§ 2. Қазақ әдеби тілінің лексикалық байлығын
толықтырудағы көркем әдебиеттің қосқан үлесі
Қазіргі қазақ әдеби тілінің, әсіресе, оның басты тармағы
көркем әдебиет тілінің кемелдене дамып отырғандығы әдебиет
тарихын зерттеушілер тарапынан айтылып келеді. Сонау
пролетарлық
әдебиет
дәуірінің
өзінде
Кеңес
Одағы
әдебиетшілерінің алғы сапында болған қазақтың көркем сөз
шеберлері 50-60 жылдардан бастап одақтық әдебиет керуенінің
көш бастаушылары қатарына қосылды. Әлем әдебиеттерінің
інжу-маржандарын оқыған, тарихи зердеден сабақ алып, аға
ұрпақтан тағылым көрген, әдеби тәсілдер мен тіл құралын жетік
меңгерген қаламгерлер өз туындыларында халықтың тіл
байлығын сарқа пайдалануға ұмтылды. Сол арқылы үнемі дамып,
екшелеп, сұрыпталып отыратын тіл қазынасын қозғалысқа
түсірді. Тіл қойнауындағы бар асылды жарқырата көрсетті. Бұл
істе көркем әдебиеттің байсалды саласы – прозаның қосқан үлесі
зор болды. Осы тұрғыдан қарастырғанда проза шеберлерінің өте-
мөте өнімді еңбек еткен саласы – тарихи тақырып еді.
Ә. Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ш. Мұртазаев тәрізді
шығармашылық жолы 60-жылдарда басталған қаламгерлердің
туындылары Р.Сыздық бастаған бірқатар маман тілшілер
тарапынан жан-жақты талдау жасалды. Аталған жазушылардың
тарихи тақырыпқа жазылған туындыларында байырғы сөздер,
жергілікті тіл ерекшеліктері, ауызекі сөз саптау үлгілері,
қарапайым сөздер жиі ұшырасады. Мұндай сөздер, әсіресе,
халқымыздың арғы тарихына қалам тартқан Ә.Кекілбаев
шығармаларында (“Үркер”, “Елең-алаң”) мол. Мәселен, жазушы
“Үркер” романында аламан сөзін қолданады. Шапқыншылар,
шапқыншылық, қалың қол, әскер мағыналарындағы аламан,
аламаншылық – өткен тарихымыздағы белгілі құбылыс. Бұрынғы
ноғайлы дәуіріндегі жырлар мен қазақтың жауынгер ақын-
жырауларының толғауларында, ортаазиялық түркі (шағатай)
тіліндегі ортағасырлық жазбаларда жиі кездесетін сөз. Бүгінгі
күннің талабы тұрғысынан қарағанда жағымды құбылыс болып
саналмайды. Ә.Кекілбаев та “Қырқында жау түсірмеген неме
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
175
алпысында аламан бастап кімді қырар дейсің” дегенде, бұл сөзді
Қайыпқа қатысты солақай ыңғайда қолданып отыр. Дегенмен
қазір бұл сөз “аламан бәйге”, “ аламан жұрт” деген тіркестерде
қолданысқа еніп отыр.
Романда
жауынгер,
қатардағы
әскер
мағынасында
қолданылатын сарбаз сөзі бар. Жоңғар шапқыншылығы кезінде
қазақ жасақтарының жауынгерлері сарбаз аталғаны белгілі.
Жазушы бұл сөзді осы мағынада туындысында қолданған.
Сөз мағынасының қайта жаңғыруы арқылы қолданысқа
түскен сөздердің қатарында сарбаз бар. Сол сияқты романда “бас
сардар” сөз тіркесі кездеседі. Оны жазушы Әбілқайыр ханға
қатысты қолданады. Сардар сөзі бүкіл әскердің бас қолбасшысы
мағынасында орта ғасырда түркі тілдерінде қолданылған. Қазіргі
тілімізде осы мағынада қоданып жүрген “бас қолбасшы” тіркесі
орыс тілінен калька жолымен аударылған атау, оны жоғарыда
сардар сөзімен аударсақ, одан ұтылған болар едік.
Сыралғы да – қазақ дәстүрінде бұрыннан бар нәрсе.
Диалектологиялық
сөздік
“сыралғы
–
аңшыдан,
т.б.
кәсіпшілерден алынатын үлес, олжа” деген түсінік береді.
Сөздің реті келгенде жазушы қолданатын сойыл дос, қамшы
дос тіркестерінің тілімізде жасалу мүмкіндігі бар екенін
айтқымыз келеді. Сыралғы дос тіркесі де сол секілді. Жалпы
сыралғы, жоралғы, бастаңғы тәрізді тұрмыс-салтқа қатысты сөз
тұлғаларының қазіргі қазақ әдеби тілінде өзіміздің байырғы
сөздік қорымыз негізінде жасалатын жаңа сөз қолданыстарға үлгі
болары сөзсіз.
Романда ұшырасатын алапа, сияпа сөздеріне қатысты да
осыны айтуға болатын тәрізді. Бұрынғы әдет-ғұрып бойынша
берілетін кәделі сыйлықтардың түрін білдіретін сөздеріміздің дәл
осы, өзімізге қажетті мағынасын активтендіріп, қайтадан
жаңғыртуға немесе тұлғасын пайдалануға болады.
Алапа сөзінің романда келтірілген мағыналарының бірі –
“дауда жеңілген жақтан алынатын кесімді мал, дүние мүлік”.
Батыс өлкесінде бұл сөз көп уақыт “зарплата” сөзінің орнына да
қолданылып келеді. Ал сияпа сөзі романда “қонақ күту кәдесіне”
қатысты қолданылады.
Тарихи шығарма жазып отырғандықтан жазушының оқиға
болып жатқан ортаның әдет-ғұрпын, салтын, адамдардың
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
176
жергілікті сөйлеу ерекшеліктерін беруі – қажет нәрсе.
Осы тұрғыдан қарастырған кезде жазушы жергілікті
ерекшеліктерді жөнді жерінде ұтырлы пайдаланғандықтан, ол
ерекшеліктердің мен мұндалап көзге ұрмай, қалың оқырманға
ұғыныңқы, түсінікті контекстерде берілгендігін айтуымыз керек.
Жергілікті сөздер мен сөз тіркестерінің басым көпшілігі жазушы
құрған контекстерде қолданысқа өзінен-өзі сұранып тұрады. Сол
себепті де олардың әдеби тілдік қолданысқа түсу мүмкіншілігі
мол.
50-60-жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін,
оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын
алады.
Жалпы біздің халқымыз үшін іштен түлеу қаншалықты
маңызды болса, әдебиетіміздегі “сондай іштей түлеу арнасының
кеңейе түсуіне мейлінше табандылықпен үлес қосып келе жатқан
азғантай тұлғаларымыздың бірі - Ә.Нұрпейісов. Әдебиеттегі
сонылықты біреулер ешкім жазбаған тақырыпты жазу деп
түсінсе, біреулер қай тақырыпта жазсаң да, өзінше жазып,
өзгелер бармаған астарларды ашып, өзгелер байқамаған
құпияларды паш ету деп біледі. Ә.Нұрпейісов соңғы топқа
жататын қаламгер. “Қан мен тер” трилогиясындағы сөз
қолданыстардың көпшілігі жергілікті қолданысқа жатады.
Олардың ішінде, әрине, әдеби тілде қолданылып жүргендері де,
қолданысқа жарамды, ендігі жерде әдеби тілге енгізу керектері де
бар. Жергілікті қолданыстағы сөздер арасында байырғы
лексикалық қабатқа жататын көне сөздер де кездеседі. Мәселен,
“Қан мен терде” абыз сөзі бар: Итжемес Сүйеу қарттың
абызындағы адам (Ымырт, 1966, 56-б.). Түсіндірме сөздікте
“ырық, билік” мағынасындағы жергілікті сөз екендігі көрсетіліп,
“Қан мен тер” трилогиясынан мысал келтіреді.
“Сергелдең” романында “Осы жігіттің өзінен мүшелі жас
үлкен екенін білді” деген сөйлем бар. Осындағы мүшелі
тұлғасының толымды қалыбы мүшел сөзіне қарағанда жөнді
көрінеді. Яғни, мүшелі жас деп сөйлеген дұрыс тәрізді.
“Ымырт” романында сақ құлақ саһада шалдар тіркесі бар:
“Шай үстінде сақ құлақ саһада шалдар әңгіме айтып, баласын оң
босағаға қойып отырған ата-ананың көңілін аулады” Осы
тіркестегі саһада “күйдірілген, шыныққан” мағынасындағы араб
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
177
сөзі деп ойлаймыз.
Ырдуан арба тіркесі “Ымырт” романында “тері-терсек
тиеген алқа бел ырдуан өткелден өтер жерде батпаққа батып, бір
жағына жанбастап жатып қалыпты” деген жолдарда кездеседі.
Диалектологиялық сөздікте ырдуан арба (сатылы арба және
ірдабады арба (үлкен мажар арба) түрінде берілген. “Үлкен арба”
– Қызылорда облысында тіркелген. Демек, бұл жерде әңгіме арба
жөнінде болар деп ойлаймыз.
Басат. “Қайта, басат-басат ұстасып абыройыңды жауып тұр
ғой” “Былтырдан бері Темірке балығы мол көлдер мен босат
басаттарды бір өзінің меншігіне дербес қаратып ап, бұларды
ашық теңізге айдап салған еді.” “су астында жүргенмен, балық та
басқа мақлұқтай ық іздеп, жайылым таңдап, теңіз түбінің
толқымайтын тыныш жерлерінде қамысты басаттар мен
қопақты көлдерінде жүреді”.
Диалектологиялық
сөздікте
басат
сөзінің
Аралда
қолданылатыны көрсетілген. Анықтамасы: “Басат – теңіздің кең
қолтығы, қойнауы (теңіздің құрлық жерге қарай сұғынып, бөлініп
шыққан кең қойнауы). Теңіз суы кеміген кезде кейбір жерлердің
суы басат-басат болып қалады”.
Иек атпа. “Жаз айларында суы тартылып қалатын
кішкентай өзеннің көлге құяр сағасына тақап келе бергенде,
алдынан иек атпадан дауыс шықты” (Ымырт, 218-б.). Түсіндірме
сөздікте “таяу, жақын жер” мағынасында иек артпа тіркесі бар.
Иек атпа –жергілікті қолданыс болар деп ойлаймыз.
Салқын сабат. “Бұрын көктем шыға қалың елмен қаптай
көшіп, кең жайлау, салқын сабатқа үй тігетін” (Ымырт, 11-б.).
Диалектологиялық сөздіктегі “өзен судың жиегіндегі 2-3 метр
жатқан сыз жер ”, “салқын” мағынасындағы сабат сөзіне жақын
көктем салқыны туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда Ә.Кекілбаев романдағы сөз қолданыс жайында
әңгіме еткен кезде сыралғы туралы сөз болған еді. Сол сөз “Қан
мен тер”де кездеседі. Бұл жолы ауланған балықтан сыралғы
сұралады. Түсіндірме сөздікте сыралқы түріндегі қатаң
қосарынан осы ұяң қосар (сыралғы) қолданысқа жайлы тәрізді.
“Қан мен тер” трилогиясында келтірілген мысалдардан да
басқа жаркемер, доласуандық, абыржын тәрізді жергілікті
қолданыстар мол ұшырайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
178
60-жылдардың өзінде “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз
күнгі найзағай” (1964), “Белгісіз солдаттың баласы”(1965),
“Мылтықсыз майдан” (1967) жинақтарын шығарған көрнекті
жазушы Ш. Мұртаза 70-жылдардың аяғында қазақ халқының
ұлы перзенті Т. Рысқұловтың өмір жолын суреттеуге арналған
шын мәніндегі роман-эпопеяны жазуға кірісті. Лирикалық-
философиялық стильде жазылған шығарманың алғашқы кітабы
“Қызыл жебе” 1978 жылы жарық көрген болса, “Тамұқ” 1991
жылы басылып шықты.
Жазушы шығармасын арнайы зерттеген Р.Сыздықова оның
көне, сирек, жергілікті сөздерді “әдеби айналымға” түсірудегі
ерекше еңбегін атап өтеді. Ғалым “таулы өлке тұрғындары ғана
білетін еңлік (эдельвейс) гүлінің қаргүл деген де синонимі бар
екенін, ұлар деген құстың қақылықтайтынын, барыстың
сипаттама бір атауы сұлтан–шері болатыны, атқұлақ пен
гүлқайыр, шырқұйрық пен шәйқұрай деп өсімдік аттарын
бейнелеп беретінімізді... Ш.Мұртаза еңбектерін оқи отырып
зерделедік” дегендей бақылауларын ортаға салады.
Біз жазушы қолданған көне тұлғалы сөздердің жергілікті
атаулардың, авторлық сөз қолданыстардың кейбір ерекшеліктерін
байқау үшін роман-эпопеяның Т. Рысқұловтың төңкеріске
дейінгі өмір жолын бейнелейтін алғашқы екі кітабын таңдадық.
Жартпаш: “Ізбайша жартпаш Түмейтайды қолынан
жетектеп ауылдас отырған ахат қарияның үйіне кетіп еді”
(“Қызыл жебе”, 1978, 28-б.). Диалектологиялық сөздікте “Жүгіріп
жүрен 3-4 жасар бала” мағынасында жортпашақ (Шымкент) сөзі
бар. Жазушы осы мағынада қолданып отыр деп ойлаймыз.
Мардан: “Осыдан осы жолы тірі шығып Саймасайға
сәлемдессем, Ақсу-Жабағылы асып кетер едім, - деп армандады
тұтқын қамыс марданның үстіне көсіліп жатып” (“Қызыл жебе”,
63-б.). Диалектологиялық сөздікте “бойра, тоқыған қамыс”
мағынасында төсеніш атауы бар. Романда да осы мағынада.
Дамбаз: Кесекті ала бергенде домбаз дуалдың түбін тесіп
шыққан итқызғалдақты көзі шалды (“Қызыл жебе”, 147-б.).
Диалектологиялық
сөздікте
көрсетілгендей,
“балшықтан
домбаздап созылған” дуал туралы сөз болып отыр.
Қуыр: Төбедегі түтін тартар жалғыз қуырдың аузынан
сүңгілер салбырайды (“Қызыл жебе”, 11-б.). Диалектологиялық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
179
сөздікте “пештің түтін шығатын жері” мағынасында берілген “
қуыр” осы болар.
Атырылу, атырыла қарау: Босағада қотыр қабырғаға сүйеп,
жүресінен отырған алпамса кісі мазасыз көк шыбын жаққа
атырыла бір қарап қалды (Ш.Мұртаза, “Қызыл жебе”, 11-б.).
Диалектологиялық сөздіктегі атырылу сөзіне Ш. Мұртазаның
басқа бір еңбегінен мысал келтірілді: “Үстіне Бадырақ көз мінсе,
атырылып ала жөнелейін деп тұр” (Ш.Мұрт. Интерн.наны, 1974,
24-б.). “Қызыл жебе” романында шапшаң, шалт қараған өткір
көзқарас туралы сөз болып отыр деп шамалаймыз.
Дуайпат: “Бұрын да айлы түндегі арық қояндай қорқақтап,
дуайпат өгей шешенің қолына қараған жетім баладай
жаутаңдауық болған Алсалай-Сараның ендігі күні халі мүлде
мүшкіл” (Ш.Мұрт. Инт.наны, 47-б.). Диалектологиялық сөздікте
бұл сөздің Жамбыл облысы Жуалы ауданында қолданылатыны
тіркелген. Мағынасы – дөрекі, дүлей (адамның мінезі туралы).
Романда осы мағынада қолданып отыр.
Бадашы: Қашқынды қырда отырған бадашы байқаған жоқ
(69-б.). Диалектологиялық сөздікте бұл сөз осы мағынада
(сиыршы). Шу маңында тіркелген. “Сәлем бердім отырған
жылқышы, қойшы, түйеші, бадашы шаруа жалпыға” (қазақ
тілінің диалектологиялық сөздігі, 1 кітап, 1996, 106-б.). Бұл
сөздің кірме сөз екендігі көпшілікке белгілі. Парсы сөзі. Қазақ,
қырғыз тілдеріне өзбек тілі арқылы енген болу керек.
Зау: Ол кешегі өткен Әлімбек батыр жағасын жауға
жырттырмаған, қанша сұрапыл соқса да басы жерге иілмеген зау
бәйтерек (160-б.). Түсіндірме сөздікте “зәулім, биік” деген
мағынасы көрсетілген: “Көз ұшында, зәу биікте бұлдырап, баяу
қылқып қырандар жүрді” (Ш.Мұртазаев., Табыл. Теңіз) .
Қатыбас:“Күніне кіретін тоқсан тоғыз бәленің бір түрі және
мылтықсыз, қылышсыз, ал бірақ ең қатыбас түрі – осы аштық,
атасына нәлет” (Қызыл жебе, 2-кітап, 1982, 321-б.). Түсіндірме
сөздікте енген “қатыгез, мейірімсіз” мағынасындағы сөз.
Шилеуіт жан: “Биылғыдай шөбі шая құрғақшылықтың
өзінде шөлге шыдамды шилеуіт жандарын шүберекке түйіп
жауға жалаңтөс аттанып бара жатқан мына жасақтың аттарының
бауырынан сипап қалып жатыр” (Қызыл жебе, 2-кітап, 396-б.).
Ши көп өскен жердің шилеуіт аталатыны түсіндірме сөздікте
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
180
жазылған. Жазушы адам жанын шөлге төзімді шиге теңеп отыр.
Ботана: “Шілдеден кейін өзен едәуір тартылып қалса да,
ботана суы әлі де әулетті”(Қызыл жебе, 2-кітап, 422-б.).
Диалектологиялық
сөздікте
Шымкент
жақта
“лайлы”
мағынасында қолданылатындығы көрсетілген: “Арыстың суы
ботана боп ағып отыр” (ДС., 1-кітап, 1996, 132-б.). Түсіндірме
сөздікте де “тұнық емес, лай” мағынасында берілген. Ондағы
мысалдарда өзен суы ботана, ботана суы түрінде беріледі. Бұл
жерде дағдарыс жазушының ботана суы түріндегі қолданысынан
туып отыр. Автор жоғарыдан, таудан ағатын лай су туралы айтып
отырған болу керек.
Суды жығып алу: “Аламан-тасыр ашумен келген бойда
тоғанды тас-талқанын шығарып бұзып, суды жығып алмақшы
болды”. (Қызыл жебе, 2-кітап, 137-б.). “Суды жығып алу”
жергілікті сөзқолданыс болуы керек.
Ішіне без байлану: “Ішіне без байланды да қалды” (Қызыл
жебе, 213-б.). Бұл да сөзсіз жергілікті өз қоланыс. “Қырсығып
қалды” мағынасында қолданып отыр. Романда бұлардан басқа
көптеген шипая болу (тарының дән салмауы), тауыс-тамам болу
( біту, құру), үрей болу (үрейлену), тәрізді тіркестер; дәу
(үлкен), жай (үй) сияқты лексикалық, өлегізу (елегізу), әсіл (асыл),
нариза (наразы) секілді дыбыстық ерекшеліктер кездеседі. Ал
“арқасынан аяз тескен”, “соры қайнап, сорпасы төгілген бишара”,
“бай баласы байға ұқсайды”, “із қалмайды” тәрізді авторлық
қолданыстар романда жиі ұшырасады.
Жазушы шеберлігі туралы айта келіп, Р. Сыздық: “Әр
өңірдегі халықтың күнкөріс салтына, әдет-ғұрпына, көршілермен
қарым-қатынасына қарай жергілікті мақал-мәтелдер, фразеоло-
гизмдер де болатынын ескерсек, “жеті күн жауған жауыннан
желдіріп өткен су жақсы” деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны
дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да
мүмкін ” – дейді
38
.
Жалпы байырғы сөздік қорға енетін көне сөздер мен бұрын
оқырмандарға да, мамандарға да белгісіз болып келген, алайда
қолданысқа жарамды жергілікті сөздерді көпшілікке ұсыну ісіне
жазушылардың тындырып отырған шаруалары ұлан-ғайыр.
38
Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005. –Б.
67.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
181
Әдеби тілде баламасы жоқ жергілікті сөздер бірден қатарға
еніп жатса, баламасы барларының да әлі сұрыпталудан өтері
сөзсіз. Көптеген көркем, айшықты сөз қолданыстардың
синонимдік қатарды байытары сөзсіз. Тілдегі сөздің қажетсізі
болмайды.
§ 3. 1960-80 жылдардағы баспасөз тілі дамуындағы негізгі
факторлар
Қазақ әдеби тілінің әлеуметтік қызметінің кеңейіп, оның
грамматикалық құрылысының жетіліп, сөздік құрамының
толығуында баспа әдебиеттің, әсіресе, мерзімді баспасөздің
атқарған қызметі айрықша. Бұған, ең алдымен ана тіліндегі
басылымдардың саны өсіп, көптеп таралуы себеп болса, екінші
жағынан, ұлт тілінде білім алып, ана тілін еркін меңгерген
мамандардың өз тіліне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы
нәтижесін берді.
Соңғы 1960-80 жылдар көлеміндегі мерзім – қазақ тілінің өз
мүмкіншілігі арқылы жаңа сөз, төл тілдік термин жасаудағы,
бейнелеп айтсақ, өрлеу дәуірі іспеттес. Дәл осы кезеңдерде
неологизм жасау, қазақ терминологиясын одан әрі жетілдіру
жолында сөз тудырудың төл амал-тәсілдерін қолдану нақты
бағдарға айнала бастады. Ал қазақ тілінің сөз жасау жолдары әр
алуан: тарих қойнауындағы көнерген сөздердің мағынасын
жаңғырту,
жергілікті
аймақтардағы
кәсіби
лексиканың,
жалпыхалықтық
қолданыстағы
сөздердің
мағыналарына
терминдік реңк телу, сөз қосарлау, сөз біріктіру, сөз тіркестіру
және сөз тудырушы қосымшалардың қызметін пайдалану. Нақ
осы тәсілдердің игерілуі арқылы сол жылдары жүздеген жаңа
қолданыстар жасалды.
Бұл үдерісте әсіресе күнделікті баспасөздің қызметі
айрықша үлкен болды.
Жалпы, тілдік неологизмдердің негізгі жасалу және
қолданылу аясы – күнделікті баспасөз тілі. Баспасөздің қалың
қауым арасынан кең таралған, бұқаралық, ақпараттық қызметі
жағынан аса қуатты құрал екендігі мәлім. Сондықтан да оның
әдеби тілдің өзге стильдік тармақтарына, ауызша әдеби тілдің
нормасына ықпал-әсері едәуір. Радио мен теледидардан сөйлеген
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
182
сөздерден, жиналыс-мәжілістерде жасалған баяндамаларда,
сондай-ақ ғылыми әдебиет үлгілерінен де газет-журнал тіліне тән
сөздер мен тіркестер, құрылымдар ұшырасып отырады.
Қазіргі қазақ әдеби тілі лексикалық құрамының даму
бағытында айрықша аңғарылып отырған сипаттардың бірі –
сөздік құрамды байытуды, ең алдымен тілдің өз потенциялдық
мүмкіндігін барынша, жан-жақты пайдалану. Басқаша айтқанда,
қазақ әдеби тілі дамуы мен қалыптасуының белгілі бір
кезеңдерінде орыс тілінен түпнұсқа қалпын бұзбай сөз қабылдау
басты тенденция болса, тіл эволюциясының 60-80 жылдардағы
күйінде, негізінен, жаңа ұғым, түсінік, зат, құрал-жабдық
атауларын қазақ тілінің өз ресурстары (сөз семантикасын
жаңғырту, сөз тудырушы формалар арқылы жаңа сөз жасау,
сөздерді біріктіру және тіркестіру) арқылы беру және орнықтыру
бағдары басым болды.
Бұл үдеріс, ең алдымен, публицистикалық стильде айқын
көрінді, осы салада әсіресе, қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық
терминдер мен терминдік сөз тіркестерінің мағыналық
дефинициясы айқын қазақша баламаларын табу, қалыптастыру
бірізді сипатқа түсе бастады.
Қазақ тілінің сөздік қорын байытатын тың сөз жасау
тәжірибесі де осы кезде кеңейді. Мысалы, аудармашы
І.Жарылғапов енгізген аялдамада (остановка), балмұздақ
(мороженое), көрермен (зритель), жағажай (пляж), басылым
(издание) тәрізді бірқатар сөз тіл қазынасына мерзімді баспасөз
арқылы қосылды. Сол секілді журналист Ә. Сатыбалдиев енгізген
жемшөп (корм), қондырғы (установка), тілші ғалым С. Нұрханов
есімхана (персонолия), сөзтізбе (словник), қабылхана (приемная)
сияқты сөздер де жаңа сөз тудыру заңдылықтарымен үйлесім
тапты. Соңғы жылдары әдеби тілімізден берік орын алып, белгілі
қажеттілікті өтеп жүрген тілдік құбылыстардың көбі-ақ әуел
баста мерзімді баспасөз тілінде қолданыла бастап, кейін
қолданылуы тұрақталып, нормаланып барып, әдеби тілге еніп
отырды. Мысалы: айлық, сенбілік, басылым, үйірме, төреші,
бастама, айналым т.б. Мерзімді баспасөз тілі арқылы ауысқан
жаңа сөздер, байырғы сөздердің жаңа мағынада қолданылуы да
әдеби тілдің дамуындағы айтарлықтай жетістік болып саналады.
Мысалы, еңбек сөзі бұрыннан бар сөз болса да, кейінгі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
183
жылдардағы баспасөз беттерінде жаңа мағыналық реңк қосып,
басқа сөздермен тіркесу арқылы жаңа қызмет атқаратын болды.
“Социалисттік Қазақстан” газетінің 1969 жылғы бір санында
еңбек сөзі мынадай тіркестерде қолданылған: еңбек өнімділігі,
еңбек вахтасы, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке деген ынта-
жігер, еңбек ері, еңбек адамдары, еңбек ету, еңбектің рахаты,
адал еңбек, қажырлы еңбек, еңбек азаматтары, еңбек үлгісі,
еңбек дүбірі, еңбек сүйгіштік, еңбек ардагері, т.т . Дәл осы
сияқты егіс, егін, жарыс, ену, шығу сияқты сөздерден жасалған
тіркестердің неше түрін газет беттерінен жиі кездестіруге болады.
Сөз жасаудың лексика-семантикалық жолы соңғы кезеңдегі
мерзімді баспасөз беттерінде өрістей түсті. Мұнда бір жағынан
орыс тілінің әсер-ықпалы да байқалады. Мәселен, бұл жылдары
спорт ойындарына байланысты көптеген жаңа сөздер туып не
көне сөздер жаңғырып, жаңа мағынаға ие болды. Бұлардың
қатарына сөре (старт), мәре (финиш), қарымта (ответный),
қарсылас (противник), кезең (первая половина) т.б. сөздерді
жатқызуға болады.
Орыс тілінен тікелей сөз ауысу (заимствование) 20-40-
жылдарға қарағанда, біраз саябырланғанмен, техника, экономика
салаларының терминдері баспасөз бетінен жиі көрініп жүрді.
Орыс тілінен кірген сөздерге қазақ тілінің лық (варианттарымен),
лы, шы/ші, да-у, лан-дыр жұрнақтары жалғану арқылы жаңа
ұғым, жаңа термин тудыру кең етек алды. Бұл қосымалар
жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер әдеби тіліміздің
лексикасын байытып қана қойған жоқ, аталған жұрнақтардың сөз
жасаудағы потенциялдық мүмкіндігін де дамытты. Мысалы,
нұсқаушы, көмекші, насихатшы, облыстық, белсенділік,
апталық,
прогрестік,
ұйымдастыру,
көгалдандыру,
автоматтандыру, т.б. Соңғы кезеңде, әсіресе –шы, ші жұрнағы
арқылы термин жасау кең өріс алды. Мәселен, тек спорт
саласында осы жұрнақ арқылы жасалған жүздеген термин
кездеседі. Шабуылшы, қорғаушы, қақпашы, төреші, конькиші,
спортшы, бессайысшы, динамошы, т.б. Баспасөз беттерінде
термин жасауда аналитикалық тәсіл де белгілі орын алды:
ғылыми-зерттеу,
газет-журнал,
халықаралық,
өнеркәсіп,
балабақша, еңбек кітапшасы, еңбекақы,т. б.
Орыс графикасына негізделген алфавитке көшумен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
184
байланысты емледе жаңа принцип – морфологиялық принцип
үстемдікке ие болды. Аталған принцип бойынша сөздердің
ауызекі айтылуындағы көршілес дыбыстардың әсері нәтижесінде
пайда болатын дыбыстық құрамы сақталынып жазылатын болды.
Бұл принцип, әсіресе, орыс тілінен, орыс тілі арқылы өзге
тілдерден еніп жатқан мыңдаған терминдердің жазылуын бір
ізге түсіруде зор мүмкіндік туғызды. Бұл принцип, сол сияқты,
екі не одан да көп түбір сөдердің бірігуінен тұратын біріккен
сөздердің жазылуында да сақталады. Ал түбірге жалғанатын
қосымшалардың жазылуында, негізінен, фонетикалық принцип
үстемдік алды. Бұлар – Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының 1957 жылғы 5 маусымда бекітілген қазақ
орфографиясының негізгі ережелерінде, соның негізінде жасалып
1963 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігінде” толық көрініс тапты. Сөйтіп латын графикасын
пайдалану кезіндегі еліміздегі кемшіліктер бірсыпыра түзетіліп,
сауатты жазу дәрежеміз біраз өсті. Алайда орыс тілінен енген
сөздер қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан үндестік
заңының бұзылуына, алфавиттегі әріп санының шектен тыс
көбейуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан емле ережелеріне
реформа жасау – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
1930 жылдары академиялық орталық жанында болған
терминологиялық комиссияның 1945 жылдан бастап Қазақстан
Республикасы үкіметі жанынан құрылуы, оның халық
шаруашылығы, ғылым, техника және мәдениет салаларымен
байланысты терминдерді бекітетін және оның республика
көлемінде қолданылуын бақылайтын мемлекеттік органға
айналуы бұл саладағы істердің бір ізге түсуіне септігін тигізді.
Соғыстан кейінгі жылдары тоқтап қалған терминком жұмысы
1950 жылдардың екінші жартысында қайта жанданды.
Бұл кезеңде қазақ тілінің сөз тудырушы байырғы
жұрнақтарының (-ма/ме, -лық/лік, -ыс/іс, -ым/ім, -шы/ші т.т.)
қызмет аясы кеңіп, жаңа сөз тудыруда өнімді тәсілге айналды.
Мысалы, шығарма, бастама, сілтеме, балама, әкімшілік,
қырғылық, басшылық, жаратылыс, үзіліс, көрініс, қорғаныс,
өнім, түсім, жолшы, тергеуші, зерттеуші, т.б. жүздеген сөздер
де жаңа ұғым атуларына ие болды. Мұндай өнімділігі артып,
жаңа сөз жасауға белсенді тартылған жұрнақтар санатына хана,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
185
ман-мен, кер-гер және и қосымшаларын айтуға болар еді. Сөйтіп
қоғамдық өмір тәжірибесі, әсіресе, орталықтан орыс тілінде
шығып жатқан ресми материалдарды сөз тудыру амалдарының
кейбір түрлерінің белсенділігін арттырып, нормалану процесін
жеңілдетті.
Дегенмен 60-жылдардың басынан бастап мерзімді баспасөз
бетінде тіл, жазу мәдениетіне қатысты материалдар жарияланып,
қолданылып жүрген емле заңдылықтарындағы олқылықтар,
терминжасамдағы
ала-құлалық,
жарыспалы
сөздердің
сұрыпталмауы, жергілікті сөздерге шектен тыс әуестенушілік, бір
сөзбен айтқанда, әдеби тіл нормасының сақталмауы баспасөздегі
тіл
мәдениетіне
арналған
республикалық
конференция
материалдарында көптеп жарияланды.
Жұртшылықтың мұндай қызу пікірталастары ескеріліп,
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты мен
Қазақстан журналистер Одағы бірігіп, 1968 жылы “Тіл мәдениеті
және баспасөз” атты республикалық ғылыми-практикалық
конференция өткізді. Конференцияға қатысушылар онда
мерзімді баспасөзде көтерілген мәселелерді жан-жақты
талқылады. Мәселен, емле заңдылықтарының бұзылуы біріккен
сөздерді, мекеме, оқу орындарының атауы болатын күрделі
сөздерді жазуда, жер-су, халық аттарының транскрипциясында
байқалса, әдеби тіл нормаларының сақталмауы әдеби тілде
баламасы бола тұрса да, жергілікті элементтерін толғаусыз
енгізуден, жарыспалы сөздерді сұрыптамай қолданудан көрінді.
Сондай-ақ термин қабылдау мен қолдануда бірізділіктің
жоқтығы, яғни аударма үрдісінде ұлттық терминдер жасаудың
орнына шетел терминдерін ала салушылық, терминком бекіткен
терминдерді әркімнің өз бетінше қолдануы секілді фактілердің
белең алып бара жатқаны сөз болды.
Бұл кемшіліктердің негізгі себептері, біріншіден, баспасөз,
баспа орындарының бекітілген орфографиялық ережелер мен
соның негізінде құрастырылған “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігіне” сүйенбей, әрбір баспа орнының сөздерді өз бетінше
жазуы болса, екіншіден, термин қабылдаудағы 30-жылдары
басшылыққа алынған солақайлық, яғни ұлт тіліндегі терминдерді
қалыптастыру орнына орыс тілі мен шетел сөздерін ала салу
тәжірибесінің етек алуы еді. Үшіншіден, әдеби тіліміз жас,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
186
сондықтан халық қолданысындағы барлық байлығымызды
әдеби тілімізге енгізе беруіміз қажет деген теріс тезисті
басшылыққа алуымыздың да әсері болды.
Осы мәселелерді жан-жақты сарапқа сала отырып,
конференцияға қатысушылар өз ұсыныстарын төмендегіше
тұжырымдады:
1.Мерзімді баспасөз, баспа орындарының назары жоғарыда
сөз болған, басылым беттерінде жиі кездесіп жүрген қателіктер
мен кемшіліктерді жойып, жазу мәдениетін көтеруге аударылсын,
ол үшін олар өздерінің күнделікті жұмыстарында Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының 1957 жылғы жарлығымен
бекітілген “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” мен
1963 жылы “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін” басшылыққа
алу ұсынылды.
2. Баспасөз бетінде жарияланып жататын материалдардың
көпшілігі аударма әдебиет екендігі ескеріліп, аударма сапасын
арттыру, ол үшін сөзбе-сөз аудару мен калькалау тәсілінің ана
тілінің стильдік қолданылу аясын тарылтып, қазақ тілінің табиғи
сөз
тіркестіру,
сөйлем
құрау
заңдылықтарын
бұзуға
соқтыратынын ескеріп, аударманың негізгі тәсілі ретінде
баламалы аударманы алу ұсынылды.
3. Мемлекеттік терминкомның өкілетті құқығын кеңейтіп,
оның жұмысы тек терминдерді бекітумен ғана шектелмей, қазақ
тілінің жазу мәдениетін дамытуда кездесетін даулы мәселелерді
шеше алатын мекеме дәрежесіне дейін көтеру жоғарғы өкілетті
орындардан сұралды.
4. Әдеби тілдің нормасын жетілдіруде бейберекет
қолданылып жүрген жарыспалы сөздер мен жергілікті
ерекшеліктердің әдеби нұсқасын негіз етіп, өзгелерін мерзімді
баспасөзде, әсіресе, публицистикалық, ресми, ғылыми
стильдерде орынсыз қолданудан бойды аулақ салу дұрыс деп
табылды.
5. 1953 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігінде” кейбір ала-құлалық, кемшіліктер кеткені ескеріліп,
оны түзетіп, қайта бастыру ұсынылды. Сол секілді терминология,
орфография, пунктуация, тіл мәдениетімен байланысты оқу
құралдарын, анықтағыштар, мақала жинақтарын шығарып отыру
қажет деп табылды. Бұлардан басқа да практикалық шаралар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
187
ұсынылды.
Конференция ұсыныстарын іске асыру мақсатында Ғылым
Академиясы мен басқа да тиісті орындар тарапынан біраз
жұмыстар істелді. Атап айтқанда, 1968 жылы “Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігі” толықтырылып, түзетіліп, қайта
бастырылып шығарылды. Тіл білімі институты жанынан
Терминология және Ономастика, Тіл мәдениеті бөлімдері
құрылып, тіл мәдениетіне, терминология теориясына қатысты
зерттеулер жүргізіліп, бірнеше монографиялар жарық көрді.
Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін сөз ететін “Қазақ
тілі мен әдебиеті” журналы дүниеге келді. Қазақ ССР Ғылым
Академиясының Хабарларының филология сериясы қоғамдық
ғылымдардан бөлініп, өз алдына отау тікті. Сөйтіп, баспасөздегі
жазу мәдениетіне арналған конференция әдеби тіліміздің келелі
мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың бірте-бірте
шешілуінде белгілі дәрежеде рөл атқарған, баспасөздегі жазу
мәдениетін арттыруда едәуір үлес қосқан игілікті шара болды.
60-80-жылдардағы
баспасөздің қазақша публицистика
(көсем сөз) стилін жетілдіруде ғана емес, қазақ әдеби тіліміздің
қандай деңгейде екенін көрсетуде де тигізер пайдасы үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |