Иық сүйегінің төменгі эпиметафизінің сынуы балаларда иық сүйегінің сынықтарының 64% құрайды, әсіресе айдаршық үсті және айдаршық арқылы өтетін иық сүйектердің сынықтары жиі кездеседі. Айдаршық үстінен өтетін сынықтарда сынық жазығы буынға жетпейді, ал айдаршық аралық өтсе буын ішінде болады да, буын капсуласын зақымдану тауы мүмкін.
Мұндай сынықтар қолды созып немесе шынтақ буынына құлаған кезде пайда болады. Олар сүйек сынықтарының ығысуына байланысты бүгілген немесе жазылған болып бөлінеді.
Клиникасы және диагностикасы. Шынтақ буындағы қозғалыс шектеледі, ауырсыну, ісік, көгеру пайда болады, Гютер сызығы, үшбұрышының теңдігі бұзылады. Диагноз рентгенография жасалғаннан кейін қойылады.
Төменгі эпиметафиздің сынықтары алдыға, артқа, жанына, немесе айлана жылжуы мүмкін. Соған байланысты сынықтар бүгілген, жазылған, айналған болып ажыратылады.
Емі. Сүйек сынған кезде ығысса репозиция жасалады, оны наркозбен немесе жергілікті жансыздандыру тәсілі арқылы өткізеді. Репозиция рентгенграфиялық бақылаумен жүргізіледі.
Сүйек сынықтарын сәйкестендіргеннен кейін пульсті, тері сезімталдығын міндетті түрде тексеру қажет.
Сүйек сынығының біту мерзімі 14-21 күндер аралығында. Емдеу кезінде рентгенография жасалады, себебі 5-6 күннен кейін, ісік қайтқан кезде, сынықтар қайтадан ығысуы мүмкін. Оны дер уақытында анықтау үшін рентгенография жүргізілуі керек.
Өте үлкен ісіктерде, жабық репозиция нәтиже бермеген жағдайда қанқадан тарту тәсілі қолданылады, ол үшін Киршнер спицасын шынтақ сүйегінің жоғарғы метафизінен өткізіп, 2-4 кг жүк іліп тартуымыз қажет. Жабық репозиция, қаңқадан тарту тәсілдері нәтиже бермеген жағдайда операция жасалады. Операция келесі жағдайларда жүргізіледі: жабық репозиция 3-рет сәтсіз болса, жұмсақ тіндер сынық сүйектер арасына кіріп кетсе (интерпозиция), қан тамырларымен жүйке тамырларының зақымдануы қаупі төнсе. Операциядан кейін қолға гипстен лонгета салынып, ЛФК, физиоем жүргізіледі.
Емдеу ережелері сақталмаған жағдайда буынның айналасындағы жұмсақ тіндер беріштеніп (оссифицирующий миозит), контрактура пайда болуы мүмкін. Берішті миозит болған жағдайда калий йодидімен, лидазамен электрофорез, гидрокартизонмен фонофорез сияқты ем жүргізілгені жөн. Кейде сүйек сынықтары дұрыс орнына келтірілмесе білектің сыртқа (вальгус) немесе ішке (варус) қисаюы туындайды да, оны cubittаs varus немесе cubittаs valgus деп атайды. Бұл аталған деформацияларды түзету үшін бір жылдан кейін операция жасалады.
Айдаршық үсті төмпешіктердің сынуы апофизиолиздерге жатады. Себебі, сынық жазығы көбінесе өсу қабатымен өтеді. Ол 8-14 жастағы балаларда жиі кездеседі. Ішкі айдаршық үсті төмпешігі көбінесе қолды созып құлағаннан, шынтақ буынының қатты бүгілуінен, білектің сыртқа қарай қисаюынан туындайды.
Иық сүйегінің ішкі айдаршық үсті төмпешігінің сынуы білек сүйектерінің шынтақ буынынан шығуымен қатар жүреді. Бұл жағдайда буын қапшығы зақымдану танады.
Клиникасы және диагностикасы. Иық сүйегінің ішкі айдаршығының үстіңгі төмпешігінің сынуы білек сүйегінің шығуымен жүрген кезде буында қимыл-қозғалыс болмайды. Шынтақ буынында деформация анықталады. Гютер ұшбұрышының теңдігі бұзылады. Кейіннен білек пен иық бұлшық еттерінің солуы (гипотрофия) байқалады. Сынған сүйекті орнына келтіріп, шыққан буынды орнына салғаннан кейін әрдайым рентгенография жасау қажет.
Сурет VI. 8. Иық сүйегінің айдаршық үсті сынығы
Ішкі айдаршықтың үстіңгі төмпешігі сынып, буын сүйектерінің арасына қысылып қалған жағдайда оны консервативті немесе оперативтік жолмен алып, орнына келтіру қажет. Операция немесе репозиция наркозбен жүргізіледі.
Иық сүйегінің айдаршығының басының(capitulum humeri) сынуы 4-10 жас аралығындағы балаларда кездеседі. Ол буын ішінің сынықтарына жатады. Сынық көбінесе бала созған қолының алақанына құлаған жағдайда пайда болады. Себебі шыбық сүйегінің дөңгелек басы айдаршық басына тіреледі де оны сындырады. Егер сынық жазығы өсу сызығының шеміршегі арқылы өтсе, оны эпифизеолиз, ал метафиздің бір бөлігін алып жүрсе остеоэпифизеолиз деп атайды.
Сурет VI. 9. Иық сүйегінің айдаршық арқылы сынығы
Клиникасы және диагностикасы. Айдаршық басының сыртқы бөлігінің сынығы буын қапшығының жарақаттануы мен буын ішіне қан құйылумен жүреді. Сынған сүйек сынығы төменге сыртқа, жоғарыға жылжуы немесе 900-тан 1800-қа дейін айналып кетуі мүмкін. Сүйек сынығының ығысуына соққы күшінің бағыты айдаршыққа бекітілетін бұлшық ет тобының жиырылуы әсер етеді.
Емі. Айдаршықтың сыртқы бөлігінің сынықтары (эпифизиолиз, остеоэпифизиолиз) ығысусыз немесе айналымы 450-600-тан аспаса консервативті емді қолданылады. Репозиция кезінде білекті ішке қарай қисайтып шынтақ буынын варусқа келтіріп, сүйек сынығын төменнен жоғары, сырттан ішке қарай жылжытып орнына түсіру қажет. Сүйек сынықтары бір-біріне тура келуі болмаған жағдайда буында контрактура, немесе жалған буын (псевдоартроз) туындайды. Операция сүйек сынығының ығысуы 3мм-ден көп, айналма ығысуы (ротация) 600 жоғары болған жағдайда жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |