Білек сүйектерінің сынығы.
Білек сүйектерінің сынығы балалардағы қол-аяқ сынықтарының ішінде ең жиі кездесетін сынықтарына жатады. Мұндай сынықтар қолды созып құлағанда, соққы күші тура әсері еткенде туындайды.
Сурет VI. 10. Білек сүйектерінің төменгі метаэпифизігнің сынықтары
Шыбық сүйегінің жоғарғы бөлігінің сынығы.
Балаларда шыбық сүйегінің жоғарғы (проксимальды) бөлігінде жиі мойын аймағы сынып, көбінесе сынық жазығы көлденең жүреді немесе метафиздің бір бөлігін қамтиды. Сондықтан оларды эпифизеолиз, немесе остеоэпифизеолиз деп атайды.
Клиникасы және диагностикасы. Шыбық сүйегінің мойны сынған жағдайда осы аймақта ауырсыну, ісік байқалады. Супинация және пронация кезінде ауырсыну болады немесе ондай қимылдарды бала жасай алмайды. Білекті бүгу және жазу қимылдары шектелмейді. Диагноз рентгенографиядан кейін қойылады.
Емі. Шынтақ сүйегі сынықтарының ығысу дәрежесіне байланысты. Шыбық сүйегінің мойын сынығы ығысусыз болғанда, ығысу сүйектің көлденеңінің үштен бірінен аспаса, 150-қа жетпесе эпифизеолиз кезінде, гипстен лонгета салынады. Қолға, білектің супинация және шынтақ буынында 900 бүгілген жағдайында, иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінен саусақтарға дейін, 2 аптаға гипстен лонгета салынады.
Шыбық сүйегі сынықтарының ығысуы үлкен болса, буын қапшығының жыртылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жабық репозицияны Баиров тәсілі бойынша жүргізеді. Жабық репозиция нәтиже бермеген жағдайда операция жасалады. Балаларда шыбық сүйегінің дөңгелек басын алып тастау тәсілі қолданылмайды, себебі cubitas valgus деформациясы пайда болады.
Шынтақ сүйегінің сынуы.Шынтақ сүйегінің білек өсіндісі көбінесе үлкен жастағы балаларда кездеседі. Мұндай сынық тікелей шынтақ сүйегіне білек өсіндісіне тиетін соққыдан туындайды.
Клиникалық көрінісі сүйек сынықтарының ығысуының бар-жоқтығына байланысты болады. Үлкен ығысу кезінде шеткі байламдар үзіліп, шынтақ сүйегінің білек өсіндісі бұлшық еттердің тартуының әсерінен жоғары қарай жылжиды.
Емі жабық репозиция жасап білекті шынтақ буынында 1700 бүгіп иық сүйегінің жоғарғы жағынан саусақтарға дейін гипстен лонгета салынады. Жабық репозиция нәтижесіз болған жағдайда операция жасау қажет.
Білек сүйектерінің диафиздерінің сынуы.
К линикасы және диагностикасы. Білек сүйектерінің диафиздерінің сынықтары толық ығысса, сынған жер ауырады, білекті қимылдату шектеледі, деформация пайда болады.
Сурет VI.11. Білек сүйектерінің диафиздерінің сынығы
Балаларда сүйек қабы астындағы «жасыл шыбық» тәріздес сынықтар жиі кездеседі де клиникалық көрінісі аз болады. Сондықтан, мұндай сынық диагнозы рентгенографиядан кейін қойылады. Егер сынық уақытында анықталмаса сүйек сынықтары дұрыс бітпеуінен білектің қисаюы туындайды.
Шынтақ сүйегінің диафизінің жеке сынуы сирек кездеседі. Шынтақ сүйегінің жоғары үштен бір бөлігінің сынуы, шыбық сүйегінің дөңгелек басының шығуымен қатар жүреді. Оны Монтеджи сынығы деп атайды. Мұндай зақымдану дер кезінде анықталмай, шыбық сүйегінің шыққан дөңгелек басы орнына келтірілмесе, шынтақ буынында қимыл-қозғалысының шектеулілігі пайда болады. Монтеджи сынығын уақытында анықтау үшін шынтақ буынының рентгенограммасында иық-шыбық буындарына және Смит пен Гинзбруг сызықтарын жүргізіп оларға көңіл аударылуы қажет.
Емі. Шыбық және шынтақ сүйектерінің диафиздері сынуы ығысусыз болғанда гипстен алақан сүйегінің басынан иық сүйегінің жоғарғы бөлігіне дейін орташа физиологиялық жағдайда лонгета салынады. Білек сүйектерінің ығысып сынуы кезінде наркозбен жабық репозиция өткізіледі. Репозициядан 5-6 күннен кейін, орнына түскен сынықтардың ісік қайта жылжып кетуін уақытында анықтау, дер кезінде ем шарасын қолдану үшін балаларды науқасханаға жатқызып бақылау қажет. Иммобилизация мерзімі 4-5 аптаға созылады. Білек қимылы толығымен 2,5-3 айдан кейін өз қалпына келеді.
Шыбық сүйегінің эпифизеолизі мен остеоэпифизиолизі ең жиі кездесетін сынықтар қатарына жатады. Бұл эпифизеолиз кезінде өсу шеміршегі зақымдану танғандықтан шыбық сүйегінің өсуі тоқтап, Маделунге деформациясы туындайды.
Клиникасы және диагностикасы. Шыбық сүйегінің эпифизеолизі, остеоэпифизиолизі кезінде сынған жер ауырсынады, сүйек ығысқан жағдайда «істік» («штык») тәріздес деформация пайда болады. Диагноз рентгенгенографиядан кейін қойылады.
Емі. Шыбық сүйегінің эпифизеолизінің, остеоэпифизиолизінің емі жабық репозиция. Репозиция кезінде сүйек сынықтарын бір-біріне жанастырып сәйкестендіру қажет, өйтпеген жағдайда шыбық сүйегі өспей қысқарып, Маделунг деформациясының туындауына алып келеді. Білекке гипстен лонгета 3 аптаға салынады да ЛФК, физиоем тағайындалады. Шыбық сүйегінің эпифизеолизінен кейін балаларды 1,5-2 жылға жуық диспансерлік бақылауға алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |