Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2. Қазақ әдеби тілінің тарихи  арналары



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§ 2. Қазақ әдеби тілінің тарихи  арналары 
 
Қазақ халқының халық болып, жеке мемлекет құрып, тарих 
сахнасынан  орын  алуы  ХV  ғ.  аяғында  Керей  мен  Жәнібек 
сұлтандар  бастаған  бірнеше  тайпалардың  Өзбек  хандығынан 
бөлініп  көшіп,  Жетісудағы  өзге  тайпалармен  бірігіп,  қазақ 
хандығының 
құрылуымен 
байланысты 
екендігі 
тарихи 
әдебиеттерден 
белгілі. 
Басқаша 
айтқанда, 
Қазақстан 
тарихшыларының  көрсетуінше,  ХV  ғ.  дейін  қазақ  халқының  өз 
алдына  жеке  мемлекеті  болмаған,  әлі  өз  алдына  жеке  халық 
болып құрылмаған. Әрине, қазақ халқын құраған белді-белді ру-
тайпалардың  бұдан  бұрын  да  тарихтан  белгілі  екені  еленбей 
отырған  жоқ.  Әңгіме  олардың  халық  болып  бірігіп  құрылуында 
болып  отыр.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  қазақ  халқы  болып 
құралғанға  дейін  оның  әдеби  тілі  болды деп  түю  шындыққа  сай 
келмесе  керек.  Өйткені  әдеби  тіл  –  ру-тайпа  тілі  емес, 
жалпыхалықтық  сұрыпталған  тіл,  жалпыхалықтық  сипаты  бар 
мәдени өмірдің құралы. Сондықтан ХV ғ. бұрын қазақ халқының 
өзіне ғана тели аларлық әдеби тілі болды деуге ешбір қисын жоқ. 
Бұл – бір. Екіншіден, жалпы тіл сияқты әдеби тіл де бір кезеңнің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
40 
жемісі емес. Әдеби тіл бір күнде немесе бір жылда туып, жасала 
қоймайды.  Жалпыхалықтық  тілдің  негізінде  қалыптасқан  әдеби 
тілдің  өзі  кейде  сол  халықтың  халық  болып  қалыптасқан 
кезеңінен  кейін  тууы  не  халықтың  өзімен  бірге  қалыптасуы 
мүмкін.  Онда  да  әдеби  тіл  жоқ  жерден  жасала  қоймайды.  Сол 
халықты құраған ру-тайпалардың тілі немесе оған дейін тайпалық 
одақтардың  тілдік  үлгілері  мен  дәстүрлері  әдеби  тілдің 
қалыптасуына,  өркендеуіне  негіз  болады.  Міне,  осы  жағынан 
әдеби  тіл  қалыптасқанға  дейінгі  тілдік  материалдардың  әдеби 
тілді  қалыптастырып,  дамытудағы  рөлін,  оның  тарихи  негіздері 
мен  арналары  ретінде  әдеби  тіл  тарихы  мәселелерін  қозғағанда 
айтпай  кетуге  болмайды.  Сөйтіп,  қазақ  әдеби  тілінің  негізі, 
қайнар  көзі  ерте  кезеңдердегі  қазақ  халқын  құраған  ру-
тайпалардың,  одан  кейінгі  ХІV–ХV  ғ.ғ.  қазақ  халқының  ауызекі 
сөйлеу тілі, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілі және көне, ескі 
түркі жазба ескерткіштерінің тілі болды. 
1.  Қазақ  халқын  түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобына  жататын 
(ж-мен сөйлейтін) тайпалар одағы құрады. Қыпшақтардың нағыз 
дәуірлеп тұрған кезі – ХІІ-ХІV ғасырларда хатқа түскен «Кодекс 
Куманикус»  (ХІІІ  ғ.),  «Тержуман  турки  уа  араби»  (ХІІІ  ғ.), 
«Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (ХІV ғ.) т.б. сияқты сөздіктер 
сол дәуірлердегі сөйлеу тілінің ескерткіштері болып саналады. ХІ 
ғасырдағы  қыпшақтардың  сөйлеу  тілінің  табиғатын  М.Қашғари 
сөздігінен де байқауға болады. Мәселен, «Кодексте» қазіргі қазақ 
тілінде  кездесетін  ағаш,  аманат,  ант,  ачув  (ашу),  бірлік, 
бүтүнлік,  емгек  (қиындық),  жете  (ақыл,  ес),  ұғат  (ұят)  т.б. 
сөздер  кездеседі.  Абу  Хайанның  «Китаб  ал-идрак»  атты  еңбегін 
зерттеген  М.Мәженованың  есептеуінше,  сөздікте  3500-дей 
қыпшақ  сөздері  араб  тіліне  аударылған.  Соның  56,5  пайызы 
тұлғасы мен мағынасы жағынан қазіргі қазақ тілімен бірдей (өзен, 
ечкі,  бешік,  ине,  бұйдай,  төшек,  киіз,  бөрі).  Ал  «Китаб  ат-
тухбаны» зерттеген Т.Арыновтың көрсетуінше, бұл сөздіктің 75-
80  пайызы  қазақ  сөздерімен  бірдей  түсіп  жатады  екен  (бұрау, 
көже, күндеш, қолаңса – басқа түркі тілдерінде кездеспейді). 
Қазақ  әдеби  тіліне  негіз  болған  ескі  қыпшақ  тілінің 
фонетикалық  ерекшелігіне  сөз  басындағы  б  дыбысы  орнына  м 
келуі (мұрын -  бұрын, мойын -бойұн),  ғ, г дыбыстары орнына у 
(тау), и орнына  ж (жақсы),  ш орнына с (жас -иаш), ч орнына ш 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
41 
(шал-чал), д орнына т (тау-даг) келуін жатқызуға болады. 
2. 
Қазақ 
әдеби 
тілін 
қалыптастырудың 
алғашқы 
лабораториясы  қазақтың  бай,  көркемдігі  мен  бейнелігі  жағынан 
дүние  жүзінің  ешбір  жазба  әдебиетінен  кем  түспейтін  ауыз 
әдебиеті  болды.  Қазақтың  ауыз  әдебиеті  (фольклор)  өз  тарихын 
өте  әріден  бастайды.  Түркі,  монғол  тайпаларының  ертегі  мен 
эпосының  түп  тегі  сақ,  хун,  үйсін,  қыпшақ,  көк  түріктер 
заманында  басталып,  Х-ХVІІІ  ғасырларға  дейін  үздіксіз  дамуда 
болған.  Қазақ  тілі  тарихы  үшін  бір  кезде  Дешті  қыпшақ 
ұлысынан  кірген  тайпаларға  -    бүгінгі  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай 
халықтарына  ортақ  ХІV-ХVІ  ғасырлардағы  тарихи  оқиғаларға 
байланысты  туған  жырлар  мен  аңыз-әңгімелер  тілінің  орны 
айрықша.  Соңғы  кездегі  әдебиет  зерттеушілері  «Алпамыс», 
«Қобыланды»,  «Қамбар»  жырлары  түркі  халықтарының  тайпа-
ұлыстық дәуірінде өмірге келген деп көрсетеді. 
Зерттеуші  Ә.Қоңыратбаевтың  жазуына  қарағанда,  қазақта 
300-дей эпостық жыр бар. Бұған батырлар жырынан басқа «Қозы 
Көрпеш  Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан»  сияқты 
лиро-эпостар  да  кірген  болуы  керек.  Қазақ  әдебиетінде  эпос  өте 
қомақты  жанр.  Оның  тілі  -  әдеби  сипат  алған,  белгілі  бір  сөз 
жұмсау  нормаларын  қалыптастырған,  көркемдік-эстетикалық 
қуаты күшті тіл. 
Ауыз әдебиеті дегенге шартты түрде авторы бимәлім халық 
туындыларымен қатар аты белгілі ақын-жыраулар шығармаларын 
да жатқызуға болады. Өйткені екеуі де ауыздан-ауызға, ұрпақтан-
ұрпаққа  ауызша  тараған.  Екіншіден,  бірі  екіншісінің  заңды 
жалғасы,  сусындар  бұлағы.  О  баста  фольклорлық  туындыларды 
да белгілі адамдар шығарған, жүре келе авторы ұмытылып, халық 
игілігіне  айналған.  Ауызша  таралғандықтан  өңделіп,  өзгеріп, 
бізге бірнеше вариантта жеткен. 
Ауыз  әдебиетінің  көркемдік-эстетикалық  дәстүрі  ауызша 
әдеби  тілден  көркемдік-тілдік  жағынан  жалғасын  тапқан. 
Мәселен,  ауыз  әдебиетіне  тән  көркемдеуіш-бейнелеуіш  тәсілдің 
бірі – стереотиптік формулаларды (тұрақталған тіркестерді) еркін 
қолдану.  Ол  тіркестер  жырдан  жырға  көшіп  отырады.  Мысалы
буырқанды,  бұрсанды,  мұздай  темір  құрсанды,  қорамсаққа  қол 
салды, бір салғанда мол салды; кірпігінен мұз қатып, әулиеге ат 
айтып,  қорасанға  қой  айтып;  қоңыраулы  найза  қолға  алып, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
42 
қоңыр 
салқын 
төске 
алып 
т.т. 
сияқты 
штамптар 
«Қобыландыдағы»  аламанға  жел  берген,  азды  көпке  теңгерген, 
керегесін  отын  қып,  туырлығын  тоқым  қып  деген  тіркестер 
Махамбетте де бар. Қазақтың ауыз әдебиеті мен ауызша тараған 
авторлы  әдебиетінің мазмұны, яғни шығарманың сюжеті, мотив, 
образдары  жағынан  бірдей  болмағанымен,  тілдік  көрінісі,  яғни 
поэтикасы  жағынан    ілектестік  бары  сөзсіз.  Қазақтың  ауыз 
әдебиеті  бай  дегенде,  олардың  санының  шексіздігімен  қатар, 
жанрлық  жағынан  алуан  түрлілігі  еске  алынады.  Фольклор 
қазынасында  тек  батырлар  жыры  мен  лиро-эпостар  ғана  емес, 
шешендік  сөздер,  ертегілер,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер  тағы 
басқа  бар  екені  белгілі.  Жыр  жанрының  өзі  батырлық  жырлар, 
ғашықтық  жырлар,  тұрмыс-салт  жырлары  болып  әлденешеге 
бөлінсе, тұрмыс-салт жырлары өз ішінен жар-жар, сыңсу, естірту, 
жоқтау, бет ашар т.б. болып кете береді. Бұлардың аса бай екенін 
мынадан  көруге  болады.  Әдебиет  және  өнер  институты  ауыз 
әдебиеті  қазыналарынан  жуық  арада  100  томдық  жинақ 
шығаруды  жоспарлап  отыр.  Бірақ  қазақ  лингвистикасында  бұл 
фольклорлық туындылардың тілі әлі күнге зерттеу нысанына көп 
алынбай  келеді.  Қазіргі  таңда  зерттелгені  –  «Қозы  Көрпеш  Баян 
сұлу»,  «Алпамыс»,  «Қыз  Жібек»,  ертегілер,  жұмбақтар,  мақал-
мәтелдер, шешендік сөздер тілі ғана («Ер Тарғын», «Қобыланды» 
жырларының тілі зерттелу үстінде). 
3.  Қазақ  халқы  немесе  оны  құраған  ру-тайпалар  өздерінің  
жазу  тәжірибесінде  бірсыпыра  ғасырлар  бойына  түркі  тілдес 
халықтар  сауатты  ұрпақтарына  жақсы  таныс  болған,  белгілі 
дәрежеде  нормаланған  көне  түркі  әдеби  тілі  аталған  тілді 
пайдаланады.  Бұл  тілді  пайдаланушылар  –  Орхон,  Енисей 
өзендері  алқаптарын,  бір  кездегі  Батыс  Хун  мемлекетінің 
ұланғайыр  территориясын,  Орта  Азияның  батыс  алқабы  мен 
Шығыс  Түркістан  өлкесін  жайлаған  түркі  тайпалары  еді. 
Олардың қолданған тілінің ескерткіштері ретінде V-VІІІ ғ.ғ. тасқа 
ойып жазылған сына жазуларын, одан кейінгі Х-ХІV ғ.ғ. қыпшақ 
бірлестігі  дәуірінде  көне  қыпшақ  тілінде  жазылған  көптеген 
көркем  әдебиет  шығармалары  мен  әр  түрлі  сөздіктерді  айта 
аламыз.  Бұлар  қазақ  әдеби  тілінің  бір  арнасы  болып  есептеледі. 
Алайда  бұл  ескерткіштердің  тілін  қазіргі  түркі  халықтарының 
біреуінің  әдеби  тілі  ретінде  қарау  дұрыс  болмаған  болар  еді, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
43 
бұлар қазіргі бірсыпыра түркі халықтарына ортақ дүниелер. Дей 
тұрсақ  та,  көне  түркі  (Орхон–Енисей,  Талас)  ескерткіштерінің 
грамматикалық  құрылысын,  фонетикалық  жүйесін,  лексикалық 
құрамын  талдап  қарасақ,  қазақ  әдеби  тілінің  негізгі 
нормаларының  көбі  сол  тілмен  сәйкес  келетіндігін  көреміз.  Бұл 
әдеби  тіліміздің  нормаларының  қалыптасуында  көне  түркі  тілі 
үлкен орын алғандығын байқатады. 
Мәселен, көне түркі тіліндегі дауыстылардың жуан-жіңішке 
болып  төрт  жұп  құрайтыны  (а  –  ә  (е),  ы  –  й  (і),  о  -  ө,  ү  –  ұ), 
үндестік  заңының  сол  кезден  басталып  осы  кезге  жеткені,  көне 
түркі  сөздерінде  с  мен  ш  (іш  –  іс,  кіші  –  кісі,  аш  –  ас),  екінші 
буында  ү,  ұ  дыбыстарының  орнына  қысаң  ы,  і  дыбыстарының 
келуі  (үчүн  –  үчін,  тоқұз  –  тоқыз),  жуан  буынды  сөздерге 
қосымшаның  да  жуан  түрінің    жазылуы,  керісінше  (оғылыңа, 
тұтдым, беглер, өзүм) т.б. 
Морфология  саласында  тәуелдік,  жіктік  жалғауларының  3-
жақтағы  формалары,  септік  жалғаулары  көрсеткіштерінің 
ұқсастығы,  сілтеу,  жіктеу,  сұрау  есімдік  формаларының 
бірдейлігін  келтіруге  болады.  Әрине,  көне  түркі  сөздерінің 
барлығының  тұлғасы  қазіргі  қазақ  тілімен  бірдей  түсе  бермейді, 
әлденеше  ғасыр  өткендіктен,  бұлардағы  таг,  мүгіз,  өгүр  сияқты 
сөздер қазіргі тілде тау, бауыр, мүйіз, үйір  болып өзгерген. 
Сына  жазулы  ескерткіштер  тіліндегі  көптеген  сөздер 
мағыналық  және  тұлғалық  жағынан  қазіргі  бірқатар  түркі 
тілдерімен, соның ішінде қазақ тіліндегі сөздермен ұқсас келетіні 
байқалады. Олар, әсіресе, туыстық атаулары (аға, қатұн, қыз, іні, 
сіңілі),  табиғат  құбылысына  байланысты  сөздер  (иер,  тағ,  қар, 
таш-тас, күн, суб), әлеуметтік қатынасқа байланысты сөздер (ел, 
қан, бек, бай, күң), жан-жануар атаулары (ат, бұқа, бөрі, қой) т.т. 
Зерттеушілер  Ә.Құрышжанов  пен  М.Томанов  ешқандай 
айырмашылығы  жоқ сөздер  деп 130 сөзді, кейбір фонетикалық 
ерекшелігі бар сөз деп 397 сөзді, ешқандай ұқсастығы жоқ сөздер 
деп  311  сөзді  тізіп  көрсетеді.  Міне  осы  көрсетілгендер  Орхон-
Енисей,  Талас  ескерткіші  тілінің  қазақ  әдеби  тілінің  бір  арнасы 
екендігіне  біздің  көзімізді  жеткізеді.  Тек  бұл  айтылғандар  ғана 
емес,  сөз  саптау  өнерінің,  өрнекті  сөз  кестелеу,  ойды  образбен 
жеткізу, көркемдеу тәсілдерінің ортақтығы – түркі тілі дәстүрінің 
қазақ  тілінде  үзілмей,  өзара  үндестік,  жалғастық  табуының 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
44 
айғағы. 
Мұндай ұқсастық ортақтық ХІ-ХІІ ғ.ғ. Қарахан әулеті дәуірі 
ескерткіштері  Жүсіп  Баласағұнның  «Құдатғу  білік»  (1069) 
дастаны,  М.Қашғаридің  «Дивани  луғат  ит-түрік»  (1072-74), 
Ахмет  Югнакидің  «һибат  –  ул  хакайк»,  Қожа  Ахмет  Яссауидің 
«Дивану хикмет» атты шығармалары тілінен байқалады. 
«Құдатғу білік» түркі жазба әдеби тілінде жазылған тұңғыш 
көркем  шығарма.  Автор  өз  шығармасын  Қашғардан  Амударияға 
дейінгі  ұланғайыр  территорияны  билеген  Қарахан  мемлекетінде 
өмір  сүрген  барлық  түркі  тайпалары  түсінетін  тілде  жазғанын 
айтады. 
М.Қашғаридің «Диван лұғат ит-түркі» тек сөздік материалы 
бойынша емес, ондағы келтірілген әдеби үлгілерге 300-дей өлең, 
300-ге  тарта  мақал-мәтел,  көркем  теңеулер  мен  қанатты 
сөздерден  қазіргі  әдеби  тіліміздің  бұдан  бірнеше  ғасырлар 
бұрынғы бастау көзін көруге болады. Ондағы 
«Алып Ер Тоңа өлди му? 
Эсіз ажұн қалды му? 
Адлік өчін алды му? 
Эмді  иүрэк  иыртылар»  деген  үзіндіден  ол  үлгілердің  қазақ 
тілінде қаншалық жақындығын байқау қиын емес. 
Қ.Яссауи «Хикметінің» лексикасына көз жіберсек, оның тілі 
ХІІ  ғ.  өмір  сүрген  оғыз-қыпшақ  тайпаларының  сөйлеген  тілі 
екендігі айқын көрінеді. Мысалы, айақ (азақ емес), қой (қоз, қод 
емес), қара иүз (қара бет), көңіл құшы, ит нәфсі, иолдан азу, иан 
беру,  қол  қушыру,  баш  ұру  т.с.с.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл 
шығарманың  тілін  де  қазақ  әдеби  тілінің  бастау  көздерінің  бірі 
деуге әбден болады. 
Монғол  шабуылынан  кейінгі  дәуірде  туған  (ХІІІ-ХІV) 
әдебиет  те  көптеген  түркі  тілдеріне  ортақ.  Бұл  кезеңдегі 
Хорезмидің  «Мұхаббатнамесі»  (1353),  С.Сарайдың  «Гүлстаны», 
«Кодекс  Куманикус»  сияқты  қыпшақ  ескерткіштерінен  қазақ 
тіліне ортақ жайларды байқаймыз. Мысалы, «Мұхаббатнамедегі» 
мына жолдардан: 
Эгер мың иыл тірілсэ Хатэми-тай (Атымтай) 
Сенің атың эшіткеч йерлер өпкэй 
Ұлұс тұттың қамұқ ғақылың күйден 
Черік те қан тамар қылычың үчінден» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
45 
қазақ поэзиясымен үндестік яғни өлең құрылысы, сөз саптау 
өрнегі, образды ой беру жүйесі ұқсас екендігі айқын көрінеді. 
ХІV ғ. көркем туындылармен қатар қазақ тіліне тіпті жақын 
тұратын  екі  ескерткіш  бар.  Оның  біреуі  -  өткен  ғасыр  басында 
Сарайшық  қаласынан  табылған  қыш  құмыраға  жазылған  жазу. 
Онда «Құдатғу біліктен» алынған мынадай нақыл сөз бар: «Адам 
көркі  иүз  болұр,  иүз  көркі  ағыз  болұр,  ағыз  көркі тіл  болұр,  тіл 
көркі сөз болұр». 
Екінші  ескерткіш  –  1391  жылы  Ақсақ  Темірдің  Тоқтамыс 
ханды  шабуға  бара  жатып,  Ұлытаудың  Алтын  шоқысына  тас 
үйдіріп, онда жазу қалдырған. Оны 1935 жылы Қ.Сәтбаев тауып, 
Санкт-Петербордағы  эрмитажға  жіберген.  Тастағы  жазу 
төмендегідей;  «Тарих  иеті  иүз  тоқсан  екіде  (1391)  қой  иыл 
мизаның  (маусым)  айы  Тұранның  сұлтаны  Темірбек  иүз  мың 
черік білэ Тоқтамыс хан білэ санычмақға иүрді. Бұ иердін өтүб 
белгі болсұн теб бу обаны қобарды Тәңрі нисбет бергей іншалла 
тәңрі бу кішіге рахмат қылғай бізні дұға білэ иат қылғай». 
Қорыта 
айтқанда, 
орта 
ғасырдағы 
түркі 
жазба 
ескерткіштерінің  тілі,  көркемдік  дүниесі  қазақ  әдеби  тілінің 
бастауынан, қайнар көзінен хабар береді.  
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Қазақ  әдеби  тілінің    қалыптасып,  даму  тарихы  туралы  
ғалымдардың пікірі қандай? 
2.  Әдеби тілдің тарихи арналарын атаңыз. 
 
 
Реферат тақырыбы: 
1.  Жыраулар тілі мен эпос тіліндегі ономастикалық атаулар 
2.  Ауыз  әдебиеті  мұралары  мен  жыраулар  поэзиясы  тілінің 
ортақ  әдеби  тіл  үлгісі,  поэтикалық  тіл  құралдары, 
грамматикалық ерекшеліктері  
 
 
 
 
                                      
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
46 
ІІІ.  ХҮ-ХVIIІ  ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
 
§  1  ХҮ-ХVII  ғасырлардағы  қазақ  әдеби  тілін  сипаттайтын 
нұсқалар 
 
Қазақ  халқының  жеке  ел  болып,  халық  ретінде  тарих 
сахнасынан    орын  алуы  тарихи  әдебиеттерге  қарағанда,  ХV 
ғасырдан  басталады  деп  жүрміз.  Дегенмен,  оның  халық  ретінде 
қалыптасу  процесінің    аяқталуы  XVI  ғ.  ішінде.  Бұл  кезеңдегі 
қазақ  әдеби  тілінің  көрсеткіші  боларлықтай  хатқа  түскен    қиын 
тағдыр  (үнемі  көшпенді  өмір,  атыс-шабыс,  отырықшылық 
кәсіптің  аздығы)  олардың  жазба  ескерткіштерді  жазып  не 
жазылған  шығармаларды  көшіріп  таратып,  ұрпақтан-ұрпаққа 
сақтап  жеткізуге  мүмкіндік  бермеген  болуы  керек.  Сондықтан 
бұл  дәуір  тілін  сипаттағанда,  негізінен,  аталған  кезеңде  өмір 
сүрген  ақын-жыраулар  шығармаларының  бізге  ауызша  жеткен 
үздіктерін  тілге  тиек  етеміз.  Сондай-ақ  қазақ  тіліне  тым  жақын 
тұрған бірлі-жарым шежіре типті тарихи шығармалар мен қолда 
бар ресми құжаттар тілі сөз болады. Бұлардың шығармаларының  
сақталуы  белгілі  кезеңдегі  тарихи  оқиғалармен,  хандардың 
жөнсіз  қылықтарымен,  ел  қорғау  тақырыптарымен  байланысты 
еді.  Мәселен,  XV  ғ.  Едіге  бидің  бүлігі  Сыпыра  жырау  толғауын 
туғызса,  X-XII  ғ.  Есім  ханның  әділетсіздігі  Жиембет  сөзін, 
Абылайдың  әрекеті  Бұхар  өлеңдерін  дүниеге  келтірді.  Асан 
қайғы,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқалар    өз  толғауларын  көбіне 
ел билеуші хандарға  арнай айтады. Асан толғауларында Жәнібек 
хан,  Шалкиізден  Би  Темір,  Жиембеттен  Ер  Есім,  Марғасқадан 
Тұрсын хан деген билеуші аттарын кездестіреміз.  
XV-XVII  ғасырлардағы  әдебиет  үлгілері  2-3  түрлі  жанрда 
кездеседі.  Оның  бірі  –  дидактикалық  толғау,  яғни  ақыл-кеңес, 
насихат, екіншісі – арнау толғау, олар нақтылы бір адамға не бір 
оқиғаға  арналады,  үшіншісі  –  портрет  өлеңдер,  яғни  белгілі  бір 
оқиғаның,  батырдың  портретін  жасайды.  Сөйтіп,    XV-XVII 
ғасырлардағы  қазақ  әдеби  тілін  танытатын  үлгілерге,  бір 
жағынан,  ақын-жыраулардың  туындылары,  екінші  жағынан 
билер  мен  шешендердің  сөздері,  үшінші  жағынан  ауыз 
әдебиетінің  лиро-эпостық,  батырлық  жырлары  жатады.      А. 
Байтұрсынұлы  эпостық жырларды «Ертегі жыр»  деп атап, ауыз 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
47 
әдебиеті  үлгілерінен  бөліп,  мұнда  жазба  әдебиет  белгілері  бар 
екенін көрсетеді
18
. Ондағы бірінші дәлелі – олардың тарихилығы, 
онда  тарихта  болған  оқиғалар  мен  тарихи  тұлғалардың 
кездесетіні, халықтың рухының көрінетіндігі, сондай-ақ олардың 
көп өзгеріске түспейтіндігі. Ал өлеңмен айтылуына келгенде, ол 
кезең  үшін  жазып  таратудан  гөрі  ауызша  айту  және  оны  өлең 
қылып  жаттау  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  тиімді  болған. 
Осымен  байланысты  бір  ескертетін  мәселе  мынадай.  Әдетте, 
әдеби  тіл  тарихын  XV-XVII  ғасырлардағы  аты  мәлім 
жыраулардың бізге жеткен шығармаларының үздіктерінен бастап 
жүрміз.  Ал  эпоста  жазба  әдебиеттің  белгілері  болса,  ауыз 
әдебиетіне  кірмейтін  болса,  оны  әдеби  тіліміздің  басы  деуіміз 
керек  болады.  Тіпті,  бірқатар  эпостық  жырлар  аталған 
жыраулардың  туындысы  болуы  да  мүмкін.  Бұл  дәуір  тілінің 
ерекшелігі  сол,  қазақ  халқының  халық  болғанға  дейінгі  Орта 
Азиялық  түркі  әдеби  тілінің  дәстүрі  аталған  кезеңде  де  қазақ 
жазбаларында  көп  уақыт  берік  сақталып  отырды.  Екінші 
жағынан,  ақын-жыраулар  шығармаларында  сөйлеу  тілінің 
элементтері,  нормалары  берік  орын  алып,  осы  кезден  бастап 
қазақ  әдеби  тілінің  жазба  және  ауызша  түрі  қатар  өмір  сүрді. 
Аталған  дәуірлердегі  ақын-жыраулардан  өлең-жырлары  ішінара 
сақталып,  бізге  өз  аттарынан  жеткені  –  XV  ғасырдан  Қазтуған 
мен Асан қайғы, XVI ғасырдан Доспамбет пен Шалкиіз (Шалгез), 
XVII  ғасырдан  Жиембет  пен  Марғасқа  т.б.  өлең-жырларының 
тақырыбы  мен  идеясы  сақталып,  мазмұны  біршама  дұрыс 
жеткенімен,  олардың  тіліндегі  кейбір  жеке  сөздер  мен  фразалар 
біралуан грамматикалық тұлға-тәсілдер өзгеріп, соңғы дәуірлерге 
жуықтап  жеткенін  көреміз.  Дегенмен,  олардың  тілінде  «көненің 
көзіндей»  өткен  дәуірлерді  елестететін  лексика-фразеологиялық 
тіркестер,  грамматикалық  тұлға-тәсілдер  кездеседі.  Сөз  етіп 
отырған  дәуірлердегі    әдеби  тіл  үлгілерінің  тілін  құрылымдық 
қабаттарға  қарай  толық  сөз  ету  мүмкін  емес.  Оның  себебі  –  бұл 
үлгілердің  кезінде  хатқа  түспей,  бізге  ауызша  жетуінен.  Бұл 
үлгілердің  грамматикалық  құрылысын  да  сол  жырлар  туған 
кезеңдегі  түрі  деп  сипаттау    қиын.  Сондықтан  аталған  кезеңдегі 
әдеби  нұсқалардың  тіл  ерекшелігін  сөз  еткенде  көбіне-көп  тілге 
                                                 
18
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.  Алматы, 1989. –444 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
48 
тиек  ететініміз  –  лексика  саласы.  Ал  оның  өзгеріске  жиі 
ұшырайтыны  да,  сонымен  қатар,  көне  дәуір  куәсіндей  сақталып 
қалатыны да белгілі.  
Шешендік-дидактикалық  толғауларда  ой  түйіндерін  білдіру 
үшін  көбінесе  аналогияға  барады.  Мәселен,  Асан  қайғы  «Әр 
нәрсенің  қадірін  бастан  кешкен  білер»  деген  «философияны» 
айту үшін қырда жүрген дуадақтың су қадірін білмейтінін, көлде 
жүрген  қоңыр  қаздың  қыр  қадірін  білмейтінін,  тағы  сол  сияқ-
тыларды  келтіреді.  Мұндай  аналогияға  табиғат    құбылыстары, 
жан-жануарлар, аң-құс, төрт түлік мал атаулары пайдаланылады. 
Жыраулар  тілінде  көп  кездесетін  лексиканың  бір  түрі  – 
қоғамның  әлеуметтік  құрылысы  мен  жауынгерлік  тақырыбына 
байланысты сөздер: жұрт, халық, хан, қарақшы, қызметші, құл, 
дұшпан, жау, ер, батыр, би, бай, жамандар, жақсылар  сияқты 
әлеуметтік атаулар, садақ, қылшан, ала балта, қандыауыз, жебе, 
жезайыр  сияқты  қару-жарақ  атаулары  жиі  ұшырайды.  Сол 
сияқты  жақсылық,  жамандық,  әділдік,  нәпсі,  жан,  дәулет, 
бақыт, пейіл, ақыл, сыпайылық сияқты абстракты ұғым атаулары 
кездеседі. Бұл дәуір шығармалары тілінде образ жасауда сөздерді 
эпитетпен  келтіру  үрдісі  басым  (ақ  орда,  сары  ала  ту,  егеулі 
найза, жапалақ ұшпас жасыл тау, саздауға біткен сары ағаш). 
Сөздердің генетикалық қабаттары жағынан қарастырғанда, негізгі 
қабаты қазақтың төл сөздері, содан кейін араб және парсы сөздері 
екенін байқаймыз.  
Бұл  дәуірдегі  ақын-жыраулар  шығармаларынан  мысал 
ретінде мына бір шумақтарды келтіре кетейік.   XV ғ. Асан қайғы 
Сәбитұлының айтқаны дейтін:          
                       Қарындасын жамандап 
                       Өзіңе туған табылмас 
                       Адам әзіз айтар деп 
                       Көңіліңді  салмағыл  ...  деген  жолдарда  қазіргі 
тілімізден  бөлектенетіндей  жөнді  ештеңе  таппаймыз.  Болмаса  
XVI  ғ.  басына  жататын  Шалкиіз    Тіленшіұлынан  алынған  мына 
жолдарда:  
         Көктеп мінген еріңнің 
         Астында көп жүгірер күлік бар 
         Көп сандықтың ішінде 
         Көбе бұзар жебе бар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
49 
          Көрінгеннің бәрін кісі демеңіз 
          Көпе күндіз тал түсте (көпе көріне)  
         Тараңдап  түзге  кетер  кісі  бар  дегенде  кейбір  көне 
сөздер қылаң береді.  
Тілдік  жағынан  біраз  өзгешелеу  келетін  әдеби  тіл 
ескерткіштері  –  шежіре  аталатын  әдебиеттер.  Бұлар  көп  болған 
болуы  керек,  бірақ  көпшілігі  жиналмаған,  сақталмаған. 
Сондықтан  біздің  қолымыздағының  көнесі  –  XVI  ғ.  Қадырғали 
Жалаиридің  шежіресі.  Қадырғали  –  Тәуекел  ханның  жиені. 
Қасым  қаласының  ханы  болған  Ораз-Мұхаммедтің  әрі 
тәрбиешісі,  әрі  биі  болған.  Орыс  патшасы  Б.Годунов  тұсында 
қолға  түсіп,  Мәскеу  түбінде  тұрып  қалған.  Шығарма  сол  кезде 
яғни 1600 жыл шамасында жазылған (1854 ж. Березин бастырған, 
тілі  туралы  бірінші  сөз  қозғаған  Шоқан).  Шежіре  дәстүрлі  көне 
түркі  әдеби  тілінде  жазылған,  дегенмен  автор  ана  тілінің 
элементтерін 
молынан 
кіргізіп 
отырған. 
Тілі 
шағатай 
ескерткіштеріне  қарағанда,  әлдеқайда  түсінікті.  Бір  мысал: 
«Жаһан  ічінде  дүнияның  бұрычын  кездім  мен  көб  кітабларды 
оқұб һәм білдім мен әділ уа инсаф хабарын хәм көрдім». Сөз жоқ, 
қазіргі әдеби тілімізбен бірдей деуге тағы болмайды, одан белгілі 
ерекшеліктері бар. Фонетика–орфография саласында қазіргі с, ж, 
у, дыбыстары келетін сөздерде ш, й, ғ, г  әріптері жазылған (баш, 
беш,  иол,  иоқ,  тағ,  бағ).  Сөз  соңында  езулік  ы,  і  дыбыстары 
келетін жерге еріндік ұ, ү жазылған (артұқ, отыз), үндестік заңы 
сақтала бермейді.  
Грамматикада  ілік,  табыс  септіктерінің  н  дыбысынан 
басталатын  варианты  (артұқ,  орұсның)  орын  алған,  келер  шақ 
есімше  ар  жұрнағымен  қатар  ұр/үр  қосымшасы  арқылы  да 
жасалған,  есімшенің  мыш  формасы,  барған  соң  орнына  барғач
мен  көмектес  септігі  қосымшасы  бірлән,  білән,  бірлә  арқылы 
берілген,  есімшенің  тын  (баратын)  жұрнағы  тұрған  сөзімен 
келіп  отырады.  Бұл  ерекшеліктер  одан  кейінгі,  тіпті    XІX  ғ. 
екінші жартысындағы ескерткіштерде де кездеседі.  
Екінші  бір  шежіре  –  Әбілғазы  Баһадұрханның  «Түркі 
шежіресі»  атты  кітабы.  Автор  Хиуаның  ханы  (1603-1664). 
Өмірінің  соңғы  жылдары  жазып,  аяқтай  алмаған,  баласы  Ануш 
аяқтаған.  Бұны    XVIIІ  ғ.  бас  кезінде  швед  офицері  Тобыл 
қаласынан  тауып,  немісше,  французша,  1726  жылы  орысшаға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
50 
аударылған.  Алғаш  1825  жылы  Қазанда  Румянцев  бастырып 
шығарды. Мұның тілі «Жамиғат тауарихтан» да түсінікті, мұнда 
да  жоғарыдағы  ерекшеліктер  сақталынады.  Оны  байқау  үшін 
мына  үзікті  келтірейік:  «Ел  халқы  иұрыттан  көңіліні  суытды 
кетейік  демекден  ғайри  сөзні  айтмады  бір  кеткен  тобының 
артындан қудыра кіші ибердүм аны қайтарұб алұб келкенче екі 
үч бөлекі кетді...» 
19

Шежіреде кездесетін көптеген фразеологизмдер қазіргі қазақ 
тілінде  көп  өзгеріссіз  (мағыналық,  құрылымдық)  сақталған. 
Мәселен, аяғына жығылу, қамын жеуүміт үзу, ажалы жеткен, 
таң қалу, бас ұру, аузы ала болу, жүрегі жарылу, ант беру, өш 
алу, көз тігу т.т. Қорыта айтқанда, бұл екі шежіре XVІ-XVII ғ.ғ 
қазақ  әдеби  тілінің  жайын  танытатын  тілдік  материал  болып 
табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет