Сабақтың тақырыбы : Тілдік норма және стиль
Сабақтың мақсаты : а) тілдік норма және жаңа қолданыстар туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Студенттердің бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында студенттерді сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Студенттермен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Аудиторияның тазалығына көңіл бөлу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Адам өміріндегі сөз мдениетінің рөлі туралы сұраймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіл дамуының әр кезеңі өзінің алдындағы тілдік дәстүрді жалғастыра отырып, тілді обьективті түрде дамытады, өлшейді, саралайды, тиімдісін қалдырады, сөйтіп тілдік норма тудырады.
Норма дегеніміз – қоғамдық қажеттілікті өтеу үшін тіл құралдарының ішінен дұрыс, қолайлысын таңдап алу. Сөз байлығы, грамматика, орфоэпия, орфография және тағы басқа салалары дұрыс нормаланған болса, әдеби тілдің нормлау ұстанымы жүзеге асады, бұл сөз мәдениетінің артуына сөзсіз әсер етеді.
Әдеби тіл мен тілдік норма егіз ұғым. Өйткені тілідк норма дегеніміз – мәңгілік қатып қалған, сірескен қалып бойынша құрылмайды немесе тілдік материалды ауызша, жазбаша түрде ережеге салып, тілді қалыпты нормадан айыру емес, керісінше, сөзді дәл, анық, түсініктіқ әсерлі етіп жеткізудің жолдарын іздестіру. Сөз мәдениеті қамтитын тілдік норманың үш түрі бар:
1. Тілдік норма (лексика, сөзжасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).
2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).
3. Коммуникативті норма ( сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөз
Актив сөздер Пассив сөздер
Актив сөздерге күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Оның құрамына омоним, синоним, полисемия, антоним және фразеологизмдер кіреді.
Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер – неологизмдер жатады.
Қоғамдағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге жаңадан енген сөздер жаңа атаулар немесе неологизмдер деп аталады.
Жаттығулармен жұмыс:
17 - жаттығу. Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді атап, оларды орфографиялық нормаға сай жазу, қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрастыру.
18-жаттығу. Аралас буынды сөздерге фонологиялық талдау жасау.
20-жаттығу. Берілген көнерген сөздердің мағыналарын анықтап, бір бағанға архаизмдерді, екінші бағанға историзмдерді бөліп жазу.
Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.
Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша сұрақтар қойып жауап алу.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Тест сұрақтарына жауап беру.
Тілдік норма және стиль
Тілдік стиль орыс стиль языка — айтайын деген ойды неғұрлым әсерлі жеткізу мақсатында жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын талғап қолдану тәсілінің бір түрі. Тілдік стиль стилистикадағы негізгі категория болып табылады. Стиль түрлері өзара үнемі қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне ауысып, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы үздіксіз жетіліп отырады.
Тілдік стильдер
Казіргі дамыған ұлт тілдерінде стильдің 3 негізгі түрі бар:
бейтарап стиль
кітаби стиль
қарапайым сөйлеу тілінің стилі. Ср. Функционалдық стильдер.
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
- тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
- этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
- коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |