Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)



бет166/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)



Сыну орны

Баланың жасы

Нәрес-те

1 жасқа дейінгі

1-3 жас

4-7 жас

8-15 жас

Бұғана

7

10

14

14-21

21

Иық сүйегі:
















  • хирургиялық мойын аймағы, эпифизиолиз

10

10-14

21

21

21

  • диафизарлық аймақ

10-14

14

10-14

21-28

28-35

  • айдаршық аралық және айдаршық үсті сыну

-

10

7-10

14

21

  • иық сүйегі басы және блок

-

-

-

10-14

21

  • тума эпифизеолиз

7

-

-

-

-

  • ішкі және сыртқы айдаршық жұлынуы

-

-

-

10-14

14-21

Білек сүйектері:
















  • бір сүйек

-

-

10

14

21

  • екі сүйек

-

-

14-21

21-28

28-42

  • шыбық сүйек мойыны мен эпифизеолиз

-

-

-

14

21-28

  • шынтақ өсіндісі (эпифизеолиз)

-

-

-

14-21

21

  • шыбық сүйегі дистальды ұшы эпифизеолизі

-

7

14

14-21

21

Сан сүйегі:
















  • диафиз

10-14

14

14-21

21-28

35-42

14-21

-

-

1,5 айға дейін

2-2,5 айға дейін

  • дистальды метаэпифиз, эпифизеолиз

14

-

21-28

21-28

35

Балтыр сүйектері:
















  • кіші жіліншік

-

-

10

14

21

  • үлкен жіліншік немесе балтырдың екі сүйегі

10-14

14

14-21

21-28

35-42

  • ішкі тобық

-

-

10

28-35

1,5-2 айға дейін

Табан сүйектері:
















  • өкше сүйегі

-

-

-

28-35

1,5-2 ай

  • таран сүйегі

-

-

-

28-35

1,5-2 ай

  • табан алды сүйектері

-

-

14

21 супи-
натор

21-28

Жарақаттық буын шығулары:
















  • иық сүйегі

7

-

-

10

14

  • білек сүйектері

-

-

7

10

14

  • сан сүйегі

10-14

-

10

14

14-21

Омыртқа сүйектерінің компрессионды сынығы
















-

-

-

1,5 ай

1,5-2 ай

  • кеуденің төменгі және бел омыртқалары

-

-

-

2 ай

2-2,5 ай

  • жамбас сүйектері (асқынбаған сынулар)

-

-

14-21

21

21-28

Егер де сынық буын ішінде немесе буынға жақын жерде орналасса, буын қимылында шектелу (контрактура) пайда болады. Оны болдырмау үшін ЛФК мен физиотерапияны ертерек қолдану керек. Сынық буын ішінде немесе буынға жақын болған жағдайда осы айтылған жерлерге массаж жасауға болмайды. Себебі, сынған сүйектің айналасындағы беріш ұлғайып бұлшық ет те беріштенеді.
Сүйек сынған кезде оперативтік ем жиілігі балалар науқасханасында орта есеппен 5%, ал ересек адамдарда 30-50%-ке дейін жетуі мүмкін.
Кейде сүйек сынған кезде жүйке тамырлары жарақаттануы мүмкін, олар ауыр жарақаттар қатарына жатады.
Жүйке тамырлары жарақатының үш түрі болады: толық үзілу, жартылай үзілу, жүйкенің үзілуінсіз. Алғашқы уақытта 2-3 аптаға дейін жүйке тінінің үзілуінсіз болатын жарақаттардың клиникалық көрінісі, толық немесе жартылай жүйке тің үзілісінің көрінісіне ұқсайды. Осы себепке байланысты, клиникалық қорытынды жасауға асықпау керек. Себебі, жарақаттан кейін 2-3 аптаға дейін жүйке қызметінің жоғалуының клиникалық көрінісі, оның анатомиялық бүтінділігінің бұзылуының дәлелі емес деп есептеледі.
Жүйке тамырларының қосымша зақымдалулары көбінесе айдаршық үсті, иық сүйегінің төменгі метаэпифизінің сынықтарының ығысуы кезінде кездеседі. N.medianus жарақаттанғанда пронация мүмкін емес, І, ІІ, ІІІ саусақтар мен қол ұшы, білезік буынында төмен қарай бүгілмейді, қол ұшы «маймыл қолына», ал N.ulnaris жарақаттанғанда – «құс қолына» ұқсайды. N.radialis жарақаттанғанда – қол ұшы әрдайым төмен салбырап тұрады, білезік буынында жоғарға қарай бүгілмейді, I-III саусақтары жазылмайды. Олардың сезімталдықтары жоғалады.
Қан тамырының жарақаттануы қан жоғалтуға әкелетіндіктен ауыр жарақаттар қатарына жатады. Мұндай жарақат уақытында тиісті көмек көрсетпеген жағдайда өлімге де әкелуі мүмкін. Қандай сынықтарда қандай қан тамырларының жарақаттануы мүмкін екендігін болжап, оны болдырмау шараларын жүргізу қажет. Қан тамырлары жарақаттанғанда кеткен қанның көлеміне, жылдамдығына байланысты анемия және шок пайда болуы мүмкін. Қол-аяқ қан тамырларының жарақатының клиникалық көрінісі пульстің әлсіреуі, терінің бозаруы, аяқ-қол саусақтарының мұздауы, сезімталдық пен қимыл-қозғалыстың бұзылуы болып табылады. Сыртқа кеткен қанды тоқтату үшін келесі шаралар қолданылады: жарадан жоғары жараланған қолды немесе аяқты қатты таңып (жгут) байлау, буынды барынша толық бүгу; саусақпен қан тамырын басу. Қан ағуын тоқтату үшін салынған жгут 1,5-2 сағаттан артық тұрмауы керек. Қан тамырлары жарақаттанғанда қан ағуын тоқтатумен қатар, тез арада қан айналысын да жақсарту керек. Ол үшін жарақаттанған қан тамыры тігіледі, немесе жарақаттанған жердегі қан тамырын протезбен ауыстырылады. Қан айналысы жақсарып, бұрынғы қалпына келмеген жағдайда Фолькман контрактурасы пайда болады.


ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ

Қол-аяқ сүйектерінің сынықтары ішінде қол сүйектерінің сынығы 84% құрайды.


Бұғана сынығы.
Балаларда бұғананың сынуы ең жиі кездесетін сынықтар қатарына жатады да, барлық сынықтарының 13% құрайды. Зақымдану механизмі әр түрлі болуы мүмкін, көбінесе бұғана сынығы иыққа немесе қолды соза құлағанда туындайды. Бұғана сынықтарының ығысуына байланысты ығысусыз және ығысумен болатын сынықтар деп бөлінеді. Ығысусыз сынықтар нәрестелер мен кішкене балаларда жиі кездеседі.
Клиникасы және диагностикасы. Ығысусыз бұғана сүйегінің сынуының клиникалық көрінісі шамалы болады: деформация анықталмайды, аздаған ісік, сынған жерді басқанда ауырсынуы, иық буынның қимылының азаюы анықталады. Сондықтан бұндай сынықтар дер кезінде байқалмай, тек бұғана үстіне жаңа сүйек тіні пайда болғанда, 10-15 күннен кейін анықталады. Толық сынықтарда сүйектердің ығысуы туындайды.
Бұлшық еттердің жиырылуына байланысты ішкі сынық жоғары, ал ал сыртқысы ішке қарай жылжиды. Бұл жағдайларда, клиникалық көрінісі айқын болғандықтан сынықты анықтау қиынға түспейді.




Сурет VI. 5. Бұғананың сынығы


Емі. Омырау жасындағы балаларда қолды Дезо тәсілі бойынша қолтықтың астына және иық үстіне мақтадан жастықшалар салып, денеге дәкемен 10-14 күнге таңып қояды. Бұғана сынықтары тез бітеді.
Ересек жастағы балаларда, толық ығысуы бар бұғана сынығы жиі кездеседі, сондықтан да оларға «сегізтәріздес» таңу, немесе Кузьминский-Карпенко тәсілдері қолданылады. Аталған ем тәсілдері қимыл-қозғалысты ерте бастап, сүйек сынықтарының дұрыс бітуіне жағдай тудырады.
Операциялық ем - сүйек сынықтары теріні зақымдану тап сыртқа шыққанда, қан тамырлар мен жүйке тамырларының зақымдану қаупі туындағанда, жұмсақ тіндерден интерпозиция туындағанда қолданылады. Мектеп жасындағы балаларда бұғана сынығының біту мерзімі 14-21 күн шамасында болады. Зақымдану танған қолдың қимыл-қозғалысы толығымен 2-2,5 айдан кейін қалпына келеді.
Иық сүйегінің сынығы.
Иық сүйегінің сынығы барлық сынықтардың 16%-ын құрайды. Жіктеме бойынша иық сүйегі сынықтарының келесі түрлерін ажыратады: жоғарғы эпиметафиздің, диафиздің және төменгі эпиметафиздің сынықтары.
Иықтың жоғарғы метаэпифизінің сынығына эпифизеолиз, остеоэпифизеолиз, хирургиялық мойынның және төмпешік сынықтары жатады.
Иық сүйегінің жоғарғы (проксималдық) бөлігінің сынуы, осы маңайдан тура соққы алғанда немесе иыққа құлаған жағдайда байқалады.
Иық сүйегінің мойыны сынған кезде, сынықтардың ығысуының салдарынан олардың арасында пайда болатын бұрыш ішке немесе сыртқа ашылуы мүмкін, соған байланысты иық сүйегінің мойнының аддукциалық немесе абдукциалық сынық түрлері ажыратылады.
Клиникасы және диагностикасы. Иық сүйегі сынғанда қол төмен салбырап тұрады және оны алдыға, жанына созу шектеледі. Буын маңында, иықтың жоғарғы жағында ауырсыну, ісіну, қолтықты астынан ұстағанда сынған сүйек сынықтары сезіліп, сықыр естіледі. Қорытынды диагноз иық сүйегінің рентгенографиясынан кейін қойылады.


Сурет VI. 6. Иық сүйегінің хирургиялық
мойнының сынығы
Емі. Сүйек сынықтарының ығысуы болмаған жағдайда сынған қолға сау жақтағы жауырыннан бастап саусақтарға дейін ыңғайлы орташа физиологиялық жағдайда гипс салынады. Иық сүйегінің мойын сынығы, эпифизеолиз және остеоэпифизеолиз ығысуымен болса, репозиция жабық түрде жүргізіледі.
Сынған сүйекті орнына келтіру (репозиция) наркозбен және рентген бақылаумен жүргізіледі. Сынық орнына түскеннен кейін гипстен лонгета салынады. Иммобилизация мерзімі 18-21 күн. Гипс лонгетасы алынғаннан кейін ЛФК, физиоем қолданылады. Иық буынының қимыл-қозғалысы гипс лангетасы алынғаннан кейін орта есеппен 2-3 аптада қалпына келеді.
Эпифизеолиз және остеоэпифизеолиз кезінде, шеміршектен тұратын өсу қабатының жарақаттануы, иық сүйегінің ұзарып өсу қабілетін төмендетеді. Сондықтан да, зақымдану танған балалар 1,5-2 жылға дейін диспансерлік бақылауға алынуы қажет.
Иық сүйегінің диафизінің сынуы сирек кездеседі. Олар көлденең, қиғаш, винттәрізді және көп бөлшекті болып бөлінеді.
Клиникасы және диагностикасы.


Сурет VI. 7. Иық сүйегінің диафизінің сынығы
Ығысуы бар сүйек сынығында деформация, қысқаруы, сынықтардың жылжымалылығы (патологическая подвижность), сықыр (крипитация) анықталып, қимылдау-ауырсыну тудырады. Диафиздің жоғарғы үштен бірі немесе ортаңғы бөлігі сынған жағдайда n.radialis зақымдалу мүмкін, сондықтан мұндай сынықтарда қолдың қозғалысын және сезімталдығын тексеру қажет.
Емі. Жабық репозиция жасалып, гипстен лонгета салынады немесе қанқадан тарту әдісі колданылады. Сынған сүйек сынықтарының орнынан жылжып кеткендігін уақытында анықтау үшін, 5-7 күннен кейін рентгенография жасалады.
Иық сүйегінің сынығының біту мерзімі баланың жасына, сынықтың түріне, орналасқан жеріне байланысты болады. Ол орта есеппен 3-5 аптаға дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет