Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ӨКПЕНІҢ ЖЕДЕЛ БАКТЕРИАЛЬДЫҚ ДЕСТРУКЦИЯСЫ



бет18/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ӨКПЕНІҢ ЖЕДЕЛ БАКТЕРИАЛЬДЫҚ ДЕСТРУКЦИЯСЫ

Бұл термин, қазіргі күні, әр түрлі этиологиядағы бактериялық пневмониялардың ағымының нұсқалары болып табылатын өкпе және плевраның хирургиялық іріңді-қабыну ауруларын топтастырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары бактериальдық пневмониялардың этиологиясында стафилококктың ролінің өсуіне байланысты бұл термин «өкпенің стафилококктық деструкциясы» деп аталды. Бұл жедел пневмониялардың үлкен тобының ішінен ауыр ағымды, өлімділігі (летальдылығы) жоғары, абсцестер түзуге бейім және плевралық асқынуларды беретін аурулар тобын бөлуге көмектесті. Аурудың осындай түрлері хирургиялық және «парахирургиялық» ем әдістерін жиі қажет етеді. Ерте диагностика, науқастарды хирургиялық стационар жағдайында емдеу ем нәтижесін жақсартты.


Алайда соңғы уақытта іріңді-деструкциялық пневмонияның этиологиясында грамм теріс флораның (протеи, ішек таяқша, көк-іріңді таяқша, клебсиелла) стафилококкпен бірігуі (ассосиациясы) өсті. Сондықтан, қазір «өкпенің бактериальдық деструкциясы» термині қолданылады. Пневмонияның дамуы, вирустық инфекцияның фонында жиі жүреді.
Ұсынылған көптеген жіктелулердің ішінде төмендегі жіктелу жиі қолданылады:

  1. Бактериальдық жедел деструкция:

  1. Генезі бойынша:

  • біріншілік (аэробронхогендік);

  • екіншілік (гематогендік).

  1. Клиника-рентгенологиялық түрлері бойынша:

  • өкпе ішілік асқынулармен деструкция:

  • абсцестер;

  • буллалар.

  • плевралық асқынулармен деструкция:

  • пиоторакс – плащ тәрізді, тоталдық (эмпиема), шектелген;

  • пиопневмоторакс және пневмоторакс – клапанды, клапансыз, шектелген.

  1. Ағымы бойынша:

  • жедел;

  • созылыңқы;

  • созылмалы.

  1. Созылмалы түрлері (жедел деструкцияның нәтижесі):

  • созылмалы абсцесс;

  • плевралық созылмалы эмпиема;

  • жүре пайда болған плевраның кисталары.

Көп жағдайларда (80%) өкпенің біріншілік аэробронхогенді зақымдалуы кездеседі.


Іріңді омфалит, пиодермия, жедел гематогендік остеомиелит жағдайларында өкпенің гематогенді инфекциялану жолы сирек орын алады. ӨЖБД-сы кез келген жаста кездеседі. ал 3 жасқа дейін басым түрде кездесіп, аурудың ауыр ағымын дамытады.
Деструкциялық пневмонияның бастапқы сатыларында өкпе паренхимасының субплевралық қабатында инфильтрат (инфильтраттар) түзіледі. Аурудың бұл сатысында ауыр интоксикацияға байланысты науқастың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріледі. Перифериялық қанда – нейтрофилдік ығысумен, лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы байқалады. Жиі абдоминальдық, нейротоксикалық немесе астмалық синдромдар қосылады.
Бұл кезеңде физикалық мәліметтер аз; ұсақ ошақты пневмонияға тән сырылдар болмайды. Перкуссия кезінде тұйықтық тек үлкен көлемді инфильтраттар кезінде анықталады.
Дерттің ерте сатысында, клиникалық көріністердің аздығы мен бейспецификалық сипаты диагностиканы қиындатады. Сондықтан уақытында диагноз қою рентгенографияның көмегімен іске асады. Аурудың бастапқы сатысында жүргізілген сәйкесті (адекватты) терапия деструкциялық пневмонияның ауыр түрлерінің дамуының алдын алады.


Плевраның асқынусыз абсцестенуі. Диагноздың кеш анықталуында және нәтижесіз емдеу нәтижесінде инфильтрация сатысында абсцестер түзіледі. Олардың көлемі әр түрлі, екі өкпеде де орналасуы мүмкін. Өкпе деструкциясының осы түрінің бірнеше нұсқалары болуы мүмкін: іріңге толған абсцесс (бронх ағашымен қатынаспайтын) сұйықтық көлемі бар абсцесс (бронх арқылы абсцесс қуысының дренаждалуында). Бірінші аталған жағдайда абсцесті инфильтраттан ажырату қиын, алайда пішінінің доңгелектігі және ортасындағы қою қараю абсцестенуді көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет