Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§ 2. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі 
 
ХVІІІ  ғасыр  қазақ  даласының  өз  ішінде  болсын,  сыртқы 
мемлекеттермен  болсын  саяси-экономикалық  қарым-қатынастың 
аса бір күрделі кезеңі болды. ХVІІІ ғасыр қазақ халқының сыртқы 
жауларға,  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  азаттық  күресінің 
шешуші  кезеңі  болды.  Сондай-ақ  бұдан  құтылу  үшін 
солтүстіктегі  қуатты  көрші  –  Ресей  империясымен  одақтасу 
ниетін көздеп, кіші жүз, орта жүздің Ресейге «өз еркімен» қосыла 
бастау  тұсы  болды.  Дегенмен  бұл  кезде  әлі  де  қазақтың  ұлан-
байтақ даласын хандар билейтін. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Кіші жүз 
өлкесін  Нұралы  хан,  Орта  жүзді  Абылай  хан  биледі. 
Қазақстанның  оңтүстік  аудандарын  1790  жылдарда  Қоқан 
хандығы  басып  алды.  Бұл  хандардың  ел  билеу,  үкім-жаза 
қолдану,  сыртқы  елдермен  қарым-қатынастарды  реттеп  отыру, 
алым-салық  жинау  т.б.  сияқты  түрліше  дәстүрлі  тәртіп 
таралғылары  әлі  де  бар  болатын.  Бірақ  бұл  қазақ  тарихындағы 
хандық  дәуірдің  ең  соңғы  өмір  сүрген  кезеңі  болды,  яғни  бұл 
тұста  хандық  өктемдіктің  жойылуына  барлық  ішкі-сыртқы 
жағдай  түгел  жасалған-ды.  Қазақтың  билеуші  топтарының  ескі 
хандық дәуірді сақтап қалуға жасаған іс-әрекеттері де, қоғамның 
                                                 
19
  Әбілғазы. Түрік шежіресі.  Алматы, 1992. –Б.205. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
51 
даму  екпіні  мен  қатты  қысымшылық  туғызған  шаруалар 
көтерілістері  де  (Кіші жүз  қазақтарының  Сырым Датов  бастаған 
қозғалысы)  осы  тұсқа  сай  келеді.  Бұл  кезеңде  қазақ  жері  Батыс 
өлкесінен  бастап  Ресей  патшалығының  қоластына  кіре  бастаған 
еді.  Бұл  жағдай  елдің  әлеуметтік-саяси  және  экономикалық  күй 
қалпында  өзгеріс-жаңалықтардың  пайда  бола  бастауына  бірден 
бір себепші болғаны аян. Әсіресе, Ресеймен сауда жасау күшейді, 
осыған орай айырбас сауда туды: қазақ қой мен жылқысын, тері-
терсегі  мен  жүн-жыбырын,  әр  алуан  аң  терілерін  орыс 
купецтерінің  матасы  мен  былғарысына,  үй-іші  бұйымдары  мен 
айна-тарағына  айырбастады.  Дала  тіршілігіне  ақша  да  келе 
бастады.  Жәрмеңке,  айырбас  орындарының  (меновые  дворы  – 
мұнайлар)  саны  артты.  Сауда-саттықтың  етек  алуында  қазақ 
жеріне  осы  тұста  патша  үкіметі  тарапынан  орнаған  қалалар  мен 
қамалдардың  рөлі  күшті  болды  (Петропавл,  Орынбор,  Семей, 
Орал).  Негізгі  шаруашылық  түрі  бұрынғыша  мал  өсіру  болып 
қалса да, егіншілік кәсібінің айтарлықтай жайыла бастауы ХVІІІ 
ғ.  ІІ  жартысында  көзге  түсті,  бұған  Қазақстан  жеріне  осы 
кездерде  келіп  қоныс  тебе  бастаған  орыс  шаруаларының  кәсіп 
әрекеттері    де  әсер  етті.  Егіншілікпен  айналысқан  аудандарда 
қазақтар  отырықшы  тұрмыс  қалпына,  тұрғын  үй  мен  мал 
қораларын салуға ұмтыла бастайды. 
Қазақ  халқының  бұл  кездегі  мәдени  рухани  дүниесінде 
мынадай  жайттар  бар  еді:  азаматтық  білім  беретін  мектептер 
жоқтықтан  сауаттылар  саны  мейлінше  аз.  Сауаттылардың  өзі 
мұсылманша оқып, араб жазуымен хат танығандар еді.   ХVІІІ ғ. 
соңғы  жылдарында  әр  жерде  Ресей  үкіметі  тарапынан  ашылған 
«горнизондық» мектептер, Омбыдағы 1789 жылы ашылған «Азия 
мектебі»  әскери  мекемелерге  кадрлар,  әкімшілік  орындарының 
тілмаштары  мен  писарьлар  дайындады,  бірақ  бұларда  негізінен 
билеуші  топтардың  балалары  оқыды  және  олар  өте  аз  болды. 
Әдебиет  нұсқалары  халық  арасына  аз  тарады.  Баспа  орындары, 
кітап  бастырып  шығару  дәстүрі,  сондай-ақ  шығармаларын 
қолжазба  ретінде  жазып  қалдыру  немесе  тарату  дәстүрі  де 
болмады.  Міне,  осындай  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  іс-
әрекет,  күй-жағдайлардың  баршасы  тілде  көрініс  бермей 
қалмады.  Бұл  кездегі  қазақ  тілі  өзінің  сан  саласында,  әсіресе 
лексика-фразеология  бөлігінде  осы  дәуірдің  сипаты  мен  күйін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
52 
көрсететін жағдайда болды. 
 
 
§ 3. ХVІІІ ғ. қазақ тілін сипаттайтын нұсқалар 
 
Бұл  кезде  қазақ  даласында  баспа  орындары,  кітап  шығару 
практикасы болмағанымен, оқу-ғылым жоқ болғанымен, сөз етіп 
отырған  дәуірдегі  тіліміздің  жай-күйін,  әсіресе  лексикасы  мен 
фразеологиясын,  сондай-ақ  кейбір  грамматикалық  категориялар 
мен  нормаларын  танытатын  үлгі  нұсқалар  бар  еді.  Оған,  ең 
алдымен,  көркем  әдебиет  үлгілері  жатады.  ХVІІІ  ғ.  –  қазақ 
поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе 
жатқан  жыраулық  дәстүрдің  одан  әрі  дамып,  жаңа  қырларынан 
көрінген  кезеңі  болса,  екінші  жағынан,  ақындар  мектебінің  күш 
ала бастаған шағы болды. 
Қазақ  әдебиеті  ескерткіштерінің  авторы  беймағлұм, 
жалпыхалықтық  болып  кеткен  фольклорлық  сипаттан  авторлы 
дәрежеге,  яғни  белгілі  бір  шығарманың  нақтылы  авторы,  ол 
автордың  өзіне  тән  ерекшелігі  болу  дәрежесіне  жеткен  тұсы  – 
осы  кез.  Зерттеушілердің  басым  көпшілігінің  тұжырымы 
бойынша  қазақ  әдебиетіндегі  авторлық  Бұқар  жыраудан  (1685–
1777)  басталады.  Бұл  дәуір  ақын-жырауларының  ішінен  бізге 
уақыт  жағынан  жақындауы  да,  шығармалары  толығырақ 
сақталғаны  да,  сондай-ақ  әдеби  тілдік  жағынан  көбірек  сөз 
болғаны  да  –  Бұқар  жырау.  Бұқар  –  қазақ  поэзиясында  бұған 
дейін болмаған жаңа тақырыпты, яғни халықты бірлікке шақыру, 
осы  бірліктің  ұйытқысы  хандық  жүйені  нығайту  сияқты 
қоғамдық мәні бар тақырыпты көтерген ақын, Оған дейін де, сөз 
жоқ,  жеке  ақындар,  жыраулар  болған,  тіпті  кейбіреулерінің 
(Асанқайғы,  Шалгиіз,  Сыпыра)  аты-жөні  де,  кейбір  солар 
айтыпты-мыс  деген  өлең,  әңгіме  жолдары  да  халық  жадында 
қалған,  бірақ  олардың  өмір  сүрген  кезі,  суреткерлік  талғам-
идеясын 
танытатындай 
дәрежедегі 
өлең-жырлары  ұмыт 
болғандықтан, ешбіреуін де әдебиет тарихын зерттеушілер қазақ 
әдебиетінің  белгілі  бір  дәуірдегі  уәкілі  дей  алмай  жүр. 
Зерттеушілер  Бұқармен  тұстас  жасаған  Ақтамберді,  Тәтіғара, 
Жанкісі,  Көтеш,  Үмбетей,  Шал  ақындарының  болғанын  айтады. 
Сөз етіп отырған дәуірдегі көркем әдебиет бір ғана жанр поэзия 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
53 
түрінде өмір сүргені көрінеді. Поэзияның өзі де бұл күндегідей әр 
алуан  салалы  емес,  көбінесе  дидактикалық  және  әлеуметтік 
мазмұны өлең, толғау түрінде сақталған. 
Әдеби  тілдік  нұсқаның  екінші  түріне  ауыз  әдебиетінің  мол 
қорын  да  жатқызуға  болады,  Бірақ,  өкінішке  орай,  олардың  сол 
тұста  жазылып  алынған  варианттары  болмағандықтан,  пәлендей 
эпостың  немесе  ертегінің  я  болмаса  тұрмыс-салт  лирикасының 
ХVІІІ ғ. жырланған, айтылған түрі тілі жағынан мынадай болып 
еді  деп  сипаттай  алмаймыз.  Осы  күнгі  өзіміз  оқып  біліп  жүрген 
эпостардың,  халық  өлеңдерінің,  ертегілерінің  т.б.  фольклорлық 
мұраларының  көпшілігінің  тілі  дәл  солардың  туған  кезіндегі 
немесе  тіпті  ХVІІІ  ғ.  түрінде  деуге  болмайды.  Негізгі  желісі 
сақталуы  сөзсіз,  сондықтан  да  оларда  бірен-саран  көне  дәуірді 
көрсететін 
архаизмдер, 
ескі 
грамматикалық 
тұлғалар, 
синтаксистік  тәсілдер  ұшырасады,  бірақ  ең  көлемді  эпостық 
жырлардың да, прозамен берілген ертегілердің де ауызша тарауы 
нәтижесінде  және  жеткізушілердің  өз  тарапынан  өзгерістер 
енгізуінің  салдарынан  олардың  тілі  жазылып  алынған  (ХІХ–ХХ 
ғ.ғ.) дәуірдің тілдік нормаларын негіз еткендігі көрінеді. 
ХVІІІ  ғ.  тілді  көрсететін  нұсқалардың  үшінші  бір  саласы  – 
ресми  іс-қатынас  қағаздары.  Бұлар  хан-сұлтандардың,  кейінірек 
келе  старшиналардың  орыс  патшасына,  орыс  әкімшілік 
орындарына 
және 
бір-біріне 
жазысқан 
арыз-өтініштері, 
мәлімдемелері,  хаттары,  үндеулер  т.т.  Бұл  жазбалардың  құнды 
бір  ерекшелігі  –  хатқа  (қағазға)  түскендіктен,  сол  тұста  қазақ 
даласында болған тілдің бір көрінісін көрсететін материал болып 
табылады.  Төртінші  –  бұл  дәуірде  қазақ  өлкесін  орыс  үкіметі 
тарапынан  танып-білу  әрекеті  қызу  жүрді.  Сондағы  орыс 
саясатшыларының, 
ғалымдарының, 
қызмет 
бабындағы 
чиновниктерінің 
т.б. 
орыс 
тілінде 
жазып 
қалдырған 
материалдары ішінде жекелеген қазақ сөздері (көбінесе атаулар) 
кездеседі.  Басылмағанмен  қолжазба  күйінде  жинақталған 
бірнеше  орысша-қазақша  сөздіктердің  де  болғаны  мәлім.  Міне, 
бұлар  да  сөз  етіп  отырған  дәуірдегі  тіліміздің  лексикалық 
құрамын  айқындауға  аз  да  болса  септігін  тигізетін  материалдар 
болады. 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
54 
§4. ХVІІІ ғ. ІІ  жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық 
құрамы. 
Қазақ тілінің төл лексикасы 
 
Сөз  етіп  отырған  дәуірдегі  әдеби  тіл  лексикасының  негізі  – 
қазақтың төл сөздері. Екінші қабатын құрайтындар – араб-парсы 
сөздері.  Орыс  сөздері  жоққа  тән,  өте  сирек.  Қазақтың  төл 
лексикасын  құрайтын  элементтердің  ішінде  көбірек  қолданып, 
едәуір  тұрақталған  саласы  –  жауынгерлік  лексика.  Бұлардың 
ішінде  қару  жарақ,  жаугершілік  киім-кешек  атаулары  мен  ел 
қорғау, батырлық қасиеттерге байланысты жеке сөздер – бір сала. 
Мысалы: сауыт, оқ, найза, кіреуке, шығыршық (сауыттың көзі), 
дабыл, дулыға, берен, жебе, күдері, мылтық, қол, батыр, байтақ, 
бүлу,  азамат,  жаулық,  елдік,  біту.  Мұндағы  көптеген 
атаулардың  тұрақты  эпитеттері  бар,  мысалы:  қоңыраулы  найза, 
берен  сауыт,  болат  найза,  кіреуке  тон,  көк  дабыл  т.т. 
жауынгершілікке байланысты сөз тіркестері дамып тұрақталады. 
Жаулық  сағыну,  жер  тұлдану  (жау  әскеріне  толу),  батыр 
шыққан даңқынан, найзасының ұшына жау мінгізу. Ал бұлардағы 
ежелгі  дұшпан,  қоңыраулы  найза  қолға  алу,  күдеріден  бау  тағу, 
қол  қашыру,  темір  жұмсап,  оқ  ату,  қалмақты  қуып  қашыру 
тәрізді тіркестер фольклор қорынан ауысқан деуге болады. 
Жауынгерлік  лексика-фразеологизмдердің  бір  қатары  бұл 
күнде архаизмге жатады. ХVІІІ ғ. қазақ даласында әскери техника 
баяғы  орта  ғасырлық  дәуірлердегі  күйінде  болғандықтан,  қару-
жарақ,  киім-кешек  атаулары  сол  көне  қалпында  сақталған. 
Мысалы,  кіреуке  сауыт,  күдері  бау,  қоңыраулы  найза,  дулыға, 
дабыл 
(барабан), 
жебе
Жауынгерлікке 
байланысты 
архаизмдердің бірі – бүлу етістігі.  Бұқарада: 
Кіші қара қалмақ бүлерде 
Еңсесі биік, кең сарай 
Мортық болар бүлген соң. 
Бұл етістік күні кешеге дейін қолданылған. Мұны біз ХІХ ғ. 
ақындардың  барлығынан  дерлік,  Ыбырай,  Абайлардан  да 
табамыз.  Ол  «жеңілу,  бүліну,  ойраны  шығу»  мағынасын  береді. 
Бүлу  етістігі  –  қазақ  тілінде  ертеден,  ауыз  әдебиетінен  келе 
жатқан сөз: «Бүлген елден бүлдіргі алма» (мақал). Осы айтқаным 
болмаса, тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елің бүледі (Қамбар). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
55 
«Әскер»  мағынасындағы  қол  сөзі  де  ХVІІІ  ғ.  осы  ұғымды 
білдіруде  жиі  қолданылған  сөз,  әскер,  армия,  солдат  сөздері  әлі 
жоқ.  Сондай  архаизмдердің  бірі  –  байтақ  сөзі,  бұл  –  ел  деген 
мағынаны береді. 
Құбыла көшкен байтақтың 
Ордасындай Бөгембай (Жанкісі). 
Байтаққа бөліп береді, 
Батсалық сүрсәна; 
Байтағымсың ішінде 
Он  сан  елім  ноғайлы  деген  жолдардан  байтақ  сөзін 
кездестіреміз  (С.Сейфуллин,  Батырлар  жыры  жинағы).  Қазірде 
бұл  сөз  байтақ  ел,  байтақ  жұрт  тәрізді  плеоназм  жолымен 
жасалған тіркесте ғана қолданылады,                сондай-ақ ұлан 
байтақ  жер  сияқты  тіркесте  де  келе  береді.  Ертеректе,  тіпті 
ХVІІІ ғ. бұл сөздің жеке қолданылғанын байқадық. 
ХVІІІ  ғ.  әдебиеті  өкілдерінде  қазақ  қауымының  әлеуметтік 
жағдайына  байланысты  сөздер  де  бұл  тұстағы  лексиканың  бір 
тобын құрайды. Бұл кездегі әлеуметтік топтардың атаулары: хан, 
қараша,  батыр,  бек,  қосын,  құл,  күң,  кедей,  жарлы,  байғұс, 
молда,  ақсүйек,  қара.  Мұндағы  хан  сөзі  сол  кезде  өмір  сүріп 
тұрған  билік  иесін  білдірсе,  соған  қарама-қарсы  әлеуметтік  топ 
қара,  қараша,  қараша  халық  деген  атаулармен  берілген.  Қара 
сөзі, тегінде, ақсүйек титулы жүрген жерде соған антитип ретінде 
жиірек қолданылған: 
Ақ сүйекті қор тұтқан 
Қараны онан зор тұтқан (Бұхар) 
Ал  қалған  жағдайда  көбінесе  бұл  кезде  қараша  варианты 
актив термин болған, бұл – хан сөзінің антитипі: 
Ханның жақсы болмағы 
Қарашаның елдігі  немесе 
Уақытыңыз толғанда, 
Қарашаң қашар қасыңнан (Бұхар). 
Бұл  сөз  осы  мәнде  ХІХ  ғасырда  да  жиі  қолданылып, 
терминдік  сипатқа  ие  болған.  Ал  бұл  кездегі  шығармаларда 
кездесетін  құл,  күн  сөздері  өздерінің  тура  номинативтік 
мағыналарында қолданылған, өйткені ХVІІІ ғ. қазақ жерінде құл, 
күң  ұстау  немесе  қолға  түскен  әскери  тұтқындарды  құл,  күң 
есебінде  сату  бар  болатын.  Сондай-ақ  бұл  сөздерде  құл  сөзінің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
56 
құдайдың  құлы  тәрізді  ауыспалы  мәнде  қолданылуы  да  орын 
алады. 
Экономикалық  жағынан  тәуелді  топтардың  бұл  кезде 
кездесетін атаулары – кедей, жарлы, байғұс. Бұл үшеуі де мағына 
жағынан дифференцияланбаған, синоним сөздер. Үстем таптарды 
бейнелейтін бай, бек, би, батыр сөздері  ХVІІІ ғ. ақындарында да 
бар. Бұлардың соңғысы (батыр) ХІХ ғ. екінші жартысындағыдай 
емес, өзінің тура мағынасында да, жалпы  билеуші үстем таптың 
атауы  ретінде  де  жұмсалғаны  көрінеді.  Бек  сөзі  бұл  кезде 
сиректеу  ұшырасады.  Онда  да  белгілі  бір  әлеуметтік  топты 
білдіруден  гөрі  «жалпы  ел  билеуші,  хан»  деген  жалпы  ұғым 
атауы  сияқты.  Абылай-ау,  Абылай,  Момынға  келіп  бек  болдың 
(Бұқар). 
Әңгіме етіп отырған әдебиетте жиі қолданылатын әлеуметтік 
лексикаға  жататын  сөздердің  бірі  –  алаш.  Бұл  сөздің  о  бастағы 
(ауыз әдебиетіндегі) мағынасы – «халық, қазақ халқы». 
Бұл хабарды Әзімбай 
Алашқа тегіс жүргізді («Қамбар»). 
Оның  тұрақты  эпитеттері  де  бар:  он  сан  алаш,  алты  алаш. 
Бұқар  шығармаларында  да  алаш  сөзі  негізінен  осы  көрсетілген 
мағынада қолданылған: 
Он сан алаш баласын, 
Аузыңа құдай қаратып. 
Сонымен  қатар  бұл  сөздің  қазақ  тілінде  «жау,  өзге  жұрт» 
деген де мәнде қолданылғандығы байқалады: 
Өзіңмен бірге туысқан 
Алаштан бетер жат болар (Бұқар). 
Алаш  сөзінің  жақын  синонимдері  ретінде  жұрт,  халық,  үш 
жүздің  баласы  деген  жеке  сөздер  мен  тіркестер  де  кездеседі. 
Бұлардан  басқа  Бұқар  өлеңдерінде  азаткер    (құл  сөзінің 
антиподы.  Мысалы:  Бір  көшеге  сыймайды  Азаткер  де  құлыңыз
қызметкер  –  «жалшы»  мағынасында.  Әбілмәмбет  патшаға 
қызметкер  болып  тұр  едің),  бикеш  (Байлар  қызы  бикештер), 
шора  (Байлар  ұғлы  шоралар)  сөздері  кездеседі.  Сірә,  бұл  сөздер 
Бұхардың  өзінің  туындылары  болуы  да  ықтимал,  өйткені 
бұларды  (оқта-текте  қызметкер  сөзі  болмаса)  Бұқар  тұстас 
ақындар шығармаларынан кездестіре бермейміз. 
ХVІІІ  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  даласында  сауда-саттық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
57 
жандана түскенімен, сол тұстағы әдеби тілдік материалдарда осы 
салаға  қатысты  жеке  сөздер  мен  тіркестер  ұшырайды  (саудагер, 
біреудің хақын жеу т.б.). Бұл кезде ақшаға, әр алуан өлшемдерге, 
сауда-саттық бұйымдарына байланысты сөздер халықтың сөйлеу 
тілінде  орын  алғаны  сөзсіз,  бірақ  ол  кездегі  ақындар 
шығармашылығындағы  тақырыптың  тарлығы  мен  мұраларының 
аз сақталғандығынан, олардың әдеби тілдегі көрінісін көрсету өте 
қиын. 
Бұл кезде егіншілік кәсібі, отырықшылық там-тұмдап пайда 
бола  бастағанымен,  Абылай  сарайының  маңында  жасап  өткен 
ақындар  тілінде  бұл  салаға  қатысты  лексика-фразеологиялық 
қабат  кездеспейді.  Мұның  да  бір  себебі  жоғарыдағы 
жағдайлармен  байланысты  болса  керек.  Керісінше,  қоғам 
өмірінің  бұл  екі  саласы  да  ХVІІІ  ғ.  ақындарының  тілінен  гөрі 
халықтық  жырларда  көбірек  ұшырайды:  Қара  қасқа  тұлпарға 
арпа–бидай  асатты  («Қамбар»);  Ішкендерін  сұрасаң,  шекер 
менен шай болған (сонда). Сондай-ақ «Қыз Жібек» жырынан қара 
нан, сексен аршын, қант пен шай, пұл, диқан сөздерін, деміне нан 
пісу  сияқты  тіркестерді, «Айман–Шолпан»  жырынан  баға  –  бұл, 
қант – шай, тоқаш т.б. кездестіреміз. Бұл құбылыс негізінен ХІХ 
ғ.  әсері.  Өйткені  осы  жырлардың  біздің  қолымызға  тиген 
варианттары  –  ХІХ  ғасырда  жырланғандар,  ал  бұл  кезде  қазақ 
тілінде  сауда-саттық  пен  егіншілікке  байланысты  сөздер  едәуір 
орын  алған  болатын.  Тарихи  лексиканың  келесі  бір  тобы  –  сот, 
әкімшілік  құрылысына  қатысты  сөздер.  ХVІІІ  ғ.  қазақ  әдебиеті 
тілінен  бұларды  да  аз  табамыз.  Билік  системасы  хандық 
болғандықтан,  көбінесе  хан,  ханзада,  төре  сөздері  ғана  бар.  Ал 
Бұқарда  бірер  жерде  кездесетін  патша  сөзін  орыс  патшасы 
мағынасында  емес,  қазақ  хандарының  бірі  Әбілмәмбетке  қарата, 
хан  дегеннің  синонимі  ретінде  қолданады,  ал  ханның  синонимі 
кейде  төре  сөзі  болып  кетеді.  Өйткені  бір  жерде  «Әбілмәмбет 
патшаға  қызметкер  болып  тұр  едің»  болып  келсе,  екінші  жерде 
«Арқада Әбілмәмбет төренің түйесін баққан құл едің» дейді. 
Билеуші,  өктем  топтардың  атауларынан  бай,  қожа  деген 
сөздер ғана ұшырасады. Өзге әкімшілік инстанциялары, олардың 
басындағы  адамдардың  атаулары  жоқ.  Сот,  билікке  қатысты 
сөздер де шағын, олар: би, дау, төре (төрелік бер мағынасында). 
Төрде  отырған  қарт  бабаң,  Төресінен  жаңылар  малдан  соң 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
58 
(Бұқар),  пара  сөздері.  Бірер  жерде  ғана  қазыға  салу  (қазы)  сөзі 
Бұқарда  кездеседі,  бірақ  оның  мұсылманның  діни  заңы  – 
шариғатпен  төрелік  айтатын  адам  деген  терминдік  мәнде  емес, 
«әділдігін,  түзулігін  айту»  мағынасын  береді.  Бұл  кезде  әлі  сот, 
судья сөздері жоқ. Осы күнгі заңға қатысты сөздердің бірі – арыз 
ХVІІІ ғ. әдебиетінде де, ауыз әдебиетінде де бар, бірақ бұл әділет 
орнына  берілетін  арыз  деген  мәнде  емес,  жалпы  кімге  де  болса 
айтатын шағым, өтініш деген мағынада: 
Арызға келді балаңыз 
Рұхсат бата бер ата («Қыз Жібек»). 
Халық ауыз әдебиетінде де сот-билік саласындағы сөздердің 
саны  мен  түрі  осылар  ғана  (би,  билік,  төрелік,  дау,  арыз). 
Фольклорлық  шығармалар  тілінде  де,  ХVІІІ  ғ.  ақындарының 
тілінде  де  қазақтың  төл  сөздерінің  ішінде  оқу-ағартуға  қатысты 
сөздер жоққа тән. Бұлардағы оқу-білім саласын қамтитын сөздер 
бірен-саран араб-парсы сөздері ғана. 
 
§5. Араб-парсы элементтері 
 
ХVІІІ ғ. қазақ әдеби тілі сөздік құрамының екінші бір қабаты 
– араб-парсы сөздері. Бұл кезде халықтың сөйлеу тілінде де, ауыз 
әдебиетінде  де, ақындар шығармаларында  да (әсіресе  Бұқар  мен 
Шалда) араб-парсы төркіндес сөздер едәуір орын алған. Олардың 
өзін  екі  топқа  бөлуге  болатын  тәрізді:  бірі  қазақ  тіліне  ертеден 
еніп сіңісіп кеткен және жиі қолданылатын сөздер. Мысалы, Шал 
ақын мен Бұқарда кездесетін дүние, момын, мақұл, аман, мейман, 
несібе, несіп, әйел, дәулет, қыдыр, бақ, құдай, жала, пара, заман, 
жаза,  уағда,  молда,  құдірет,  пейіл,  ақшам,  пасық,  қаза  болу, 
арам,  мәлім,  амал,  бекет,  қайыр,  құрмет,  байғұс,  абырой,  ар, 
халық, сабыр, әлем, өмір, адам, ажал, бақ, бақыт, дүние, уақыт, 
мезгіл,  ақы,  дос,  арам,  дауа,  мысал,  дұшпан,  залым,  шартарап, 
бекер, күмән т.б. сөздер қазақ тіліне ерте замандарда еніп, сіңісіп 
кеткен  сөздер.  Бұлар  ауыз  әдебиетінде  де  батыл  және  жиі 
қолданылған.  Мұндай  сөздердің  қазақ  лексикасына  етене  болып 
кеткендігі  сонша,  бірқатары  өзара  қатар  келіп,  көркемдеу 
тәсілінің бірі – синонимика ретін түзейді. Мысалы, Бұхарада: 
Уақытым менің өткен соң
Мезгіліміз жеткен соң ... 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
59 
Екеуі  де  араб-парсы  элементінен  жасалған  синонимдік  бақ-
дәулет, абырой-ар, алла-тағала, амал-айла тәрізді қос сөздер де 
осы  іспеттес.  Ал  көпшілігі  қазақтың  төл  сөзімен  қосақтаса 
айтылып  қос  сөз  қатарын  түзеп  кеткен:  аман-сау,  бос-бекер, 
кедей-кепшік.  Бірқатарынан  туынды  тұлғалар  да  жасалған: 
қайырлы,  дүниелік,  мақұлдау,  амандасу,  амандық,  несібелі, 
жалақор, бақсыз, бақытты, құрметті, қадірлі т.б. 
Араб-парсы  сөздерінің  екінші  тобы  –  халық  тіліне  сіңісіп 
кетпегендер,  бұлар  жеке  діни  сөздер  мен  кейбір  абстрактілік 
ұғымдарды  білдіретін  сөздер.  Мысалы:  арсы-күрсі,  маһи,  лауғы, 
ғайбат,  (жамандау),  һәммәт  (ынжық,  қор)  т.б.  ислам  дінінің 
түрліше  ритуалдарына,  сенімдеріне,  уағыздарына  байланысты 
иман,  намаз,  ұжмақ,  құбыла,  әулие,  ахрет,  пір,  мешіт,  сәлде, 
төрт  шадияр,  хақ  жолы,  фәни  тәрізді  сөздер  Бұқар  мен  Шал 
шығармаларында  ұшырасады.  Олар  сол  кезде  халық  тілінде  де 
қолданылған  болуы  керек,  бірақ  бұлардың  активтік  дәрежесі 
жоғары  көрсетілген  топтан  әлдеқайда  төмен  болған  сияқты, 
өйткені  бұл  кезде  қазақ  арасында  ислам  діні  ХІХ  ғасырдағыдай 
етек алмаған болатын. Патша үкіметі Қазақстан жерінде мешіттер 
салдырып,  құранды  тегін  таратуға  ұйғарғанымен,  бұл 
әрекеттердің ешбірі де әсерлі нәтиже бере қоймағаны мәлім. 
ХVІІІ  ғ.  ақындары  тіліндегі  араб-парсылық  элементтердің 
қолданылу  сипатының  өзі  біркелкі  емес:  жоғарыдағы 
жалпыхалықтық  тілде  ертеден  келе  жатқандары  (өмір,  дүние, 
пайда,  дәулет,  бақыт  сияқты)  өлең-жырлардың  өн  бойында 
қолданылса,  діни  және  сіңіспеген  кейбір  сөздер  белгілі  бір  
шығармалар  ішінде  ғана,  яғни  діни  тақырыпты  қозғағандарында 
қолданылған.  Мысалы,  көбінесе  жауынгершілік  тақырыптағы 
мұралары  сақталған  Тәтіғара,  Жанкісі,  Ақтамберділерде  иран 
сөздері  өте-мөте  сирек.  Бұқардың  «Керей  қайда  барасың?» 
сияқты  қазақтың  ел  ішінің  өзаралық  қарым-қатынасын 
жырлайтын  шығармаларында  бірде-бір  арабизм–парсизм  жоқ, 
керісінше,  «Ей,  айтшы,  алланы  айт»  сияқты  ислам  дінін 
уағыздаған  өлеңнің  бір  өзінде  20  шақты  сөз  кездеседі  және 
олардың  көбі  мұсқан  (кітап),  кәләм  (сөз),  лаухы,  наубат  тәрізді 
көпшілік тілге сіңіспеген сөздер. 
ХVІІІ  ғ.  жазған  қаламгердің  игілігінде  халық  тіліне 
сіңіспеген  әсіресе  діни  мазмұндағы  араб-парсы  сөздерінің  сирек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
60 
немесе молынан қолданылуы олардың ұстанған идеологиясы мен 
жырлаған  тақырыптарына  тікелей  байланысты.  Әдебиет 
танушылардың  зерттеулеріне  қарағанда  Бұқар  –  феодалдық-
хандық қоғам мүдделерін жоқтаған ақын. Ол бұл идеологиясына 
ислам  дінін  арқа  сүйеу  етіп  соны  уағыздайды.  Өзінің  өмірді, 
қоғамды  тануында  діни  дәлелдерге  жүгінеді.  Сондықтан  оның 
шығармаларында  жоғарыда  көрсетілген  тікелей  ислам  дініне 
қатысты араб-иран сөздері көбірек орын алған. Ал Бұқардың кіші 
замандасы  Шал  ақында  мұндай  емес,  онда  кездесетін  шығыс 
сөздері  халық  тіліне  сіңіскен  дүние,  момын,  мақұл,  дәулет, 
несібе,  әйел  сияқты  сөздер,  өйткені  ол  ислам  дінін  пір  тұтып 
уағыздаған емес, керісінше:  
Мекке менен Медине жолдың ұшы 
Иман таба алар ма барған кісі   немесе 
Қой, сиырын қамасын молда өзі 
Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден, - деп дін сөзін күмән 
етіп,  келеке  қылған  ақын?..  Сондықтан,  оның  өлеңдеріндегі 
ұжмақ,  иман,  хақ  деген  бірен-саран  сөздер  осы  мақсатта  ғана 
жұмсалған. 
Бұхарда  бірер  жерде  ғана  сия,  дәуіт,  қалам,  әлім,  ғалым 
деген  оқу-ағартуға  қатысты  4–5  араб-парсы  сөздері  бар.  Сірә, 
Бұқар  мұсылманша  көзі  ашық  адам  болса  керек.  Қанша  діндар 
болса  да  мұсылманша  сауаты  жоқ,  ислам  діні  негіздерінен 
бейхабар  қарапайым  ақылгөй  араб-парсы  лексикасын  бұлайша 
пайдалана алмаған болар еді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет