сараланып,  қалыптаса  бастады,  публицистика  тіліне 
тән  көптеген  сөздер,  сөз  тіркестері,  грамматикалық  тұлғалар 
тұрақталды.  Бұл  кездегі  жазба  әдеби  тілді  сипаттайтын 
нұсқалардың қатарына аударма әдебиеттер де жатады. 
1903  жылы  Қазанда  Молданияз  Бекімов  аударған 
А.С.Пушкинннің  «Каптитан  қызы»  қазақ  тілінде  басылып 
шықты. Бұл аударманың тілінде орыс тілінің әсері айқын сезіліп 
тұрады. 
Бұл тұста шығып тұрған газет-журналдар көркем аудармаға 
үлкен  мән  беріп  отырады.  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақстан», 
«Қазақ»  газеттерінің  беттерінде  орыс  әдебиетінің  көрнекті 
қайраткерлері  И.А.  Крылов,  Л.Н.  Толстой,  А.С.  Пушкин,                 
М.Ю.  Лермонтов,  А.П.  Чехов  т.б.  белгілі  ақын-жазушылардың 
шығармалары  қазақ  тіліне  аударылып  басылып  отырды.  Көркем 
аударма тілін қалыптастыруда, оны жетілдіруде бұл тәжірибенің 
зор көмегі тиді. 
Бұған  мысалға  «Афат  яки  холера  әңгімесі»  (10905),  
«Қышыманың  турасында»  (О  чесотке,  1906);  «Адамның  чумасы 
турасында»  (1911);  «Арақ  у  яки  арақтың  зарары»  (1907); 
«Жамандату  қойдұрғұ  турасында»  (Сибирская  язва,  1902); 
«Малда  болатын  жұқпалы  аурулардың  hәм  оларға  қарсы  қалай 
ғамал қолдану хақында» (1911) т.б.  келтіруге болады
26
 . 
Аталған  кітапшалар  тілінің  қазақ  әдеби  тіліндегі  ғылыми 
стильді  қалыптастыруда  белгілі  рөл  атқарғанын,  ғылымның  осы 
салаларындағы  кейбір  терминдер  мен  сөз  орамдарының  кейінгі 
әдебиеттерде кең орын алғанын баса айтуға тиіспіз
27

Қазақ  әдеби  тілін  дамытуда  XX  ғасырдың  басында  жарық 
көрген  оқу-педагогикалық  әдебиеттер  мен  қазақ  тілі  жайындағы 
еңбектердің де маңызы ерекше. 
 
                                                 
26
 Құрманбаева Ж.Д. Қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік әдебиет стилінің 
қалыптасуы (ХІХ ғасырдың  ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы). Канд. 
дисс. автореф.  Алматы, 2003.  –23 б. 
27
  Мажитаева Ш., Рапишева Ж.Д.
 
Қазақ тіліндегі ғылыми стильдің 
қалыптасу тарихы.   Бішкек, 2006. 114 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
99 
§4.  XX  ғасырдың  басындағы  көркем  әдебиет  стилінің 
жетіліп, жанрлық жағынан дамуы 
 
   XX 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  ақындардың 
шығармаларын  зерделеп  қарағанда,  Абайға  дейінгілер,  оның 
тұстастары, өз заманының қайшылығы мен кемшілігін көре білді, 
бұрынғы  елдің  елдігін  сақтаған  әкімшілік  жүйе  мен  салт-дәстүр 
шайқалып,  халық  бұрынғы  жол-жоралғыны  да  дұрыс  тұтына 
алмай, капитализм әкелген «жаңалықтарды» да түсіне алмай басы 
дал  болған  еді.  Бұл  өзгерістер  патша  үкіметінің  отаршылдық 
саясатының  кең  көлемде  жүруімен,  елдің  өз  тәуелсіздігінен 
айрылуымен  байланысты  жүргізілгендіктен,  Дулат,  Шортанбай, 
Мұрат  тәрізді  ақындардың  халқы,  ұлтының  болашағы  үшін  қан 
жұтуы да түсінікті, өз заманының қайшылығын көрсете отырып, 
оның  болашағы  өздері  шет-жағасын  көрген  өткен  хандық 
дәуірмен байланыстыруы да орынды еді.  
Ал  Ыбырай,  Абай  болса,  өз  дәуірінің  жарамсыз  жақтарын 
көріп  отырса  да,  болашақтан  үміт  күтіп,  жалпы  өркениетті  елге 
айналудың  қажеттілігін  түсініп,  қоғамды  кері  емес,  ілгері 
сүйреуге  ниет  қылды.  Бұл  жолдағы  олардың  сүйенгені  –  оқу-
білім, халықтың көзін ашу, өнерлі елге айналдыру болды. 
 Халықтың  көзі  ашық,  сауатты  ұрпақтары  көбейсе,  қоғам 
дамуына яғни өркениетті ел қатарына қосылуға талап қылар деп 
болашақтан күдер үзбеді. 
Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия, дастан, поэма, өлең басым 
болса,  XX  ғасырдың  басында  көркем  проза  дами  бастады.  Осы 
кезеңде 
прозалық 
туындылар 
– 
публицистикалық, 
философиялық,  ғылыми  шығармалар,  шешендік  сөздер, 
новеллалар,  әңгімелер,  повестер,  тіпті  алғашқы  роман  да  туып, 
оның  жанрлық  түрлері,  формалары,  стилі  қалыптасып,  мазмұны 
байыды. 
Қазақ көркем прозасының басы – Ы.Алтынсарин әңгімелері 
мен  Абайдың  қара  сөздері  екенін  білеміз.  Олар  орыстың 
классикалық  әдебиетінен  үлгі  алып,  орыстың  ұлы  ақын-
жазушыларының дәстүрлеріне сүйенді. 
Прозалық  шығармалар  алғаш  көрінгенге  дейін  көркем 
әдебиет тілі поэзия негізінде қалыптаса бастады. Кейіннен проза 
тілінде  дами  түскен  көркем  әдебиет  тілінің  біраз  элементтері  ең 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
100 
әуелі әріде – ауыз  әдебиеті үлгілерінде, беріде – алғашқы жазба 
ақындар шығармашылығы да көрінді. 
Кеңестік саясат үстемдік етіп тұрған кезеңде қазақ әдебиеті 
тарихын зерттеушілер революцияға дейінгі ақын-жазушылар сөз 
болғанда,  оларды  «таптық  көзқараспен»  деп  екіге  бөліп  тастау 
үрдісі  орын  алғаны  белгілі.  Оларды  реакцияшыл  (керітартпа) 
дегенде  айтар  уәжіміз  –  «олар  өз  шығармаларында  бұрынғы 
хандық  дәуірді  аңсады,  жаңа  прогресті  түсінбеді,  дінді 
уағыздады»  деген  сияқты  айыптаулар  болып  келді.  Ол  ақындар 
сол тұстағы орыс әкімшілігінің озбырлығын, қазақтың өз ішінен 
шыққан  болыс-билердің  сатқындығын  көрмей,  сынамай  тұра 
алмады, олардан түңілгені де болды, халықтың сенімі – дінді аяқ 
асты  етуге  төзе  алмады.  Бірақ  дінбұзар  молдасымақтарды, 
надандықты сынап, оқу білімге, өнер үйренуге шақырғаны да рас. 
Олардың мұрасы тілдік жағынан сөз болғанда да осы бөлуден әрі 
аса  алмай,  «реакцияшыл»  ақындардың  шығармаларында 
ортаазиялық түркі әдеби тілі әсері молынан кездеседі, сондықтан 
оларды  «кітапшыл»  ақындар  деп  бөлек  қарау  орын  алғаны 
жасырын  емес.  Бұл  арада  олардың  шығармаларының  тілдік 
ерекшелігін бөле-жара сөз етіуіміз де сол жағдаймен байланысты, 
әйтпесе,  ол  ақын-жазушылар  да  өз  шығармаларында  туған 
халқының  басындағы  ауыр  халге  жаны  ауырып,  оның 
болашағына алаңдаушылық танытып, қайтсек соны дұрыс жолға 
саламыз  деп,  дұрыс  жол  іздеу  мәселесін  көтерді.  Сондықтан  біз 
де    XX  ғасыр  басындағы  көркем  әдебиетті  «Түркі  әдеби  тілі 
дәстүрін  сақтаған»  және  «Ыбырый,  Абай  дәстүрін  дамытқан» 
әдебиет деп екіге бөліп қарастырдық
28
 . 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет