Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет6/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Тыныс алу мүшелерін тексеру


Өкпе ауруларын хирургиялық емдеу, патологиялық үрдістерінің локализациясын, оның таралу дәрежесін, жақын орналасқан мүшелермен байланысын дұрыс анықтауды қажет етеді.
Рентгенологиялық әдіс. Рентгенологиялық зерттеуді қарапайым әдістерден бастап жүргізеді: рентгеноскопия және рентгенография. Бұларды балаларға клиникаға түскен, операцияға дейін және операциядан кейін жүргізеді. Бала кішкентай болған сайын оларға рентгенография тиімді. Рентгенограмманы әдетте екі проекцияда жасайды: тура және бүйірлік. Томографиялық зерттеу патологиялық түзілістің тереңдігін, таралуын анықтайды. Томография, балаларда өкпенің түбіріне жақын орналасқан өкпе ісігін анықтауда маңызды роль атқарады. Компьютерлік томография негізгі топографиялық диагноз қою мүмкіндігін жоғарылатады.
Бронхография бронх тармақтарын контрасты тексеру.
Көрсеткіштері:

  1. трахеобронхиальдық тармақтың дамуының ақаулары;

  2. өкпенің созылмалы, қайталанбалы қабыну өзгерістері;

  3. ұзаққа созылған ателектаздар;

  4. өкпенің созылмалы абсцесі;

  5. пиопневмоторакстан кейінгі өкпенің ұзақ жаншылуы (2 айдан ұзақ);

  6. пульмонэктомия және өкпенің резекциясынан кейінгі кейбір асқынулар.

Қарсы көрсеткіштер:

  1. өкпеден қан кету;

  2. жүрек-тамыр жетіспеушілігі;

  3. баланың жалпы жағдайының ауырлығы;

  4. дене қызуы;

  5. йодқа идиосинкразия;

  6. жұтқыншақта қабыну үрдісінің болуы (тонзиллит, аденоидтар).

Анестезия және контрастты тексеру жүргізу. Баланың бронх ағашын контрастты тексеру наркозбен жүргізілуі тиіс. Ересек балаларда жергілікті жансыздандыруды қолдануға болады. Интубацияны апноэ фонында Т-тәрізді коллекторы бар түтікшемен жүргізеді. Қақырықты жақсылап сорып алғаннан кейін 50-60 секунд өкпені оттегімен желдетеді, содан кейін апноэ фонында кажетті бронхқа интубациялық түтікше арқылы катетер енгізеді. Бұны рентгендік экранның бақылауымен және рентгендік экрансыз жүргізуге болады. Балалардың сәулеленуін азайту мақсатында рентгеноскопиялық бақылауынсыз бронхография әдісі ойлап табылған. Бұл жағдайда бронхқа интубациялық трубка арқылы енгізілетін катетердің проксимальдық ұшына Ричардсон баллонын жалғайды. Баллонның көмегімен катетер арқылы бронхқа ауа үрлейді. Содан кейін баланы бүйіріне бұрып контрастты затты енгізеді. Контрасттық заттың мөлшерін баланың жасына және бронх ағашының зақымдалу деңгейіне байланысты есептеледі. Әрбір жаққа 3-тен 12 см.куб-қа дейін сульфойодол енгізеді.
Рентгенограмманы бүйірлік, тура проекциясында горизонталды, вертикалды қалпында жасайды, контрасты затты катетерге жалғастырылған электросорғыштың көмегімен сорып алады.
Әдісті бағалау.

  1. Бірқатар ақауларда (өкпенің гипоплазиясы, бронхтардың тарылуында, кеңеюінде, деформациясында) диагнозды тек бронхографияның көмегімен қоюға болады, ал кейбір басқа ақауларда (агенезия, аплазия, киста және т.б.) бронхография қосымша тексеру әдістері болып табылады.

  2. Ерте табылған бронхоэктазиялық өзгерістер консервативтік ем шараларын қолдануға мүмкіндік береді, үрдістің прогрессиялануын болдырмайды.

  3. Ұзақ созылған ателектаз кезінде, тіпті бронхтардың өтімсіздігін емдегеннен кейін де, бронхтардың кеңеюі түріндегі өзгерістер немесе абсцестер қалады. Оларды бронхографиялық тексерулермен анықтауға болады.

  4. Бронхография оперативті көмекке көрсеткішті анықтауда маңызды роль атқаратын, абсцестердің үлкендігі мен локализациясын анықтауға көмектеседі.

  5. Ұзақ, 2 ай бойы пиопнемоторакстан жаншылған өкпе консервативтік әдіспен қалпына келмейді. Бұл жағдайда өкпе декортикациясына көрсеткіш қояды. Алдын ала жүргізілген бронхография өкпенің жаншылған аймағындағы бронх ағашының жағдайын анықтауға көмектеседі. Бұл оперативтік көмектің көлемін анықтауда да маңызды роль атқарады.

  6. Бронхтық жыланкөз болғанда бронхография оның орналасуын (локализациясын), көлемін, басқа қуыстармен байланыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет