Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет106/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Аталық бездің айналуы.
Қалыпты жағдайда аталық безі ұмаға түскеннен кейін гунтер байламымен оның түбіне бекиді. Байлам тым ұзын болса, немесе жоқ болса, аталық без патологиялық қозғалысқа икем болады. Әсіресе, ол шап арнасында тоқтаса немесе ұмаға тым кеш кезенде түссе. Мұндай аталық без жарақат, құрсақ пресінің қатаюы нәтижесінде өзінің тік немесе көлденең осінің маңында 180-3600 дейін айналып кетуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Аталық безінде аяқ астынан күрт ауырсыну пайда болады. Іштің төменгі жағында аталық бездің ісінуі, ұма терісінің қызаруы, жүрек айну және құсу, ал аталық безі жоғары орналасса, ішастардың тітіркену синдромы анықталады.
Диагноз. Аталық бездің айналуын жедел орхоэпидидимиттен және қысылған жарықтан ажырату өте қиын. Қысылған жарығы бар науқастарда ұма терісінің өзгеруі айқын емес. Орхоэпидидимиттің басталуы, аталық бездің айналуымен салыстырғанда, неғұрлым баяу болады. Аталық бездің айналуының басында, пальпация кезінде, оның дұрыс орналаспағанын сезуге болады.
Емдеу. Аталық бездің айналуынан 24-40 сағат өткеннен кейін аталық бездің гангренасы дамитындықтан шұғыл операция көрсетілген. Аталық безін ашқаннан кейін оның жағдайын бағаланады. Егер гангрена белгілері болмаса, аталық безін қалдырылады, ал гангрена басталған болса, онда аталық безін алып тастаймыз (орхидоэктомия).
Аталық без шемені (сулануы)
Аталық бездің шеменіаталық бездің қынапты қабатының меншікті жапырақшаларының арасында сұйықтықтың жиналуы.
Аталық бездің шемені туа пайда болған және жүре пайда болған болады. Аталық без, ішастардың арты кеңістігінде, бүйрек бекіген аймақта қалыптасады, кейін біртіндеп ұмаға түседі. Ішастар өсіндісінің ұмаға бұлтыюы аталық бездің қозғалысына ықпал етеді. Аталық без ұмаға түскеннен кейін ішастар өсіндісінің саңылауы жабылады. Кейбір жағдайларда, генезі белгісіз себептер әсерінен, ұрықтың дамуы кешігіп, өсінді саңылауы не өспейді, немесе баяу өседі. Саңылау бойында сақталған сұйықтық құрсақ қуысынан ұмаға түседі. Егер арна босаң жабылса, күшенгенде немесе айғайлағанда жабысқақтар (кейде) бұзылады да, арна қалпына келеді. Осылайша аталық бездің туа біткен шемені қалыптасады. Жүре пайда болған шемен аталық бездің қабыну аурулары немесе жарақаты әсерінен аталық бездің қабығының қуысында қабыну эксудатының нәтижесінде дамиды.
Туа пайда болған шемен, әдетте жиі кішкентай балаларда, ал жүре пайда болған шемен - жасөспірімдерде (жарақат әсерінен) және үлкендерде (қабыну нәтижесінде) болады. Нәрестелерде жүре пайда болған шеменнің сирек себептерінің бірі – туу жарақаты болып табылады.
Клиникалық көрінісі. Туа біткен шеменнің клиникалық көрінісіне: ұманың жартысының ұлғаюы, ісінуі, флюктуация жатады. Аталық без төмен және артқа ығысқан.
Жүре пайда болған шемен қабыну және жарақат нәтижесінде дамиды және жедел және созылмалы түрде өтеді.
Шемен құрамы – негізінен фибринді эксудат, бірақ кейде ірің немесе қан болады. Сұйықтықтың жиналуы айқын ауырсыну синдромымен үйлеседі.
Шемен жабысқақтардың, камералардың түзілуімен, тас жиналуымен, кейде аталық бездің атрофиясымен асқынады.
Диагноз. Аталық бездің шеменін шап-ұма жарығынан, аталық бездің ісіктерінен ажырату керек.
Емдеу. Туа біткен шемен, 1-3 жасқа дейінгі балаларда жиі өздігінен қайтады. Айқын ауырсынуы бар, шемені ұлғайған балаларға хирургиялық ем көрсетіледі. Туа біткен аталық без шеменінде Росс операциясы жасалады.
Жедел, жүре пайда болған шемен консервативтік емделеді: тыныштық, суық, антибиотиктер тағайындалады. Аталық бездің созылмалы шемені хирургиялық жолмен емделеді. Осы мақсатпен 2 әдіс қолданылады – Винкельман және Бергман операциялары.
Винкельман әдісі, шемен асқынбаған науқастарға қолданылады. Тіндер аталық безіне дейін тілінеді, сұйықтық шығарылады. Аталық без жараға шығарылады, қынаптық қабықша аталық безіне айналдырыла тігіледі де, ұмаға түсіріледі. Жара тігіледі. Бергман әдісі, ұзаққа созылған шеменнің нәтижесінде аталық бездің қабаттары тығыздалған науқастарға жасалады. Бұл әдіс кезінде қабаттар айналдырылмайды, керісінше кесіледі. Аталық бездің шемені кезінде қолданылатын пункциялық әдістер уақытша ғана нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет