Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы.
Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз.
Аралас сан мен натурал санды қосқанда, аралас санның бүтін бөлігіне натурал сан қосылады.
Бөлімдері бірдей аралас санның қосындысын табу үшін: 1.бүтін бөліктерін бөлек қосу керек;
2.бөлшек бөліктерін бөлек қосу керек;
3. осыдан шыққан нәтижені аралас сан түрінде жазу керек.
Бөлімдері бірдей аралас санның айырмасын табу үшін: 1.бүтін бөліктерін бөлек азайту керек;
2.бөлшек бөліктерін бөлек азайту керек;
3. осыдан шыққан нәтижені аралас сан түрінде жазу керек.
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін: 1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек
2.бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің қосындысын жеке-жеке тауып, шыққан нәтижені аралас сан түрінде жазу керек.
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін: 1.аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек
2. бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің айырмасын жеке-жеке тауып, шыққан нәтижені аралас сан түрінде жазу керек.