Түсінік хат Химия 7-сынып Оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова -Алматы «Мектеп» 2017ж «Химия» оқу пәнінің мазмұны
Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
«Химия» оқу пәнінің мақсаты:
1) заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны. Үлгілік оқу жоспары бойынша
Сынып
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
2
2
2
2
7- сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұны: