Спирография тыныс алудың келесі функциялық көрсеткіштерін анықтауға және график түрінде тіркеуге мүмкіндік береді: өкпенің максимальды вентиляциясын, тыныс алу резервін, оттегінің минуттық қабылдануын.
Бөлімді спирография (бронхоспирометрия) әрбір өкпенің бөлек жағдайдағы функциялық қабілеті жайлы деректер алуға мүмкіндік береді.
Көрсеткіштері: өкпенің екі жақты зақымдалуы.
Қарсы көрсеткіштері: баланың жалпы жағдайының ауырлығы, жергілікті анестетиктерге жоғарғы сезімталдық.
Әдістемесі: балаларда, тексеру бұлшық ет релаксанттарымен бірге тамыр ішілік барбитураттық наркоз және оттегі ингаляциясымен қатар жүргізіледі. Апноэ фонында ларингоскопия жүргізіледі және 5-10% новокаин ерітіндісімен жұтқыншақтың артқы қабырғасын, тілдің түбірін және трахеяны жансыздандырады. Бұлшық ет босаған кезде ларингоскоп арқылы Карленс түтікшесін енгізеді. Манжетканы үрлейді, трубканы наркоздық аппаратқа жалғайды. Ол арқылы, өз бетімен тыныс алу толық қалпына келгенше, өкпенің жасанды, содан кейін қосымша вентиляциясын оттегінің ауамен қоспасы арқылы жүзеге асырады. Спирограмманы арқаға жатқан қалпында, бұйірге жатқан қалпында, екі өкпемен және біреуінің ауытқуымен, бір өкпемен тыныс алғанда жазады. Тексеруді интубациялық түтікше арқылы антибиотиктерді трахея ішіне енгізумен аяқтайды.
Асқынуы: дауыс байламдарының ісінуі, ларинго- және бронхоспазм.
Пневмотахография. Бұл әдіс тыныс алудың механикалық факторларын тексеруге мүмкіндік береді. Өкпе мен кеуде клеткасының серпімділік қасиеті, ауа өткізгіш жолдар мен тіндердің серпімді емес қарсыластығы, тыныс алу жұмысы.
Көрсеткіштері:ұзақ ағымды пневмония, бронхоэктаздық аурулар, плеврит, бронхит, астма, эмфизема, кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясымен туа және жүре пайда болған жүрек ақауы, тыныс алудың механикалық факторларының әр түрлі дәрежеде зақымдалуы байқалатын аурулар.
Әдістемесі. Тексеруді негізгі зат алмасуға жақын жағдайда аш қарынға жүргізу керек. Пневмотахограф аппараты қолданады. Құрылғы тыныс алудың көлемдік жылдамдығын, альвеолярлық және өңеш ішілік қысымның деңгейін тіркеуді қамтамасыз етеді.
Баланы тыныс алу датчигіне қосады. Бірінші жағдайда мұрынға қысқыш қояды. Тексеруді отырған немесе жатқан қалпында жүргізуге болады. Алғашында қалыпты тыныс алудың көлемдік жылдамдығын жазады. Одан кейін альвеолярлық қысым деңгейін тіркейді. Өңеш ішілік қысымды жазудан бұрын, 10% новокаин ерітіндісімен мұрын жолдарының, мұрын жұтқыншақтың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, тілдің түбірінің жергіліктікті анестезиясы жасалады. Катетерді мұрын жолы арқылы енгізеді. Өңешке енгізгеннен кейін баллонды ақырындап ауамен толтырылады. Катетерді манометрмен жалғайды. Қысымды өлшеу қатты манометрде жүргізіледі, бір мезгілде тыныс алудың көлемдік жылдамдығы тіркеледі. Форсирленген тыныс алу жылдамдығы 3 жасқа дейінгі балаларда 3л/сек аспайтын болғандықтан I және III датчиктерінде, ал ересек балаларда II және IV датчиктерде жазылады.
Әдісті бағалау. Баллада тыныс алудың механикалық факторын зерттеу, өлшеуге болатын ентікпенің физикалық негізі бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бронхтық қарсылықтың жоғарлауы ауа өткізгіш жолдардың өткізгіштігінің бұзылуын көрсетеді. Тыныс алудың көлемдік жылдамдылығының баяулауы өкпе мен көкірек қуысының созылуының төмендеуіне және трахео-бронхтық өткізгіштіктің қиындауына байланысты болады. Тыныс алу жұмысы екі жағдайда да жоғарлайды. Ентікпенің себебін анықтау терапияның түрін анықтауға мүмкіндік береді.