Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет109/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Варикоцеле
Варикоцеле - жұмыртқа мен ұрық бауының көк тамырларының кеңіп кетуі. Жұмыртқа мен ұрық бауының көк тамырларының кеңіп кетуі, көбінесе балалардың сол жағында және 10 жастан кейін кездеседі. 10-17 жастағы жасөспірімдерде оның кездесу жиілігі 12 жетеді. Бұл ауру екіге бөлінеді: біріншілік және екіншілік. Екінші кезектегі варикоцеле жұмыртқа венасын құрсақ қуысы астарының сыртындағы ісіктің жаншып қалуынан пайда болады. Біріншілік варикоцелені этиологиясының белгісіздігінен оны идиопатиялы варикоцеле деп те атайды. Сол жақ жұмыртқадан шығатын шырмауық венасының іштен туғаннан әлсіз болуы, оның эмбриогенезінде өте күрделі даму жолдарынан өтуіне байланысты. Бұл венаға сол жақ бүйрек венасы барып құяды. Ол, аорта мен жоғарғы шажырқай артериясы арасында қысылуы мүмкін. Сол кезде, венада қан ағуға кедергі пайда болып, қысым жоғарылап, ағыс ақырындайды. Жұмыртқадан шыққан веналық қанның ағуына кедергі жасайтын басқа да кедергілер болуы мүмкін. Жалпы мықын венасына барып құятын кремастер венасы мен ұрық ағатын жылғалық веналар бар.
Сол жақ жұмыртқа венасында қан өзінің ағу бағытын, аурудың денесінің өзгеруіне қарай, өзгертіп отырады. Егер ауру жатса, аорта мен жоғарғы шажырқай артериясының арасында пайда болатын «қысқыш» сәл босап, бүйрек венасын қысуы азаюы себепті, қан бүйрекке қарай көбірек ағады. Сонымен бірге, жалпы мықын венасының оң жаққа жететін мықын артериясымен қысылуы күшейеді. Бала тік тұрған кезде, керісінше, бүйрек венасының «қысқышпен» қысылуы қайтадан күшейе түседі де, жалпы мықын венасының оң жақ мықын артериясымен қысылуы азаяды. Сол кезде, қан бүйрек венасынан кері қарай ағып, шырмауық венасына құйыла бастайды. Жұмыртқадағы веналық анастомоздар арқылы жалпы мықын венасы жүйесіне барып құйылады. Түрегелген кезде қысымның жоғарылауынан шырмауық венасы қанға толып кетеді. Балалардың бойы өсіп, пубертатты жасқа келген кезде гидростатикалық қысымның артуы мен жыныс ағзаларына қанның көп ағып келе бастауы, жұмыртқа мен ұрық бауының веналарының кеңіп, варикоцеленің пайда болуына жағдай жасалады.
Клиникасы. Дамуы бойынша варикоцелені 3 сатыға бөлуге болады:

  • І саты - кеңіген веналар ауру тек түрегеліп тұрған кезде және күшенгенде ғана анықталады;

  • ІІ саты - кеңіген веналар көзге көрінеді, ұстаған кезде жұмыртқада өзгеріс анықталмайды;

  • ІІІ саты - қатты кеңіп, буылтықтанған веналар жұмыртқаны алдыға итеріп, ұманың түбіне дейін түсіп жатады, жұмыртқа көлемі кішірейген, жұмсақ. ұманың сол жақ бөлігі жұқарып төмен салбырайды, кремастер рефлексі әлсірей береді. Аурулар ыңғайсыздық, ауырсыну сезінбейді, диагноз көбіне профилактикалық тексеру кезінде қойылады.

Веналық қан ағу, нашарлаған жұмыртқада морфологиялық өзгерістер пайда болып, біртіндеп сперматогенез бұзылады. Уақыт өте келе, екінші жұмыртқаға да кеселі тиеді де, ақырында бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін.
Емдеу. Варикоцеленің ІІ-ІІІ сатысы бар балаларға дереу операция жасау қажет. Балаларда да, ересектерде де операция Иванисевич және Паломо әдістері бойынша жасалады. Иванисевич операциясы жасалғанда жұмыртқа венасын байлау арқылы қанның кері ағуы тоқтатылады, ал Паломо тәсілінде, жұмыртқаға келетін артериялық қанның көлемін азайту үшін, жұмыртқа венасымен бірге жұмыртқа артериясында байлайды. Жұмыртқа венасының бүйрек жақ бөлімін сәл кесіп, жұмыртқаны сығымдап іркіліп қалған қанды шығарып тастауға тырысу керек. Сонда жұмыртқаның веналарының қуысы тартылып, тез қалпына келеді.
Иванисевич операциясынан кейін жұмыртқа венасынан басқа жұмыртқаны бүйрек венасымен байланыстыратын ұсақ веналар болуынан қайталану (рецидив) (15%-ға дейін) болуы мүмкін. Палом операциясынан кейін жұмыртқа венасы мен артериясын бөліп алу барысында өте мұқият болу керек, өйткені лимфа тамырларының қоса байланып кетуіне байланысты жұмыртқа қабына су жиналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет