Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет186/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Бүйрек үсті безіне қан құйылу. Тума зақымдалу нәтижесінде бүйрек үсті безінің тініне қан құйылып, капсула астына қан жиналуы мүмкін. Капсула жыртыл-ған кезде қан бүйрек маңында, құрсақ арты кеңістігінде, шап аймағында, ұлдарда ұмада кейде құрсақ қуысына жиналуы мүмкін.
Бүйрек үсті безіне қан құйылғанда анемия, пальпация кезінде құрсақ қуысында ауырсынатын ісік, ал 2-3 күннен кейін бүйрек үсті безінің функциясының, жетіспеушілігі анықталады. Нәрестенің жағдайы ауыр, қимылсыз жатады, анасының омырауын алмайды, берген сүтті құсып тастайды, жылағанда дауысы шықпайды, температурасы төмендейді, өне-бойы бозарып, іші қампиып кетеді. Зақымдалған бел аймағында ауырсыну мен ісіну анықталады.
Диагноз УЗИ, рентгенография және клиникалық көрініс негізінде қойылады. Рентгенограммада құрсақ арты кеңістігінің кеңеюі анықталады.
Бүйрек үсті безіне қан құйылып, бірақ құрсақ қуысына қан кетпеген жағдайда консервативтік ем жүргізіледі. Нәрестелерге гидрокортизон немесе преднизолон беріледі. Бүйрек үсті безінің гематомасы бүйректі ығыстырып, оның функциясына кері әсер ететін жағдайда ұйылған қанды алып тастау үшін 2-3 аптадан кейін люмботомия жасалады.
КҮЙІКТЕР МЕН ҮСУЛЕР


Күйіктер
Дене күйіктері балаларда жиі кездесетін жарақаттардың бірі. Жұмсақ тіндердің ауыр күйіктері көбіне өте жоғары температура немесе қышқыл, негіздердің әсерінен туындайды.


Сурет VI. 24. Жалыннан болған арқаның, бөксенің және санның күйігі

Жарақатты тудырушылар көбінесе: ыстық сұйықтықтар, от жалыны, қызған заттар.


Жасы 3-ке дейінгі балаларда күйік көбінесе бөкседе, арқада, жыныс мүшелерінде, сан беткейінде, сирегірек - басында, бетінде, мойнында, кеудесінде, іші мен қолында кездеседі.
Клиникасы. Жеңіл күйік кезінде бала қатты жылап, айқайлап ауырсынуын білдіреді. Ал, ауыр күйіктерде, керісінше, жалпы жағдайы ауыр болса да бала үн-түнсіз жатады, бет-әлпеті бозарып, көгеріп, пульсі жиіленіп, аяқ-қол мұздап, аузы құрғап, есі анық сақталады. Бұл ауыр күйік белгісі, яғни шоктың бар екендігін дәлелдейді. Алғашқы тәулікте күйіктің ауырлығы оның көлеміне байланысты болса, одан кейінгі тәулікте оның тереңдігіне де байланысты болады.
Күйік ауруының дамуында 4 мерзімді ажыратады: күйіктік шок, токсемия, септикопиемия, реконвалесценция.
Күйіктік шок фазасы, балаларда бірнеше сағаттан 48 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Оның барысында эректильдік және торпидтік фазаларын ажыратады.
Эректильді фаза кезінде науқастар ауырсыну шағымын айтады, қалтырайды кейде айғайлап, қозуы мүмкін. Қан қысымы аздап көтеріледі, пульсі жиілейді.
Торпидтік фазада - науқас үн-түнсіз, шағым айтпайды қоршаған ортаның әсеріне немқұрайлы қарайды, шөлдеп, кейде құсады, қол-аяқтары мұздайды. Тері қабаттары бозарып, кіші дәретінің мөлшері азаяды. Шоктың патогенезінде жүйке жүйесінің қозуы, қан айналымының бұзылуына көп көңіл бөлінеді. Қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігінің бұзылуынан айналымдағы плазма мөлшері азаяды, қан қысымы төмендеп, гипоксия туындайды. Осының салдарынан олигоурия, немесе анурия пайда болады. Ем қолданылмаған жағдайда күйік шогы өлімге әкелуі мүмкін. Алайда, ем қолданылса, ауру шоктан шығып, токсемия фазасы басталады.
Токсемия фазасы. Бұл фазада 1-ші орынға интоксикация белгілері шығады. Күйген жара іріңдерінің, токсиндерінің қанға сіңуіне байланысты бауыр, бүйректерде дегенеративті өзгерістер пайда болады да науқастың жағдайын одан әрі нашарлайды.
Интоксикация кезінде аурудың ыстығы көтеріліп, жүрек-қан тамыр жұмысы нашарлап, анемия пайда болады.
Септикопиемия фазасы. Аумағы үлкен және терең күйіктерде жара іріңдеп, ағзаның инфекцияға қарсыласу қабілеті төмендейді, инфекция қанмен бүкіл ағзаға тарап септикопиемия фазасы туындайды. Бұл кезде дене қызуы өте жоғары көтеріліп, таңертеңгілік температураның кешкіліктегіден айырмашылығы 2-30-қа дейін жетеді. Гипопротеинемияның пайда болу салдарынан жара бозғылданып, тиіп кетсе қансырап, жазылуы нашарлайды. Жауырын, құймышақ айналасында іріңді жаралар пайда болады.
Реконвалесценция фазасы – күйіктен пайда болған жара бітіп, аурудың жалпы жағдайының қалпына келуі сәті деп есептеледі.
Диагностикасы. Анамнезге, күйік жарасының бар-жоқтығына және де аумағына байланысты.


Сурет VI. 25. Ланде -Броудар бойынша күйіктің ауданын анықтау тәсілі

Күйік дәрежесін анықтау үшін XXVII хирургтар съезінде қабылданған классификация қолданылады. Онда күйікті 4 дәрежеге бөледі:


I дәрежелі күйік – қызару, ісіну, терідегі айқын ауырсынумен сипатталады. Ісіну мен қызару басқанда жоғалмайды.
II дәрежелі күйік – күйген жердің қызаруы, ісінумен қатар сарысу толған жаралар пайда болады.
III дәрежелі күйік – төменгі тері қабатының жағдайына байланысты «а» және «б» түрлеріне бөлінеді.
IIIа дәрежелі күйікте, терінің ең жоғарғы эпителиядан тұратын және жартылай герминативтік қабаты жансызданады. Ал IIIб дәрежелі күйікте герминативті қабаттар толығымен өлі тінге айналады.
IV дәрежелі күйікте терімен қатар оның астында жатқан фасция, бұлшық ет, сіңір, кейде тіпті сүйек те өлі тінге айналады.
Күйген жердің аумағын анықтау үшін әр түрлі (Постников, Вейденфельд, Беркоу) тәсілдер қолданылады, алайда олар ересек адамдарға арналған. Балалар тәжірибесінде қолданылатын негізгі тәсіл - Ланде, Броудар және Уоллес ұсынған кесте болып табылады (кесте VI.1).
Кесте VI.1
Балалардағы күйіктің ауданын Ланде-Броудар бойынша
анықтау тәсілі (пайызбен)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет