Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет97/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Уретерогидронефроз.
Уретерогидронефроз - бүйрек пен несепағарға су жиналуы. Баладағы ауырсыну сезiмi аяқ астынан қозуы мүмкiн. Кейде ол несеп шығарғанына байланысты да байқалады. Гематурия белгiсi сирек, ал пиурия белгiсi пиеленефрит қосарланғанда ғана бiлiнедi. Бүйрек функциясының шамасын хромоцистоскопия жасау арқылы анықтауға болады. Уретерогидронефрозға шалдыққан бүйректiң функциясы баяулайды


Сурет IV.3. Несепағартың төменгі/3 бөлігінің ахалазиясы нәтижесінде пайда болған уретерогидронефроз
Диагнозды анықтауға экскреторлық урограмма өз көмегiн тигiзедi, сол арқылы бүйрек қалталарының, несепағардың қатты кеңейгенi байқалады. Қуыққа суда еритiн контраст заттар енгiзу арқылы микциондық цистограмма жасалғанында несепағар пен қуық арасының рефлюксы анықталуы да мүмкiн. Ол белсенді (активті) және бәсең (пассивті) болып бөлiнедi.
Диагнозды анықтауға ультрадыбыстық тексеру және компьютерлi томография тәсiлдерi кеңiнен қолданылуы қажет. Уретерогидронефрозды емдеу консервативтiк емдеу жолдарын қолданудан басталады. Ол үшiн балаға антибактериальдық дәрiлер, спазмолитиктер берiледi. Арнайы тексерудiң нәтижесiне сәйкес, несепағар пен қуық арасына пластикалық операция жасалынады.
Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің
даму ақаулары мен аурулары
Қуық экстрофиясы.
Қуық экстрофиясы - куықтың және құрсақтың алдыңғы қабырғаларының іштен жоқ болып тууы. А П.Пугачевтің мәліметі бойынша (1986) бұл кесел 40-50 мың жаңа туған нәрестелердің біреуінде кездеседі. Қыздарға қарағанда ұлдарда екі есе жиі кездеседі. Экстрофия көбінесе тотальдық эписпадиямен /үрпінің үстіңгі қабырғасы мен тасамайдың үстіңгі бетінің жоқ болып тууы) қатар жүреді.
Эмбриональдық даму кезеңінің 5 аптасында куыктың Льето үшбұрышы мезодермальдық тіннен, ал күмбезі- энтодермальдық тіннен (клоакадан жіктеліп шығады), ал несепағары - Вольф жылғасынан пайда болып, үшеуі бір-бірімен түйісе келе бүтін қуық пайда болады (А.Гопадо,1971).
Белгілі бір (экзогендік немесе эндогендік) зиянды факторлардың әсерінен, қуықтың күмбезі клоакадан жіктеліп шықпастан, тек Льето үшбұрышы мен несепағар қана пайда болып калса, қуықтың алдыңғы қабырғасы ашык күйінде қалады. Ал қуыктың алдыңғы бетінің ашық қалуы, құрсақтың алдыңғы қабырғасындағы эмбриональдық жарыққа байланысты, бұрыннан бар тесіктің төменгі бөлігінің (қуықтың ашық жатқан жерінің) жабылмай қалуына себепші болады. Сол себептен қуық экстрофиясы дамиды.
Клиникалық сипаты: кіндіктен төмен, құрсақтың алдыңғы бетіңде орналасқан дөңгелек тесіктен, яғни ақаудан қып-қызыл болып, қуыктың артқы қабырғасының шырышты қабаты томпайып сыртқа шығып тұрады. Кіндік, экстрофияға ұшыраған қуықтың үстіңгі ернеуіне жақын жерде орналасады, бірақ көбінесе болмайды. Қуықтың көрініп тұрған шырышты кабығы канағыш, ауырғыш, жылдам жараланғыш болады. Уакыт өте келе куықтың шырышты қабығы кейбір жерінде метаплазияға ұшыраса, кейбір тұсында тыртықтанады, оның көлемі кішірейеді, бетіне сүйел тәрізді, яғни папиломатозды өскіндер каптайды. Несепағардың сағалары қуық үшбұрышының төменгі бөлігіне келіп ашылады, ұшы конус тәрізденіп шошайып шығып тұрады немесе әбден түрпідей болып кеткен, шырышты қабаттың қатпарларының арасында көрінбей жатады. Үнемі сыртқа ағып тұратын зәр, экстрофияға ұшыраған қуыктың төңірегін, шап аймағының терілерін тітіркендіріп, күйдіріп жараға айналдырады.
Экстрофияға ұшыраған қуықтың ені бала тыныш жатқанда әр түрлі болып келеді (3-8см). Қасаға сүйектері дамымай қалғандықтан шаты айрылып екі жақта жатады. Қасаға сүйектерінің арасы 4-7 см-дей болады. Бала үйрек тәрізді екі жағына теңселе басып жүреді.
Көп жағдайда экстрофиямсн бірге шап жарығы, крипторхизм, тік ішектің шырышты қабатының түсіп кетуі, жоғарғы және төменгі зәр жолдарының кемістіктері, қыздардың кынабының, жатырдың косарлануы тәрізді кемістіктермен қабаттаса кездесіп отырады.
Қуық экстрофиясында несепағардың тікелей сыртқы ортаға ашылуы, инфекцияның жоғарғы зәр шығару жолдарына тез таралуына, сөйтіп пиелонефриттің дамуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, мұндай науқастар жылдам тексеріліп, тез арада операция жасау қажет. Көпшілік урологтардың пікірі бойынша, операция мерзімі туған сәтінен бастап 1 жасқа дейінгі аралықта (С.Д.Терновский, 1953, Г.А.Баиров, 1961) жасалуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет