Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет51/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Операция алдындағы дайындық. Операция алдындағы дайындықтың сипаты, ұзақтығы және көлемі баланың туылғаннан бергі өткен мерзімге, патология түріне байланысты.
Нәрестелерді операцияға дайындау. Жаңа туған балаларда негізінен тік және мықын ішек атрезиясында, жедел тік ішек өтімсізідігі байқалады.
Сондықтан, операцияға дайындықты қысқа мерзімде және перзентханада жасайды. Перзентхана дәрігерлерінің негізгі мақсаты – аспирациялық пневмонияның алдын алу, ауыз арқылы тамақтануды шектеу және асқазанды зонд арқылы тазарту.
Аспирациялық пневмонияны емдеу кешенді және хирургиялық бөлімде жүргізіледі. Аспирациялық құсудың қайталану мүмкіндігі ескеріліп асқазанды жуады және асқазан ішіндегі қалған заттарды сорып алады. Бұл процедура біткен соң асқазаннан зонд алынып тасталады. Ателектаз бен гиповентиляцияның алдын алу үшін баланың төсектегі жату қалыбын үнемі өзгертіп отырады. Саливацияны төмендету үшін 0,05 мл 1%-тік атропин ерітіндісін тері астына енгізеді. Ауыз қуысын тампонмен тазартады, сілекейді сорғышпен сорғызып алады. Ателектазда аспирациялық массадан тазарту үшін, балаға тыныс жолдарына ауруханаға түскен алғашқы сағатта трахеобронхоскопия және тура ларингоскопия жүргізіледі.
Операция алдындағы дайындық кезінде 1-2 рет қыша қағаздары қойылады. Ылғалданған оттегі қосады. Оксигенотерапия қажеттілігі, бала өмірінің бірінші аптасында ересектермен салыстырғанда 1,5 есе жоғары, ал пневмония кезінде организмде негізгі алмасу екі еселенеді және оттегі қажеттілігі өседі. Науқас ауруханаға түскеннен кейін бірден антибактериальдық және қабынуға қарсы терапия жүргізу басталады.
Әсері кең спектрлі антибиотиктерді, жасына сәйкес дозада бұлшық етке енгізеді, және құрамында содамен, трипсинмен, С витамині бар аэрозольдар қолданылады. Физиотерапиялық ем – кеуде клеткасына УВЧ жасалады.
Операция алдындағы дайындық қан айналым жүйесі көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді. Жаңа туғандардың және емшек жасындағы балаларды операция алдындағы дайындау кешенінде су-тұз алмасуы бұзылыстарын реттеуге (коррекциясына) бағытталған шаралар қолданылады.
Ағза сусыздануының, дене салмағын жоғалту пайызына және клиникасына байланысты 3 дәрежесі бар (Баиров Г.А., 1963):
1 дәреже - жеңіл дегидратация. Клиникасында тек салмақ жоғалтумен көрінеді. Туғандағы салмағының 5% -нжоғалтуы мүмкін.
2 дәреже - шамалы дегидратация. Салмақ жоғалтуы 5%-дан жоғары. Терісінің құрғақтығы, диурездің аздап төмендеуі және дене қызуының шамалы жоғарылауы байқалады.
3 дәреже – айқын дегидратация. Дене салмағын жоғалту 10%-дан жоғары. Терінің серпімділігі жоғалған, тургоры төмендеген. Үлкен еңбегі басылыңқы, көзі ішіне кірген. Дене қызуы төмен болуы мүмкін, бірақ кейде гипертермия байқалады, диурез төмендеген.
1 дәрежелі дегидратация жедел операцияға көрсеткіш бола алмайды, ал 2 және 3 дәрежелі дегидратация міндетті түрде коррекцияны талап етеді. Операция алдындағы дайындықтың ұзақтығы баланың жасына, госпитализация мерзіміне байланысты және болуы мүмкін асқынулар ескеріле отырып 4 сағаттан 10-12 сағатқа созылады.
Ересек балалардағы дайындық. Операция алдындағы дайындық негізінен баланың жалпы жағдайын жақсартуға, ағзадағы екіншілік өзгерістеді түзетуге (коррекция), жасушадағы алмасу үрдістерді реттелге бағытталады. Максималды толық коррекция қан айналу көлемі мен плазмада белок деңгейінің төмендеуі кезінде жасалады. Өйтпегенде операциялық және операциядан кейінгі асқынулар дамуы, шок, инфекцияға төзімділіктің төмендеуі, бауыр жетіспеушілігі т.б. асқынулар болуы мүмкін. Қан жоғалтуға, наркозға, операциядан кейінгі ашығуға байланысты, ағзада ақуыз (белок) шығыны болатындығын ескеру қажет. Тамақтану рационына мал және өсімдік ақуыздары бар қосымша тамақ өнімдері, В,С және Е тобы витаминдерін енгізеді. Ақуыз қорын көк тамырға плазма құюмен, изогендік сарысумен, аминоқышқылдармен толықтырады. Пероралды аминоқышқылдар, энпиттер тағайындайды.
Тіннің репаративтік қасиеттерін жоғарылату мақсатында пиримидин туындыларымен емдеу курсы қолданылады. Дефекацияның қайталанатын бұзылыстарында коли-бактерин, сонымен қоса миксаза, мексафарм, хилак форте, дифлюкон тағайындайды.
Метаболиттік терапияның ерекше мәні бар. Жасушаларда және тіндерде зат алмасу және жасушаішілік регенерация үрдістерінде оң өзгерістер науқастардың респираторлық және басқа инфекцияларға үлкен төзімділігі байқалады, аллергиялық асқынулар сирек көрініс береді.
Іш қатуымен зардап шегетін балаларда, нәжістік интоксикацияның алдын алуға және онымен күреске көңіл бөледі. Жеке диета тағайындалады. Тамақтану рационына тоқ ішек перистальтикасын күшейтетін тағамдар, көкөніс, жеміс, ботқа, бал, қышқыл сүт өнімдері, өрік және сәбіз шырыны қосылады.
Іріңдік-сепсистік асқынулардың алдын алу өте қажетті. Сондықтан операция алдындағы кезеңде операциялық жараның инфекциялануының алдын-алу шараларын жүргізу қажет. Негізгі талап - тоқ ішектің дистальдық бөлімін нәжіс массаларынан механикалық тазалау.
Күн сайын сайын тазарту және сифондық клизмалар жасалынады. Клизма жиілігі нәжіс шығарудың дұрысталуына байланысты.
Балаларға проктологиялық операция жасауға анестезияның барлық түрі қолданылады. Жергілікті анестезияға, тек қана баланың ауыр жағдайында, жалпы наркозға қарсы көрсеткіш болғанда жүгінеді.
Маскалық фторотан және кеталар наркозын қысқа мерзімдік және қарапайым операцияларда қолданады. Қазіргі кезде нейролептоанальгезия, эндотрахеальдық наркоз қолданылады.
Анестезия кезінде көктамырға қан және оны алмастырушыларды құяды.
Операциядан кейінгі ем. Операциядан кейінгі кезең жараға соңғы тігіс салынып, жараны жапқаннан кейін басталады. Бала наркоздан оянғанға дейін және операциядан кейінгі бір тәулік бойы мұқият бақыланады.
Жаңа туған балалар арнайы инкубаторға орналастырады. Ересек балалар реанимация және қарқынды емдеу бөлімінде болады. Терісі, шырышты қабықтарының жағдайына, дене қызуына, артериялық қысымға, тамыр соғысының толымдылығы мен жиілігіне назар аударылады, бақылау жүргізіледі.
Операциядан кейінгі 2-3 тәулік ішінде ауырсынуды басып, баланы тыныштандыратын, еркін дем алуға мүмкіндік беретін, операциядан кейінгі ішек парезінің алдын алатын антигистаминдік және ауырсынуға қарсы препараттар, оксигенотерапия тағайындайды.
Операциядан кейінгі ерте кезеңде, наркозға байланысты болатын асқынуларды уақытында анықтауға және емдеуге аса көңіл аударылады. Проктологиялық операциялардан кейінгі кезеңде іріңді инфекцияның алдын алу үшін кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады.
Жақсы өткен операциядан кейінгі кезеңде, 2-ші тәуліктен, баланы Певзнер бойынша нольдік диетадан бастап тамақтандыра бастайды. Ішекаралық анастомоздар салынбаған операциядан кейін 2-3 тәуліктен бастап, баланың жасына байланысты, диеталақ стол тағайындалады. Ішекаралық анастомоз салынған және күрделі операциялардан кейін, 4-5 күн бала нольдік диета бойынша тамақтанады.
Балаларға, операция түріне қарамастан, нәжістің шығуын жасанды тоқтатудың керегі жоқ.
Тік ішекке, артқы тесіктің реконструкциясы бойынша пластикалық операциядан кейін анустың тарылуының алдын алу қажет. 2 ай ішінде күніне 1-2 рет, одан кейін аптасына 1-2 рет буждау жүргізіледі. Берілген ритмнен жаңылуға болмайды. Біраз уақыттан соң, келесі реттілі номер қатарындағы буж еркін енетін болады да, ол стриктура таралғанға дейін жалғастырылады. Жас балаларда № 10-12 буждармен шектеледі, ал ересек балаларда - № 14-15. Буждауды диатермиямен немесе лидазамен ионофорезбен ұштастыру жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет