Ұмаға ашылатын гипоспадия.Аурудың бұл түрінде тасамайдың өте қатты дамымай қалғаны және тым қисайып кеткені байқалады. Үрпінің сырткы тесігі, әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсап, екі жаққа бөлініп кеткен ұманың орта тұсынан барып ашылады. Бала кіші дәретке отырғанда әйелдер сияқты отырып барып несеп шығарады. Тасамайдың өте қисайып кеткендігінен, жыныс қатынасын жасау әдетте мүмкін болмайды.
Бұт аралығына ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түріңде сыртқы жыныс мүшесінің өте қатты өзгеріп кеткендігі соншалықты, оған қарап аурудың жынысын ажырату қиындыққа түседі. Тасамайы өзінін түрі мен көлемі жағынан үлкейіп кеткен шүртекейге ұқсаса, екі жақка бөлініп жатқан ұмасы әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсайды. Үрпінің сыртқы тесігі ұма мен анустың аралығына ашылады, кейде қынаптың жұрнағы сақталады. Мұны синус урогениталис дейді. Гипоспадияның осы түрінде, жұмыртқаның бір жақтылы немесе екі жағынан да да қүрсақ ішінде немесе шап арасында қалып қоюы басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі.
Гипоспадиясыз гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінін сыртқы тесігі тасамайдың басына барып өз орнынан ашылады. Бірақ тасамайдың кеуекті денесінің ішіне қарай қатты кисайғаны байқалады. Бұл аурудың "іштен туған қысқа үрпі", "хорда тектес гипоспадия" деген балама аттары да бар. Гипоспадиясыз гипоспадияда үрпі тасамайдың кеуекті денесінен бір жарым есе қысқа болады.
Гипоспадияның ауыр түрлерінде, жыныс белгілерінің айқын білінбеуіне байланысты жаңа туған нәрестенің кай жынысқа жатындығын айыру бірталай қиындықтар туғызады. Егер баланың дамымай қалған тасамайы сыртынан үлкейіп кеткен шүртекейге, ал ортасынан екі жаққа қақ айрылып жатқан ұмасы әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсап түрса, сонымен қатар ұмаға жұмыртқалары түспей қалса және де үрпісінің айналасынан қынапқа кіре беріс жерін еске түсіретін қалдық белгі болса /байқалса/, оңда мүндай ауруды жалған әйел гермофродитизмімен шатастырып алуға болады. Сөйтіп нәрестенің қай жынысқа жататынын дәл таба алмай қалуы ықтимал. Жалған әйел гермофродитизмінде үлкейіп кеткен шүртекейдің анатомиялық қүрылысы бөлек болады: шеткі терісі шүртекейдің ту сыртынан қарын жақ бетіне айналып өтіп кіші жыныс ернеулерімен жалғасады. Қынапқа кіре берісі құрылымында да өзіне тән ерекшеліктер болады. Гипоспадиямен туған нәрестенің кіші жыныс ернеулері айтарлықтай болып дамымайды және қынаптың қалдығына кіретін тесігі болмайды, сонымен бірге үрпінің сыртқа тесігінің айналасы шырышты кілегей қабатымен көмкеріліп жатады. Ал жалған әйел гермофродитизмінде қыздардың қынабына кіре берісі өзгермеген күйінше қалады, сонымен бірге қынапқа кіре беріс жерін құрайтын кіші жыныс ернеулері қатар кездеседі. Егер нәрестенің сыртқы жыныс мүшелеріне қарап қай жынысқа жататынын айту қиын болса, онда оның тектік жынысын анықтау қажет. Гипоспадия болса - тектік жынысы еркек болады да, жалған әйел гермофродитизмінде тектік жынысы әйел болады.
Сәбидің тектік жынысын білу үшін оның терісі мен аузының шырышты қабығындағы эпителиін зерттеп, ондағы жыныстық хроматиңдерді анықтайды. Еркектердің жыныс хромантиндері ұсақ-ұсақ түйіршік дән тәрізді жасуша ядросында шашырап орналасады. Ал әйеддердің 85-90 жасушасынан шашырап орналасқан жыныс хроматинінен басқа, ядролардың қабығынын астына ғана орналасқан жасамық дәңдері тәрізденген жыныстық хроматиңдері бар кішкентай ядроларды тапқан. Бұларды шеткері жатқан хроматин немесе ядронын косалқысы деп атайды.
Тасамайдың басына ашылатын гипоспадия әдетте операцияны қажет етпейді. Бірақ үрпінің сыртқы тесігі тарылып немесе жұқа кабыршықпен жабылып калған жағдайда, тарылған тесікті кесіп кеңітеді де, қабыршақты кесіп алып тастайды.
Гипоспадияның басқа түрлерінде, дәрігердің негізгі мақсаты - тасамайдың қисайып кеткен кеуекті денесін түзету, үрпінің жетпейтін жерін жалғастырып жасау. Егер гипоспадияның өте ауыр түрлері болса, онда аурудың жынысын анықтап, оны түзету керек.
Емдеу жолдары. Хирургиялық емдеуді бала 1,5-2 жасқа келгенде тасамайын түзетуден бастайды (бірінші кезең).
Тасамайды түзету операциясы 3 сатыдан тұрады. Гипоспадия тасамайдың басына таман жерге, діңіне, ұмасына жақын орналасқан кезде операция жасалады. Бірінші кезеңде ең әуелі үрпінің сырткы айналасындағы терісінен 0,5-1 см-дей жер қалдырып, дөңгелентіп тіліп, үрпісін ұзын бойына 1,5-2 см-дей етіп бөліп алады. Тасамайдың діңін түзету үшін оның терісін ауыздығынан бастап әуелі үрпінің сыртқы тесігіне дейін, содан соң ұмасына дейін түсетін тік тілікпен тіледі. Тасамайдың төменгі жақ бетінде терісінің астында, оның басын ішіне қарай тұқырта тартып жатқан, жалпақтау келген сіңірлі тіндерді қандауырдың бойымен сыла отырып, кесіп алып тастайды. Сөйтіп тасамайдың діңін түзетеді. Тасамайды түзету барысында өзі де қысқа үрпі одан әрі қысқара түседі. Соның нәтижесінде үрпінің сыртқы тесігі бұрынғы орнынан 1,5-2 см-ге дейін жоғарырақ, яғни қуыкқа жакынырақ жерге жылжып орналасады. Операцияның екінші сатысында жоғарырақ жылжып орналасқан үрпінің тесігін ұма мен тасамайдың шекарасына таман апарып орналастырып, айналдыра кетгут жіптерімен тігеді. Зәрдің қуықтан бірден сыртқа шығу үшін және жаңадан жасаған үрпінің сыртқы тесігі тарылып калмас үшін үрпіге полиэтиленнен жасаған 8-10 түтік қалдырылады. Операцияның үшінші сатысында, тасамайдың астыңғы жағында түзетуден кейін пайда болатын жарақаттың бетін жабуға осы араның терісі жетпейді. Сондықтан да тасамайдың ту сырты мен екі жагындағы терісін, Лимбергтің тәсілімен, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан үшбұрыш тәрізді тіліп алып, оның бұрыштарын қарама-қарсы жақтағы терінің бұрыштарына қарай тартып апарып бір-бірімен тігеді. Сөйтіп, келесі де үрпі жасауға қажетті терінің қорын бірден жасап кетеді. Операциядан кейін тасамайдың діңін түзу ұстап тұру үшін, тасамайдың сіңірлі тіндері мен жабысқақтарын сылып алу барысында, зақымдалған ұсақ қан тамырларынан шүпілдеп аққан қанды тоқтату және бір-біріне қиылыстырып тігілген тері қиыңдылары ығысып кетпеуін ұстап қалу үшін, оның бойына залалсыздаңдырылған вазелин майы сіңіріліп, бетіне ксероформ ұнтағы себілген жіңішке дәке білтесімен айналдыра таңып қояды. Бірінші таңуды 2-3 тәуліктен кейін жасаған дүрыс. Себебі тануды одан ерте жасаса, жарақаттан кайта қан ағуы, үлбіреп әрең түрған тері қиындылары ығысып кетуі ықтимал.
Гипоспадияның ұма немесе шатаралык түрі болса, онда тасамайдың астыңғы бос жатқан діңі болмайды. Сондықтан да аурудың бұл түрінде жоғарыда айтылғандай операцияның бірінші сатысын тасамайдың басынан ұмаға дейін тік түсетін тілікпен босатуға болмайды. Ұмалық түрінде Л әрпі тәріздес етіп үрпінің сыртқы тесігі орналасқан жердің дәл үстінен бастап, екі жағына төмен қарай қиғаштана түсіреді. Ал аралық түрінде тілікті И әрпі тәрізді етіп үрпінің сыртқы тесігі орналасқан жердің дәл үстінен бастап екі жағына қиғаштап жоғары түсіреді. Екі жағына қарай кеткен тіліктер ұманың үстінен өтетіндіктен терінің кең мол пішілуіне мүмкіндік береді, соның нәтижесінде кейін тасамайдың діңіне қарай ығысады. Операцияның екінші және үшінші сатылары жоғарыда жазылған тәсілдермен жасалады.
Гипоспадияны хирургиялық әдіспен емдеудің екінші кезеңін бала 4 жасқа келгенде үрпі жасаудан бастайды. Бүгінгі таңда үрпі жасаудың жүзден аса тәсілі бар. Солардың ішінде ең көп тараған және өте тиімді тәсілдердің бірі Дюплейдің, Русаковтың, Ландерердің әдістері.