Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§6. Орыс  сөздері 
 
Қазіргі  қазақ  лексикасының  мол  бір  қабаты    -  орыс  сөздері 
немесе  орыс  тілі  арқылы  енген  шет  тілі  (көбінесе 
интернационалдық)  сөздері  болса,  біз  талдап  отырған  әдеби 
тілімізде  бұл  қабат  өте  жұқа,  тіпті  жоққа  тән  екені  көрінеді. 
Шығармалары талданып келе жатқан ақындардың ешқайсысынан 
осы  күнгі  русизмдердің  ешбіреуін  кездестіре  алмаймыз.  Тіпті 
фольклорда кездесетін шай, самаурын, тарантас, пәуеске тәрізді 
күнделікті  тұрмысқа  қатысты  (бытовая  лексика)  сөздер  де  жоқ. 
Бұған қарағанда, шай ішу (оның жабдықтары: самаурын, поднос 
т.т.)  немесе  орыстар  қолданған  көлік  түрлері  ХVІІІ  ғ.  қазақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
61 
жерінде аса етек ала қоймаған болуы керек. 
 
§7. Архаизмдер 
 
Қазақтың  ХVІІІ  ғ.  әдеби  тілінде  қазіргі  лексикалық 
нормамыздың  тұрғысынан  қарағанда  архаизмге  жататын  бір 
алуан  сөздер  тобы  бар.  Жауынгершілік  тақырыпқа  байланысты 
көнерген  сөздерді  жоғарыда  айтып  өттік.  Бұдан  бір  жарым,  екі 
ғасыр бұрынғы қолданылған қару-жарақ түрлері жойылып, жаңа 
түрлері  шыққандықтан,  оның  атаулары  да  архаизмге  кеткендігі 
даусыз.  Бұдан  басқа  да  көнерген  немесе  бұл  күнде  пассив 
сөздерді  ұшыратамыз.  Бұхарда  қолданылған  талыс,  шөншік 
деген сөздердің архаизмдер екенін бірнеше зерттеуші атап кеткен 
болатын.  Екеуі  де  мал  терісінен  істелінетін  ыдыс  жабдықтары. 
Металл,  шыны  материалдары  кем,  тар  дәуірлерде  мал  терісі  әр 
алуан  ас-су  жабдықтарын,  киім-кешек,  төсеніш-жастаныштар 
жасауға  пайдаланылатын  бірден  бір  материал  болған. 
Экономикалық даму дәрежесі әлі өте төмен қазақтың  феодалдық 
қоғамында  ХVІІІ  ғ.  өзінде  әлі  де  осындай  жабайы  құрал 
жабдықтардың  болғанын  сол  кездің  тілдік  фактілері  де 
дәлелдейді.  Мысалы:  дүр,  талық,  манат,  көрпелдес,  түкпе, 
ортық  сөздері  мен  тіркеусіз  қайту,  дулап  жүру,  байсал  табу, 
байсалды  үй,  баршындау,  кебелеу,  мамыр  асу  тіркестері  қазіргі 
актив  қорға  кірмейді.  Бұлардың  кейбіреуін  кітап  шығарушылар 
түсіндіріп отыруға тырысқан. Мәселен: мамыр-сабыр, көрпелдес-
күрпілдек, ал көпшілігі ешбір түсініксіз қалпында оқылып келеді. 
Бұлардың  әрқайсысының  төркіні  мен  мағынасын  дұрыс  талдап 
табу – болашақ зерттеулердің міндеті. 
 
§8. Сөз тудыру тәсілдері мен грамматикалық ерекшеліктері 
 
ХVІІІ  ғ.  әдебиетінде  есім  сөз  тудырушы  жұрнақтардың 
ішінде көбірек қолданылғаны -лық жұрнағы. Бұл жұрнақ арқылы 
негізінен  абстракты  зат  есімдер  жасалған:  жаулық,  билік, 
жақсылық, жамандық, ірілік, ұрлық, қулық, кәрілік, кемдік, елдік, 
жарлық, сараңдық, зорлық, қорлық, бірлік, жомарттық.   -Лық 
жұрнағынан туынды сын есім жасауға пайдалану бұл кезде мүлде 
өнімсіз  жоққа  тән.  Бұл  ерекшелік  ауыз  әдебиеті  тілімен  іліктес, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
62 
мұнда  да  –лық  жұрнағы  жақсылық,  жамандық,  жастық, 
кәрілік,  жігіттік,  батырлық,  байлық,  ашықтық  тәрізді  зат 
есімдерді  жасайды.  Ал  оның  сын  есім  болып  келуі  тек  сандық, 
уақыттық  мөлшерді  білдіретін  жағдайда  ғана:  қырық  күншілік 
шөлі  бар  («Қыз  Жібек»),  Алпыс  сомдық  әр  кезі,  Үстіне  асыл 
кигізді («Қамбар»), Күндік жер, неше күндік жол, жүз теңгелік 
опа  т.б.  некен  саяқ  жерлерде  айлық  оқ,  тебінгілік  жүн  тәрізді 
сын  есімдер  кездеседі.  Бұхарда  бұл  типтес  бір-ақ  сөз:  Жаулық 
жолын  сүймеңіз.  Қалған  жұрнақтардан  –лы,  -сыз,  -ыш 
(қызғаныш),  ақ  (тілек, қылық, атақ, өтірік) тұлғалы  есімдер бар.  
Бірақ  бұлар  арқылы  жасалған  сөздер  өте  аз.  -Кер  жұрнағы 
қызметкер, азаткер, үсіткер сияқты бірер сөзде кездеседі. 
ХVІІІ  ғ.  ақындар  тілі  мен  ауыз  әдебиеті  тілінен 
грамматикалық  ерекшеліктерді  табу  өте  қиын.  Ол  жоғарыда 
айтқан  текстологиялық  қайшылыққа  байланысты:  әдеби  мұраны 
жеткізушілер  ұйқасқа,  өлең  өлшеміне  байланысты  немесе 
мағынасын  білмегендіктен  жеке  сөздер  мен  тіркестерді  өзгерте 
алмайтын жайлары болуы мүмкін, ал грамматикалық тұлғаларды 
өзгерту  (мысалы,  бір  септіктің  орнына  екіншісін  -  өз  заманында 
қолданылатынын  ауыстырып  айту)  онша  қиын  болмайды. 
Дегенмен,  там-тұмдап  болса  да  кейбір  морфологиялық 
ерекшеліктер  күні  бүгінге  дейін  сақталып  жеткенін  байқаймыз. 
Солардың бірі келер шақ есімшенің барыс жалғаулы тұлғасының 
(барарға, айтарға) өнімді қолданылуы. Мысалы, Бұқарда:  
Батпақты сайға су түссе, 
Атың арып келгенде
Өткел бермес кешерге 
Қайырсыз итке мал бітсе 
Аңқаң құрып келгенде 
Саумал бермес ішерге немесе 
Келмей тұр аузым айтарға 
Еңкейіп орақ  орарға т.т. бұл  осы күнгі өнімді у+ға (баруға, 
айтуға) тұлғасының синонимі. Өткен ғасырларда у+ға тұлғасы да 
қатар қолданылған тәрізді. Мысалы: 
Есіл көзден нұр тайса 
Бір көруге зар болар (Бұхар). 
Сондай-ақ  осы  күнгі  у  жұрнағы  арқылы  берілетін  қимыл 
есімдердің  орнынан  кейде  мақ  жұрнақты  тұлға  қолданылғаны 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
63 
көрінеді. 
Ханның жақсы болмағы  
Қарашаның елдігі (Бұқар) 
ХVІІІ  ғ.  әдебиетінде  бұл  күнде  аналитикалық  тәсілмен 
немесе жұрнақтар арқылы жасалатын кейбір етістіктер өзгешелеу 
тұлғада жұмсалған. Мысалы, Бұхарда: «Даусы қандай саңқыған» 
(саңқылдаған),  Айтқан  сөзге  түспеген  (түсінбеген).  Шалда: 
«Жатудан жамбастарың жауырады» (жауыр болады). 
Халық ауыз әдебиетіндегі сияқты да шылау грамматикалық 
тіркестердің  арасында  келіп,  ерекше  экспрессивтік  реңк  беретін 
тәсіл түзейді, мысалы, Бұхарда: 
Қынайы да белін буынған 
Жылай да жесір қалмасқа 
Толғай да дәурен сүрмес пе? 
Салыстыр: Қызыл да жібек қырмызы, 
Баян да қылып айтайын. (Қамбар). 
Бұқар  шығармаларында  бірді-екілі  жерде  ұшырасатын 
бергіл,  ойлағыл  тұлғаларын  түсіндіру  қиын.  Бұлар  бұл  күнде 
оңтүстік  говорына  тән  формалар.  Бұқардың  Абылайға  «Сен  мен 
көргенде  Түркістанда  жүр  едің»  дегеніне  қарағанда,  ол 
Қазақстанның оңтүстік аудандарында болғанға ұқсайды, жоғарғы 
элементтер,  мүмкін  осы  жағдайға  байланысты  болар  немесе  сол 
кезде  етістіктің  бұйрық,  тілек  формалары  қазақ  жерінің  қай 
түкпірінде  де  осы  тұлғаларда  берілген  болуы  мүмкін.  Ауыз 
әдебиеті  нұсқаларынан  бұл  тұлғалар  «Қыз  Жібек»,  «Айман-
Шолпан» жырларында жиі кездеседі. Бақытын ашқыл баламның; 
Мәдеткер болғыл балама, Іздеп келгіл ағаңды, Көке болмай жерге 
кіргіл  («Қыз  Жібек»).  Бір  құдай  жәрдем  бергіл  тіл  жағыма 
(«Айман-Шолпан»).  Ал  «айтар  сөзім  осы  дүр»  дегендегі  дүр 
форманты  Бұқар  тұсында  да  қолданылудан  қалмаған  тәсілдің 
көрінісі. Бұл ХІХ ғ. жырлаған ауыз әдебиеті нұсқаларында да бар: 
Құдіретіңе алланың 
Бенденің жоқ дүр көнбісі («Қыз Жібек»). 
Кім бай дүр, 
Кім жарлы дүр, тәңірге аян («Айман-Шолпан»). 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
64 
§9. Фразеологиялық тіркестер 
 
Әдеби  тілдің  бір  белгісі  фразеологиялық  тіркестердің 
тұрақталып,  образ  жасауға  қатынасуында.  Бұл  жағынан  ауыз 
әдебиеті тілі де, ХVІІІ ғ. көркем әдебиет тілі де едәуір материал 
береді.  Бірақ  олардың  шығармаларындағы  тұрақты  тіркестер 
негізінен  ауыз  әдебиеті  дәстүрін  сақтайды:  ақындар  бұрыннан 
қалыптасқан  дайын  штамптарды  пайдаланады  немесе  жаңа 
тіркестер жасай  қалса, оның  семантикалық және грамматикалық 
моделі  дәстүрлі  тіркестерден  алынады.  Мысалы,  Бұқардағы 
Тұрымтайдай ұл, басына дәулет құсы қону, тоят тілеу, тақымы 
кетпес ұры, найзаны жауға тіреу, жұлдызы оңынан туу, он сан 
алаш, құдайға құл болу, ақ сұңқар құстай, жалаң аяқ жар кешу 
деген  тіркестер  халық  тілінен  ұштасады.  Сірә,  ХVІІІ  ғ.  ақындар 
тіліндегі  қаза  қалу,  жер  тұлдану,  дау  ұру,  жандай  шабу, 
уағдадан  жылысу,  бойынан  түңілу,  байсал  табу,  қулық  туған 
құлаша,  алтынының  буы,  дәулет  таю,  жамандық  тұту,  бір 
ауызды  болу  тәрізді  тұрақты  тіркестерді  белгілі  бір  ақынның 
туындысы  деп  те,  халық  тілінің  байлығы  деп  те  кесіп  айту  өте 
қиын.  Өйткені  сол  тұстағы  сөйлеу  тілінің  байлығы  бізге  мүлде 
беймәлім,  ауыз  әдебиеті  тілінің  де  ХVІІІ  ғ.  фразеологиялық 
нормасын белгілеу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қазір біз тек бір-ақ 
фактіні  батыл  көрсете  аламыз.  Ол  қазіргі  әдеби  тіліміздің 
байлығы  мен  көркемдігін,  образдылығын  танытатын  фразалық, 
идиомалық  тіркестердің  сөз  етіп  отырған  дәуірде  орын  алып, 
тұрақталған тіл элементтері болғандығы. 
 
§10. ХVІІІ ғасыр мен XIX ғасырдың І жартысындағы 
эпистолярлық нұсқалардың  тілі 
 
Жоғарыда көрсеткеніміздей, ХVІІІ ғ.  ІІ жартысындағы қазақ 
даласындағы  тіл  практикасының  бір  түрі  –  хан,  сұлтан  және 
кейбір  старшиналардың  орыс  әкімшілік  орындарына  және  бір-
бірлеріне  жазысқан  әр  алуан  қағаздарының  тілі  болды.  Бұлар 
көбінесе  орысша  прошение,  уведомление,  донесение  деп 
аталған  құжаттар  мен  ресми  хаттар.  Бұлардың  мұрағаттарда 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
65 
сақталғандарын  «Материалы  по  истории  КазССР»
20
  деген  атпен 
профессор  М.П.  Вяткин  2  том  қылып  жариялағандықтан, 
олардың  тілі  туралы  сөз  ету  мүмкіндігі  бар.  Ең  алдымен,  бұл 
ресми құжаттарды жоғарыда сөз еткен көркем әдеби нұсқалардан 
бөліп  қарайтын  себептеріміз  бар.  Біріншіден,  бұлар  әдебиеттің 
өзге  жанрына  –  ресми-эпистолярлық  жанрға  жататын  нұсқалар 
болса,  екіншіден,  пайдаланылған  тілі  жалпыхалықтық  қазақ 
тілінен  өзгешелеу  болды.  Бұл  құжаттардың  тілі  мен  стилі 
жөнінде  алғаш  дұрыс  сипаттама  мен  құнды  пікірлер  айтқан 
профессор  М.П.  Вяткин  болды.  Ол  кісі  бұл  документті 
жариялаумен  байланысты  жазған  алғы  сөзінде  былай  деп 
көрсетеді:  «Хандардың  хаттарын  жазған  қазақтар  емес,  татар 
молдалары,  патша  үкіметінің  агенттері  болатын,  сондықтан  да 
еңбекшілердің  көтерілістерін  «оңбаған»  халықтың  бүліктері 
немесе  тіпті  кәдімгі  ел  талдау  деп  сипаттаған.  Тілі  жағынан 
алғанда  қазақ  феодалдары  атынан  жазылған  бұл  құжаттар  тілі 
арнаулы  кеңсе  тілінің  үлгілеріне  жатады.  Мұнда  татар 
элементтері  басым,  ал  қазақ  тіліне  тән  элементтер  әлдеқайда  аз. 
Орта  Азия  халықтары  тілдеріне  тән  архаизмдер  мен  арабизмдер 
араласқан  бұл  татар  тілі  хандар  канцеляриясы  практикасында 
ұзақ  уақыт  берік  сақталып,  ресми  хат-хабарлардың  барлығында 
қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде 
түсініксіз  болды.  ХVІІІ  ғ.  мен  XIX  ғ.  қазақ  даласында 
қолданылған кеңсе тілі туралы қазақ лингвистері де осындай баға 
береді. 
Абай  дәуіріне  дейінгі  хан-сұлтандардың  түрліше  грамота-
хаттарына келсек, – деп жазады академик І. Кеңесбаев, – олар сол 
кезде  мода  болған  ресми-эпистолярлық  стильдің  сынықтары 
болатын.  Мұнда  шағатай,  татар,  араб-парсы  элементтері  басым 
болды». 
Бұл  кеңсе  қағаздары  тілінің  Орта  Азиялық  түркі  тілдеріне 
ортақ  ертеден  қалыптасқан  стилі  болды.  Ол  стиль  кеңсе 
жазбалары 
тілінің 
лексика-фразеологиялық 
құрамында, 
грамматикалық тәсілдерінде, тіпті орфографиясында орын алған, 
өзіне тән норма-ерекшеліктерімен белгіленеді. Ең алдымен, орта 
ғасырлардан бастап біз сөз етіп отырған ХVІІІ ғ. мен XIX ғ. дейін 
                                                 
20
  Вяткин  М.П. Материалы из истории КазССР. –М.-Л,  1940. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
66 
әрбір  дәрежедегі  лауазымды  әкімдерді  дәріптейтін  тұрақты 
эпитеттердің  қолданылу  шарты  болды.  Бұл  жалғыз  ортаазиялық 
феодалдық қоғамдағы түркі халықтары тілінде ғана емес, өзге де 
халықтар,  оның  ішінде  орыс  тілінде  де  орын  алды.  Мысалы, 
жоғарыда аталған құжаттардағы ғизатлу, хұрметлу (уважаемый), 
мархабатлу  (милостивый),  сағадатлу  (блаженный)  тәрізді  сын 
есімдер  осындай  тұрақты  стильдік  элементтер.  Бұлар  түгелімен 
дерлік араб  сөздерінен  түркі  жұрнағы  лұ  (лы)  арқылы жасалған. 
Бұлардан басқа арабтың ғали және хазірет деген сөздері өте жиі 
қолданылып,  біріншісі,  «жоғары,  биік»  деген  компонентті 
білдірген.  Мысалы,  ғали  кәһәли  уа  ғали  жәһәли  (высокосте-
пенный  и  высокодостойный);  екіншісі,  «его  (ее)  превосходи-
тельство,  величество»  деген  ұғымды  білдіреді.  Демек  бұлардың 
әрқайсысы  белгілі  бір  эпитетті  білдіретін  дәрежеде  тұрақталып, 
стильге тән нормаға айналғаны байқалады. 
Хан, сұлтан, би, старшиналардың атынан жазылған түрліше 
қағаздардың  атаулары  да  бірқыдыру  дифференцияланып, 
нормаланғаны сезіледі. Мысалы, жоғары орындардан бір нәрсені 
сұрай,  өтіне  жазылған  қағаздар  (прошение)  ғарыз,  ғарызнаме, 
ғарызахуал,  ғарызхал  деп  берген,  тіпті  олардың  өзіне  тән 
всеподданейшее, всенизайшее тәріздес эпитеттердің де баламасы 
сияқты 
сөздер 
қолданылған: 
табиғна 
ғарызнаме 
- 
всеподданейшее  прошение.  Бірдеңені  білдіру  үшін  жазылған 
қағаздар  (донесение,  уведомление)  иғлам  наме  деп  аталған. 
Бұлардан  басқа  хат  (письмо)  деген  термин  осы  күнгідей  хат 
түрінде әлі қалыптасып болмағаны байқалады. Мұның мағынасы 
жоғарғы  документтерде  үш-төрт  сөзбен  берілген:  мәктәбә, 
күтәбту,  китәб  және  хат.  Әкімшілік  орындарының  түрліше 
бұйрық-жарлықтары  (повеления,  приказы,  указы)  ярлұқ,  әмір 
ярлұқ,  фарман  түрінде  кездеседі,  қазақша  бұйрық  сөзі  әлі  жоқ. 
Мұның  біріншісі  түркі  тілдерінде  ежелден  келе  жатқан  ярұқ-
ярлұқ-жарығ  (жеті  жарғы),  жарлық  сөзі  де,  екіншісі  осы 
мағынаны білдіретін араб сөзі, бұл көбінесе хан, сұлтан, қазылар 
тарапынан берілетін указ дегенге сай келеді. Фарман сөзі пәрмен 
түрінде халық тіліне де енсе керек: Патшадан пәрмен болған соң 
(«Қамбар»),  бұл  сөзді  Н.И.Ильминский  де  сөздігіне  (1861) 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
67 
пәрмен-повеление деп енгізген  
21

Кейбір  әлеуметтік-әскери  терминдерді  араб-парсы  сөздері 
арқылы  білдіріп,  бір  ізді  қолдану  тенденциясы  бар.  Мысалы, 
қазақтың  хан-сұлтандары  мен  патша  үкіметінің  жергілікті 
администрациясына  қарсы  әрекет  етушілерге  харамилер 
(разбойники)  деген  ат  қалыптастырған.  Бұл  сөзді  осы  мағынада 
бірнеше  документтен  табамыз.  Жазбаларда  «көпшілік  халық» 
дегенді  білдіретін  бірнеше  сөз  қолданылған:  иұрт,  халық,  қара 
халық,  ел  (ауыл  мағынасында),  жамағат.  Мұндағы  иұрт  – 
этникалық  тұтастық  ретінде  біріккен  топ  мағынасында  
жұмсалғанға ұқсайды: қырғыз-қазақ иұрты, күллі иұртымыздың 
жамағатлары  т.т.  «Жамағат»  сөзі  община  дегенге  дәл  келеді. 
Билеуші  топтың  антиподы  ретінде  қара  халық  (простой  народ) 
дегенді қолданылған. Осындай терминделген сөздердің қатарына 
харакат-поведение,  поступки,  ғаскер  (кейде  ласкер)-войско, 
саудагер-купец,  мал-товар,  шабуыл-набеги,  елші-посланец, 
депутат, 
сахара-степь, 
баж-налог,  мехкеме-учреждение, 
бастық, 
хакім-начальник, 
тұтқын-пленные, 
астрахат-
спокойство,  қияпат-предательство  сөздері  жатады.  Бұлардың 
көпшілігі  араб-парсы  сөздері  болса,  елші,  мал,  кеңес,  бастық, 
тұтқын  дегендер – түркі сөздері.  
Қазақ  жерінің  Ресей  империясына  бағынуына  байланысты 
көптеген  жаң  ұғымдарды  атау  қажеттігі  туады,  бұлардың  да 
бірқатарына  араб-парсы  сөздері  алынып,  тұрақтана  бастағаны 
байқалады.  Мысалы,  подданство,  подданый  деген  ұғымдар 
рағаятлік,  рағаят  сөздерімен  беріліп  отырған.  Сондай-ақ  патша 
үкіметі тарапынан салынған пограничная линия, қала атаулары да 
шама  келгенше  аударылып  аталған.  Мәселен,  жоғарыдағы 
пограничная линияны барлық документтерде де сархад деп беріп 
отырған. Ал кішкене қаланы (городок) қала, кәдімгі үлкен қаланы 
(город)  шаһар,  крепосты  бірде  қала  (Ор  қаласы  –  Орская 
крепость) деп, бірде крепос, крепиш деп орысша атаған. Форпост 
аударылмай  форбос түрінде қолданылған.  
Өткен  ғасырлардағы  кеңсе-қатынас  қағаздары  тілінің 
лексикалық  құрамындағы  тағы  бір  ерекшелік,  жоғарыда 
                                                 
21
  Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ  газеттерінің тілі.  Алматы, 1987. 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
68 
көрсетілгендей,  тек  зат,  құбылыс,  атаулары  ғана  емес,  түрліше 
көңіл-күй, амал-әрекетті білдіретін сын есім, үстеу, етістіктердің 
бірқатары  жат  тілдік  (араб-парсы)  сөздермен  берілгендігінде: 
атақ-единодушно,  ғаяндур-аян,  бәңә  асыд  болынды-мною 
получено,  махзун  қылдыңыз-огорчили  меня,  ғадаулік  қылу-
действовать  враждебно,  офат  олынды-скончался.  Мұндай 
етістіктер көбінесе аналитикалық жолмен негізгісі араб-иран сөзі, 
көмекшісі  түркі  етістігі    арқылы  жасалған.  Кеңсе  қағаздары 
тіліндегі  лексикалық  ерекшеліктің  бірі  –  ондағы  көптеген 
номинативтік  атаулар  мен  сын-амал,  іс-әрекетті  білдіретін 
сөздердің араб-парсы элементтері болып келетіндігінде. 
Сөз  жоқ,  бұлардың  лексикасының  негізгісі  –  түркі 
элементтері  Бұлардағы  түркі  тіліндік  лексика  негізінен  сол 
кездегі қазақтың жалпыхалықтық тілі мен көркем әдебиет тілінікі    
(ауыз әдебиеті мен ақындар шығармалары) емес, басым көпшілігі 
орта азиялық әдеби тіл (шағатай) мен татар тілдерінікі. Мысалы, 
қазақша е етістігі ербол етістігі ол түрінде оғыз тілдеріндегінше 
берілген:  хайран  олдым  (болдым),  иазған  ердім  (едім),  кіріфтар 
олынмыш, ада қылу, үшбу, иүздендіру (отвернутся), ұғланларым, 
өфкә (өкпе),  дост кібік (сияқты). Сонымен қатар таза қазақ тілі 
элементтері  мүлде  жоқ  деп  айтуға  және  де  болмайтын  тәрізді. 
Мұндағы  біраз  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері  татарша-
шағатайша  орфографиямен  жазылғаны  болмаса,  қазақ  тіліне  тән 
немесе ортақ элементтер. Мысалы, йұрт, кіші жүз, ақсақал, қара 
халық  болып,  төре,  шабуыл,  атыстырып-шабыстырып,  қабыл 
көру,  елші  қылып,  сізге  қандай  дұшман  болса,  бізге  сондай 
дұшман,  көріп  оқұб  мазмұнын  аңғардық,  бұрынғы  болып  өткен 
т.б.  документтің  бір  жерлерінде  ерді,  олды,  олмұш  болып  келсе, 
келесі  бір  жерлерінде  және  көбірегі  еді,  болды  түрінде  қыпшақ 
тілдерінше келеді.  
Бұл  стильдегі  өзге  түркі  тілдік  элементтер  лексика 
саласынан  гөрі  грамматика  (әсіресе  морфология)  саласында 
көбірек орын алады. Есімдіктердің септелген түрлері бәңә, бенім, 
бенден  деп  көмекшісі  дайу  түрінде  есімшенің  ған  жұрнағының 
орнына  мыш  жұрнақтары  түрі  (бенім,  есіміме  түзілміш,  жәбір 
көрмей,  кіріфтар  олынмыш),  ІІІ  жақ  жіктік  тұлға  дүр 
формантымен  келеді:  мағлұм  олынадұр,  оңайдүр,  хан  деп 
бюілмесдүр.  Етістіктің  ІІІ  жақ  көпше  жіктік  тұлғасында  лар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
69 
жалғауы  келеді:  хан  ясадылар,  айталар,  кеттілер,  т.т.  У 
жұрнағының  орнына  ғу  формасы  келеді:  дұсманлық,  қылғушы, 
иүргуші;  етістіктің  тілек,  қалау,  өтініш  мағынасы  –ғай 
тұлғасымен  берілген:  иібіргәй  едіңіз  (жіберіңіз),  инансқой  ерді 
(сеніселік),  есімшенің  тұғын,  тын  тұлғалы  түрінің  орнына 
тұрған  сөзі  келеді:  шабуыл  қыла  тұрған.  Шылаулардың 
қолданылуында біркелкілік жоқ, арабтың уа, һәм шылаулары жиі 
қолданылған, осы күнгі мен шылауының орнына   бірде, бірлән, 
бірде  иле,  бірде  илән  тұлғалары  келеді:  шейін  шылауының 
орнына  ше  (бұ  уақытқа  ше)  қолданылады:  парсының  би,  на 
префикстері жиірек кездеседі: бихисаб, бинаһият, нәмәқұл т.б.  
XVIII-XIX ғ. эпистолярлық материалдарының тілін қазақтың 
жалпыхалықтық  тілінен  қашықтатып  әкеткен  жағдайлардың  бірі 
–  олардың  орфографиясы:  бұларда  шағатайша-татарша  жазу 
нормасы бойынша сөз басындағы ж әріпінің орнына и әрпі (иоқ, 
иазған,  иыл  т.т.)  жазылды.  Жалғау-жұрнақтар  қазақ  тілінің 
үндестік  заңын  сақтамай,  тіркеліп  жазылады  бізлер,  сүйіклү, 
иүзнің  т.б.  араб-парсы  сөздері  көбінесе  өз  тілдеріндегі  тұлғасы 
бойынша  жазылады:  ғарыз,  һеш,  хакім,  фарзандлар  т.б. 
осылардың  баршасы  кеңсе-қатынас  қағаздарының  стилін  ұзақ 
уақыттар бойы дәстүрге айналдырып, оларды жазба тілдің өзгеше 
сипатты түріне жатқызуға мәжбүр етті.  
Бірнеше  ғасырлар  бойы  түркі  тілдеріне  тән  болып 
қалыптасқан  ресми-эпистолярлық  стиль,  сөз  жоқ,  әдеби,  оның 
ішінде жазба әдеби тілдің бұтағы. Бірақ бұл XVIII ғасырдан көп 
бұрын-ақ  қазақтың  жалпыхалықтық  сөйлеу  тілі  мен  көркем 
әдебиет  тілінен  айтарлықтай  алшақтап  кеткен  әдеби  тіл  болды. 
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірде қазақ қоғамында екі әдеби тіл 
өмір  сүрді:  бірі  –  қазақтың  жалпыхалықтық  тілінің  негізінде 
пайда болған қазақтың ауызша әдеби тілі, екіншісі – жалғыз ғана 
стильде жұмсалған көне (ескі) қазақ жазба әдеби тілі.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1.ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  қазақ  әдеби  тілін  сипаттайтын 
нұсқаларды атаңыз. 
2.  ХҮІІІ  ғ.  қазақ  әдеби  тілінің  лексика-грамматикалық 
ерекшеліктерді атаңыз. 
3.  ХҮІІІ  ғасыр  мен  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
70 
эпистолярлық нұсқалардың тіл ерекшеліктерін атаңыз. 
 
Реферат тақырыбы: 
1.ХҮ-ХҮІІІ  ғғ.  қазақ  әдеби  тілінің  лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері 
2. Қадырғали Жалаиридің  «Жамиғат-тауарих» шежіресінің қазақ 
әдеби тіліне қатысы 
      
 
  
ІІІ.   XIX  ҒАСЫРДЫҢ  І  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  
ӘДЕБИ  ТІЛІ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет