§8. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз
Қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызмет аясының кеңеюіне,
функционалдық стильдерінің дамып, жетілуіне ұлттық баспа-
сөздің үлкен әсері болғаны сөзсіз.
ХХ ғасыр басында қоғамдық өмірге белсене араласқан
газет-журналдар мыналар: "Айқап" журналы, "Қазақстан",
"Қазақ", "Бірлік туы", "Ешім даласы", "Қазақ газеті", "Сары
Арқа", "Серке", "Алаш", "Тіршілік", "Үш жүз". Солардың ішінде
басқалармен салыстырғанда, ұзағырақ уақыт шығып тұрғандары
– "Айқап" журналы мен "Қазақстан", "Қазақ" газеттері.
М.Сералиннің басқаруымен және редакторлығымен елімізде
қазақ тілінде 1911 жылдан бастап шыққан "Айқап" журналы мен
1913 жылдан А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың редак-
торлығымен "Қазақ" газетінің шыға бастауы қазақ халқы мәде-
ниетінің тарихында ерекше оқиға болды.
"Айқап" журналы – 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың
қыркүйегіне дейін Троицк қаласындағы "Энергетика" баспа-
ханасында оқырмандардың өз күшімен алғаш айына бір рет,
кейін екі рет шығып тұрған қазақтың тұңғыш журналы
(
, 88
санынан кейін қаржының тапшылығынан жабылды.
"Қазақстан" газеті 1911 жылы алғаш Бөкей ордасында,
кейіннен 5-санынан бастап Оралда шыға бастаған. 1913 жылға
дейін оның 18 саны жарық көрген (редакторы Е.Бурин)
30
.
Аталған басылымдардың қазақ халқының ұлттық сана-се-
зімін оятуда, ғылыми, мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күресуде
алатын орны зор. Дегенмен "Айқап" журналы мен "Қазақ"
газетінің көздеген мақсаттары мен ұстанған принциптері
арасында, сонымен бірге тілінде де айырмашылықтар болды.
Бұны кезінде М.Әуезовтің "Қазақ" газетіне: "Қазақтың еңкейген
кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан
30
Айқап. Құрастырушылар Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. –Алматы,
1995. –Б.9.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
115
оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын
желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған "Қазақ" газеті
болатын" - деп берген жоғары бағасы айқын аңғартады
Тек Қазақстан егемендік алып, дербес мемлекет болғалы
"Қазақ" газеті қолымызға тиіп, ондағы көтерілген мәселелермен
танысуға, оның тілін, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуге
мүмкіншілік туды. Айта кететін жай - осыдан 5-6 жыл бұрын
жарыққа шыққан Ө.Әбдімановтың "Қазақ" газеті (Алматы, 1993)
деген кітабында газеттің өмірге келу себептері архивтік
материалдар арқылы сипатталған, сонымен бірге А.Байтұрсынов
бастаған зиялы азаматтардың ұлттық баспасөз ашу жолындағы
күресі жан-жақты қарастырылған.
Сонымен, төңкеріске дейінгі шыққан газеттердің ішіндегі бе-
делдісі де, таралымы молы да "Қазақ" газеті болды, өйткені
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. қазақтың
зиялы азаматтарының ерен еңбегі мен іскерлігі "Қазақ" газетін
сол кездегі шығып тұрған газет-журналдар арасында көркемдігі
мен сапалылығы және таралымы жағынан алдыңғы қатарға
шығарды. Мәселен, "Айқап" журналы 900-1200 тиражбен шығып
тұрған болса, "Қазақ" газеті 3 мыңнан астам тиражбен шығып
тұрған.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерін,
негізінен, үш мәселе ойландырды: жер мәселесі, оқу-ағарту ісі,
қазақ еліндегі басқару жүйесі. Өйткені "жаңа ғасыр та-
балдырығын қазақ халқы жерінен айрылып, мемлекеттік қалпын
жоғалтып, дауыл алдындағы тымырсықтай түнеріп аттады".
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Сералин. Ж.Қощығұлов
т.б. ұлтының сана-сезіміне сәуле шашып, қазақ халқын азаттық,
бостандық, теңдік жолындағы күреске шақыру үшін ұлттық
баспасөздің, ұлттық басылымдардың қазақша шығуына ат
салысты. «Өйткені, -дейді А.Байтұрсынұлы, - басқа тілде шыққан
газета һәм кітаптар халық ықыласын түсіре алмайды. Халық
ықыласы түспеген газета Һәм кітаптар халыққа тарап оқылмайды.
Халыққа тарамаған газета һәм кітаптан пайда болады деп айта
алмаймыз» (Қазақ, 1913, № 1).
«Қазақ» газетінің тұңғыш санында басылған редакциялық
хабарда өзінің көздейтін мақсаты мен ұстанатын бағыты туралы
былай деп жазылған: «Бұл газетаның мақсұты – жұрт пайдасына
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
116
көз болу; қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету;
басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол
мақсұттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің
бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру. Государственная дума һәм
Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру,
ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және
бүгінгі жайын жазу; күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал
шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа,
ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету; адам һәм мал
дәрігерлік жайынаи жазу».
Ал газетке не себептен «Қазақ» деп ат берілгенін газеттің
бас редакторы А.Байтұрсынов былай деп түсіндіреді: «Аталы
жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетамыздың
есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін
қосып, көмектесіп, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп
кетелік».
Бұл екі басылым бірыңғай жол ұстанып, бағдарлама
белгіленгенмен,
кейбір
мәселелерді
көтеруде
олардың
көзқарастарында қайшылықтар да болғаны байқалады.
«Айқап» журналы қазақ қоғамы алдында тұрған ірі-ірі
мәселелер мен проблемаларды қозғаған шығармаларды жариялап
тұрған. Бірақ кейде көркемдік шешімге онша мән бермеген де
тәрізді. Журналда 1911, 1912 жылдары жарияланған әңгімелер
осындай. Бірақ кейінгі сандарында құрылысы мен пішіні
қарабайыр шығармалар кәдімгідей азая бастайды. Көркемдік
дәрежесі тәуір, көлемді шығармалар көбейді.
Мерзімді баспасөз беттерінде сол дәуірдегі әлеуметтік
жайларды ашып көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан
феодалдық-патриархалдық құрылысты сынаған, әйел теңдігі
мәселесін көтерген, жастарды өнер-білімге шақырған, қазақ
халқының ауыр да азапты тұрмысын суреттеген, қала салып, егін
егіп, отырықшы болуға үгіттеген шығармалар жарияланып
тұрды. Бұл мерзімді баспасөз беттерінде публицистикалық
очерктермен қатар ғылыми-көпшілік мазмұнды мақалалар, ауыз
әдебиетінің үлгілері т.б. материалдар басылып тұрды.
Осы жылдары Шәкәрім Құдайбердиев «Айқап» журналы
мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелерге белсене
араласып,
бірнеше
мақалалар
жазды.
Олар:
«Біздің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
117
мұқтаждарымыз», «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін
сұраймын» деген мақалалары «Айқап» журналының 1912 жылғы
3-4 сандарында басылды. Ал «Жазу мәселесі», «Барша қырғыз
білімділеріне ашық хат» атты мақалалары 1913, 1914, 1915
жылдары «Қазақ» газетінде жарияланды.
«Қазақ» газетінің алғашқы санынан бастап «Қыр баласы»
атты жамылғы атпен Ә.Бөкейханов үзбей мақалалар жазып, ең
күрделі және өзекті мәселелер бойынша негізгі авторға айналды.
«Қазақ» газеті бетінде Ә.Бөкейхановтың көтерген негізгі
тақырыбы – жер мәселесі, ұлттық мемлекеттік бірлік мәселесі
болды.
Негізі XIX ғасырдың екінші жартысында қалана бастаған
қоғамдық-публицистика стилі XX ғасырдың басында шығып
тұрған мерзімді баспасөз арқылы одан әрі дамыды.
Ұлттық мерзімді баспасөз тіліміздің қолдану аясын ғана
кеңейтіп қоймайды, оның нормалық жүйесінің, грамматикалық
құрылымының, сөздік құрамының дамуына да үлкен әсер етеді.
Бұл жерде С.Мұқановтың 1935 жылы шыққан кітабында
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті туралы төмендегі пікірін
келтіргенді жөн көрдік: «Айқап» шала пісірген нәрселерді
дұрыс пісірді, көмескі пікірлерді айқындады, сонымен қатар,
«Қазақпен» қазақтын тілі туды, таза қазақ тілінде шыққан баспа
сөз «Қазақ» газеті ғана болды. ...көпшіліктің пікір көші
«Айқаптан» «Қазаққа» ауды
31
.
Шындығында, «Қазақ» газеті «Айқап» журналына қарағанда
таза әдеби тілмен жазылған, «кітаби тіл» элементтерін аз
қолдануға тырысқан.
Сөз болып отырған жылдары жиі қолданыста болған шаһар,
кент, тілмаш, шайыр, мілләт, низам, нәфин, ғайри, матбүғат,
тәржіман, уәзипа, муафиқ, әбтәһи, фітінә, шар, салу, ғумымы,
үшбу, уа, бәлкі, ләкин, мәшһүр, пристав, Государственная дума,
воевод, губерна, земство, мұжық, казенный сот, даверный
сайлау, крестианск начальнигі, губернский жыйылыс, ағылан ету,
жер жұмысының чиновнигі, бидің знагы, степной положение
т.б. көптеген сөздер, сөз тіркестері мен грамматикалық формалар
уақыт талабына сай қазіргі қазақ тілінде актив қолданудан шығып,
31
Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1935. –Б.52.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
118
көне сөздерге не архаизмдерге айналды. Енді біреулері (әкім,
кент, үшбу, хұқық, басқарма, төраға, би, тілмаш, тәржімелеу,
парыз, һәм, т.б.) біраз мезгілден кейін қайта жаңарып, жаңа
мазмұнда тілімізге оралды, бұл – тіл тәжірибесінде болып
тұратын құбылыс. Ал, қарындас, пікір, аксақал, сәулет, айтыс,
жарыс, құрал, сайлау, сөз, шәкірт, мүлік, жолдас, орталық т.б.
мерзімді баспасөз беттерінде сөз болып отырған жылдары
басқа мағынада қолданылған болса, қазіргі қазақ тілінде жаңа
мағынаға ие болды. Мәселен, «қарындас» деген сөз сол
жылдары «ағайын, туысқан» мағынасында жұмсалды. Мысалы:
...солай болғанға қазақтар өздерінің қарындасы болған
татарлардың қызметін пайдаланатын еді (Айқап, 1914, № 1).
«Айқап» журналында қазіргі қазақ
тілінде әбден
қалыптасып, байырғы сөздей болып кеткен есеп, әмір, мақсат,
ақы, әділет, тәлім, ақыл, үкім, әдет, әліппе, әріп, әйел, мөр,
мәлім, әскер сияқты араб сөздері жазба тілдегі түрінде берілген
хисаб, ғүмыр, махсұт, хақы ғаділет, ғақыл, тағылым, хүкім,
хүкімет, ғадет, аліфби. ғаял, мүһр, мағлум, ғаскер т.б.
Араб, парсы сөздерінің түсінікті болуын ойластырып, кей
тұстарда жақша ішінде оның орысшасын не қазақшасын беріп
отырған. Ал кейбір жерлерде қазақ халқының тұрмысында
кездеспеген, бұрын болмаған ұғымдарға, атауларға ол кезде
бірден балама табу қиын еді, сондықтан тілімізде жоқ ұғымдар
көбінде түсіндірме, суреттеме жолмен беріледі.
Думада қазақ сияқты жетім жұрттар жайынан екі-ақ орында
сөйлеу реті келді: "бірі депутаттар қазаққа баса көктеп, қорлық
қылып отырсың"- деп үкіметтен жауап сұрағанда, мұны орысша
запрос дейді. Екінші қазақты айдап бағып жүрген минис-
терствоның бір жылғы расходын дума бекітерде, мұны бюджет
прениесі дейді (Қазақ, 1913, 18 февраль). Өсиет қалдырушы
адамның өтінуі бойынша hәм оның рұқсатыменен "қол қойдым"
деп бұл адамға законда "рукоприкладчик" деп ат қойылған.
Жоғарыда айтылған өсиетнаманы жазушыны закон переписчик
деп атайды. Бұлардың қолдарын қойдырған соң, өздері жазу
білген (грамотный) үш адам қол қою тиіс. Бұл үш адамды
(свидетели) куәлар деп атайды (Қазақ, 1913, №1). Народный сот
дегеніміз қазақтың ғадетіндегі қағидалар бойынша айтылатұғын
билік (Айқап, 1913, № 20). ... министрлер Советі ұнатып
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
119
шығарған инструкция, яғни насихат бұйрығы (Айқап, 1913, №1).
"Сен монғолым патша болдың ғой" деп, монғол жеріне орыс
байлары сауда қылатын уағда қағаз жасады. Мұны орысша
торговый договор дейді (Қазақ, 1913, № 13). Дума болғаннан бері
патшалықтың бір жылда ұсталатын шығынын, жыл сайын дума
бекітеді: мұны бюджет дейді. Осы бюджет думада қаралғанда
болған әңгімені бюджетный прение дейді (Қазақ, 1913, №19).
Ал параход, теплоход, поезд, самолет, телефон, электр
шамы т.б. осы сияқты ұғымдарды оқымаған қараңғы халықтың
түсінуі үшін, "Айқап" журналында жарияланған "Дала, қала"
деген мақаласында Мағжан Жұмабаев "атсыз арба", "майсыз
шам", "неше жүз шақырым жерден сөйлесетін құрал" т.б.
сөздермен түсіндірме жолы арқылы береді:
Оның (қаланың) баласы білімді, ойлы. Ол таң қаларлық істер
істейді. Отты дүние айналған теңізді кезеді. Айшылық жолды
алты аттайтын атсыз арба жасайды. Майсыз шам жандырады.
Неше жүз шақырым жерден сөйлесетін құрал жасайды, қа-
натсыз көкке ұшып, бұлтқа араласады (Айқап, 1912, № 1, 101-б.).
А.Байтұрсыновтың "Шаһзаман мырзаға" деген мақаласында
да осындай сөздер қолданылған:
Бұл неше түрлі машина, от кеме, от арба жақсыдан да
жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі болса да, от кемені
іздеген, ат арбасы болса да, от арбаны іздеген, енді көк кемесін
іздеп жатыр (Айқап, 1912, № 1).
Егер «Қазақ» газеті жаңа ұғымдарға атауларды өз ана
тіліміздің сөздік қорынан іздеп, алуды ұсынса, «Айқап» журналы
редакциясы орыс сөздерін кеңінен қолдануды, орыс тіліндегі
термин сөздерді тілімізге енгізуді мақсат еткен. Мәселен, заң,
жоспар, мүше сөздерімен закон, план, член деген орыс сөздері
қатар қолданылады.
Мекемелердің, жоғары дәрежелі оқу орындарының атаулары
түгелімен орыс тілінде берілген: городской училище, молочно-
сельско-хозяйственный школ, учительский семинарпя, комерческий
семинария.
Сонымен қатар, «Айқап» журналында кірме сөздерді
жалғаусыз зат есім формасында да қолдану кездеседі. Мысалы:
Ауропаның зор қалаларының көшелерінде осы електрик арбалар
адамдарды алыб жүреді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
120
Сол сияқты кейбір әкімшілік орындары мен қызмет
адамдарын нақты әрі дәл беру үшін кейбір орыс сөздері мен соз
тіркестері
аударылмай
әдейі
сол
қалпында
берілген:
Государственнайа дума, консул, депутат, отставка, судійа,
Статски советник, рапорт, пособійе, двухклассный школ т.т.
Қорыта айтқанда, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің
XX ғасырдың басындағы қазақ публицистика стилінің ғана емес,
жалпы әдеби тіліміздің қандай деңгейде, қалай дамығанын,
нормасының қалыптасу тарихын зерттеуде де маңызы зор.
§9. Мерзімді баспасөз беттеріндегі кейбір грамматикалық
ерекшеліктер
Тілдің грамматикалық құрылысы жетіледі, өзгереді дегенде,
негізінен, сөз тудырушы, сөз байланыстырушы амалдардың
активтенуін не жетілуін түсінеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ХІХ
ғасырдағы жазба әдеби тілде қолданған жалғау-жұрнақтардың
біраз өзгеріске ұшырағанын айтуымыз керек.
XIX ғасырдың екінші жартысында шығып түрған «Түркістан
уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газеті» беттерінде көмектес
септіктің
жалғауы
дыбыс
үндестігіне
қарай
құбылып
отырмағандықтан, басқа варианттары жоқ болды да, тек бір ғана -
менен түрінде қолданылды.
«Айқап» журналында қазіргі қазақ тіліндегі көмектес
септіктің қосымшасы және ыңғайластық мағына беретін
меп/бен/пен шылауының орнына барлық жерде оның толық түрі
менен/бенен/менен қолданылған.
Жиырма сегіз хәріппенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын,
соныменен жазылып шығып жатқан кітаптар оқуға қолайлы-ақ
болсын, бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу, алға басу, ілгері басу
керек дейсіз ба?!
Ал «Қазақ» газеті беттерінде мен /пенен тұлғалары жарыса
қолданылған.
Өзіміздің қазақтың нағыз қара тілімен жазып тұрса, «Қазақ»
газеті қалың жұртымыздың оқып тұруына оңай түсінікті болар
еді (Қазақ, 1913, 18 февраль).
Қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылатын келетін, баратын
тұлғалы есімшелер «Айқап» журналында көбінде келетұғын,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
121
баратұғын түрінде қолданылады да, тын/тін қосымшасымен
сирек кездеседі, ал «Қазақ» газетінде керісінше, тұгын тұлғалы
есімше өте сирек кездеседі де, көбінесе тын/тін қосымшасымен
қолданылады.
Мал-мүлкі түгіл, жан-жамағатына ие бола алмайтұғын
жамандар дүниеде аз ба? (Айқап, 1913. №20). Жалғыз-ақ түрлі
айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір-ақ түрінде кіріседі.
(Қазақ, 1913, 18 февраль).
Қазіргі әдеби тілдің нормасынан шығып қалған үшбу, һәм,
мыш, дүр, ләкин уа сияқты бір кездегі көне түркі әдеби тіліне тән
формалар «Айқап» журналында жиі қолданылып отырады, ал
«Қазақ» газетінде осылардың ішінен тек һәм жалғауын ғана
кездестірдік.
Әбілхайыр хан, баласы Ералы һәм ру басылары үшбу
Татишев алдында ант бергендер (Айқап, 1913, № 17). .. әуелгі екі
хәрпі бүтін ғаламға бірдей қараңгы түнді жарық етуші «Ай»
демек-дур (Айқап, 1913, №17). Ләкин, әлі күнгіше бүкіл қазақ
болып мәслихатқа келген іс жоқ (Айқап, 1913, №1). Алдыңызға
үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар
(Айқап, 1911, № 1, 1-б). Мұндағы қазақ байларының қолынан бір
мұғалима ұстау келеді, пұлы да һәм жетеді (Айқап, 1914 № 1).
«Қазақ» газетінде бұл шылаулардың орнына қазақ тілінің
өзіндік яки, я, бірақ шылаулары қолданылған.
ХХ ғасырдың басындағы публицистика тілінде қимыл есімі
ретінде (көбіне қазіргі қазақ тіліндегі -у тұлғалы тұйық етістіктің
мәнінде) мына төмендегі формалар қолданылды:
1. Барыс жалғаулы -ар, -ер, -р, -с жұрнақты есімше мен
керек сөзінің тіркесі қолданылды:
Күллі жұрт болып сұрауға керек."Ойбай, ана жылда ду-
маға пәленше-түгеншелер барған, олар да түк бітірген жоқ" -
деген үмітсіздікті тастап, халқымыздың қатарға қосылуын ой-
ларға керек (Айқап, 1913, № 20). Отырықшылыққа айналғанда
көп болып айналу керек, бір болыс елден кем болмасқа керек
(Айқап, 1914, № 1). Ондай үйдің бағасы әлденеше миллион бо-
ларға керек (Қазақ, 1913,№ 1). ... салыстырып, өлшеп, жерді бе-
ру-бермес пікірді соған тіреп айтарға керек (Қазақ, 1913, № 30).
2. Барыс жалғаулы есімшелі тіркес:
Біздің хүкімет жоғарыда айтылған жерлердегі шәhәрлерге
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
122
консул қойарға ықтиарлы екен (Айқап, 1911, №1). Осы сенің
айтқан сөзіңнің бәріне де түсіндім, үлгі берелік, сүт ақталық,
халыққа қызмет қылалық дегенің бек тиімді, бірақ соны істерге
мойным жар бермейді (Айқап, 1911,№20).
3. Үшін шылаулы келер шақтық есімшелі тіркес:
Қытай хүкіметіне айтқанын тыңдатар үшін біздің
хүкімет те ғаскер жинауға қол қойды (Айқап, 1913, № 17).
Соның үшін қолынан келетін өнерпаз мырзаларға ескертемін,
біздің нотаға салдырып ала алсақ жақсы болар еді, ұмытпас
үшін (Айқап, 1913, № 17).
4. Үшін шылаулы -мақ, -мек формалы тіркес:
Әбілхайыр ханның hәм жұртының жай-жапсарын білмек
үшін, ...., олардан ант алмақ үшін (Айқап, 1913, № 17).
5. -Мақ, -мек, -пақ, -пек формалы етістік пен керек сөзінің
тіркесі:
... бізге болысты, ауылнайды, мүфтиді, депутатты хүкімет
өзі қалап қойсын демек керек пе йаки басқа жол керек пе?
(Айқап, 1911,№ 1). Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн
көріп, тамақ асырауға hәм былайғы елден қалыспай ретке
кірмекке керек (Айқап, 1912, № 1). Не жерін айырып қала
алмай, не басқа жақтан орын ала алмай Басқұдықтың 120 үйі
жатыр, бұларға не қылмақ керек ?
6. Шартты рай формалы етістік пен керек сөзінің тіркесі:
...қазақ та бір миллят, ұлықтан оның да өзіне айырым бір
әдебиеті боларға керек екені біраз аңлатсақ керек (Аймақ, 1912,
№1). Ойлап келгенде мал да сол кесіптен шықса керек?! (Айқап,
1914, № 1). Оқып шыққан жастарымызды қазақ жолбасшы
қылса керек еді (Қазақ, 1913, 10 февраль).
Қазіргі тіліміздегі өте, аса, тым демеуліктері келетін
орындарда журналда күшейткіш мәнді бек демеулігі алынған:
"Бұл істің, әсіресе, көңілді қанағаттандыратұғын жері -
қазақтар осыған бек риза болып жатыр hәм хал-ауқаты артыла
бастағанын көзіміз көріп тұр" - депті (Айқап, 1913, № 20) .
Қазіргі әдеби тілдің нормасынан шығып қалған үшбу, hәм,
мыш, дүр, ләкин, уа сияқты бір кездегі көне әдеби (шағатай)
тілге тән формалар "Айқап" журналында жиі қолданылып
отырады, ал "Қазақ" газетінде осылардың ішінен тек hәм
жалғауын ғана кездестірдік:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
123
Әбілхайыр хан, баласы Ералы hәм ру басылары үшбу
Татишев алдында ант бергендер (Айқап, 1913, № 17). ...әуелгі екі
хәрпі бүтін ғаламға бірдей қараңғы түнді жарық етуші "Ай"
демек-дүр (Айқап, 1913, № 17). Ләкин, әлі күнгіше бүкіл қазақ
болып мәслихатқа келген іс жоқ (Айқап,1913,№1). Алдыңызға
үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар
(Айқап, 1911, №1). Мұндағы қазақ байларының қолынан бір
мұғалима ұстау келеді, пұлы да hәм жетеді (Айқап, 1914, № 1).
Шенки ол манағы жазуында орысша аз болғанда 8-10 жыл
оқымай, өзіңе керекті білім алып болмауын айтады. (Айқап,
1912, № 1).
"Қазақ" газетінде бұл шылаулардың орнына қазақ тілінің
өзіндік яки, я, бірақ шылаулары қолданылған:
Бірақ жазудың аты жазу да, істің аты іс (Қазақ, 1916, №
16, 258-б.). Қалада оқыған қазақ балаларының көбінесе көкірек
аурулы болып я елге қайтып, я өле беретіндері осыдан екен
(Қазақ, 1916, № 1).
Талғау мәнді я шылауы йа, йаки түрінде кездеседі:
... орысша оқығандарымыз орыс йаки басқа Европа
жұртының тілдерін орынсыз көп кірістірмей, ... (Қазақ, 1913,
18 февраль). Жұмысқа мінген малдарымыз жайылғанда йа
болмаса суатқа барарда ағашқа түспей тұра алмайды (Қазақ,
1915, №128).
Сонымен бірге осы кезеңдегі мерзімді баспасөз беттерінде
қазіргі тіліміздегі сондықтан шылауының орнына соның үшін,
аның үшін шылаулары қолданылған.
Соның үшін онда орысша білгендер ғана сөйлесер де, білме-
гендер тілсіз куә болып қарап тұрар, - деп...(Айқап, 1915, 259-б.).
"Қазақ" газетінде сондықтан шылауымен қатар сол себепті
шылауы да кездеседі:
Сондықтан бюроға кісі жіберу керектігі жазылған еді
(Қазақ, 1916). Сол себепті отан қорғау үшін жұмыскер
шақырылу жолында күтілмеген аянышты уақиғалар болды
(Қазақ, 1916, 328-б.).
Қазіргі әдеби тіліміздегі туралы, жайлы, жөнінде, жайын-
да қатыстық шылауларының орнына тақырыпты, турасында
қолданылған, сонымен бірге туралы, жайлы варианттары да
кездеседі:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
124
Түркістан жағынан едәуір сома тапсырған hәм бұл жұмыс
тақырыпты басшылық қылып жүрген Қожахмет ақсақал да,
Түркістаннан кісі қойылса Мұстафа болуын жөн көрген еді
(Қазақ, 1916, 347-348-б.).
Сондықтан военный цензура положениесі жүріп тұрған кез-
де мемлекеттің соғыс туралы көздеген мақсатына залал кел-
тіретін сөзді, хабарды газет-журнал түгіл жай хатқа, телег-
раммаға жазса, военный цензура сөз иесін сотқа бермекші
(Қазақ, 1914, 111-б.).
ХХ ғасыр басындағы мерзімді баспасөз беттерінде де
тіліміздің ең тұрақты, өте баяу өзгеретін саласы – грамматикалық
құрылысында да елеулі ерекшеліктер бар. Мәселен, қазіргі әдеби
тілдің грамматикалық нормасына жатпайтын, ерсі болып
көрінетін, сөйлеу тіліне тән құрылымдар көп кездеседі:
Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де, халық
оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті (Айқап, 1911, 66-б.).
Алыңыз сіз Қытайды, ол патшалы халық тұрғалы менен көп
жыл бұрын, ақмақ-надандығына қарасаңыз мың жылғысынан да
жаман (Айқап, 1913, №1). Біз ғажапланамыз, мұжықтарға
осынша кеңшілік кімнен берілді? (Айқап, 1914, №1, 216).
Қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін,
жер министрінің әмірі мен әртүрлі жұмыстар болады. Жердің
түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, жанын, малын, шаруа
қалыбын білуге (Айқап, 1913, 77-б.). Алайық: шаңырақ бар және
жібек матаның бір түріне "чай" деп айтылады...(Айқап, 1912,
№1). Менің ойым бұ-дүр, айтып қалайын... (Айқап, 1912, № 1).
...расходы жоқтықтан "Айқап" журналы тоқтап қалса,
қайтадан ортамыздан ер көңілді, арыстан жүректі данышпан
ер шығып, журнал яки газетке басшы болмағы қиын-дүр
(Айқап, 1911, № 1). Томнан жер алып, Семей хатында боламын
деген, көпірсіз суға арба салғанмен бірдей, мұнан түк пайда
шықпайды, босқа арам тер болғаннан басқа (Қазақ, 1913, 34-
б.). Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек нағыз жері
жақсы қазақтар я жерді арықпен суаратын қазақтар (Қазақ,
1913, 44-б.).
Осындай құрмалас сөйлемдердегі бағыныңқының ба-
сыңқының алдында тұрмай, оның соңында келуі сөз қылып
отырған кезеңдегі мерзімді баспасөз беттерінде жиі кездеседі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
125
Бұл сол кездегі жазба әдебиетке ауызекі сөйлеу тілінің тигізген
әсері екендігі сөзсіз.
ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз беттерінде де
деп-ке аяқталатын сөйлемдерді кездестіруге болады.
Акад. І.Кеңесбаев бұл құбылысты ауыз әдебиет пен ауызекі
сөйлеу тілі ықпалымен байланыстырса, Р.Сыздықованың пікі-
рінше: "Сөйлемнің деп дәнекеріне аяқталуы Абай тұсындағы
күллі қазақ прозасы тіліне тән: бұл тәсіл көркем әдебиет стиліне
жататын Ыбырай әңгімелерінде де, қоғамдық публицистикаға да
жататын баспасөз тілінде де, қазақша қарасөзбен жазылған өзге
үлгілерде де (тіпті христиан дінін уағыздаған миссионерлік
әдебиетте де) - барлығында қолданылған
32
.
Мерзімді баспасөзден мысал келтірейік:
Отырықшы норма қазақ сонымен күн көреді деп көзі жет-
кендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу
үшін шығарған һәм көбірек алғанда қазақтың ырзалығымен
алдық деп көрсету ұшін шығарған норма деп /Қазақ, 1913, №19/.
Сібірде, Степной облыстарда һәм Түркістанда мал бағамын
десе, отыз алты жылға торгсыз арендаға мал бағатын жер
берілсін деп /Қазақ, 1913, № 37/. Адам туған жеріне барып
тұрып, жұртына қызмет істеймін десе, сонан соң кіріссін деп
/Айқап, 1914, №1/. Біз ойлаймыз, бұл жақыннан болжағандық деп
/Айқап, 1914, № 1/.
Бұл фактілерден деп-ке аяқталған сөйлем түрлерінің ХХ ға-
сырдың басындағы қазақ жазбаларына да тән нормативтік
құбылыс болғандығын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |