Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет89/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Микробтар санын анықтау. Дені сау балаларда бактериялар саны зәрдәң 1 мл-де 100000-нан аспайды. Олардың санының жоғарылауы өрбіген патологиялық үрдісті көрсетеді. Бактериологиялық және бактериоскопиялық микробтар санын анықтау көлемді болып келеді. Сондықтан бактериурияны анықтау трифенилтетразолийлық хлоридтік тест (ТТХ) арқылы жасалады.
Бүйректің парциальдық функциясын сипаттау сынағында – зерттеу шумақшаның фильтрациясы (сүзіп тазалау қабілеті), реабсорбция (зәрді қайта сіңіру) және бүйрек жетімсіздігі деңгейін және бүйрек морфологиялық өзгерістерін анықтау үшін қолданылады.
Клиренс-әдісі (зат тазалану коэффициенті). Клиренсте қанның сандық мөлшерін анықтау, ол бүйрекпен тазаланып белгілі затта 1 мин. мына формула бойынша анықталады:
U + V
С= ----------------
Р
Р – плазмадағы заттар концентрациясы,
U – зәрдегі заттар концентрациясы,
V – минуттық диурез
С – клиренс.
Клиренс дене сыртқы беткейіне сәйкес болғандықтан балаларда алынған салыстырмалы көрсеткіштер, олардың денесінің сыртқы беткейінің салыстырмалы формуласы:


С стандарттық көрсеткіші (1,73)
С (бала) = ---------------------------------------------
Бала денесінің сыртқы беткейі
(нормограммамен анықталады)


Шумақшалық фильтрацияны (сүзгілік қасиетін) анықтау. Педиатрияда эндогендік креатинмен қан плазмасын тазарту әдісі қолданылады. Себебі ол ағзаның өзінде түзеледі және бөгде затты енгізуді керек етпейді. Плазма концентрациясы тұрақты және тәулік ішінде өзгеруі аз. Дені сау бала плазмасында креатин 0,5-2 мг% құрайды. Шумақшаның сүзгілік (фильтрация) көлемін анықтау үшін плазмада, зәрде креатин шамасын және минуттық диурезді анықтау қажет:
Зәр креатинині х минуттық диурез
С = ----------------------------------------------------
Қан плазмасының креатинині


С – шумақша сүзгілігінің минуттық көлемі.
Науқас баланың шумақтық фильтрациясы:
С х 1,73
С кр. = ---------------------------------------------------
Бала денесі сыртқы беткейінің аумағы


Шумақша сүзгілігі (фильтрациясы) орташа тәулік клиренсімен анықталады (тәуліктік зәр жиналады, күніне 1 рет қан зерттеледі). 2-3 сағат клиренс көрсеткіштерде (зәр жинауға 1 сағат қалғанда балаға 400 мл су береді, зәрді 2-3 сағат жинайды, осы мерзім ортасында қанды зерттейді). Тәуліктік шумақ фильтрациясының ритмін анықтауға болады. Ол үшін тәулік бойы 3 сағат сайын зәрді жинап, қанды тәулігіне 1 рет алу керек. Көрсеткіштерде 8 ұлғаюлар функция өзгерісін көрсетеді. Функциялыққа қарағанда орташа көлемінің төмендеуі шумақ фильтрациясының органикалықпен сипатталады.
Дені сау балаларда, көрсеткіштердің жоғарлауы түскі астан кейін, төмендеуі түнгілік уақытта байқалады. Балаларда санағанда 1,73 кв.м. ш.ф. Гроссман бойынша ересектер 1 жылына жетеді (80-180 мл/мин.) өзгерісі 110-130 мл/мин сөйкес болады. Шумақша сүзгілігі (фильтрациясы) жетілген жаңа туған нәрестелерде -50-55 мл/мин, шала туғандарда - 33-65 мл/мин. Шумақша сүзгілігінің (фильтрациясы) төмендеуі гломерулонефритте, созылмалы пиелонефритте және басқа бүйрек ауруларында, көп мөлшерде сусыздануда, ішек инфекциясында, қанайналым жетіспеушілігінде, жүрек ақауы, бауыр циррозы, анемияда байқалады.
Нефронның проксимальдық бөлімінің секреторлық функциясын анықтау. Бағалау фенолрот сынағы немесе пенициллиндік сынамамен жүргізіледі. Фенолрот сынағы сезімтал, оңай орындалады және кері әсер етпейді. Балаға аш қарынға 400 мл су ішкізіледі, 20 минуттан кейін бұлшық етке 1 мл стерильді 6 мг фенолрот ерітіндісі енгізеді. Бояуды енгізгеннен кейін зәрді 2 сағат сайын жинайды. Дені сау балаларға 40-60% бояу енгізіледі, 2 сағатта 20-25 %. 2 сағатта 60-85% бояу. Экскрецияның төмендеуі пиелонефритте байқалады.
Пенициллиндік сынаманы жасайтын күні балаға тамақ берілмейді, оған 1 кг салмағына 20 мл су беріледі, осыдан кейін қуық босатылады. 1 сағат сайын зәрді жинау бақылау өлшемдіктері (порциясы), одан кейін бұлшық етке пенициллин натрий тұзы (1 кг салмаққа 100000 бірлік) енгізіліп, 6 сағат ішінде, сағат сайын, зәр жиналады. Әрбір порцияда пенициллин саны Фелинг бойынша анықталады. Дені сау балаларда реакция алғашқы 30 минутта оң болады, 2-ші, 4-ші сағаттарда пенициллин зәрде анықталмайды.
Нефронның проксимальдық арнашалардың секреторлық функциясының төмендеуі гломерулонефритке байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет