Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 10.  Ғылыми-көпшілік әдебиет тілі жайында



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§ 10.  Ғылыми-көпшілік әдебиет тілі жайында 
 
"Ғылым  тілі"  дегенді  зерттеушілер  жалпы  әдеби  тілдің 
атқаратын әлеуметтік-қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы деп 
түсінеді.  
Ғылыми  әдебиет  тіліне  байланысты  жазылған  мақала,  зерт-
теулердегі  пікірлерге  қарасақ,  ғылыми  стильдің  ерекшеліктеріне 
көбіне мыналар жатқызылады: 
1. Ғылым, әдетте, зерттеу обьектілерінің, табиғаттың, қоғам 
                                                 
32
 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.  Алматы, 1993. –Б.87. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
126 
дамуының  т.б.  заңдылықтарын  айқындау  үшін  керекті  талдау, 
топтастыру,  салғастыру  материалдарына  негізделген  қорытын-
дылар  жасауды  керек  қылады.  Олар  ғылым  түрінің  ерек-
шеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (мысалы, химия, физика, 
математика)  мамандарына  арналса,  бірқатары,  әсіресе  қоғамдық 
ғылымдар  жайындағы  әдебиеттер,  оқулық,  оқу  құралдары 
көпшілікке  арналады.  Сонымен  қатар  олардың  тілінде  елеулі 
айырмашылық болады. 
2. Ғылыми  әдебиеттер  қағидалары,  тұжырымдары  әдетте 
зерттеу  жұмыстарында  тәжірибеде  бар  обьективті  шындықты 
уағыздайды. Сондықтан оның тілі жинақы, стилі "қатаң", сөздері,  
сөз  тіркестері,  сөйлем  құрылыстары  дәлме-дәл,  тап-тұйнақтай 
болуға тиіс. Ғылыми прозаның тірегі - логикалық обьективті  байлам, 
бірізділік және дәлділік.  
Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің (көркем  әдебиет,  пуб-
лицистика,    ғылыми  стиль,  ресми  стиль)  бәріне  бірдей  қажетті 
сапа.    Дегенмен  сөз    дәлдігі    барлық    стильдердің  ішінде,    ең 
алдымен,  ғылыми стиль мен іс-қағаздар стиліне тән. 
Тілші ғалымдарымыздың  көбі ғылым тілінің дүниеге келуін  
жазба  әдеби   тілдің  қалыптасуымен  байланыстырады.  Өйткені  
жазу-сызуы  болмаған  не  кенжелеп  қалған  тілде  ғылым  тілінің 
дүниеге келуі мүмкін еместігі – ақиқат..(Сауранбаев Н., Балақаев 
М., Кеңесбаев І., т.б.) 
Қазақша ғылым тілін қалыптастыруда ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында    шығып  тұрған  мерзімді  баспасөздің  де  орны  ерек-
ше.  "Түркістан  уәләяты  газетінің"  (1870-1882),  "Дала  уалаяты 
газетінің"  (1888-1902)  беттерінде  медицина,  ветеринария,  ша-
руашылық мәселелеріне арналған шағын мақалалар кездеседі.  
ХХ  ғасырдың  басында  қазақша  ғылым  тілін  жасау  осы 
жоғарыда келтірген дәстүрді жалғастырады. Ғылыми жетістіктер-
ді  түсіндіруде  ана  тіліміздің  ішкі  мүмкіншілігі  барынша  пайда-
ланылып,  тілде  жоқ  ұғымдар  көбінде  суреттеме  жолымен  бе-
ріледі.  Мәселен,  ХХ  ғасыр  басында  шығып  тұрған  "Айқап" 
журналында  трамвай,  микроскоп    деген  ұғымдар  былайша 
түсіндіріледі: 
19-ыншы  ғасырда  електірік    (електірічестуо)  деген  жат 
бір  нәрсе  білінді.  Бұл  елетірік  күшімен  қандай  алыс  жерден 
сөйлесуге    болады.  Сағатына  9-10  шақырым  жер  жүретін  от 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
127 
арбалар  шықты.  Ауропаның  зор  қалаларының  көшелерінде  осы 
електірік арбалар адамдарды алыб жүреді. Мұны трамбай деб 
атайды. 
Бірақ  бұл  тесіктер  жабайы  көзбен  қарағанда  көрінбейді. 
"Микроскоп"    деген    бір    аспаппенен  қарағанда  көрінеді.  Мик-
роскоп  өз алдына  бір машина,  жай көзбен қарағанда көрінбей-
тұғын кішкене нәрселерді қарауға істеп шығарған  (Айқап,  1913, 
№ 1). 
ХХ ғасырдың басы қазақша ғылым тілінің қалыптасуындағы 
айрықша  кезең  болып  табылады.  Мәселен,  1905-1907  жылдар-
дағы Ресей империясын қамтыған төңкеріс Қазақстандағы қоғам 
өміріне  де  демократиялық,  әлеуметтік-саяси  өзгерістер  әкелді. 
Осы  төңкеріске  дейін  қазақтарда  ұлт  тілінде  жазылған  бірде-бір 
оқулық  болмаса,  төңкерістен  кейін  ана  тілінде  газет,  журнал, 
кітапшалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазуға мүмкіндік туды. 
XX  ғасырдың  басында  да  жеке  ғылым  салалары  бойынша 
кітапша  түрінде  жарияланған  ғылыми-көпшілік  еңбектер  бар. 
Олардың  көбі  медицина  тақырыбына  арналған.  Мысалы  1903 
жылы 2-рет басылған «Арақ у яки арақдың зарары яки арақ ажал» 
деген 24 беттік кітапшаны алуға болады. 
Мұнда арақтың шығу тарихы, оның адам ағзасына тигізетін 
зиянды 
әсері, 
одан 
сақтанудың 
жолдары 
баяндалған 
Мұсылмандарға  арақ  ішудің  күнә  екендігі  ескертілген.  Дегенмен 
лексикасында 
араб, 
парсы 
сөздері 
жиі 
ұшырайды, 
орфографиясында түркі әдеби тіл  дәстүрі  сақталған. 
Кітапта  кездесетін  араб  және  парсы  сөздері  басқа 
әдебиеттерде  көп  ұшырамайтын    хасыл,  муафих,  міллат, 
астығымал,  тәсір,  міржағат  тәрізді  діни,  кітаби  сөздер. 
Керісінше, орыс сөздері тым аз, кітаптың өн бойында іспірт, пар, 
әдіріс,  лафка  деген  4-5  сөз  ғана  кездеседі.  Мұның  бір  себебі 
кітаптың  мұсылман  қауымына  арналып,  арақ  ішуді  діни 
түсініктер арқылы қойғызуды мақсат етуінен де болар. 
Кітаптың  грамматикалық  құрылысында  кездесетін  бірен-
саран ерекшеліктер түркі әдеби тілі дәстүрімен байланысты. Араб 
тілінің  һәм,  уа,  ләкин  сияқты  жалғаулықтары  қазақ  тілінің 
өзіндік  осы,  және,  сондықтан  тәрізді  жалғау-шылауларымен 
қатар қолданылған. 
Кітаптың орфографиясында сөз аяғында п орнына б, көптеген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
128 
жағдайда ш орнына ч жазу сияқты араб жазуына тән ерекшелік 
орын алған. Сол сияқты түбір мен косымшаның жігінде үндестік 
заңының  сақталмауы,  көптік  жалғауының  бірін  ғана  (лар//лер), 
септік жалғауларының ның//нің, ны//ні варианттарының кездесуі 
мұнда  да  бар.  XX  ғасыр  басында  әдеби  тілімізді  сөйлеу  тіліне 
жақындату тенденциясының орын алғанын байқатса  керек. 
Алайда  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде    кітап,    баспасөз    ісін 
өркендетуге ұлттық баспахананың жоқтығы үлкен кедергі болды. 
Қазақтың  ақын-жазушылары  өз  шығармаларын  бастыруда  татар 
баспаханаларына  кіріптар  болды.  Сондықтан  татар  тілінің  басқа 
түркі тілдеріне тигізген ықпалы зор болды. 
Қазақтың  зиялы  қауым  өкілдері  оқулықтарды,  оқу  құрал-
дарын,  ғылыми  шығармаларды  жалпыхалықтық  әдеби  тілде 
жазуға  тырысты.  Ғылым-білімнің  дамуымен  байланысты,  тілде 
жаңа  ұғымдар,  оларды  белгілейтін  жаңа  сөздер  (неологизмдер) 
туып  отыратыны  белгілі.  Ал  ғылымның  белгілі  бір  саласында 
пайда  болған  сол  жаңа  сөздердің  ұзақ  не  қысқа  ғұмыры  болуы 
сол  ғылымдардың  өмірде  алатын  орнына,  практикалық  мәніне 
байланысты    екені    де    сөзсіз.    Мәселен,  1912    жылы  Қазанда 
А.Васильевтің  "Букварь  для  киргизов"  деген  әліппесі  шықты. 
Оның соңында бір беттік "Грамматика на казахском языке" деген 
бөлімінде  қазіргі  "дыбыс"  деген  мағынада  "дауыс"  сөзі  қолда-
нылған. Сонда  дауысты дыбыс  - оңай дауыс, дауыссыз дыбыс - 
қиын дауыс   боп алынған. Ал А.Байтұрсынов 1912 жылы Орын-
борда  шыққан  "Оқу  құралында"  бұларды  дауысты,  дауыссыз 
дыбыс  деп алған.  
А.Байтұрсыновтың  жасаған  қазақ  лингвистикасы  термин-
дерін  арнайы  қарастырған  Ш.Ш.Жалмахановтың  тұжырым-
дауынша,  ғалым  "Тіл-құрал"  оқулықтарында  (1914,  1915,  1925 
жж.)  310  лингвистикалық  термин  қолданған  болса,  оның  118-і 
(38,5 %), қазіргі тіл білімінде сол күйінде жұмсалып жүр екен де, 
192-сі  (61,5)  қолданылмайды.  
Басқа  түркі  халықтарына  қарағанда,  қазақ  тілінде  қоғамда 
пайда  болып  жатқан  ұғымдарға  атау  жасауда,  қалыптастыруда  
қазақ  зиялыларының  ұстанған  принциптерінің  негізі  дұрыс 
болғандығын 
 
өмір көрсетті. 
Зерттеушілердің  қай-қайсысы  да  А.Байтұрсыновты  қазақша 
ғылым  тілінің  негізін  қалаушы  ретінде  көрсетеді.  Онын  басты 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
129 
себебі  Ахаңның  тіл  білімі  мен  әдебиет  терминдерін  өзі  жасап, 
жазған  оқулықтарында  өз  қолдануында  ғана  емес,  оның  басқа 
ғылым  салаларынан  да  казақша  термин  жасау  мен  өзге  тілден 
термин  қабылдауда  үлгі  көрсетіп,  термин  жасау  тағылымын 
қалдыруында деп есептейді. 
Ахаң  жасаған  атаулардын  жасандылығы  білінбейді,  ұғым 
мен атаулардың соншалықты жақындығы, атаудың дәлдігі, қысқа 
да  нұсқалығы  тәнті  етеді.  Ахаң  тағылымы  ғылымды  ұлт  тілінде 
сөйлету  арқылы  ұлт  мәдениетін,  ұлттық  сананы,  ұлттық  таным 
деңгейін  жоғары  сатыға  көтеру  болатын.  А.Байтұрсынов  алға 
қойған  бұл  мақсатты  онын  замандастары  мен  шәкірттері  іске 
асыра  білді.  Мысал  ретінде  1914  жылы  жарық  көрген 
М.Дулатовтың  есеп  оқулығындағы  мына  атауларды  келтіруге 
болады:  есеп  сатысы  (таблица),  түзу  сызық,  тік  бұрыш  кесе 
сызық,  қатар  сызық,  сызғыш,тік  бұрыш,  деректі  сан,  төрткіл, 
шаршы, көбейту,  шегеру, ондық (жүздік), бөлімдер  т.б. 
Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасыр  басындағы  ғылыми-көпшілік 
кітапшалар  мен  газет-журналдардағы  мақаллаардың  ғылымдық 
жағын былай қойғанда, тілдік жағынан бұлардан қазақша ғылыми 
терминдердің қалыптасу жолын байқаймыз. 
 
§ 11.  Ресми  іс қағаздары стилінің кейбір көріністері  
 
Ресми  іс  қағаздары,  ресми  құжаттардың  стилі  қазақ  тілінде 
бұрыннан  қалыптасқан  стильдік  тармақтардың  біріне  жатады, 
оның  ішінде  қазақ  әдеби  тілінде  алғаш  пайда  болған  стильдік 
құбылыстардың бірі – кеңсе тілі.  
ХҮІІІ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы    ресми  қағаздар  үлгілері 
Россия архивтерінде сақталған. Олар, әрине, қазіргі уақытта жаңа 
ұғым, жаңа қолданыстармен толықты, жетілді. Бұл құжаттардың 
тілі  Р.Сыздықованың,  Б.Әбілқасымовтың  еңбектерінде  жан-
жақты талданған. 
«...Қазақша  ресми  іс  қағаздары»  стилі  екі  түрлі  арнадан 
сусындады.  Оның  бірі  –  сонау  көне  дәуірлерден  бермен  қарай  
үзілмей  келе  жатқан  хан  жарлықтары  және  басқа  да  ресми 
документтер үлгілері. Сонымен қатар XIX ғасырда қазақ жерінің 
Ресей мемлекеті қол астына өтуімен байланысты орыс әкімшілік 
орындарының  бұйрық-жарлықтары,  заңдары  мен  қатынас 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
130 
қағаздары қазақшаға аударылып, қазақ ішіне тарады».  
Тіл  жағынан  алғанда,  қазақ  феодалдары  атынан  жазылған 
бұл  құжаттар  арнаулы  кеңсе  тілінің  үлгілеріне  жатады.  Мұнда 
татар  тілі  элементтері  басым,  қазақ  тіліне  тән  элементтер 
әлдеқайда    аз.  Орта  Азия  тіліне  тән  архаизмдер  мен  арабизмдер 
араласқан  татар  тілі  хандар  канцеляриясы  практикасында  ұзақ 
уақыт  берік  сақталып,  ресми  хат-хабарлардың  барлығында 
қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде 
түсініксіз болды.  
 Сөз  болып  отырған  ғасырлардағы  құжаттардың  тіл 
ерекшеліктері  жайлы  осындай  пікірді  І.Кеңесбаев  та  айтқан 
болатын:  Абай  дәуіріне  дейінгі  хан-сұлтандардың  түрліше 
грамота  хаттарына  келсек,  олар  сол  кезде  мода  болған  ресми-
эпистолярлық  стильдің  сынықтары  болатын.  Мұнда  шағатай, 
татар, араб-парсы элементтері басым болды.       
ХХ  ғасыр  басындағы  іс  қағаздары  да,  негізінен,  аударма 
материалдар  болып  келеді.  Бұл  кездегі  іс  қағаздары  стилі  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысындағыға  қарағанда,  едәуір  дамып 
жетілді.  Дегенмен  "ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақша  іс 
қағаздарының  тілінде  көне  түркі  әдеби  тілдік  дәстүрлі  грам-
матикалық  формалар  мен  сөз  өрнектері  көп  уақыт  сақталып 
келді. ... олар уақыт озған сайын, қазақ арасынан шыққан оқыған 
интеллигенттердің  саны  көбеюімен  байланысты  өзгеріске 
ұшырап,  ондағы  өзге  тілдік  элементтер  халықтық  формалармен 
алмастырыла бастады".  
Әрине,  бұл  кездегі  кеңсе  стилінің  тілін  қазіргі  кеңсе  тіліндей 
болмады  деп  кінәлауға  болмайды.  Сондықтан:  «XVIII  ғасырдың 
орта  тұсы  мен  XIX  ғасырдың бірінші жартысында  халықтық  тіл 
негізінде  пайда  болған  әдеби  тіл  осы  кеңсе  тілі  арқылы  тағы  да 
бір  саты  жоғары  көтеріле,  күрделене  түсті»  -деген  тұжырым 
шындыққа келеді. 
Аталған  кезеңдегі  ресми  іс  қағаздары  тілінен  байқалатын 
лексикалық  ерекшеліктер  бір  қыдыру,  олардың  мәтіндерінен 
араб-парсы  сөздері,  көне  түркі  тілінің  және  орыс  тілінің 
элементтері, 
диалектизмдер, 
қазіргі 
тілде 
айтылмайтын 
терминдік  атаулар,  татар,  түркі  тілдерінің  элементтері  де 
кездеседі.  Бұл  кездегі  әдеби  тілде  лексикалық  жарыспалылық 
(варианттылық)  айтарлықтай  орын  алған  (низам/заң  /закон; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
131 
мерзім  /уақыт/  мезгіл  /срок;  баб/статья;  шығын/  расход;  айып 
/штраф;  мөлшер/норма, жыйылыс/собрание, жоба/ проект  т.б. 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  ресми  іс  қағаздары  тілін  талдау 
үшін  сол  кездегі  қолданыста  болған  бірнеше  құжаттарды, 
мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарияланған  басқа  да  ресми  іс 
қағаздары  тілін  алдық.  Мәселен,  Қазақстан  Республикалық 
Орталық  архивінен  1903  жылғы  бірнеше  приговордың  (пірі-
гауардың)  үлгісін  келтіріп,  оның  тілдік  ерекшелігіне  талдау  жа-
сауды  жөн  көрдік.  Бұл  приговор  екі  тілде  жазылған.  Жалпы 
көлемі  бір  беттен  аспайтын  (екінші  бетінде  адамдардың  қолы 
қойылған)  бұл  құжаттардың  сол  жағында  орыс  мәтіні  де,  оң 
жағында  араб  жазуымен  басылған  оның  қазақша  аудармасы 
берілген.  Аударма  құжатта  татар  тілінің  элементтері  бірден 
байқалады.  Бұл  -  бір  жағынан,  сөз  болып  отырған  кезде  аудар-
машылар  көбінде  сол  ұлттан  болуына  байланысты  шығар  деп 
ойлаймыз. 
Алдымен  осы  құжаттардан  кішкене  үзінділер  келтірейік 
(араб жазуынан транслитерациялап бердік): 
 
ПІРІГАУАР 
 
а)  1903  -чы  жылында  ағұстың  28  күнінде  бізлер  төменде 
қол  қойғучы  ...  ойазының  ...болосының  ...чі  ауылының  үй  йеллері 
хисабындағы  ыхтиары  бар  адамлар  ойанай  сиазда  болыб  бізнің 
ауылының  істаршынына  уч  жылға  1903-1906  чы  жылларға 
жалуане  кисбек  турасындағы  жауабын  киңесіб  сойласу  һәм 
істапной  положениенің  75  чі  статиасы  бойынча  ауылдың 
көбдігін һәм халықдың ауқатын аңғарыб байқаб бұлайча тоқтам 
қылдық: ... һәм халықдың үстүне тұсатұғұн ақчалар менен бірге 
жинарға кирек ұшбуның раслығына қол қойамыз..... 
ә)  ...  1903  чы  жылында  ...  күнінде  бізлер  томенде  қол  қой-
ғучы  ...  ойазының    ...болосының    ...чы  ауылының  үй  иеллері 
ауылнай  сиазда  болыб  ауқатқа  қарай  падшаһлық  һәм  халықдың 
үстіне    тұсатұғұн    ақчаларны  раскладке  қылыб  бөлмек  учун 
істепной  гинирал  гүбірнатырының  жетісу  облысының  ойаннай 
гүбірнатырының  атына  1897 жылы 16 ынчы ғынуарда 427 нчі 
номірдағы бұйрығының 3  інчі  пункіті бойынча бізнің ауылдағы 
һәр  бір  үй  иеллерінің  ауқатын  кисим  қылдық  малына  қарай  қой 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
132 
хисабында һәм егіннан унурунан һаракатдан саудадан һәм ғары 
бұған  ұқсаслардан  алған файдаларұна  қарай  инеде  ...қойдан  кем 
болған үй иеллері болса олардан ... басқа салықларны алмасдыққа   
... төменде көрсетуі бойынча кесим қылдық. 
б)  190.. чы жылында .... күнде бізлер томенде қол қойғучы ...  
... ойазының ... болосының ...чі ауылының үй ійеллері хисабындағы 
ыхтиары  бар  адамлар  ойанай  сиазда  болыб  бізнің  ауылның 
істаршынына үч жылға 1903 - 1906 чы жылларға жалуане кис-
бек турасындағы жауабын киңасыб сөйласдық һәм істіпной по-
ложениенің  75  інчі  істатійасы  бойынча  ауылдың  көбдігін  һәм 
халықдың  ауқатын  аңғарыб  байқаб  бұлайча  тоқтам  қылдық: 
бізнің ауылның істаршынына ... тенгадан жалуан жылына кисим 
қылдық  һәм  бұл  ақчаларны  жылсайын  болатұғын  халықдың 
үстүне тұсатұғұн ақчалар менен бірге жинарға кирек ұшбуның 
растығына қол қойамыз ..... 
Бұл  құжаттар  тілінде  татар  тілінің  ықпалы  бірден  көзге 
түседі.  Мәселен,  татар  тіліне  тән  мына  төмендегідей  орфо-
графиялық, грамматикалық белгілерді атап өтейік: 
1.  Түбірге  қосымша  қосылғанда  үндестік  заңының  сақ-
талмауы. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде  тиісті, ұқсастар, ақша-
ларды,  біздің,  жылдар,  себепті,  адамдарды,  растығына, 
халықтың т.б. сөздер бұл құжатта тіишлы, ұқсаслар, ақчаларны, 
бізнің,  жыллар,  сәбәблі,  адамларны,  бізнің,  жыллар,  сәбәблі, 
адамларны, раслығына, халықдың түрінде жазылған. 
 2.  Қазіргі  тіліміздегі  емле  заңдылығы  бойынша  ш  боп 
жазылатын жерде  ч әрпін жазу,  ы, і орнына у, ұ, п орнына  ф, е 
орнына  и,  ә  жазу,  в  орнына  у  жазу  орын  алған.  Мысалы:  ақча, 
бұлайча,  барчамыз,    жалуане    (жалование),  кесим,  кинәсиб, 
кесбек,  уйбырнайлар  (выборные),  файда,  бұлайча,  үстүне,  еки, 
исим т.б. 
3.Сөз  соңында  ұяң  б  сақталып  беріледі  (болыб,  қылыб, 
көбдігі, байқаб, аңғарыб, сойлесіб т.б.). 
4.  Араб,  парсы  сөздері  түпнұсқа  тілдегіше  тұлғалары 
сақталып  жазылған:  рамат,  хисаб,  файда,  һәрәкет,  ыхтиар  т.б.  
Айта  кететін  жай  –  бұл  құжатта  араб,  парсы  сөздерінің  өте  аз 
қолданылғандығы, оның үстіне орыс сөздерінің жиі кездесетіндігі 
– құжаттың стильдік ерекшелігіне жатады. 
5. Орыс сөздері ауызекі сөйлеу тілдегі қазақша қалыптасқан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
133 
түрінде  берілген.  Мысалы:  ауылнай  сиаз,  ауғұс,  ғынуар,  ойаз, 
болос,  ойазнай,  начәлнік,  жалобын  (жалуане),  раскладке, 
істатиа,  істаршіна,  істіпной  положение,  генерал  гүбірнатр, 
нөмір, песір, пункіт т.б. 
Ресми  іс  қағаздары  стиліне  тән  кейбір  қазақша  атаулардың 
да қалыптаса бастағаны осы құжаттың лексикасынан байқалады. 
Орыс тіліндегі атаулардың баламасы ретінде алынған бірсыпыра 
терминдер  кірікпей,  біраз  уақыт  өткеннен  кейін  қолданыстан 
шығып қалып отырды. Ал араб-парсы сөздеріне келсек, олардың 
саны  тым  шамалы.  Терминдер,  негізінен,  қазақтың  байырғы 
сөздерінен  жасалған.  Бұл    құжаттағы  ол  сөздер:  төменде  қол 
қойғучы  (нижеподписавшие),  қол  қойамыз  (подписываемся), 
төлеу  (платеж),  кесім  қылдық,  тоқтам  қылдық  (постановили), 
жасауылдарды  жалдамақ  (наем  рассыльных),  ауқатына  қарай 
(сообразно  благосостоянию),  үй  иеллері  (кибитковладельцы), 
ақча (сумма), бір ынтымақда  болыб (единогласно), т.б. 
Бұл  құжатта  әскери,  әкімшілік  орындарының  аттары, 
лауазым  атаулары  және  басқа  да  қоғамдық-саяси  лексика 
аударылмай  орысша  алынып,  ауызекі  тілде  айтылуы  бойынша 
жазылған:  ойазной  начәлник,  істипной  генерал  гүбірнатыр, 
істипной  положение,  жалуане,  раскладке,  писер,  истатиа, 
податной инспектор  т.б. 
Сонымен қатар орыс тілінің ықпалы құжаттың лексикасынан 
ғана  емес,  сөйлем  құрылысынан  да  байқалады.  Құжаттың 
сөйлемдері  өткен  ғасыр  жазбасындай  тым  шұбалаңқы,  өйткені 
жіктері  тыныс  белгілерімен  ажыратылмаған,  бірнеше  сөйлем-
дерге  бөліп  айтуға  боларлық  жайттарды  көсемше  арқылы  тір-
кестіріп,  шектен  тыс  шұбалтып,  түсінуге  ауырлау  берілген. 
Сонымен  бірге  орысша  мәтінге  байланысты  аударылғандықтан, 
қазақша  сөйлем  тәртібі  бұзылып  берілген.  Бірнеше  мысал  кел-
тірейік: 
1903 інчі жылында ауғұстың 28 күнінда бізлер төменде қол 
қойғучы ...ойазының ...болосының ...чі ауылының үй иеллері хиса-
бындағы  адамлар  ауылнай  сиазде  болыб  ...  ойазнай  начәлникдің 
һәм  податнай  інспектірдің  алдында  бізге  қараған  ауылдың 
қазақларын рамат һәм халықдың үстүне тұсатұғұн ақчалардан 
төленбей құтқармақ туғырасындағы жалыбын сойласыб кенгес-
дик қайсы адамлар кедей болған сәбәбли бұл ақчаларны төлеуге 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
134 
миндатлы болмаса керек әлі жоқ болған сәбәбли бізнің ауылдың 
ічінен  табылады мұндайлардан  125  кіші  бұл  сәбәбден  барчамыз 
бір  ынтымақда  болыб  бұлайча  тоқтам  қылдық  төменде 
аталмыш  адамларны  барша  үч жылға  шейүн  1904  -  1906  жыл-
ларға  шейүн  падшаһлық  һәм  халықдың  үстүне  тұсатұғұн 
ақчалардан  толеудан  ушбу  пірігауар  бойынча  құтқардық  һәм 
құтқарамыз қойлары  ...   дан кем болса 
Енді    бұл  приговордың  морфологиялық  құрылысының 
қазіргі  тілден  айырмашылығына  келсек,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  у 
тұлғалы  тұйық  рай  етістіктің  мәнінде  бұл  құжатта  мына 
төмендегі формалар қолданылған: 
1. Барыс жалғаулы -ар, -ер, -р жұрнақты есімше мен керек 
сөзінің тіркесі арқылы: 
...  халықдың  раскладкесі  бойынча  рамат  һәм  халықдың 
үстіне тұсатұғұн ақчалар менен бірге жинарға керек ... 
2.  Үшін  шылаулы    келер    шақтық    -мақ,  -мек    формалы 
тіркес: 
...  ауқатқа  қарай  падшаһлық  һәм  халықдың  үстүне 
тұсатұғұн ақчаларны раскладке қылыб болмек учун. 
... һәр ауылға тиушлы ақчаларны болуб салған сомның ири малды 
қойға хисаб қылыб қойды ақчаға исаб қылыб салмақ учун ...  
3.  Барыс жалғаулы есімшелі тіркес:  
...  қойдан  кем  болған  үй  иеллері  болса  олардан  ...  басқа 
салықларны алмасдыққа... 
4.  Шартты      рай    формалы    етістік    пен    керек    сөзінің 
тіркесі: 
...  басқа  салықларны  алмасдыққа  басқа  пірыгауар  жасалса 
керек... 
Осы  сияқты  жиі  қолданылатын  бірнеше  тіркестің  орнын   
формалы  етістіктің  бір  өзі  ауыстырады,  қазір  тармақталып, 
бірнеше  пункт  болып  берілетін  заң,  ережелерде  де,  қаулы-
қарарларда  да  үлкен  қызмет  атқарады.  Сонымен  бірге  бұл 
құжатта  өткен  шақтық  есімше  мен  себебли  сөзді  тіркес  себеп 
бағыныңқының баяндауышы қызметінде қолданылады: 
...  қайсы  адамлар  кедей  болған  себебли  бұл  ақчаларны  то-
леуге миндатли болмаса кирек әлі жоқ болған себебли... 
Сонымен,  бұл  қазақша  іс  қағаздарында    қазақтың 
жалпыхалықтық лексикасымен  бірге көне  түркі әдеби тілдік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
135 
дәстүрлі    грамматикалық  формалар  мен  сөз  өрнектері 
сақталғанын  көреміз.  Дегенмен,  олар  уақыт  өткен  сайын 
өзгеріске  ұшырап,  ондағы  өзге  тілдік    элементтер  халықтық 
формалармен алмастырылды. 
Енді  "Айқап"  журналы  мен  "Қазақ"  газеті  беттерінде 
басылған  ашық  хат,  құлақтандыру,  жарлық,  қаулы,  телеграм-
малар т.б. ресми құжаттар үлгілеріне көңіл аударайық: 
 
Қазақ өкілдерінің қаулысы 
 
Орал,  Торғай,  Семипалат,  Ақмола  обылыстары  Орынбор 
духовный собраныйасына қарауға, Түркестанский край өз алдына 
муфти  болуға,  муфти  болсын,  қазы  болсын  бес  жылға  уақытша 
сайлануға,  төменгі  имам,  молдалар  сегіз  жылға  руханилардың 
бәрін  де  (муфти  қазы,  имам  һәм  молдаларды)  халық  сайлап 
қойыуға.  Уездный  қазы  болуға,  губерныйалық  жыйылыс  болуға. 
Мысалы, уездной сыйаз секілді губернский жыйылыста член һәм 
секратарь  болуға.  Духовной  мекемеде  члендер,  секретарьлар, 
қазылар болуға барлық руханиларға уәзипа берілуге, неке, талақ, 
мирас,  мектеп,  медресе,  ғұшыр,  зекет,  фідійа,  туған  балаларды 
жазу,  өлген  адамдарды  жазу.  Рухани  басқармасына  берілуге  сөз 
бірікті. 
Біздің  қазақтың  жері  хақында  думаға  қазақтан  депутат 
алыну  сөз  болып  жатыр.  Бұл  турада  думада  сөз  болған  екен 
/Айқап, 1914, 211-б/. 
Қазақ  тілінің  ол  кездегі сөз  байлығы  барлық  әкімшілік  тер-
миндерін аударуға жете бермегенін осы қаулыдан көруге болады.  
Бұл  құжатта  ислам  дініне  байланысты  діни  ұғымдар  араб-
парсы  сөздерімен  (муфти  қазы,  имам,  медресе,  ғұмыр,  зекет, 
фідійа,  мирас,  молда,  уәзипа  берілу,  мектеп  т.б.)  берілсе,  қазақ 
сөзімен  білдіруге  келмейтін  кейбір  есімдерді  орыс  сөздерімен 
(духовный  собраныйа,  уездной  сиаз,  член,  Туркестанский  край, 
секретарь, 
облыс 
переписі, 
статический 
партыйа, 
переселенческий  артель,  крестианский  начальник,  подрайонный 
чиновник) берген.  
Араб-парсы,  орыс  сөздері  құжатта  ауызекі  сөйлеуде 
қалыптасқан  тұлғаларымен  жазылған.  Орыс  тіліндегі  әкімшілік 
орындарының  аттары,  лауазым  атаулары  аударылмай  алынған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
136 
және  сын  есімдер  мужской  род  тұлғасымен  берілген:  духовной 
собраныйе,  статический  партійа  т.б.  Құжаттарда  лексикалық 
жарыспалылық  (варианттылық)  кездеседі  (санақ  жұмысы/ 
перепись  жұмысы, жыйылыс/  собранійе).  Бұл  -  әдеби  тілдің әлі 
де  нормаға  түсіп  қалыптаспағандығының  белгісі.  Егер  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  мерзімді  баспасөз  беттерінде 
және  1910  жылы  Қазанда  шыққан  "Орысша-қазақша  сөздікте"  
начальник  сөзі  бастық,  әкім,  ал  чиновникті  -  төре  деп 
қазақшалау  орын  алса,  талдап  отырған  құжаттарда  бұл  сөздер 
орысша қолданылған. 
 
ТЕЛЕГРАММА 
 
Заречная Словодкадан  Орынборға  Кәдірбаевқа.  Нөмірі 89. 
Алынды. 17. 07.  
Екінші қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша 11-24 июнь-
де  -  "Алаш  Орда"  Алаш  қаласында  іске  кірісті.  Сібір  һәм 
Башқұртстан автономияларымен ынтымағы бір. 
Алаш  Орданың  облосной  һәм  уезный  советтерін  құруыңыз 
жөн.  Олардың  ағзасы  азында  үштен  кем,  көп  болғанда  бестен 
артық болмасын. Осыған ұқсас управалардың, ол жоқ жерде ко-
митеттердің  көрсеткен  ағзаларын  "Алаш  Орда"  бекітеді.  Бір 
ағза  милиция  (ел  қорғаушылар)  жұмысын  басқарады.  Екіншісі 
елден салық жияды. 
Жергілікті  "Алаш  Орда"  советтері  уақытша  қазақ 
халқының  саяси  һәм  мәдени  істерін  қарай  тұрады.  Бірақ  олар 
земский  һәм  шаһар  самоуправлениелерінің  ісіне  қол  сұқпауы 
керек. 
Бұл телеграмма да аударма болғандықтан, орыс сөздері сол 
қалпында  аударылмай  алынған  (нөмір,  совет,  самоуправление 
т.б.).  Дегенмен  кейбір  ұғымдарды  қазақ    не  араб-парсы 
сөздерімен беруге тырысушылық байқалады (милиция - ел қорғау-
шы,  солидарность  -  ынтымақ,  не  менее,  чем...  -  азында  ...кем, 
член - ағза, собирать налог - салық жинау, руководить - басқару, 
местный  -  жергілікті,  временный  -  уақытша,  политические  и 
культурные дела - саяси һәм мәдени істер, не вмешиваться - қол 
сұқпау) 
Аударма іс қағаздары мен қазақ баспасөзіндегі жарияланған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
137 
материалдарды  салыстыра  қарасақ,  біріншісінде  түркі  әдеби  тіл 
дәстүрі  көбірек  сақталғанын,  сөйлем  құрылысында  қазақ  тілі 
грамматикасының  қалыпты  жүйесі  сақталмағанын  аңғарамыз. 
Дегенмен лексикасында шет ел сөздерін (араб-парсы, орыс) шама 
келгенше қазақша аударып беруге тырысушылық байқалады. Ал 
екіншісінде,  керісінше,  сөйлем  құрылысы  жатық  болғанымен, 
мекеме, лауазым аттарын аудармай орысша беру тәжірибесі орын 
алған,  дегенмен  мұнда  да  орыс  сөздерін  қазақша  беру 
тенденциясы бар. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Ұлттық    жазба  әдеби  тілдің  қалыптасуы  мен  сипатының  басқа 
кезеңнен ерекшелігі қандай? 
2.  Жазба  әдеби  тіл  қалыптастырудағы  Ы.Алтынсарин  мен 
Абайдың орнын түсіндіріңіз.  
 
Реферет тақырыбы: 
1. ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдеби тілі 
2. Қазақ әдеби тіліндегі кітаби тіл дәстүрі 
 
 
 
ҮІ.   1920-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет